1-жүргізуші: Аламан бәйгеде оза шауып, өлең-жырда шашасына шаң жұқтырмаған ерен жүйрік, дарынды тұлға Мұқағали ақынның өмір жолы әр алуан. Нарынқол ауданы



бет4/4
Дата22.01.2023
өлшемі19,59 Kb.
#166098
1   2   3   4
Байланысты:
Кеш

2-жүргізуші:
Махаббат, сүйіспеншілік тақырыбына соқпай кететін ақын жоқ. Өйткені махаббат мәселесі – бұл мәңгілік тақырып. Бірақ әр ақын өз сезімін, өзінің ішкі жан дүниесін әр қалай шығарады. Ақынның сезімінде жасандылық жоқ. Махаббатта бір қуаныш, бір үміт, бір өкініш, бір күдік болатындығы жасырын емес.
1-жүргізуші:
Айтылмаған Мұқаңда арман бар ма?
Әр әні толы ғой армандарға
Шерте білген мұңдарын жас қайынға
Дәл Мұқандай қазақта ақын бар ма?
2-жүргізуші: 
Міне, бүгінгі кешке қатысқан тыңдарман қауым, Мұқағалидың сырлы, әуенді, мұңды жырларына қанық болдыңыздар деп ойлаймыз. Ұлы қуаныштары мен ұлы қасіреттерін терең сезініп, тебірене жырлаған Мұқағали Мақатаев жыр тауында асқақтай түспек.
1-жүргізуші:
Қазақ жыры аманда, қазақ өлеңін оқитын ел аманда. Мына сыры мен сиқыры мол ғаламда өзінің құндағында тебірентер, құдіретті жырының өз халқымен бірге өзінің ұлы даласымен бірге өмір сүрері, ғұмыр кешері ақиқат. Жылдар тізіліп өткен сайын Мұқағали ақынның бейнесі тұлғалана, биіктей түседі. Оның рухани қазынасын ұлт иелігіне асыратын XXI ғасырдың жастары-сендерсіңдер!
2-жүргізуші:_«Ғасыр_ақыны»_атанған_Мұқағали_жырлары_жылдан_-жылға,_ғасырдан-_ғасырға_жалғаса_бермек!_Мұқағали_–_мәңгілік_өмір!_1-жүргізуші'>2-жүргізуші: 
«Ғасыр ақыны» атанған Мұқағали жырлары жылдан -жылға, ғасырдан- ғасырға жалғаса бермек! Мұқағали – мәңгілік өмір!
1-жүргізуші: 
Сонымен, ақиық ақын Мұқағалиға арналған «Жырлайды жүрек» атты әдеби-жыр кешіміз аяқталды.
2-жүргізуші: 
Келесі көріскенше амандықта болайық.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет