сөздікте екі негізгі сипаттаманы ескерген жөн:
1) сөздіктің лексикалық
құрылымы толық қамтылған, бірақ ешқандай мысалдар
келтірілмеген;
2)
идеографиялық сөздік, оның ішінде барлық семантикалық қатынастар көрсетілген.
Бірақ та, бұл сөздікте тезаурус көбінесе өлі тілдерге ғана қолданылады. Ең бірінші
сөздік 1972 жылы шыққан. Бұл сөздікте тезаурыстың
проблемасы лексикографиялық
жақтан қаралған болатын.
Ағылшын ғалымы Питер Марк Роже 1852 жылы «Ағылшын сөздердің және тұрақты
сөз тіркестерінің тезаурусы» атты кітапты шығарған болатын. Солженицин де «Орыс
тілдің сөздігінің кеңейтілуі» атты кітапты шығарды.
Аудармашының білімі туралы:
1. Ол жеткілікті деңгейде түпнұсқа тілінің морфология, синтаксис,
лексика және
идиоматикасын меңгерумен бірге, өзінің ана тілін, екі тілдік жүйені жақсы түсінетін,
терең білетін қабілетке ие болуы тиіс.
2. Сондай-ақ негізгі екі міндетті: аударылатын тіл мазмұнын дұрыс түсінуімен және
аударма тілінің құралдарымен сол мазмұнды дәл және толық сәйкестікте жеткізуден
тұрады. Бұл талаптар мына жағдайда орындалады:
1. аударма тілінің лексикалық бірлігін түп негізіне дейін білу;
2. аударма тілінің грамматикасын және стилистикасын білу;
3. аударма теориясының негізін білу;
4. аударма техникасын меңгеру (сөздіктер мен анықтамалық материалдарды пайдалана
білу
қабілеті, аударма дағдылары мен ережелерін игеру);
5. аударма кезінде әдеби тілдің барлық байлығын кеңінен пайдалану;
6. аудармаға қатысты білім саласын жақсы білу;
7. аударма сөзбе-сөз күйінде жасалмауы тиіс, калька жасаудың кез келген түріне жол
берілмейді;
8. аудармашы реалийлерді және аударма жасалатын елдің өмірі мен тұрмысының
нақты жағдайларын білуі тиіс.
9. Аударматанудың негіздері және аударма теориясын білу.
10. Шет тілі мәтінін түсіну және оны барлық түпнегізіне дейін талдай білу.
11. Аударма кезінде қазақ тілінің барлық мүмкіндіктерін, ұлттық тіліміздің байлығын
пайдалана білу.
12. Аудармашылық жұмыста автордың ойлары мен эмоциясын іштей дұрыс жеткізу
үшін шығармашылық қабілеті болу.
13. Аудармашы әркез жекелеген сөздерді (бұл сөзбе-сөздік),
немесе жекелеген
құрылымдарды (бұл калька жасау) жеткізіп қоймауы қажет,
автор ойларын, оның
барлық қыр-сырларымен бере білуі керек.
14. Аудармашы сөйлемдегі түйінді, негізгі ойды түсініп, аңғарып, біліп, сондай-ақ ең
бастысы өзінің ана тілінің құрал-дарымен тиісті талапқа сай жеткізе білуі тиіс.
Аудармашы әрбір сөйлемдегі ойдың орталық элементін бөліп,
ажыратып, анықтап ала
білуі тиіс.
15. Логикалық екпінді дұрыс жеткізуде түпнұсқа құрылы-мының жекелеген
элементтеріне немқұрайлы қарамауы керек. Аудармашы соған сәйкесетін ұғымдағы
дәл сөзді дұрыс таңдай білуі қажет. Бұл үшін синонимдік қатарларды жақсы таңдай
білуі әрі оларды дұрыс қолдануы қажет.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
http://emirsaba.org