«Қазақ жазуы және латын графикасы» пәнінен емтихан сұрақтары
А деңгейлі
1. Жазудың пайда болуы мен даму тарихы
бойынша хронологиялық карта
жасаңыз.
2. Жазудың алғашқы түрлеріне «Кластер» әдісі арқылы сипаттама беріңіз.
3. Пиктографиялық жазу мен идеографиялық жазудың ерекшеліктерін
салыстырыңыз. Салыстыру кестесін пайдаланыңыз.
4. Буын жазуы мен дыбыстық жазудың ерекшеліктерін салыстырыңыз.
Салыстыру кестесін пайдаланыңыз.
5. Алғашқы сурет жазулар мен ой жазулар табылған өлкелерді «Кластер»
әдісі арқылы тұжырымдаңыз.
6. «Латын графикасы және қазақ жазуының тарихы»
пәнінің басқа
ғылымдармен байланысын ПОПС формуласы бойынша дәлелдеңіз.
7. Көне түркі жазуының зерттелу тарихын хронологиялық картаға түсіріңіз.
8. Фонема мен графема арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды
салыстыру кестесі арқылы көрсетіңіз.
9. Көне түркі мәтіндеріне алғаш транскрипция
жасаған ғалымдардың
тұжырымдарын концептуалды кестеге түсіріңіз.
10. Дыбыстық жазу түрлері мен олардың топтастырылуын «Эйлер шеңбері»
әдісі арқылы жинақтап саралаңыз.
11. Руникалық жазудың пайда болуы туралы тұжырымдарды саралап, өз
көзқарасыңызды ПОПС формуласы бойынша дәлелдеңіз.
12. Эпиграфика мен палеографиканың ғылыми негіздерін «SWOT»
талдау
арқылы анықтаңыз.
13. Орфоэпиялық және орфографиялық нормалар, оның теориялық негіздерін
«Эйлер шеңбері» әдісі арқылы жинақтап саралаңыз.
14. Төте жазудың көне түркі жазуымен ұқсастығын және айырмашылығын
«Т кестесі» стратегиясы арқылы көрсетіңіз.
15. Ескі қыпшақ жазулы ескерткіштерді «INSERT» әдісі арқылы саралаңыз.
16. Орта ғасыр жазба ескерткіштерін «Кластер» әдісі арқылы тұжырымдаңыз.
17. Төте жазудың (А.Байтұрсынұлы әліпбиінің)
әліпби құрамы мен
графикалық ерекшеліктерін «Фишбоун» әдісі арқылы түсіндіріңіз.
18. Төте жазумен (А.Байтұрсынұлы әліпбиі) жазылған еңбектерді «Эйлер
шеңбері» әдісі арқылы жинақтап саралаңыз.
19. Көне түркі жазуының әліпбиі, графикасы, орфографиялық ерекшеліктерін
«INSERT» әдісі арқылы саралаңыз.
20. Әліпби және әліпбидегі әріп пен фонема қатынасын «Фишбоун»
әдісі
арқылы түсіндіріңіз.
21. Қазақ жазуын зерттеген ғалымдардың
тұжырымдарын саралап,
концептуалды кестеге түсіріңіз.
22. Жаңа қазақ әліпбиінің жобаларын «INSERT» әдісі арқылы сипаттаңыз.
23. Латын графикасына негізделген жаңа әліпбидің кейбір дыбыстардың
таңбалану жүйесін «SWOT» талдау арқылы түсіндіріңіз.
24. Араб графикасына негізделген
қазақ жазуының ерекшеліктері, жәдид
және қадим жазуының өзара айырмашылықтарын «Т кестесі»
стратегиясы
арқылы көрсетіңіз.
25. Латын графикасына негізделген қазақ жазуының әліпбиі мен негізгі
ерекшеліктерін «INSERT» әдісі арқылы саралаңыз.
26. Латын графикасына негізделген қазақ
әліпбиі туралы лингвист-
ғалымдардың тұжырымдарын саралап, өз көзқарасыңызды ПОПС формуласы
бойынша дәлелдеңіз.
27. Кирилл графикасына негізделген қазақ әліпбиі туралы лингвист-
ғалымдардың тұжырымдарын саралап, өз көзқарасыңызды ПОПС формуласы
бойынша дәлелдеңіз.
28. А.Байтұрсынұлы әліпбиінің артықшылықтарын «Фишбоун» әдісі арқылы
түсіндіріңіз.
29. Төте жазуға (А.Байтұрсынұлы әліпбиі) тән белгілерді «Кластер» әдісі
арқылы тұжырымдаңыз.
30. Кирилл графикасының даму үрдісін хронологиялық картаға түсіріңіз.