екінші міндет — қарапайым медициналық дәрідәрмектер мен құрал-жабдықтарды пайдалана отырып, оқиға болған жерде алғашқы дәрігерлік жәрдем көрсету.
үшінші міндет — дереу жедел жәрдем көрсететін дәрігерді шақыру, не жарақаттанған адамды жақын арадағы медициналық мекемелерге жеткізуді ұйымдастыру. жарақаттанған не ауырған адамды, осы мақсатқа арналмаған транспортпен тасыраңда, оның қорабына қалың етіп шөп сабан төсеп, зембілді соған жайғастырған жөн.
3.Спорттық жарақаттардың негізгі себептері:
Спортшы жаттығулар, жарыстар кезінде жарақаттар алмай тұрмайды. Тіпті бұл салада «Спорттық жарақаттарды емдеу» деп аталатын медицинаның саласы да бар. Спорттық жарақаттардың емдеу үшін алдымен оның болу себептерін, ерекшеліктерін, қандай жарақат кезінде қалай емдеу қажеттігін де білу шарт. Әрине, жарақат өзінен-өзі болмайды. Көбінесе оның басты себеп салдары жаттығу жұмыстарын дұрыс ұйымдастырмаудан туындайды. Кейде секцияға қатысушылардың саны тым көбейіп, зал тарлық етеді. Сондықтан олар жаттығу кезінде бір-бірімен соқтығысады, қараңғы, тар залда ретсіз тасталған құралжабдықтардың өзі жарақат алуға себепші болады. Кейбір спотшылар жаттығулардың жүйелілігін сақтамайды, жатығуға бірде келіп, бірде келмейді, бой жазбаны аз жасайды, сақтықты ұмытады, жаттығу кестесін бұзады. Міне, осылардың барлығы да күтпеген жерден жарақат алуға әкеліп соқтырады. Кейде спорт залдың гигиенаға сай келмеуі мүмкін, алаңда қоқыстың жатуы, ойқы-шойқы еден, желдеткіштің жоқтығы, терезелерден желдің гуілдеп тұруы, спорттық құрал-жабдықтардың талапқа сай болмауы, ауа-райының қолайсыз күндерінде жаттығу сабақтарын өткізу – жарақат алудың басты себептерінің бірі. Мысалы, қатты аязда, боранда жүгіру, шаңғы тебу, дене мүшелеренің – құлақтың, саусақтың, башпайлардың үсуіне әкеп соқтырады. Әрбір спортшы дәрігерлік бақылаудан жиі-жиі өтіп тұруға тиіс. Жаттығуға, жарысқа дәрігердің рұқсатынсыз қатысуға болмайды. Сырқат спортшы бойға көп күш түсірсе денсаулықты бұрынғыдан да әлсіретеді, ал жүйені сақтамаудың қауіпі де одан кем емес.
Қанайтын, қанталайтын жарақаттар қанның көп кетуіне ұшынуына әкеліп соғады, мұндай бұлшық ет жасушалары, кілегей қабат бұзылады. Мұндай жағдайда бірден қанды тоқтататын ем жасалынады, жара дәріленіп, таңылады немесе салқын зат басып тамырларды тарту арқылы қан тоқтатылады. Қан аққанда бір ескеретін жай қанды тоқатуға қанның ұйуы арқылы дененің өзі көмекке келеді. Кейде қаны нашар ұйыйтын адамдар да болады. Мұны спортшының өзі жақсы біліп, жарақаттың алдын алуға ерекше назар аудару қажет. Кейде бұлшық ет жаншынып зақымданады, мысалы, бұлшық ет қатты жаншылғанда қанталап, кейін көгеріп кетеді. Мұндайда жаншылған жерді тазалап, сутегі қышқылы араластырылған сумен сүртеді де, йод ертіндісін жағып, майлайды. Таңып немесе таза дәке жабыстырып қояды. Аяғы немесе қолы шығып кеткенде жаттықтырушы оны еш уақытта өз бетінемен салуға тырыспауы керек. Көбінесе сүйек шыққанда ол буын ішінде сынып тұрады. Ал кейде сүйек буынынан бұрын еш уақытта кездеспеген күйде шығады. Міне, мұндайда білмей сүйекті салам дегенде оның буындасатын жерлері мен жүйке тамырларын зақымдап алуға болады. Ендеше өз бетімен емдеу спортшыға пайда емес, залал тигізеді. Мұның тағы бір салдары буын ойнамалы болып, аздап күш түссе, шығып кете береді, буындары босайды, зақымдық неврит, сүйектің түрін бұзатын артроз, тағы басқа ауруларға шалдықтырады. Сондықтан шыққан жағдайда жаттықтырушы алғашқы көмек ретінде салқынды пайдаланып, шыққан буынды таңып бекітіп, спортшыны зақымды емдейтін дәрігерге жеткізуі тиіс. Байқап көруі үшін рентгенге салғаннан кейін(қалай шыққандығын және шыққан сүйектің сынған-сынбағанын білу үшін) және ауыртпайтын дәрі берген соң маман дәрігер шыққан сүйекті орнынан салып ем қолданады. Ересек спортшыларға қарағанда жастардың сүйектері сирек сынады. Өйткені олардың сүйектері аса серпінді келеді. Осындай себепке байланысты жасөспірімдердің құлақ-қалқанының шеміршегі де өте аз зақымданады. Спортшының сүйегі сынған жағдайда оны қолда бар нәрселермен қозғалмайтын етіп байлап, дереу жедел жәрдем шақырып дәрігерге жеткізуі керек. Басын жарақаттап алып, тіпті аз ғана уақыт есінен танып қалса, басы ауыратын болса, жарысқа келген дәрігерлермен кеңесу, сол кісінің кеңесі бойынша жедел жәрдем шақыруға болады. Жарақат алған немесе зақымданған спортшыны жаттықтырушы сабаққа да, жарысқа да жібермейді. Өйткені мұндай күйінде жаттығатын болса, спортшы бұрынғы жарақатын ұлғайтып, тіпті созылмалы ауруға ұшырауы мүмкін. Жас буынның денсаулығы мықты болуы үшін дәрігердің, жаттықтырушының, ата-аналардың бірігіп күш жұмсауының маңызы аса зор. Дәрігер мен жаттықтырушы бірлесе отырып қызмет істегенде ғана спортшыға жаттығу кезінде түсетін күшті дұрыс мөлшерлеуге болады. Дәрігер қарап шығып, берген деректер мен бақылау нормативтерін жарыс және жаттығу кезіндегі бақылау нәтижелерін үнемі салыстыру жеткіншектер мен жасөспірімдердің денсаулығын сақтау мәселесін шешуге мүмкіндік жасап қана қоймай, ұжымдағы тәрбие жұмысын жүргізуге көп пайда береді.
Достарыңызбен бөлісу: |