1 жұмыс Тақырыбы: с программалау жүйесімен жұмыс. Қарапайым есептерге бағдарлама құру Тапсырмалар



Дата27.09.2022
өлшемі15,99 Kb.
#150949
түріПрограмма
Байланысты:
1 жұмыс 26.09


1 жұмыс
Тақырыбы: С программалау жүйесімен жұмыс. Қарапайым есептерге бағдарлама құру


Тапсырмалар:
1. Шаршының a қабырғасы берілген. Оның периметрін табу керек P = 4·a.
2. Шаршының a қабырғасы берілген . Оның ауданын табу керек S = a2.
3. Тіктөртбұрыштың a және b қабырғалары берілген.. Оның ауданын және периметрін табу керек.
S = a·b P = 2·(a + b).
4. Шеңбердің d диаметрі берілген. Оның L ұзындығын ьабу керек. L = p·d. p =3.14.
5. Кубтың a қабырғасының ұзындығы берілген. . Кубтың көлемін және бітінің ауданын табу керек. V = a3 S = 6·a2.
6. Тікбұрышты параллепипедтің a, b, c қабырғаларының ұзындықтары берілген. Оның көлемін және бетінің ауданын табу керек. V = a·b·c S = 2·(a·b + b·c + a·c).
7. Берілген R радиусы бойынша шеңбердің ұзындығын және ауданын табу керек
L = 2·p·R, S = p·R2 p =3.14.
8. a және b саны берілген. Олардың арифметикалық ортасын табу керек: (a + b)/2.
9. a және b оң сандары берілген. Олардың геометриялық ортасын табу керек, яғни көбейтінділерінің түбірі: (a·b)1/2.
10. Нөлге тең емес екі сан берілген. Олардың қосындысын, айырмасын, көбейтіндісін және әрқайсысының квадраттарын табу керек.
11. Нөлге тең емес екі сан берілген. Олардың қосындысын, айырмасын, көбейтіндісін және әрқайсысының модулин табу керек.
12. Тік бұрышты үшбұрыштың a және b катеттері берілген. Үшбұрыштың С гипотенузасы мен Р периметрін табу керек: c = (a2 + b2)1/2, P = a + b + c.
13. Ортақ центрлі және радиустары R1 және R2 (R1 > R2) болатын щеңбер берілген. Олардың S1 және S2 аудандарын, сонымен қатар сақинаның S3 ауданын табу керек.
S1 = p·(R1)2, S2 = p·(R2)2, S3 = S1 – S2. p=3.14
14. Ұзындығы L болатын шеңбер берілген. Оның R радиусын және S ауданын табу керек.
L = 2·p·R, S = p·R2. p = 3.14.
15. Шеңбердің S ауданы берілген. Оның D диаметрін және L ұзындығын табу керек.
L = 2·p·R, S = p·R2. p = 3.14.


Әдістемелік нұсқау:
Меню жолдары және меню
Меню жолдары барлық меню командаларының жіберілуіне мүмкіндігі бар. Меню жолдары информация мен программаны қарап немесе басқа бір программаға көшіп жатқан кезде көрінбейді.
Turbo C++ терезесі
Терезе бұл – басқа тереземен байланыстыруға, көлемін сыйғызуға, өзгертуге және бүкіл экранға ашып көрсетуге болатын экран облысын айтамыз. Терезенің көптеген түрлері болады, олардың көптеген бөлігін келесі элементтер құрайды:

  • тақырып жолдары

  • терезені жабу маркері

  • айналдыру жолдары

  • терезенің көлемін өзгеру бұрышы

  • терезені бүкіл экранға ашу маркері

  • терезе нөмірі

Меню (жүйелік)
Меню жолдарының сол жағынан көрінеді. Оны шақыру үшін ALT- пробел пернелерін басу арқылы. Ол менюді шақырған кезде мынандай компаненттер көрінеді: About , Clear Desktop, Repaint Desktop.
File (ALT F) менюі
Осы меню EDIT терезесін ашуға және шығыс файл программасын құруға, енгізілген өзгерістерді сақтауға, файлда жазылған басқа жұмыстарды орындауға DOS қабына шығуға және Turbo C++ жұмысын аяқтауға мүмкіндік береді.


Open (F3)
FILE OPEN командасы блок диалогында көрініп шығыс файл программасында таңдалып EDIT терезесінде ашылатын. Осы блок диалогына енгізу блогын құрайтын файлдар тізімін және OPEN, REPLACE, CANCEL және HELP нүктелерін, сонымен қатар, информация панелін құрайды.


Edit (Alt-E) меню жолы
Терезедегі тегті өшіру, көшіру және қою программаларын орындайды. Ол текстік буфер терезесін қарауға және құрылымын редактрлауға болады.
Edit орналасқан меню жолын Clipboard тексттік буферінде де қолдануға болады. Ол Edit командасымен сәйкес: Restore Line, Cut (Shift - Del), Copy (Ctrl- Ins), Paste (Shift- Ins), Show Clipboard, Clear (Ctrl-Del).
Search (Alt- S) меню жолы
Search меню жолы тексті іздеуге, белгіленген функцияны сонымен қатар қате файлдың қай жерде тұрғанын жариялайды. Search Find командасы Find диалгты блогында көрінеді, ол ізделініп жатырған параметр процесіне әсер етіп, (Ctrl- Q E) пернелерін басу арқылы шақырылады. Replace (Ctrl – Q A), Search Again (Ctrl - L).
Run (Alt-R) меню жолы
Осы меню жолының командасы программаның сапасын аяқтауға оны есептің мәнін шығаруға жібереді. Run (Ctrl – F9), Trace Into (F7), Program Reset (Ctrl – F2), Over, Arguments, Compile (C).
Compile Make EXE File командасы EXE файлын құруға проект менеджерін шақырады. Link EXE File меню жолын толық таңдаған кезде.
Debug (Alt – F9) меню жолы
Debug меню командасының интегралдық барлық мүмкіндіктерімен басқарады. Inspect (Alt – F4).
Options (Alt - O) меню жолы
Options (Alt - O) меню командасы стандартты параметрлерін құрауды, модификациялауды Turbo C++-те функцияларын анықтауды құрайды.
Тапсырма: File экрандық меню командасын қолдана отырып, Turbo C++ пакетінің каталогнан қандай да бір файлды тауып, ашып, оның атын өзгерту керек.
Edit экрандық меню командасын қолдана отырып, қабылдау редакторын өңдеу керек.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет