Жұмыс нəтижелерін рəсімдеу. Минералды шикізаттарды флотациялық əдіспен байыту жəне жұмыс мақсатын қысқаша сипаттаңдар. Қондырғының үлгісін сызып, оны элементтермен белгілеңдер. Жүргізілген тəжірибе əдісі жəне есептеулерін жазыңдар. Нəтижелерді 1-кестеге жазыңдар.
Бастапқы зат
|
Алынған зат
|
Концентрат шығымы, %
|
Концентрлеу дәрежесі, %
|
Өнім, г
|
Керосин, мл
|
Көбіктендіргіш, мл
|
Концентрат, г
|
Қалдық, г
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Сұрақтар
Флотореагенттер дегеніміз не? Олар қалай жіктеледі жəне əрбір топтың қандай маңызы бар ?
Неліктен флотация кезінде ауаны қойыртпақ арқылы үрлейді? Рудасыз қазбалар , металлдардың тотықтары, сульфидті рудалардың флотациясы қандай флотореагенттермен жүргізіледі?
2-жұмыс
Мыстың сульфидті рудаларын флотация əдісімен байыту
Жұмыстың мақсаты: темір немесе мыс колчедандарын флоитацилау. Концентраттың шығымын, металды бөлу дəрежесін жəне концеетрация дəрежесін анықтау.
Құрал-жабдықтар: флотацияға арналған колба немесе тығыны бар 250-300мл цилиндр. Флотореагенттер(ошаған, қарағай майлары жəне ксантогенат). Сульфидті рудалар(темір немесе мыс) немесе жасанды жолмен алынған рудалар, яғни металл сульфидтерін құммен араластырып даярлайды.
Металды немесе фарфорлы келі-келсап , тор көздері 0,1-0,05 мм елек, дəріханалық немесе технохимиялық таразылар. Соруға арналған Бюхнер аворнкасын, кептіргіш шкаф.
Жұмыстың жүргізілу реті: Руданың ірі-кесектерін металды келі-келсапта ұнтақтап, содан соң оны ұнтақ күйге дейін фарфорлы келіде ұнтақтайды. Алынған ұнтақты тор көздері майда електен өткізеді. Руданың өлшемін 0.1 мм-ге дейін қайта ыдыратады.
Флотация жүргізу үшін құрамында 4-6% мыс бар немесе темір рудадан 2,5-3г алынады.
Ұнтақталған руданы сыйымдылығы 250-300мл цилиндрге салады, үстіне 100-150мл су құйып , үстіне 2-3 тамшы флотореагент – ошаған немесе қарағай майы немесе ксантогенат тамызады.Цилиндрге тығынын кигізіп , сульфидтің кейбір бөлігі судың беткі қабатына шыққанша қоспаны 0,5-1 минут қатты шайқайды. 1-2 минуттан соң ыдыс қабырғасында қалған сульфидті сумен жуып , кеуекті пластинкалы воронкада немесе сүзгі қағаз салынған Бюхнер воронкасында шаяды. Сульфидтің бір бөлігі алғашқы шайқағанда ғана судың беткі қабатына шығады, сондықтан тəжірибені тағы да 2-3 рет қайталау керек.
Бюхнер воронкасында сүзу үшін оны су насосына немесе Камовский насосына жалғау қажет. Сүзуге арналған қондырғының жалпы көрінісі 4- суретте көрсетілген.
4-сурет.Руданы флотациялау
1-флотацияға арналған ыдыс; 2- сүзуге арналған құйғышы бар колба;
3- кальций хлориді бар кептіргіш бағаналар; 4-вакуум жасауға арналған насос.
Сүзілген сульфидтер сүзгімен бірге 80-100°С температурада кептіріліп, өлшенеді жəне қажетті есептеулер жүргізеді.
Тəжірибенің нəтижелері 2- кестеге жазылады.
2-кесте
Бастапқы зат
|
Алынған зат
|
Шығымы
|
Металдың бөліну дəрежесі, %
|
Концентрация дəрежесі
(неше есе)
|
Руда, г
|
Концентрат, г
|
Концентрат, %
|
|
|
Егер руда жоқ болса , онда жасанды жолмен даярланған қоспа алынады ( төменді қараңыз).
Кейбір əбебиеттер ұсынған əдістердегі скипидар сульфидті рудаларды нашар флотациялайды. Бірақ оны графитті флотациялауда қолдануға болады.
Сульфидті рудалардың мəліметтері есептеуге қажетті, оны оқытушыдан алады. Концентраттың құрамындағы металл мөлшерін есептеу жолымен анықтайды , өйткені сүзілген заттың сульфидін Таза деп есептейді .
Егер табиғи руда жоқ болса, онда оны мыс немесе темір сцльфидтерін құммен араластырып, жасанды қоспа даярлайды.
Мыс сульфидін даярлау үшін массалық үлесі 63, өлшемі 1-2мм мыс немесе мыс ұнтағы жəне массаық үлесі 32, ұнтақталған күкіртті алып араластырады да, пробиркаға салып қыздырады. Реакцияны күкірт балқығанша жүргізеді. Реакция жылу бөле жүреді. Реакцияға түспеген күкірттің бөлігі реакциялық қоспадан бөлініп, салқын пробирканың қабырғасына шөгеді.
Мыс пен күкірттің негізгі бөлігі реакцияға түскеннен кейін пробирканы тағы да 200-300°С температураға дейін 3-4 мин қыздырады. Пробиркадағы қоспаны суытып, сындырады. Сынық шынылардан дайын өнімді тазартып, үстіне күкірт 12-15 бөлігін қосып, қоспаны келіде ұнтақтайды да, қайта пробиркаға салып, 5-10 минут қыздырады. Пробирканы тағы да суытып сындырып, мыс сульфидін келіде өте ұсақ күйге дейін ұнтақтайы, електе елейді де, таза құммен араластырады. Алынған қоспаны құмның мөлшері 90-95% болатындай етіп алады.
Достарыңызбен бөлісу: |