Курсты оқыту мақсаты: бағдарлама құру методологиясы, қолданылатын жобалау және бағдарламалау технологиясы туралы түсінікті қалыптастыру және машықтандыру. Курсты оқытудың мәселелері



бет1/2
Дата22.09.2023
өлшемі19,74 Kb.
#182106
  1   2
Байланысты:
Бағдарламалау тілі 5 сынып
Зерттеу сабағы, А.Байтұрсынов ашық сабақ, БОЛЬНИЧНЫЙ, адалдық сағаты, Шаруашылық жүргізу нысанындағы азаматтық қорғау, Зерде отырыс жоспар 2022-2023 Сатыбаева А, мс, Олқылықтар Зауре қаз т, әд, КТЖ Қазақ тілі 6-сынып 2023-2024ж дұрысы, cсылка, 9 алгебра БЖБ,ТЖБ, «Үлгере алмайтын, үлгерімі нашар оқушылармен жұмыс істеу»жаднама, File, body parts

Түсінік хат

Деректерді өңдеу жүйесінің техникалық негізі ретінде компьютердің мүмкіншілігі пайдаланатын бағдарлама жасаумен байланысты. Білім алушыларда бағдарлама құру бойынша қызығушылықтарды жүзеге асыру үшін неғұрлым күрделі дағдылар мен құзыреттіліктер қажет. Озық технологияларды меңгеру, топта жұмыс істеуді үйрену және «Информатика» пәнінен алған дағдыларын дамыту, жобалық жұмыстарды жүргізу.


Бағдарламалау формальды грамматикамен анықталатын бағдарламалау тілдерінің көмегімен жүзеге асырылады. Бағдарламалау курсын оқып үйрену оқушыға программа құрастырудың нақты тәжірбиесін береді, оған бағдарламалаудың жақсы стилінің мүмкіндігін және программалық құжатты құрастыруды көрсетеді.
Курсты оқыту мақсаты: бағдарлама құру методологиясы, қолданылатын жобалау және бағдарламалау технологиясы туралы түсінікті қалыптастыру және машықтандыру.
Курсты оқытудың мәселелері:

  • бағдарламалау парадигмалары туралы түсініктерді қалыптастыру;

  • типтік бағдарламалау жүйесінің қызмет ету схемасымен таныстыру;

  • базалық (негізгі) бағдарламалау тілдерін үйрену;

  • бағдарламалау ортасының құрал-саймандарын меңгеру;

  • жеке бағдарламалық қолданбаларды құру және жасау;

Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
Курс міндетіне оқушылардың бұл саланы жетік түрде оқып үйрену үшін математика мен информатиканың базалық ұғымдарын білу керек. Бұл бағдарламада базалық бағдарламалау тілі ретінде Python ортасы қарастырылады. Бірақ оны басқа (мысалы, qbasic және visualbasic, с және с++) тілдермен алмастыруға болады.


Оқушылар мыналарды үйрену керек:

  • бағдарламаны жобалау әдістері мен тәсілдерінің классификациясын білу;

  • бағдарламалық құралдарды ұйымдастыру және олардың ішкі құрылымы туралы ұғым қалыптастыру;

  • базалық бағдарламалау тілдерінің құрал саймандарымен жұмыс істеу іскерліктерінің болуы.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет