Жүрекке және өкпеге ота жасағаннан кейінгі Е.Г.
Жүрекке ота жасағаннан кейінгі 4-5 күндері жасалатын жаттығулар.
1. Бастапқы қалып – қолдар дене бойында. Қалыпты дем алу , тыныс алу мұрын арқылы. Қайталау 3-4 рет .
2. Б.Қ- қолдарымызды иыққа қойып, иық буыннан айналдыру.Қайталау 3-4 рет.
Асықпай жасалады. Тыныс алу тоқтап қалмау керек.
3. Б.Қ - кроваттың екі жанынан ұстап, жайлап аяқты керіп сосын сол аяқты төсектен көтермей, өкшені жанбасқа тигізу. Қайтадан аяқты созу.Жаттығу баяу, тыныс алу бірқалыпты. Қайталау 3-4 рет.
4. Б.Қ - қолдар дене бойында. Тыныс шығарудың ұзақтығын соза түсу. 2-3 рет.
5. Б.Қ - Қолдарды шынтақтан бүгіп, Қолдың саусақтарын бүгіп, жазу. 10-15 рет.
6. Б.Қ - қолдар дене бойында. Аяқтың басын алға, артқа бүгу. Асықпай жәй қимылмен. Тыныс алу еркін. Қайталау 8-10 реттен.
7. Б.Қ - оң қол кеудеде, сол қол іште.Терең кең тыныс алу. Мұрын арқылы созыңқырап тыныс шығару.
8. Б.Қ- қолдар дене бойында. Оң қолмен кереует ернеуінен ұстап оң қапталға бұрылу. Сол аяқты кереуетке тіреу – тыныс шығару.Бүйірімен жатқанда тыныс алу. Б.Қ- келгенде тыныс шығару. Қайталау 2-3 реттен.
9. Б.Қ - оң қол кеудеде, сол қол іште. Терең толық тыныс алу. Қайталау 2-3 рет.
Достарыңызбен бөлісу: |