1 картотека Бақылау: Қарды бақылау. Мақсаты



бет1/9
Дата21.12.2022
өлшемі28,29 Kb.
#163850
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
1 картотека кыс


1 картотека
Бақылау: Қарды бақылау.
Мақсаты: Қыс мезгілінің ерекшеліктерін айту. Қар-түсі ақ, ұстасаң қолың тоңады, жылыға ериді.Ойлау қабілетін дамыту.
Тақпақ:Аппақ көше, бар дала,
Аппақ ой мен қыраттар.
Ақ шатырлы қар қала,
Ақ жамылып тұр бақтар.
Ойын: «Қардан түрлі бейнелер жасау».
Мақсаты: Ойынға қызығушылығын арттыру.
Еңбек: Ағаштар түбіне қар үю.
Мақсаты: Еңбексүйгіштікке тәрбиелей отырып,үйілген қардың маңызы туралы түсінік беру.
Жеке жұмыс: «Қыс қызығы»тақырыбында әңгіме құрату.
Мақсаты: Сөздік қорын дамыту, ойын жүйелеп жеткізе білуге үйрету.
Картотека № 2


Бақылау: Бұршақты бақылау.
Мақсаты: Бұршақ, домалақ ақ түсті болатыны туралы түсінік беру.
Қимылдық ойын: «Торғайлар».
Мақсаты: Шапшаңдыққа, ептілікке баулу. Тез шешім қабылдауға үйрету.
Еңбек: Ағаш түптеріне қар үю.
Мақсаты: Үйілген қардың маңызын түсіндіре отырып, еңбексүйгіштікке,
ұқыптылыққа үйрету.
Жеке жұмыс: Қысқа байланысты жұмбақтар жаттату.
Қыста ғана болады
Ұстасаң қолың тоңады. (Қар).
Мақсаты: Тілдік қорын дамыту, ойлау қабілетін арттыру.
Балаға грамматикалық дұрыс сөйлеу үлгілерін
беру. Әдемі де әсерлі сөйлеуге үйрету.


Картотека № 3
Бақылау: Суық торғайды бақылау.
Мақсаты: Қыс мезгілінде барлық құстардың жылы жаққа ұшып кететінін, ал
суықторғайдың бізде мекендеп қалатынын, ол қандай аяз болса да тоңбайтынын,
сол себепті суықторғай деп атағанын түсіндіріп көрсету.
Еңбек: Қар күреу.
Мақсаты: Қардың жерге қалың түскенін айтып, қарды күрекпен күреу арқылы
жол жасап, күректі калай ұстау керектігін үйрету.
Жеке жұмыс: Торғай,торғай,тоқылдақ
Жерден дәнді шұқып -ап
Бөтекесі бұлтиып,
Шиқ-шиқ етіп отырмақ.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет