Өкпеге ота жасағаннан кейінгі 4-5 күндері жасалатын жаттығулар.
Барлық жаттығулар шалқадан жатқан қалыпта жасалады.
1. Б.Қ - қолдар дене бойында. Мұрын арқылы бірқалыпты тыныс алып, ауыз арқылы тынысты созып шығару.Жаттығу баяу. Қайталау 2-3 рет.
2. Б.Қ – қолдар дене бойында. Алақанды жоғары төмен айналдыра отырып, саусақтарды бүгіп, жазу. Жәйлап 5-6 реттен қайталау.
3. Б.Қ – жоғарыдағыдай. Басты арқа сәл қайырып тыныс алу, басты алға еңкейткенде тыныс шығару. Жайменен 2-3 реттен қайталау.
4. Б.Қ – жоғарыдағыдай. Кезекпен аяқтың басын бүгіп, жазу. Жайлап асықпай жасау. Тыныс алу бір қалыпты. Қайталау 10-12 реттен.
5. Б.Қ – қолдар дене бойымен алақанды жоғары қаратып, кезекпенен және бірге шынтақ буыннан бүгіп, жазу. Жайлап асықпай жасалады. Тыныс алу бір қалыпты. Қайталау 10-12 реттен.
6 Б.Қ – шалқадан жатқанда оң қол іште, терең ішпен тыныс алу. Тыныс шығарғанда жәйлап оң қолмен ішті басу. Қайталау 3-4 реттен, асықпай жасау.
7 Б.Қ – қолдармен кереуеттің жиегінен ұстап, кезекпен аяқтарды 45º-60º - қа созып көтеру. Жәйлап әр аяққа 3-4 ретқайталау.
8. Б.Қ – қолды дене бойында. Қолды алға және жоғары көтеріп тыныс алу, бастапқы қалыпқа келгенде тыныс шығару. Жайлап 3-4 рет қайталау.
9. Б.Қ – кереуеттің екі жиегінен ұстап, шалқадан жатып жүру. Жаттығу баяу. Тыныс алу бір қалыпты. 10-12 рет қадам жасау.
Достарыңызбен бөлісу: |