Сұрақтар мен есептер: Мұнай өнімдерінің тығыздығын анықтау физиканың қандай белгілі заңына негізделген?
Мұнай өнімдерінің тығыздағын анықтауда оның температурасы қоршаған ауаның температурасынан аса көп айырымы болмауы керек. Неге?
Тығыздықты ареометрмен анықтауға қарағанда пикнометрмен анықтау дәл нақты нәтиже береді. Неге?
Құрамында сулы ауасы бар мұнайдың тығыздығын цикнометрлік әдіспен және ареометрдің көмегімен анықтаған тығыздығы таза мұнайдың тығыздығымен салыстырғанда қалай өзгереді?
Мұнай өнімдерінің тығыздығын пикнометр көмегімен анықтағанда формулаға ауа тығыздығының мәнін енгізеді. Неге? Неге тығыздықтың мәнін «плюс» белгісімен алынған?
«Мұнайды өңдеу» тақырыбына арналған сауалнама жоспары: Әртүрлі мұнай кен орындарындағы мұнайлардың құрамдары.
Мұнайды өңдеуге даярлау.
Мұнайды физикалық және химиялық әдістермен өңдеу.
Атмосфералы – вакуумды қондырғыда мұнайды өңдеу.
Мұнайды химиялық әдістермен өңдеу, оларды процестердің жүру жағдайы және соңғы өнімдері бойынша жіктеу.
Сұйық шикізаттарды пиролиздеу, каталитикалық крекингілеу және риформинг кезіндегі химиялық реакциялар.
Тауарлы мұнай өнімдерінің халық шаруашылығындағы маңызы.