1. Кіріспе. Негізгі бөлім


Адамгершілік арқауы --- ұлттық тәрбиеде



бет5/6
Дата25.12.2016
өлшемі0,91 Mb.
#4871
1   2   3   4   5   6

Адамгершілік арқауы --- ұлттық тәрбиеде.

«Халық кемеліне келіп, өркендеуі үшін алдымен азаттық пен білім керек» деп ұлы Шоқан Уалиханов айтқанындай, егеменді елдің ертеңгі ұрпағының оқу-білім тереңдігі немен өлшенеді деген ой мені толғандырады. Сондықтан Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістер және жүріп жатқан күрделі жаңарту үлгісі жайында бүгінгі таңдағы түбегейлі мәселе – адамды іс жүзінде қоғамдық дамудың басты тұлғасы ету заңды құбылыс деп есептеймін. Адамның өмір сүруі мен еңбек етуіне лайықты жағдай туғызу әлеуметтік әділеттілікті, азаматтық бостандықты және жан-жақты дамуды, рухани және интеллектуалдық әлеуетінің жетілу мүмкіндіктерін қамтамасыз етеді, сонымен қатар адамның кәсіби біліктілігі мен білімділігін жетілдіру міндеттерін көздейді.

Білім беру жүйесіндегі ұлттық және адамзаттық қазыналар мыналар:

--- жеке адамның рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін ашу, адамгершілік пен имандылық өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, әрбір адамды дамыту үшін қажетті жағдайларды жасау;

--- қоғамның және мемлекеттің алдындағы және құқықтары мен міндеттерін түсіндіруді, сондай-ақ республиканың мәдени қоғамдықжәне экономикалық экономикалық және саяси өміріне қатысуы.

Халқымыз күнделікті тұрмыс-тіршіліктің басында-ақ жастарды әдептілікке, адамгершілікке, сыпайылылыққа, мейірбандыққа және басқа да толып жатқан жақсы қасиеттерге баулып отырған. Мысалы халқымыздың жас ұрпаққа бағыштап айтқан: «Оттан аттама», «Нанды аяққа баспа», «Кісіге қарай керілме», «Табалдырықты басып тұрма» деген сияқты қысқа да, нұсқа сөздерінде қандай өнегелілік мән-мағына жатыр десеңізші!

Қазақ халқының зиялы азаматтарының бірі ----- Мағжан Жұмабаев қазақтың ұлттық мектебінің моделіән ұсынған болатын. Онда «Әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан, тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбиелдеуге міндетті» десе, Дулат Міржақыпов мектептің мақсаты туралы «… Жалғыз құрғақ біліді үйрету емес, біліммен бірге жас ұрпақтың бойына халқымыздың өнегелілік қасиеттерін қалыптастыра білуіміз қажет» деп тамаша айтқан. Тәрбиенің негізгі мақсаты - дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттері қалыптасқан адамды тәрбиелеу.

Мектепте мұғалім басты тәрбиеші, білім беруші. Мұғалім әр сабақта жасөспірімдерге білім беріп қана қоймайды, оны өзінің ақыл-ой парасатымен, ұлттық педагогикасымен ұштастыра отырып, жасөспірімдерді азаматтыққа, адамгершілікке тәрбиелейді. Ұрпақ тәрбисі тілден басталады. Ұлттық психология мен дүниетанымдық көзқарасты қамтамасыз ететін --- тіл. Сондықтан қоғамның басты мақсаттарының бірі – сәбиден бастап, барлық жеткіншек жасөспірімдер және жоғары педагогикалық оқу орындарының жастары туған елінің рухани қоғамдық өмірінен қол үзіп кетпеу үшін, әрбір жасөспірім өнегелік қасиеттен жұрдай болып қалмау үшін ана тілін білуді өмірлік қажеттілігіне айналдыру көзделіп отыр.Жүсіпбек Аймауытов білім негізі мектепте ана тілі арқылы меңгерілетінін баса көрсеткен: «Ана тілін жақсы меңгеріп алмай тұрып, өзге тілдерді меңгеру мүмкін емес…». Жүректің терең сырларын, басынан кешкен барлық толқындарын ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп, сақтап отыратын мол қазына – халықтың тілі. Қай уақытта болмасын, өнегелілік қасиеттерді қалыптастыру қоғамдағы моральдік нормалардың негізінде жүргізілген. Олар өзінің әлеуметтік мәні жағынан бүкіладамзаттық, таптық болуы мүмкін деген ой философиялық әдебиеттерде үстемдік етіп келеді. Ал негізінен алғанда, ұлттық, психологиялық өмір тіршілігіне, орналасқан жеріне, кәсібіне байланысты жүздеген, мыңдаған жылдар ішінде қалыптасқан бүкіл ел болып мойындаған моральдік нормалары болуы тиісті екенін білуіміз керек. Қай ұлттың, қай халықтың болса кемеліне келіп толысуына, рухани өшуіне, әдеби-мәдени дамуына басты ықпал жасайтын негізгі тірек, ол ---- ұлттық мектеп.



Жасөспірімдердің өнегелілік қасиеттерін тәрбие арқылы дамыту.

Гуманистік педагогиканың негізінде алынатын бастауы гуманистік идеялардың бірі, адам табиғи жаратылысына ерікті, ол Жаратқаннан басқаға тәуелсіз, тек дүниедегі мақсатын саналы іске асыру үшін жаратқанға ұмтылу арқылы ғана өзін баққытты сезіне алады. Адамның Адам болуына, оны өзге тіршілік иелерінен ерекшелендіретін дарыған құдіретті күш бар,

Өнегелілік ---- тәрбие мне оқытудағы адамгершілікке бағытталған идеалдар. Оларға шындық, қайырымдылық тұлға, пайда, бостандық, махаббат, шығармашылық т.б. қасиеттері жатады. Өнегелілік қасиеттер – идеалдарды қабылдау немесе қабылдамау сезім арқылы айқындалып, ақыл-ой, сана арқылы қабылданады. Өнегелілік құрметтеу, қошеметтеу, қабылдау тәрізді ұмтылысты білдіреді. Өнегелілік --- сезім мен ақыл-ойдың ұштасуын және сол арқылы адамның іс-әрекетін белгілейді. Тәрбиедегі басты мәселе – балалардың тұлға аралық қатынасын дамыту, отбасы мүшелерімен қарым-қатынас жасай білуі, оның өзге адамдарды түсінуі, әр адамн-ың құндылығын және даралық ерекшелігін жасына, ұлтына қарамастан саналы түсіне білуі, сырт көзбен қарап, істеген ісінің нәтижесіне өзіндік баға беруі тиіс. Тәрбиені ізгілендірудегі басты мақсат оқушылардың ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар арқылы дамытуға, мәдени дағдыларды игеруге, өзін және өзгелерге жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру назар аударылады.

Рухани–адамгершілік тәрбиесіндегі басты нысаны баланы құрметтеу, оның рухани бойында жаратқанның ұлы қуаты бар. Адамның рухани мұқтаждығын қанағаттандыратын іс- әрекет түрлері, өмірдің мәнін түсіну үшін жасалған іс-әрекет. Өмірдегі мәдени қалыптарға құндылық қатынас орнату, оқушының өзін-өзі күту мәдениетін, экологиялық мәдениетін, еңбек ету мәдениетін, құықтық-руханилық және адамгершілік мәдениетін тәрбиелеу арқылы іске асырылады. Жасөспірімдердің бойына өнегеілілік қасиеттерді қалыптастыруда ата-бабаларымыздың ұлы мұратын насихаттауды естен шығармауымыз керек. Демек ата-бабаларымыздың асыл қазыналары арқылы жасөспірімдердің бойына адамгершілік ізгі қасиеттерді қалыптастыруға болады. Міне, сол арқылы халқымыздың ғасырлар бойы жинақтаған рухани құндылықтарын бала бойына сіңіріп, өз елінің, Отанының адал азаматтарын тәрбиелей аламыз.

Бұл жұмысты жүзеге асыру аса қиын емес. Себебі ата-бабаларымыздың салып кеткен сара жолы, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыпқа негізделген жас ұрпақты тәрбиелеу әдісі бар. Жоғарыда атап өткен дана бабаларымыз бен кемеңгер ғұламаларымыздың баға жетпес құнды еңбектері бар. Рухани тәрбиені теорияылық тұрғыдан қазіргі заманға сай саралап, қазақ тілінде кемеліне жеткізген кемеңгер А. Құнанбаев пен Ш. Құдайбердиев бар. Тек осы қазыналарды орнын тауып қолдана білуіміз керек.

Қоғамның жылдан жылға өнегелілік қасиеттерінің азғындалып бара жатқанының себебі де осы ар ілімінің оқылмай, рухани тәрбиенің берілмей жатқаны. Сондықтан өнегелілік қасиеттерді қайдан аламыз, қалай береміз дегенде, алыстан іздемей-ақ өзіміздің осындай дара ойшылдарымыздың дана өсиеттерін алуымыз керек.

Қазіргі жастарымыз батыстың мәдениетіне бой ұра бастады. Бұған тосқауыл қою керек. Өйткені күнде ұлттық болмысымыздан айырылып барамыз. Тек қазақ халқының қанында бар рухани асыл қасиеттердің өзге халықтарда кездесе бермейтіндігіне жастарымыздың көзін жеткізуіміз керек.

Ендеше егемендігіміз мәңгілік болсын десек, оның болашағы ----- жастардың тәрбиесін, оның ішінде ауыл жасөспірімдердің өнегелілік қасиеттерін қалыптастыру мәселесін кешіктірмей қолға алуымыз керек-ақ.



Өнегелілік—адамгершілік құндылықтар негізінде.

Қазір қоғам да, қоғамдық көзқарастар да күннен күнге өзгеру үстінде. Әрі бұқаралық ақпарат және қарым-қатынас құралдарының жұмысындағы барлық шектеулердің алынып, ақпарат тарту еркіндігіне кең жол ашылуы жасөспірімдердің сана-сезімі мен рухына кері әсер етуде. Қазақ бола тұра қазақ тілін ұмытып, ата-бабамыздың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарынан ажырап қалған, шетелдік компьютер ойындары мен қатыгездікке құрылған фильмдердің еркінде кеткен жастарымызды қайтсек дұрыс жолға саламыз? Бүгінгі таңда бұл сұрақ ұлтымыздың болашағын ойлайтын санасы сергек барша қауымды толғандыруда.

Біздің педагогика ғылымында тәрбиені бірнеше бағытқа бөледі, олар: Қазақстандық патриотизм мен азаматтық тәрбие, зерде мәдениеті, рухани-адамгершілік, салауатты өмір салты, экологиялық-экономикалық талғам, этникалық және отбасылық өмір мәдениеті. Көп жылғы педагогикалық тәжірибеден байқап жүргеніміз жоғарыда аталып жүрген тәрбие жүйесімен көптеген ұрпақ тәрбиеленіп жатыр. Дұрыс-ақ. Бірақ бұл тәрбие түрлерінің қарқынды жүргізілетініне қарамастан, ақ жолдан, адал жолдан адасып, азғындаушылыққа ұшырап, жастарымыздың бұзылуы неліктен? Тұрақсыздық көрсетіп, мұз үстінде тұрғандай өмір жолында тайғанақтап құлап жататыны қалай? Бұл сұрақтардың жауабы біреу-ақ, ол ---жастардың өнегелілік қасиеттерінің қалыптаспағандығының нәтижесі. Жоғарыда аталған тәрбиенің толып жатқан түрлерірнің нәтижесіз болуы оның өнегелілік мұралармен байланыспауы. Ендеше тәрбиенің барлық салалары бір арнаға тоғысуы керек, ол арна – халқымыздың өнегелілік бай мұрасы. Қазіргі кезеңде ұстаздар қауымының алдында тұрған міндет – жастарға рухани тәрбие беру және осы мақсатта ұлтымыздың ұлы ғұламаларының рухани мұраларын жаңғырту, рухани құндылықтарымызды басшылыққа алу. Қазіргі мектеп жасындағы балалардың шылым шегу, ішімдік ішу, есірткі қолдануы т.б. келеңсіз көріністер жасырып жататын жағдай емес. Қылмыстың ең ауыр түріне баратын жастар да көбейіп бара жатыр. Осылардың арасында біздің қазақ балаларының үлесі аз емес. Бұл қиындықтан шығудың жолын табу – педагогтардың алдында тұрған шешімі қиын міндеттердің бірі. Осындай түйіні қиын күрделі міндеттердің шешімі жас ұрпақтың өнегелілік қасиеттерін қалыптастыру, рухани тәрбие беру.

Ғұлама ұлы бабамыз Әл Фараби «Тәрбиесіз қолға білім салма» десе, А.Байтұрсынов ағамыз «Біз әрқашанда білімге ұмтыламыз. Негізінде ең бірінші тәлімге ұмтылуымыз керек.Бізге тәлімді рух, тәрбиелі білім қажет, тәрбиелі білімдар… Міне адам! Міне тұлға!» деп білімнен бұрын тәрбиеге көңіл аудару керектігін, тәрбиесіз адамға берілген білімнен ешқандай пайда жоқтығын бас көрсеткен. Біз осы қағидаларды әрқашан жадымызда ұстауымыз керек. Ең алдымен, таза жанды, иманды, арлы, намысты, ұлты мен ұлттық құндылықтарды сүйетін тұлға тәрбиелеуге ұмтылуымыз керек.

Белгілі жазушы Ж. Аймауытов өзінің «Тәрбие» деп аталатын еңбегінде «Тәрбие екі түрлі: ал адам баласына дене тәрбиелеумен бірге рухын, ақылын, сезімін, жігері, мінезін тәрбие қылуы керек. Дене мен рухы бірдей тәрбиеленген кісі сыңаржақтау болады» депті. Ендеше Ж. Аймауытов айтып отырнған тән мен рухты тәрбиелеуге күш салуы керек. Барлық тәрбие мен білім берудің тамыры мен өзегі осы рухты тәрбиелеуде, яғни рухани тәрбиеде жатыр. Адамның ең алдымен өнегелілік қасиетін қалыптастырмай, тәрбиенің басқа салаларын жүзеге асыру мүмкін емес. Өнегелілік қасиеті қалыптаспаған адамға тіпті білім беру қауіпті.

Жан дүниесі өнегелі тәрбиемен нұрланбаған адам өзінің алған білімін қара басының пайдасына жұмсап, өз мүддесі үшін адамзатқа қауіп әкелуі мүмкін. Сондықтан Әл Фараби бабамыздың жоғарыда айтылған «Тәрбиесіз қолға білім салма» деген сөзі жалпы ұстаздар қауымының негізгі ұсанымы болу керек. Кейбір адамдар рухани тәрбиені дінмен шатастырып, қарсы шығуы да мүмкін. Діни тәрбие мен өнегелі тәрбие мүлдем бөлек дүние. Дегенмен бүгінгі күні дін мәселесіне жаңа көзқарас керек екенін түсіндік. Кеңес үкіметі кезінде «Дін сананы улайтын апиын» деп келсек, бүгінгі күні дін арқылы тәрбие жұмыстарын нәтижелі жүргізуге болады. Бұған Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың мына сөздері дәлел: «Біз – тегіміз түрік, дініміз –Ислам екенін ұмытпауымыз керек. Ол үшін қасиетті кітап Құран Кәрімді насихаттауды естен шығармауымыз керек». Демек өнегелі тәрбие арқылы адамның бойында адамгершілік ізгі қасиеттерді қалыптастыруға болады. Міне сол арқылы халқымыздың ғасырлар бойы жинақтаған рухани құндылықтарын бала бойына сіңіріп, өз елінің, Отанының адал азаматтарын тәрбиелей аламыз.



Абай шығармаларының ұрпақ тәрбиесіндегі орны.

Жас ұрпақты адамгершілікке, әдептілікке, имандылыққа тәрбиелеуде ұлттық сана-сезімнің қайнар бұлағы – мақал-мәтелдер, құнды әдеби мұралар, нақыл сөздер болып табылады.

Академик Г. Н. Волков «… батыстан келген бұл рухани апаттан жастарды аман алып қалудың жолын қарастыруымыз керек. Ол әр халықтың ғасырлар бойы ұрпақ тәрбисінде қалыптасқан, түрлі сыннан сүрінбей өткен халықтың бай тәжірибесіне сүйенген халықтық педагогика болмақ» --- деп жазады.

Жас ұрпақ тәрбиесінде таптырмас тәрбие құралы болып саналатын қазақ этнопедагогикасының ғылым ретінде қалыптасып, осы мәселе төңірегінде алғаш төл туындылар жазған демократ ағартушы Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А.Құнанбаевтардың есімімен байланысты.

Қазақ қазынасының қайнар бұлағынан сусындап өскен ,халқымыздың дара перзенті Абайдың әрбір шығармасы инабаттылыққа, парасаттылыққа, имандылық пен ізгілікке тәрбиелейді.

Адам баласының бойындағы әділеттілік, мейірімділік, рахымдылық, жомарттық тәрізді адамгершілік қасиеттерді басты орынға қоя білді. «Толық адам» тәрбиелеуде Абай жастарды оқу-білімге шақыра отырып, білімді де жан-жақты, саналы, ақылды, жүрегі ізгі қасиетттерге толы болсын дейді. Абай сомдаған «Толық адам» немесе жүрек тәрбиесі туралы ой қозғауы – қазақ халқының ертеден келе жатқан ұлттық тәрбие ойлары халық даналығынан бастау алған.

«Абайдың тәлім-тәрбиесі өзі өмір сүрген ортасы мен етене байланысты. Оның бойындағы барлық асыл қасиеттер – даналық, данышпандық сол ұлтынан берілген қасиет ».

Абайдың 38-қара сөзінде: «Егерде есті кісілердің қатарында болғың келсе күніне бір мәрте, болмаса айында бір өзіңнен өзің есеп ал». Ағартушы демократ Абай шығармаларының құндылығы – халық қазынасының озығы, ақылды да әдепті, жан-жақты жетілген, адамгершілігі мол азамат тәрбиелеудегі таптырмас тәрбие құралы.

Халықта «Балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме, өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле» деген мақал бар. Тәуелсіздігімізді алып, өркениеттілікке қадам басқан бүгігі таңда адамгершілігі мол, саналы да салауатты ұрпақ тәрбиелеуде Абай шығармаларын пайдаланудың берері мол.
Этикалық тәрбие істері.
Адамгершілік тәрбиесі – бұл тәрбиеленушілердің қоғамдық мораль тарапына сай санасына, сезіміне, әдет-қылығына, мақсат-бағытына жүйелі түрде ықпал ету.

Адамгершілік тәрбиесінің негізгі міндеттері:



  1. ізгілік сана қалыптастыру;

  2. инабаттылық сезімдерге тәрбиелеу;

  3. адамгершілік әдет-қылықтың ептіліктері мен дағдыларын қалыптастыру.

Адамгершілік тәрбиесінің құрамы: адам және қоғам байланысын қалыптастыру, өз қылығының қоғаммен сәйкес болу қажеттілігін сезіндіру, адамгершілік білімді адамгершілік нанымға ауыстыру, тұрақты адамгершілік сезімдер мен сапалар орнықтыру, адамның басқалармен қатынасындағы жоғары мәдениет пен адамгершілік әдеттерді бекіту.

Қазіргі мектепте адамгершілік тәрбиесінің мазмұны жалпы адам құндылығын жоғарылату қажеттілігінен көптеген өзгерістерге бет бұрды. Осыдан әрбір оқушыға төмендегі проблемалардың маңыздылығын түсіндіру қажет.



  1. Адамға ең қымбат - өмір.

  2. Балалал - өмір жалғасы.

  3. Тәртіптілікпен байланысқан еркіндік.

  4. Отансүйгіштік (патриотизм).

  5. Ұлтжандылық.

  6. Интернационализм.

  7. Борыш, ар-намыс, ұждан, тәртіп сақтау, кішіпейілділік және т.б.

Қазіргі тәрбие жүйесінде ең маңызды да көкейкесті проблемалар – бұл оқушылардың жыныстық тәрбиесі мен еңбекке қатынасы.

Тәрбие істерінің этикалық бағыттағы құрылымына педагог адам моралі туралы мәліметтер ендіреді. Мораль – адам санасының формасы, адамзат мәдениетінің бөлігі.

Мораль принциптерін, нормасы мен мәнін түсінуден тәрбиеленушілер өздерінің және басқа адамдардың қылықтарын дұрыс бағалауға үйренеді. Адамгершілік жағынан тұрақталған тұлға моральдік номалардың шындығына сенімді болады, оларды орындау қажеттілігін мойындайды. Бірақ адамгершілік нормаларды білу, түсіну наным-сенімдер бекуін өзінше қамтамасыз ете алмайды, тек олардың қалыптасуына қажетті алғы шарттар ғана болып есептеледі.

Адамгершілік білімдер баланың өмір тәжіибесіне өтіп, ой толғанысына еніп, тәрбиеленушілердің өзіндік талқы сарабына түскен болса ғана адамгершілік нанымдар дәрежесіне көтеріледі.

Этикалық тәрбие істерінің ең басты мақсаты - адамның адамгершілік мінез-құлықтарды қалыптастыру, тәрбие істері күнделікті өмір жағдайындағы адамгершілік іс-әрекет бірлігінен құралады. Өз қылықтарымен адам айналамен байланысып, ондағы жағдайлармен қарым-қатынас бейнелейді. Адамгершілік әдет-қылық тудыру үшін соған сәйкес жағдай жасау керек. Жоғарғы адамгершілік іс-әрекет қажеттілігін қалыптастыру- этикалық тәрбие істерінің маңызды бөлігі.

Тұлғаның адамгершілік қажеттілігін қалыптастыру – оның түйсік жүйесіне моральдік нормалар мен принциптерді қабылдату қажеттілігі.

Адамгершілік қажеттіліктің көмегімен ізгілік мораль негізі –еркін таңдау мүмкіндігі туады. Адамның еркін таңдау мүмкіндігін дамытудан этикалық тәрбие істері функциясы орындалады. Әдет-қылықтар жүйесі адамгершілік әдеттерді қалыптастырады. Әдеттерден адамгершілік қылықтарды қалау тұрақты қажеттілікке айналады. Әдеттер қарапайым және күрделі болады..

Тәрбие істерін орындау мақсатында мектеп тәжірибесінде тексерілген келесі ережелерді негізге алған жөн.


  1. Адамгершілік тәрбие істері адам үшін «күреске» айналмауы тиіс. Тәрбие «күрес» емес, күнделікті күрделі жұмыстан тұратын ұзақ маңдай тер ісі.

  2. Тұлғаның ізгілікті қасиеттері өмір қажетінсіз қалыптаспайды.

  3. Тұлғаны жақсылық жасауға ынталандыратын жағдай жасау қажет.

  4. Бірнеше әдетті қатар бір мезетте дамытуға болмайды, жасөспірімдер мен жастардың жаңа нормалар мен ережелерді қабылдауға дайындығын ескерген жөн, жаман қылықтары болса, одан арылуы тиіс, олардың жағымсыз не келеңсіз екенін түсіндіру қажет.

  5. Жоғары адамгершілік қасиет қарапайым, жай нәрселерге негізделеді. Гуманизм, сыйластық, қылық мәдениеті дағдыларын дамытпай, адамды мейірімділікке тәрбиелеуге болмайды.

  6. Ұжымдық, азаматтық тәртіпті түсіну сияқты адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеу үшін арнайы әдеттерді ұғыну керек: басқаларға қамқорлық, адамды түсіну, өзінің эгоистік сезімін тежеу, ұжым талабын орындау, қауым алдындағы міндеттер, өз ісі мен сөзіне жауап беру.

  7. Мораль арқылы жаман әдеттерді айыра білу: өте қатты сөйлеу, басқалардың сөзін бөлу және тыңдамау,

Арнайы мысалдар арқылы жастарға бір қарағанда еленбес әдеттердің салбарынан болашақ өз өміріне келетін зиянды түсіндіре әрі нақты көрсете білуі керек.

Отбасындағы тәрбиенің ерекшеліктері.

Жанұя – қоғамның ең маңызды тобы, бірлестігі. Жас баланы жанұяда тәрбиелеуде халқымыздың сан ғасырлар бойы жинақтаған, ұрпақтан ұрпаққа беріліп келе жатқан ұлттық тәлім-тәрбиелердің, төлтума халық педагогикасының маңызы зор. Оның өзекті арқауына ұлттық сана-сезім, қадір-қасиет, ар-ождан, ұлтжандылық, отансүйгіштік, ізгілік, ізеттілік, парасаттылық, тектілік, қайырымдылық және т.б. жататыны, олардың өмірдегі мән-маңызы сараланады. Жанұяда жас баланы ерлікке, жігерлікке, батырлық пен батылдыққа, сөз бен істің бірлігі сияқты қасиеттерге тәрбиелеудің орны ерекше.

Жанұяда, әсіресе ата-ананың, туған-туыстың айтқан сөздері, қоғамдық өмірде болып жатқан құбылыстар, саяси-әлеуметтік өмірде өзгерістер жөнінде оларға айтқан пікірлерді, қабылданып жатқан шешімдерге берген бағаларды т.с.с. жас бала арнайы тыңдап, мән бергенімен, ойын арасында естігенін біртіндеп белгілі бір ой қалыптастырып, тұжырымдар жасайды. Жанұяда негізі қаланған тәрбие өсе келе өмірлік нысанаға айналуы мүмкін. Халық жанұядағы тәрбиеге ерекшк көңіл бөлген. Оны «Таяқтау оңай, тәрбиелеу қиын», «Баланы өсіру – балапан ұшыру емес» деген мақал-мәтелдерден көруге болады. Ал «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер», «Ұлың өссе--- ұлы жақсымен ауылдас бол, қызың өссе -- қызы жақсымен ауылдас бол», «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» - мақалдары халықтың бала тәрбиесіне, оның қалай өсіп-өнуіне, болашағына үлкен көңіл бөлгендігі байқалады. Яғни бала ата-анаға, өскен ортаға қарап өседі, үлкендердің үлгі-өнегесіне қарап тәлім алады.

Баланың адам ретіндегі қалыптасуында тәрбинің негізі ата-анадан деп есептегенмен, жүрген ортаның, ағайын-туыстың, жора-жолдастың, отбасының, ең әуелгі туған жердің табиғатына дейін әсер тигізетіні рас. Бұлардың бәрі ержетіп, азамат болуда ықпал етер шартты жағдайлар деп бағаласаң, көгеріп, көркейіп өскен жастың жанына азық, бойына қуат, өнеге беретін аялы алтын діңгегі - әке-шешесі.

Тіршіліктегі барлық нәрсенің бір-бірімен сабақтас болғаны сияқты, баланың бойындағы, әдетіндегі небір жақсы, жаман қасиеттің көздері осыларда. Ананың, тәрбиешінің, ұстаздың шеберлігіне қарай бала бойында ұстамдылық, ұқыптылық, нәзіктік, кішіпейілділік қасиеттер қалыптасса, әке арқылы еңбекқорлық, батылдық, адамгершілік, азаматтық, табандылық мінезге ие болады. Сондықтан да ата-анаға, ұстазға өз жүрегінің тебіренісін, жай-күйін бала сезіміне әсер ететіндей жеткізе білуге тырысқан жөн.

Халықтың тұрмыс-тіршілігімен жасөспірімдерді таныстыру арқылы өнегелілік қасиетін қалыптастыру ерекшеліктері
Қазіргі кезде білім беру ісінде жеке тұлғаны жан-жақты жетілдіріп, танымдық іс-әрекеті мен ой-санасын дамытып, қалыптастыру барысында білім берудің ұлттық, педагогикалық, психологиялық негізін айқындай керек.

Елімізде болып жатқан әлеуметтік, экономикалық, саяси-мәдени өзгерістерге байланысты оқу-тәрбие үрдісін ұлттық сипатта ұйымдастыру- өмір талабы. Әр халықтың ұлттық-тарихи дәстүрі, оның адамзаттық білім берудегі мәдениеті мен диалетикалы білімі осы оқу-тәрбие үрдісіне тікелей байланысты.


Қазақ халқы – елін, жерін . оның табиғи, мәдени байлығын, өнері мен тілін, тарихын, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын сақтап, қорғап, рухани-адамгершілік тағылымдарын ұрпағына мұра етіп қалдырған. Сондықтан оқу-тәрбие үрдісінде қолданылатын бағдарламалар, оқулықтар, дидактикалық материалдар, ұлттық психологиялық ерекшеліктер ескеріле отырып жасалуы керек.

Ата-бабаларымыз ұлан-байтақ елін, байлыққа толы жерін ғасырлар бойы қорғап, халқының бостандығы мен тәуелсіздігі ұшін ел қамын ойлаған батырларын, халқының сөзін сөйлеп, ел қамын жеген білімпаз шешендері мен билерін мақтан еткен. Шежіреге толы отанымызды қорғау, шешен де өткір тілімізді, дәстүрімізді сақтау, оны зерттеп, білу --- азаматтық парыз. Әр ұлттың өзіне тән ғасырлар бойы қалыптасып, ұрпақтан ұрпаққа жалғасын тауып келген ұлттық, психологиялық ерекшеліктің болғаны. Сондықтан барлық халықтың мақсаты -- өзінің ұрпағына тәрбие беруде күнделікті айналысатын шаруашылығын, шұғылданатын кәсібін, ұлттық психологиялық арнада ұйымдастырып және рухани-адамгершілік тәрбиесімен ұштастыра білген.

Адамгершілік тәрбиесі — белгілі бір мақсатқа негізделген көзқарасты, сенімді, парасатты, мінез-құлық дағдылары мен әдістерін қалыптастырудағы және адамгершілік сезімді, ұлттық сананы, қарым-қатынасты дамытуда жалпы адамзаттық құндылықтарды тиімді пайдалануға бағытталған жалпы адамзаттық тәрбиенің бір бөлігі. Адамгершілік тәрбиесінің бүкіл жүйесі гуманистік мазмұнға толы, имандылық негізде жеке адамның жан-жақты дамып жетілуіне бағытталған .

Адамгершілік тәрбие мәселесі негізінен ұлттық психологиялық ерекшеліктерге сүйене отырып, тәрбие берудің әдістемелік жолдарын қарастырады.

---- Ұлттық дәстүрлер арқылы оқу-тәрбие үрдісінде адамның бойында өнегелілік қасиеттерді қалыптастыру.

---- Ұлттық дәстүрлер арқылы адамның психологиялық ерекшеліктерін зерттеп, дамыту.

---- Салт-дәстүр негізінде ұлттық психологиялық ерекшеліктерді ескере отырып, рухани-адамгершілік құндылықтарын тәрбиелеу.

Ұлттық дәстүр арқылы психологиялық ерекшеліктерді ескере отырып, дүниедегі бағалы рухани байлықты жеке тұлғаға дарыту. Адам - тарихи үрдістің субъектісі. Ол барлық әлеуметтік қозғалыстар мен қимыл-әрекеттердің негізі, өлшемі және мақсаты, жер шарындағы небір ғаламат табыстардың қайнар көзі, ақыл-ой туындыларының құдіретті иесі. Адам дегеніміз еңбек әрекетімен шұғылдана алатын, әлеуметтік қатынастарға түсетін, өзара байланыс жасай алатын тұлға. Адамның төрт түрлі өлшемі бар: биологиялық, психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік. Осы төрт өлшемге байланысты адамның бойындағы тұлғалық, кісілік, үш дәрежеге бөлінеді:

-- әр адамның өзіне тән психологиялық ерекшеліктері болады, өмір сүру ортасына байланысты адамдар бір-біріне ұқсамайды.

--- адам әртүрлі елдердің, тарихи дәуірдің материалдық-рухани мәдениеті мен жеткен жетістіктерінен үлгі алады. Оған әлеуметтік этикалық, ұлттық ортасы әсер етеді. Сонымен дәуірге, ортаға, тарихи шежіреге байланысты қалыптасқан білім мен тәрбие жүйесінен сабақ алады. Осының бәрі адамның жан дүниесіне әсер етеді:

--- адам адамзат қауымының мүшесі. Шыққан нәсіліне, ұлтына, туысына, туған жеріне тәуелсіз, барлық адамдарға ортақ адамгершілік қасиеттері болады: батырлық, ерлік, сатқындық, мейірімділік, қатігездік, әділдік т.б. Осы рухани, психологиялық қасиеттерді адам бойында қалыптастыратын фактор – тәрбие. Халық батыры Бауыржан Момышұлы: «Біздің тарихымыз батырға бай тарих, халқымыз батырлықты биік дәріптеген, азаматтық пен кісіліктің символы, үлгісі ретінде санаған. Батырлық, ерлік деген ұрпақтан ұрпаққа ата дәстүрі болып қала бермек. Өткенін білмеген, онан тәлім-тәрбие, ғибрат алмаған халықтың ұрпағы – тұл, келешегі тұрлаусыз. Біздің қазақ халқы – батыр халық» - деген.

Демек, рухани, өнегелілік қасиеттердің бірі ерлік болса, ол тәрбиеден бастау алады. Әр халық өзінің ержүрек батырларын олардың елін-жерін қорғаған батыл істерін мақтан етіп, үлгі-өнеге қылған. Өлең-жыр, дастандарына, аңыз, әңгімелекріне арқау еткен. Себебі елін бүкіл әлемге танытатын сол халықтың батырлары. Сондықтан оқу-тәрбие барысында, тәлім-тәрбие сабақтарында халқын, елін қорғап, жерін жауға бермей, ұлан байтақ өлкесін жаудан сақтаған батырлардың ерлігін дәріптеп, құрметтей білуге үйретуіміз керек.

Әрбір халықтың ерте кездерден қалыптасып келе жатқан салттары мен дәстүрлері діни көзқарасқа негізделген ескіліктің сарқыншағы деп саналып, социалистік қоғамға сай келмейтін әдет-ғұрыптар ретінде әжуаланды. Соның салдарынан халқымыздың өскелең ұрпаққа өнеге беріп, тағылым көрсетерлік көптеген қасиеттерін аяқ асты етіп, ұмытып қалуымызға әкеп соқты. Ал шын мәнінде дәстүрлер мен ғұрыптардың көбі халқымыздың тарихи өмірімен, тұрмыстық, әлеуметтік, мәдени салт-дәстүрлерімен тығыз байланыста өзара үндесті түрде дамып, психологиялық астарлары мен мәні бала тәрбиесіне орынды пайдаланылса, өскелең ұрпаққа өнегелі қасиетттерін қалыптастырудың бірден бір дұрыс құралы болары анық еді. 90 жылдардан бастап Кеңес Одағының ыдырауымен, Одақтас Республикалардың тәуелсіздік алуымен байланысты «ұлттық»мәселе мен салт-дәстүрге жете көңіл бөлініп, оларды оқу-тәрбие процесінде кеңінен қолданудың маңызы мен мақсат-міндеттоерні ашып көрсетілді. Психология ғылымы саласында ұлттық психологияның тарихын зерттеуге баса көңіл аударып, ұлттық психологияның тірегі болып саналатын халқымыздың бай салт-дәстүрлеріне ғылыми тұрғыдан талдау жасалып, арнайы зерттеулер жүргізілуде. Халықтық салт-дәстүрлердің қоғам өмірінен алатын орнын, оның ұрпақтар өміріндегі маңызын ғылыми тұрғыдан пайымдау жастарды адамгершілік пен мейірімділікке, адалдық пен қайырымдылыққа, үлкенді сыйлап, кішіге қамқорлық көрсетуге, еңбексүйгіштік пен отансүйгіштік қасиеттерге, ержүректік пен батылдыққа тәрбиелеудің қуатты құралы екені анықталды.


Шешендік өнердің ауыл жасөспірімдерінің өнегелі қасиеттерін қалыптастырудағы маңызы.
Қазақ – ежелден шешен халық. Халықтың өзіндік тыныс-тіршілігі бар. Мысалы ел ішіндегі түрлі мәмілегерлік мәселелер, оларды шешіп, реттеп отырудың қарапайым халықтық тәсілдері айрықша. Дәстүрлі шешендік өнердің дами түсуіне әсер еткен жәйттердің бірі осы болса керек. Біз өзге халықтардың салт-дәстүрлерінде кездесе бермейтін қазақ халқының өзіне ғана тән айрықша құбылыс деп бағалауға тиіспіз.

Халық алдында талқыланатын дау-жанжал, билік-бітім сөздері қазақ билерінен шешендікті, ойдың жүйріктігін талап еткен. Мұндай сын сәттерде ел басқарған билеріміз бен хандарымыз халықтың салт-санасын, әдет-ғұрпын жетік білетіндігін көрсетуі керек болған. Халық көп жиналатын астар мен тойларда, жәрмеңке-жиындарда, сан алуан дауларда қаралып отырған. Ауылдағы ойын-сауықтарда, мәслихат-жиындарда, жай отырыстарда да көпті көрген қарттар үлгілі сөз айтып отыратын салттар болған. Бұл үрдіс ел арасында қазір де жалғасын тауып отыр.

Халық даналығының жас ұрпақты тапқырлыққка, өткірлікке, адамгершілікке баулуда тәрбиелік мәні ұшан-теңіз. Осы маңызы зор мәселені алғаш дұрыс түсінген ағартушы-ғалым Ы. Алтынсарин. Ғалымның «Хрестоматиясына» тұңғыш рет енген тапқырлық-шешендік сөздер осының айқын дәлелі. Айталық «Жәнібек батыр» әңгімесінде ел кезіп көнекөз қариялардан бата алып өскен Қаракерей Соқыр Абыз «Алдыңа келсе әділдігіңді аяма – аймағың кетпес алдыңнан», «Жолдастың мыңын алма, бірін ал, бір кісі мың кісіге олжа салатұғын, олжаңды аямасаң жолдасың қалмас қасыңнан» дейді. Кіші жүздің тоқсанға келген Тойжан биі «Өгізді өрге салма – қанатың талар, жаманға жүзіңді салма – сағың сынар» деген өсиет айтады. Ел билеген Жәнібек бидің өмірін жас ұрпаққа өнеге етеді.

Шешендік сөздерді ауыз әдебиетінің бір саласы ретінде алғашқы зерттеушілердің бірі М.Әуезов. Отызыншы жылдары шешендік сөздерді жинау, зерттеу ісінің басында С. Сейфуллин болды. Ол өз еңбегінде шешендік сөздерді дербес жанр ретінде қарастырды. Өскелең ұрпаққа тәлім-тәрбие берудің қайнар көзі, өнегеліліктің тамаша үлгісі – қазақ халқының шешендік сөздерін бата-тілектен бастауға болар еді, одан соң өнегелі өсиет сөздерді, жер дауы, ер құны секілді дау-талап, келіссөзді қамту керек. Қазақ халқында жерге, елге, малға айтылатын пәлсапаға толы шешендік өнердің алуан түрі бар. Асан Қайғының «Он жылда бес саулық мыңға, бес қара жүзге жететін жердің құты екен, әттең аттың сауырына сыймайды-ау, артыма сала кетер едім» деп жерге, «Жалқұйрығы қанат екен, төрт аяғы болат екен, айдаса жаудыкі екен, ысқырса желдікі екен» деп жылқыға айтқан сөздері шешендіктің үлгісі.

Шешендік сөздерді атадан бала қайталап отырған. Бұл - халық басынан кешірген алуан түрлі оқиғалардың нәтижесінде туған келелі ойдың қорытындысы, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні.

Жас ұрпаққа арналған қазақтың шешендік арнау, нақыл сөздерінің мән-мағынасы терең мәселе.

Бала болсаң – болғандай боп,

Ағайынға қонғандай бол.

Досыңа майыспа,

Дұшпаныңа қайыспа.

Жаман болсаң көп жақсы,

Жақсы болсаң ел жақсы.

Арғымақ мінген байлардың,

Тойға мұқтаж күні бар.

Май шайнаған билердің

Нанға мұқтаж күні бар.

Елден безген залымның

Елге мұқтаж күні бар.

Басқа бақ жарасады,

Батырға жаз жарасады.

Аталы ерден би туса,

Халықтың пайдасына жанасады.


Жақсы адамға мал бітсе,

Ағйынның жоғына қарасады.

Жаман адамға мал бітсе,

Көргенмен итше таласады.

(Халық даналығы)

Қазақ халқында ел арасында туындаған даулы мәселелерге халықтың әдет-ғұрпында сүйенім әділ баға беріліп отырған. Жер дауы, жесір дауы, мал дауы ғана емес, ар-намыс, абырой үшін туған айтыс-тартыстар да мәміле-сөздерге тоқтаған. Осының бәрінің мән-мағынасында жас ұрпаққа тәлім-тәрбие боларлық терең ғибрат, үлгі-өнеге жатыр.

Адам өмірінде елеулі орын алып, оның өсіп-жетілуіне, ақыл-ой өрісінің дамуына, соның ішінде түрлі сезімдердің оянуына ықпал ететін біздің ата-бабамыздан қалған лиро-эпостық жырлар, ертегілер, поэма, жұмбақ, мақал-мәтелдер болып, жас ұрпақтың одан әрі дамуына, өнегелілік қасиеттерінің қалыптасуына үлкен үлесін қосады. Мәселен, ертегіні жастайынан балаға айтып, жағымды және жағымсыз кейіпкерлердің ісін баяндап отырсақ, олардың ақыл-ой өрісінің дамуына ықпал ете аламыз.

Мақал-мәтелдер мен жұмбақ пен аңыздар да адамның құлақ қағысына ықпал ете алады.

«Отан –оттан да ыстық», «Отан - отбасыдан басталады», «Отан үшін отқа түс күймейсің» т.б. секілді мақалдардың әрбір жастардың ойынан түспейтіні рас. Бұл мақалдарда Отанның қаншалықты қымбат әрі екенін дәлелдеп, оны сүйіп қастерлеуге үйретеді.

Мақал-мәтелдерді күнделікті тұрмыста, қызметте, оқу орындарында, мектептерде қолданады. Мақал-мәтелдер кез-келген адамның рухани, адамгершілік, өнегелілік қасиеттерін қалыптастыруға үлкен септігін тигізеді.

«Ел болам десең, бесігіңді түзе» дейді дана халқымыз. Өмірдің жалғасы жас ұрпағыңды жақсылап өсір деген сөзі ғой. Еліміз өз ұрпағының жаны, дені сау, құлықты да парасатты, білімді де инабатты, өз елін сүйетін, оны қорғай алатын, ана тілінің уызына қанып, ұлттың рухымен қанағаттанған халық перзенті болуға арман етеді.

Қазақтың шешендік сөздері, ұрпақтан ұрпаққа айтылып келе жатқан ертегілеріне дейін жас ұрпақ тәрбиесінің теңдесі жоқ құралы деуге болады. Тек қана соларды дұрыс пайдалана білу, қолдану жэағы ақсап жатқанын мойындауымыз керек. Сондықтан тәрбие саласында қызмет атқаратын мамандар қызметі барысында ұлттық қасиетімізді молайтуға септігін тигізер халықтық мұраларымызға көп көңіл бөлуі тиіс.



Отбасы – ұлттық тәрбиелілік құралдарды сақтаушы.
«Отан отбасыдан басталады» деген мақалға сүйене отырып, келесіге тоқталсақ.

Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің, мұралардың сақтаушысы. Онда бала алғашқы рет өмір жолымен танысады, моралдік нормаларды игереді. Сондықтан үйелмендік өмір жеке адамның азамат болып өсуінің негізі.

Мынау жарық дүниеге шыр етіп келген нәрестенің жөргегінен басталатын күтімі мен тәрбиесі оның тәуелсіз еліміздің айтулы азаматы болып өскенше жалғасатынын ескерсек, ең үлкен жауапкершілік алдымен өмірге ұрпақ әкелген ата-ан.аға жүктеледі. Аяғын тапыл-тапыл басып, тілі жаңа шығып, енді ғана сөйлей бастаған сәбиге деген мейірімі мен әке қамқорлығы өз алдына.

Отбасы ең алғашқы жастарды тәрбиелеу ортасы. Сол себепті де әрбір отбасында балаларды еңбексүйгіштікке, отансүйгіштікке тәрбиелеу – бұл қазақтың салт-дәстүрімен тығыз байланысты. Отбасыда ана өзінің баласын шебер, ақылды, озат етіп тәрбиелеуге арман етті.

Кең байтақ қазақ даласында өмір сүретін балалардың тәрбиесі олардың ата-аналарының күнделікті іс-әрекеттері мен көшпелі тұрмыс салтына байланысты болған. Балаларды жастайынан тіл алғыштыққа, тәртіптілікке, жалпы адами қасиеттерге, үлкенді сыйлап, өз дініне, ұлтына сыйластықпен қарауды үйреткен.

Үйелменде тәрбие беретін келесі тұлғалар – ата мен әжелер.

Ұлы орыс педагогы К.Д.Ушинский: «Аталар мен әжелер – табиғи педагогтар!» - деп санады. Ал Ш. Айтматов болса, өзінің әжесін «үлкен тәрбиешім» деп есептейді. «Әжем қонаққа, тойға, өлікті шығаруға және жерлеуге барғанда мені ертіп жүретін. Аңыз-жыр айтушылар және ақындармен кездескендерін айтып, менің балалық шағымды халық ертегілерімен, өлеңдермен, мақал-мәтелдермен байытты» деп өзінің әжесінің өнегелі қасиеттерін қалыптастырудағы тамаша іс-әрекеттерін еске түсіреді.

Қазақ халқы «Отан отбасыдан басталады» дейді, олай болса, отбасы -- тәрбиенің негізгі көзі, түп қазығы. Қанша заман өтсе де, бабалардың мол тәжірибесіне, тағылымы мен дәстүрлеріне және отбасы тәрбиесінің негіздеріне сүйене отырып, әке мен ана, ата мен әже ұрпақтары шын азамат болып өсуіне қамқорлық жасаған. Ғасырлар бойы қазақ отбасылары хастарды тәрбиелеуде көптеген әдістерді қорлданып келген. Олар: түсіндіру, үйрету, насихат, жазалау т.б. болып табылады.

Біздің елімізде ертеңгі болашағымыз – бүгінгі жас ұрпақ тәрбиесіне мемлекет тарапынан ерекше мән беріліп отырғаны белгілі.

Күні кеше ғана, дәлірек айтсақ, ақпаннның 28-жұлдызында Астанада өткен Қазақстан Республикасы Ғылым және Білім министрлігінің «2004 жылы атқарған жұмыстың қорытындысы және 2005 жылға арналған міндеттері» - ауқымын қамтыған алқа отырысында да жеке тұлғаны қалыптастырудың алғашқы сатысысынан басталатын тәрбие мен білім берудің жай-жапсары жүйелі түрде әңгіме болды. Өзінің білімі мен тәжірибесін халық ағарту мәселесіне бағыттаған министр Ш.К.Беркімбаева өзінің баяндамасының беташарын балаларды отбасыда тәрбиелеу және оқытудың озық технологияларын белсенділікпен енгізу қажеттігінен бастауы да тегіннен тегін болмаса керек. Өйткені жас ұрпақтың жан-жақты қалыптасуының негізі – отбасы тәрбиесінен бастау алады.

Министр Шәмша Көпбайқызы өз сөзінде: «бүгінгі күнде ҚР Конституциясында «Отбасы туралы» заңына және «Жанұя» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес Қазақстандық тәлім-тәрбие беруді ұйымдастыру жүйесінің ұлттық үлгісін дамыту үшін жағдайды қалыптастыру жөніндегі жұмыстар жоспарлы түрде жүзеге асырылуда.

Тәлім-тәрбие берудің ұлттық үлгісінің негізгі өзегі оның құрылымдық бөлімдерінің сабақтастығы мен үздіксіздігі болып табылады».

Өмір көрсеткендей балаларды отбасыда тәрбиелеу және оқыту барысында жіберілген қателіктер немесе олқылықтар келешекте ел үшін, әсіресе оның экономикалық, сондай-ақ әлеуметтік қатынастарында қымбатқа түседі. Шындығында жас ұрпақты аяққа тұрғызуда жеке тұлғаны қалыптастырудың алғашқы сатысы ретінде отбасыда тәрбиелеу мен оқытудың қаржы мәселелерін шешуде селқостықпен қарау тек қана әлеуметтік саланың мәселелері болып қалмағанын түсінетін мезгіл жетті.


«Әкем мен шешемнен үлгі-өнеге алып өсемін».

Төлеби ауданы, Қайнар ауылында Қайнар орта мектебінде 9 сынып оқушыларымен өткзілген тәрбие сағаты.

Онда алға қойған мақсатым: жекелеген ата-аналарды қатыстыра отырып, олардың өнегесі мен ықпалы арқылы оқушыларды әке-шешелерін сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу, екіншіден, ата-ана, ұстаз,оқушы арасындағы ынтымақты нығайту, үшіншіден, халқымыздың әдет-ғұрпы, салт-дәстүрлері арқылы оқушылардың бойында асыл адамгершілік, өнегелі қасиеттерді қалыптастыру болды. Ал көрнекілігіне отбасы, ата-ана, салт-дәстүрлер туралы нақыл сөздерді пайдаландым.

Жүргізуші:

Алфавиттің А тұрады басында,

Әрқашанда Ә тұрады қасында

Байқадың ба, Б тұрады үшінші

Ал, осының сыры неде?түсінші:

«А»деген ол – аналар ғой ардақты

«Ә»деген ол - әкелер ғой салмақты

«Б» деген ол- балалар ғой әдемі

Біздің елде үшеуі де кәделі.

Алшақ кетпей сондықтан да расында

Тұрады олар алфавиттің басында.

(Ж.Әбдірашев)

Расында да қазақта мынадай жақсы сөз бар: «Әке –асқар тау, ана – бауырындағы бұлақ, бала – жағасындағы құрақ» деген. Сәби үшін ең жақын, ең жылы ұя -- ата-ананың алақаны, мейірімі, қайырымдылығы. Бүгінгі телехабарымыздың кезекті саны ата-ана мен бала арасындағы сыйластыққа арналады. Сіздерді студияға келіп отырған отбасы мүшелерімен таныстырайын (хабарға 5 отбасы сол сыныпта оқитын балаларымен қатысты).

---- Адам баласының ажары да, бақыты да отбасыдан басталады. Ал отбасы бақыты деген не? Ол адам бойына сырттан келіп сіңетін немесе аспаннан құйылып денеңе жұғатын нәрсе емес қой. Оның да көктеп шығатын тұрағы бар. Адам баласының бақыты, оның тәлімі мен тәрбиесінен қалыптасатын жарқын да адал мінездеріне байланысты. Шындап келгенде, отбасы бақыты ата-аналардың өз қолында деуімізге болады.

Халқымызда балаға, бала тәрбиесіне арналған небір асыл сөздері бар. Қазір солардың кейбірін студияға келіп отырған оқушылар еске түсірсе деймін.


  1. Балалы үй - базар, баласыз үй -- қу мазар.

  2. Бала – бақшадағы гүлің, оны тәрбиелеу үлкен ғылым.

  3. Ер бала – ата-анаға таяу, қыз бала – үйге жаққан бояу.

  4. Құс балапаны үшін тұзаққа түседі,

Адам баласы үшін отқа түседі.

  1. Үйің үй-ақ екен, ішінде ойнайтын бала болса.

  2. Жаман да болса ұрпақ қалсын.

Өз орныңда отың жансын.

  1. Дүниеде бал тәтті,

Бала балдан да тәтті.

8.Қарға баласын аппағым дер, кірпі баласын жұмсағым дер.

9.Қарайғанға қарап тал өсер,

Ата-анаға қарап бала өсер.



  1. Әке көрген оқ жонар,

Шеше көрген тон пішер.

  • Иә, «сөз асылы - мақал» деп атам қазақ текке айтпаған ғой. Өйткені бақыт та, нұр да, жыр да, тыныс та – бала. Ал, осы бала бағбаны кімдер? Әрине ата-ана. Жас жеткіншек қашан да ата-ананың ақылы, үлгі-өнегесі арқылы өсіп қалыптасады.

Құрметті көрермендер, мен сіздерден ата-аналардың, оқушылардың ұлттық салт-дәстүрден нені білетінін көріп, бағалап отыруларыңызды сұраймын. Алғашқы тур «Сан сұраққа саяхат» деп аталады.

Ата-аналарға:

1.Малдың 12 мүшесін атаңыз.



  1. «Елім-ай» әнінің шығу тарихын білесіз бе? (бір шумағын айтып беріңіз)

  2. Ұлттық ойындарды атаңыз.

  3. Нанға байланысты ырым-тиымдарды білесіз бе?

  4. Еттен табақ тартқанда оның қандай түрлеріне сүйеніп тартады? Қойдың қадірлі мүшесін, жылқының қадірлі мүшесін атай аласыз ба?

Оқушыларға:

  1. Жеті ата деген не? Жеті атаңды ата.

  2. Төрт түліктің түрлерін, пірлерін ата.

  3. Сүтті төрт түлік малдың аттарына байланысты ата

  4. Жылқы туралы мақал-мәтел айта аласың ба?(Жылқының сүті шекер, еті бал. Адам жылқы мінезді. Жылқы – малдың патшасы.Алып анадан туады, тұлпар биеден туады.)

  5. «Қара кемпір», «Қара шал» «Бозторғай» әндерінің авторы кім? (әнші-сазгер А.Қоразбаев).

Келесі турда ата-аналар, оқушылар өз өнерлерін ортаға салады.

Одан кейінгі тур «Сыңарын тап» деп аталады.



Ата-аналарға:

Әдепті бала ата-анасын мақтар… (әдепсіз бала ата-анасын қақсатар).



  1. Әкесі тұрып ұл сөйлегеннен без…(шешесі тұрып қыз сөйлегеннен без).

  2. Қарағайға қарап тал өсер… (қатарына қарап бала өсер).

  3. Үйінде ұлы-қызы бардың…(көгінде сөнбес жұлдызы бар).

  4. Ана сүтін ақтамағанды ...(ешкім жақтамайды).

Балаларға:

  1. Жығылып жатып…(сүрінгенге күлме).

  2. Күлме досыңа…(келер басыңа).

  3. Әдепті бала арлы бала…(әдепсіз бала сорлы бала).

  4. Ауру қалса да… (әдет қалмайды).

  5. Ұяда нені көрсең … (ұшқанда соны ілесің).

Соңғы тур ата-аналанмен өткізіледі.

1.Тәрбие ісінде отбасының ролі қандай деп ойлайсыз? (Отбасы ролі өте-мөте күшті. Өйткені отбасы кішігірім мемлекет болып саналады. Егер отбасыда жағдай жақсы болмаса, ешбір қоғамдық ұйым, мектеп, ұстаздар оның орнын баса алмайды.Тек қана жайлы, дұрыс ортадан тәрбиесі дұрыс бала шығады).

2. Ең алдымен қандай тәрбиеге көңіл бөлер едіңіз?(Еңбек тәрбиесіне. Оны балаға жастайынан берген жөн. Себебі «жаста берген тәрбие – жас шыбықты игендей», балаға тез қонады. Баланы еңбексүйгіш етіп тәрбиелесек, болашағы үшін уайымдамаса да болады деп ойлаймын).

3. Сіз мерекелерде балаңыздың дайын сыйлық бергенін қалайсыз ба? Әлде өз қолынан жасаған (кішкентай болса да мейлі) бір затын сыйлағанын жөн көресіз бе? Неліктен? (Әрине, өз қолынан жасағанды. Өйткені мұндай талпыныс оны кішкентай кезінен-ақ іс-әрекетке, қимылға, еңбек етуге тәрбиелейді).

4. Баланы сенің қолыңнан келмейді, кедергі жасама, теледидар көр, демал деп шеттететін ата-аналарға не айтар едіңіз?(Бұл дұрыс емес дер едім. «Бала тәрбиесі -- бесіктен» дейді дана халқымыз. Баланы жасынан іске үйретпеу, еңбекке баулымау – ол ата-ананың балаға жасаған жақсылығы емес, керісінше оның болашағына жасалған үлкен қылмыс, қиянат деп білемін.)


  1. Кешкі ас ішіліп болған соң, ауыз үйде ыдыс-аяқ жуылмай қалды, Өйткені теледидардан бір жақсы фильм басталып кетті. Фильм біткен соң қызыңыз сізге: «шеше, ыдысты таңертең жуа салайыншы» десе, сіз не деп жауап берер едіңіз? Құптайсыз ба?(Қашанда бүгінгі шаруаны ертеңге қалдырма. Ертеңгі күннің жұмысы атар таңмен келеді. Жүр, мен саған көмектесіп жіберемін дер едім. Бұл әрекет баланың бойын еріншектіктен сақтандырады.

Қорытындысы шығарылып, сыйлықтар үлестіріледі.

Жүргізуші.

Халқымыздың аяулы ұлы Бауыржан Момышұлы кезінде былай деп мұңайған екен: «Жаудан да, даудан да қорықпаған қазақ едім. Енді қоқынышым көбейіп жүр. Балаларын бесікке бөлемеген, бесігі жоқ елден қорқам. Немересіне ертегі айтып беретін әжелердің азаюынан қорқам. Дәмді, дәстүрді сыйламайтын балалар өсіп келе жатыр. Оның қолына қылыш берсе, кіді де болса, шауып тастауға даяр. Қолына кітап алмайды. Үйреніп жатқан бала жоқ, үйретіп жатқан әке-шеше жоқ». Бауыржан атамыз бүгінде арамызда жоқ.

Осы атамыз көтерген мәселе бүгінде бәрімізді алаңдатуы тиіс. Бұл ата-анаға да, ұстаздарға да, тіпті, балаларға да ой салады деп ойлаймыз. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, балаларды бірлесе тәрбиелейік, ойнайық, күлейік дей келе, хабарымызды аяқтаймыз.

Отбасылары бірігіп, «Сәби болғым келеді» әнін орындады.


Қай ғасырда болмасын, тәрбие мәселелері навзардан тыс қалып көрген емес. «Бала тәрбиесі --- мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі» деген сөзді Платонның өзі де бекер айтпаған болар. Әрбір қоғамның өз дамуы жағдайында бұл өткір мәселе әрқалай шешіліп отырған.

Мемлекетімізде қазіргі кезде сапалы білім берумен қатар, мектеп жасындағы жасөспірімдердің бойына адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру қажеттігі туындауда. Өйткені бала ата-ананың ғана емес, ұлыс пен ұлттың болашағы, сапалы өмірдің ең басты кепілі.Жас ұрпақты жан-жақты жетілген, ақыл-парасатты, адамгершілік жағынан таза, өрісі биік азамат етіп тәрбиелеу – қазіргі кезде мемлекет алдында тұрған ең өзекті мәселе.

Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіз мемлекет бола алатындығын бүкіл әлемге дәлелдеді. Ендігі басты міндет ---- осы мемлекетіміздің өркендеп өсуі, халықтың әлеуметтік, экономикалық жағдайын көтеру. Қазақстанды “Отаным” деп таныған әр азаматтың осыған өз әлінше үлес қосуы – бұның ибасты шарттарының бірі. Жастардың өнегелілік қасиеттерін қалыптастырудың бағдарлы идеяларын Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың “Қазақстан 2030” Қазақстан халқына Жолдауының “Қазақстан мұраты” деген бөлімінен көруге болады. Мұнда: “Біздің жас мемлекетіміз өсіп жетіліп, кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз өнымен бірге ер жетеді. Олар өз ұрпағының жауапты да жігерлі, білім өресі биік, өнегелі қасиеті жоғары дамыған, денсаулығы мықты , ұлттық дәстүрлерімізді ұрпақтан ұрпаққа сақтап жеткізуші өкілдері болады. Олар бабаларының игі дәстүрлерін сақтай отырып, қазіргі тзаманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр болады, олар бейбіт, абат, жылдам даму, өокендеу үстіндегі күллі әле,мге әйгілі әрі сыйлы өз елінің патриоттарны болады.

Егер біз ьадамгершілігі жоғары қоғам болғымыз келсе, жұбайлардың бір-бірінің алдындағы, ал ең бастысы балаларының алдындағы жауапкершілігін күшейтуге тиіспіз. Ата-аналар балаларына, ал балалар өздерінің қартайған ата-аналарына қамқор болған,да… еліміз үшін алаңдамауға болады.

Салауатты тұрнмыс құрып, сол арқылы балаларына үлгі-өнеге көрсетіп отырған ата-аналарды айрықша аатап көрсету керек.

Жас шамасына қарай жүргізілетін саясатта біз жастар мен жасөспірім ұрпаққа, сондай-ақ жас отбасыларға көңіл бөлуді күшейтуге тиіспіз”.

Ауыл жасөспірімдерінің жан дүниесін адамгершілік, имандылық, өнегелілік қасиеттерді санасына ұғындырып, өмір сүрудің әдіс-тәсілдерін өнегелілік сапалар арқылы түсіндіріп, салауаттылыққа тәрбиелеу және кеңес беру – дипломдық жұмыстың басты мақсаты болып отыр.

1. Тұлғаның мәнін айқындау.


  1. Ауыл жасөспірімдерінің әлеуметтік-педагогикалық және психологиялық ерекшеліктерін зерттеу.

  2. Олардың интеллектуалдық ерекшеліктерін зерртеу.

  3. Методикалық кеңес беру.

Зерттеу нысаны – ауыл жасөспірімдері .

Зерттеу заты - өнегелілік қасиеттердің мәні, мағынасы, бағыттары.

Қазіргі ағым да оңай болып отырған жоқ. Кейбір тұрмыстық қиындықтар мен өмір сүрудің ауытқушылығынан руханиятсыздық белең алды. Сондықтан Президентіміз Н.Ә.Назарбаев өзінің жолдаулары мен сөздеріне егемен еліміздің азаматтрарын қалыптастыруда тәрбие жұмыстарының ерекше ролі барын баса айтып келеді.Елбасы әсіресе, ауыл жасөспірімдерінің өнегелілік қасеиттерін қалыптастырып, патриоттық сезімін ояту қажеттігіне айрықша көңіл аудартады. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында бұл басым бағытты міндеттер нақты көрсетілген. Атап айтқанда:

---- жеке тұлғаның шығармашылық,рухани және күш-қуаттьық мүмкіншілігін дамыту, салауатты өмір салтының берік қағидаларын қалыптастыру, тұлғаны дамыту үшін жағдай жасау арқылы оның зерде –санасын байыта түсу;

---- өз Отаны – Қазақстанды сүюге, азаматтық пен патриотизмге тәрбиелеу, мемлекетт рәміздері мен халық салт-дәстүрлерін құрметтеу, Ата Заң мен қоғамға қайшы келетін көрініс терге төзбеу;

---- республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық өміріне белсене қатысуға және сондай-ақ, өз құқықтары мен міндеттерін сезінуге баулу;

---- әлемдік және отандық мәдениет жетістіктерін игеру, қазақ және республикада тұратын басқа да халықтардың әдет-ғұрыппен саолт---дәстүрлерінің тьарихын жете білу, мемлекеттік, орыс, шетел тілдерін меңгеру.

Жоғарыда аталған маңызды міндеттерді іске асыруда білім беру мекемелерінің атқұаратын ролі зор. Өйткені мұнда балалар мен жасөспірімдер мемлекеттік бағдарламалар мен тұжырымдарға сәйкес жалпы адамзаттық құндылықтарды меңгеріп, өз тьуған халқының тарихы мен мәдениетінен сусындау арқылы өздерінің бойына өнегелілік қасиеттерді қалыптастырады.

«Білім беру»Заңында білім беру – оқыту мен тәрбиелеудің үздіксіз үрдісі делінген. Демек барлық білім беру мекемелерінде қандай жағдайда болса да, өнегелілік қасиеттерді қалыптастыру мақсаты барысында тәрбие жұмыстары жүргізілуі тиіс.Әсіресе ауыл балалары тәрбиесінде мектептерге ерекше көңіл бөлінген.

Білімді де, білікті, салиқалы да парасатты, өнегелілік қасиеттері қалыптасқан, жан-жақты жетілген жеке тұлғаны тәрбиелеу --- мемлекеттік маңызды іс екені белгілі. Сол себепті жоғарыда сөзімізге арқау болған мәселелерді түбегейлі шешу, салауатты өмір салтын қалыптастыру --- баршамыздың қарызымыз әі парызымыз екені даусыз. Солай екен, келешек ұрпақтың қамын қазірден ойлап, оған бүкіл жұрт болып атсалдысуға міндеттіміз.

Елбасымыз Н . Ә.Назарбаевтың ішкі және сыртқы саясатттық 200 негізгі бағыттары туралы Қазақстан халқына жолдауында ауылға назар аударуы стратегиялық, мемлекеттік зор мәні бар, кең ауқымды шара.

«Ауыл – халқымызөдың тұрмыс салты, мәдениеті. Шын мәнінде де халқының 40 % бөлігін ауыл тұрғындары құрайтын Қазақстан үшін бұл шара өте маңыз, дәстүріміздің, әдет-ғұрпымыз бен рухани тіршілігіміздің қайнар көзі», - деп көрсеткен Елбасы халыққа жолдауында.

Біздің қай-қайсысымызхдың болмасын түп тамырымыз сол ауыддан бастау алады. Тәуелсіздік пен қуатты мемлекет мұраттарын айрықша қастерлеп, терең сезінетін де осы елдегі халық, өйткені оның қаны мен жанында бабаларымыздың арманы мен үміті қаттаулы қалпында жатыр.

Ендігі жерде осы ауылды көркейтуге байланысты мәселелер бойынша әр мемлекет ұжымы Елбасының жолдауында көрсетілген бағыттарға сәйкес өз міндеттерін және оны орындау жолдарын саралап алғаны абзал. Сондықтан мемлекеттік деңгейдегі осы мәселелерді шешуде әрбір ұстаз тыс қалмай, шама—шарқынша өз үлестерін қосуы қажет.

Әлеуметтік педагог оқушылар тобымен бірлесе отыры, адамдардың қарым-қатынасындағы мейірімділік пен әділдеттілік деген не, жолдастық пен ждостық деген не, кғоллективизм мен ортақ іске, жеке бастың тжауапкершілігі деген не сияқты ұғымдарға анықтама беріп, оны оқушылардың меңгеруіне көңіл бөледі. Бұл тұжырымдар оқушылар ұжымы көп жиналатын залда көрннекі жерлерге жазылып ілінген:

---- мейірімділік – адамдарға деген адал көңіл, сезімтал қарым-қатынас, кез-келген уақытта қол ұшын беруге әзірлік;

---- әділдік --- өзінің және басқаның іс-әрекеттері мен пікірлеріне дұрыс әділ баға бере білу, өз мінез---құлқындағы кемістіктерге сын көзбен қарай білу;

---- жолодастық – балалардың сыйластық және қамқорлық қарым-қатынастары, біреудің көмегін қабылдай білуі, біреуге көмектесуге құштарлығы, қажет болғане жағдайда жолдасы үшін өз мүдджесін қоя тұруға әзірлік;

---- ұжымшылдық – басқалармен бірге өмір сүріп, жұмыс істей білуі, өзін коллективтің бір бөлшегі деп түсінуі, өз мүддесін көпшілік мүддесімен ұштастыра білу, өз ісіне ұжым алдында жауап беру36

---- ортақ іс үшін жеке бастың жауапкершілігі --- ортақ іске жауап бере білу, ортақ мақсатқа жету жолында белсенділікпен қимылдау.

Ата-анасының рухани байлығы, отбасыдағы сыйластық қарым-қатынас оқушылардың өмір тәжірбиесін қалыптастыруды молайтуың негізгіі көзі болып табылады.



Ауыл – елдің алтын бесігі.
Елімізде жарияланған ауыл жылына байланысты «Ауыл – елдің алтын бесігі» атты сабақ өткізуді жөн көрдім. Мұндағы мақсатым – ауыл жасөспірімдерінің өнегелілдік қасиеттерін қалыптастыруға, отансүйгіштікке,еліне, жеріне деген махаббаттарын ояту, әдемілікке баулу болды.

Сабақтың көрнекілігі: ауылдың көркі бейнеленген плакат, «Ауылым» әнәнің сөзі жазылған плакат, үнтаспа «Сарыарқа» күйі, аспап- фортепиано, жер, су туралы мақал-мәтел.

Сабақта қолданылатын музыкалық материалдар:



  1. Құрманғазы. «Сарыарқа» күйі – тыңдау және орындау.

  2. «Ауылым» әні.

  3. Жаңа ән.

  4. Өлеңдерді жатқа айту.

Сабақтың міндеті:

А) білімділік:

әнді интонациялық таза орындауға назар аудару. Музыка тыңдау, ән салу арқылы алған әсерін жэүйелі түрде қорыта білуге баулу.

ә) тәрбиелік:

1. Сабақ үстінде оқушыларды ұжымдық шығармашылыққа тәрбиелеу.

2. Ауыл өмірін сезіне білуге, қоршаған ортаны қорғай білуге тәрбиелеу.

3. Ұлттық сезіммен тыңдай және ор ындай білуге тәрбиелеу.

Дамытушылық: көрнекілікті пайдалана отырып, пә,наралық байланысты ұғынып,оқушының алған әсерін, ойын жүйелі айтуға, суіреттеуге машықтандыру, есте сақтауын дамыту.

Сабақтың өту барысы: сыныпта Құрманғазының «Сарыарқа» күйі орындалып тұрады.



Ұйымдастыру кезеңі:

--- Қайырлы күн, балалар!

--- Сәлеметсіз бе, апай!

--- Балалар, біз кімнің күйін тыңдадық?

--- Құрманғазын.ың күйі «Сарыарқаны»

--- Музыка қандай көңілде?

--- Көтеріңкі, көңілді.

--- өте, дұрыс, балалар.



Жаңа сабақ: «Ауыл --- елдің алтын бесігі».

«Бір әңгіме қозғашы ауыл жайлы

Бұждан артық рахат табылмайды.

Бұлдырасын сағымдай өткен бір күн,

Бір әңгіме қозғашы ауыл жайлы».

М. Мақатаев.

Ауыл --- адамзаттың кең дүниенің енсігін ашып, өмірге келген жері. Бізге дейін сан толқын ұрпақтың кіндігі, қаны мен маңдай тері тамған киелі мекені. Дүниедегі ең құдіретті АНА болса, ауыл да бар лық халықтың анасы, тіршіліктің нәрі.

Ауыл --- халқымыздың бойына нәр құятын алтын бесігі, негізгі мекен –жайы, ұлттық рухтың қуат алар қайнар көзі. «Гүлденсе ауыл, гүлденеміз бәріміз» дегендей, ауыл көркейсе, халық өмірі жақсарады, әлеуметтік жағдайы көтеріледі деген сөз. Жусаны мен жуасы бұрқыраған, ауыл төсінде жайқалып егін өссе, жайылып мал өрсе – ауылдың сәні емес пе?

Жүгі нарда, қазаны теңде болып, көшпелі ғұмыр кешкен қазақ халқының ертеден-ақ ежелгі мекені – ауыл болғаны анық. Яғни, ауыл – ұлтымыздың ұйытқысы.

Елбасымыщздың: «Біз кез-келген ұлттың түп-тамыры ауыл жұртында жататынын естен шығармауга тиіспіз» ,- деген сөзі өте дұрыс айтылған.

Ауыл – қазақтың алтын бесігі, салт-дәстүрі, өлең-жыры, өнері, мәдениет пен адамгершілік ортасы. Сөз өрнегін оймақтап, жырдан кесте тіккен ақын-жазушыларымыз да, әе өрнегін айшықтаған сазгер , күйшілеріміз де, аты аңыздға айналған даналарымыз да сол қарапайым ауылдың қара шаңырағынан шыққан.

Саналы әрбір азаматқа туған ауылдың ұлтарақтай жерінің өзі қымбат қазына болуы тиіс. Жұмыр жер өз төсін мекен еткен барша халықтың шежіресін жаза беретін мәңгілік кітап тәрізді.

Сондықтан ауылдан жырақ жүрсекте,

«Қарашада қара үй тұр,

Қарайлай жүр артыңа» -- деген жырау сөздерін естен шығармасақ екен. Әрбір жан ауылдың тұрмысы мен тіршілігі, мәдениеті мен ғылымы, хал-жағдайларының жақсаруына қолдарынан келгенше үлес қосуы керек. Себебі ауыл күйзелсе, халық өмірі жақсармайды. Осы жағдайды біз үлкен мәселе етіп көтеріп жүрміз.

Еліміз егемендік алып, тәуелсіздік салтанат құрған заманда, бұл қиындықтың бәрі шешіледі. Себебі хх! Ғасыр – гүлдену ғасыры.

Алдағы уақытта барлық адамзат көрікті ауыл, келбетті қалада бақытты тұрмиыс кешуге тиіс. Жасампаз ауылдың тұтқасы – білімді де өнегелі жастадың қолында. Ауылдың көркеюі – жастардың санасы мен сезіміне,ухы мен ерлігіне, білімі мен билігіне байланысты. Сол үшін біз білім шыңына талаптануымыз керек!

Терең білім, тума талант, дархандарын ауылдың ауасымен сусындаған жастардың бойында мол. Нарық қыспағына ұшырап, қавңырап қалған үйлерге,қаңсып қалған өзендерге, босап қалған жайлауға айналған тіршіліктің бәріне жан бітеді деп ойлаймын.

Қазақ ауылы гүлденсе, әр атқан таңнан үміт күтетін ауыл халқы үшін зор қуаныш екені сөзсіз. «Ырыс алды - ынтымақ» дегендей, барша халық туған ауылын ұлттықөмір сүрудің өзегі деп танитын көзі ьашық, көңілі ояуәрбір азамат жұмысына жұмыла кірісуі керек.

Келешекке үлкен сеніммен көз тастасаң, біздің ауылымыз --- сәулеті асқан, дәулеті тасыған, рухани дамыған, берекеліде, мерекелі, құтты мекенге айналады. Міне, сондықтан да балалар, осыц ауылды көркейтуге келешекте өз үлестеріңді қосады деп ойлаймын.

Қане, балалар, жаңа ән үйренейік.

«Ауылым – құт мекенім»

Қорытындылау:

«Ауылым» - сөзжұмбақ.



Ұлттық құндылық -әдеп сабағында.
Еліміз егемендікке қол жетіп, ата-бабаларымыздың салған сара жолымен, тәлім-тәрбие мәселелерімен толық қамтылған мол мұрасының даму кезеңдерімен таныстыратын мектепте жүргізілетін әдеп пәнінің маңызы зор.Әдеп әліппесімен сусындаған мектеп партасында отырғанжеке тұлға өз елінің қайталанбас даналығы мен көрегенділігін, әдептілігі мен инабаттылығын әр кезеңде есте ұстай бермек. Сабақ беретін сыныптарда әдептілік иірімдеріне көп көңіл аударамын. Төменде әдеп сабағынан 10 сыныпта өткізілетін ашық сабақтың жоспарын ұсынып отырмын.

Сабақтың мақсаты:

А) білімділік.Ұлттық қадір-қасиеттер – ұлттық тсана-сезімнің негізі, адамгершіліктің бірегейі, халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан қоғамдық санасының жемісі, кісілік қасиеттерінің жиынтығы.

Б) тәрбиелік. Оқушыларға имандылық, адамгершілік, өнегелілік асыл қасиеттерді сіңіре білу.

Сабақтың түрі: аралыс сабақ.



Сабақтың көрнекілігі: қанатты сөздер, қоржын, асық, О.Дорожнев «Инабаттылық иірімдері».

Сабақтың барысы:

  1. Ұлттық қадір-қасиеттер

  2. «Көкпар» ойыны

  3. «Тәрбиелі адам – тағалаған атпен тең». Ситуациялық сұрақтар

  4. Қорытынды

  5. Үйге тапсырма.

1. Бұл ұлт технологиясының өзегі адамгершіліктің бірегейі халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан қоғамдық санасының практикалық көрінісі. Ата-бабаларымыз ешбір кітаптан тоқымай-ақ өздернінің күнделікті тұрмыс- тіршілігінде көрген, басынан өткен жайларды таразылап, ой елегінен өткізіп ұрпағына қалдырған. Осынау асылдарымыз:

Ұлттық қадір-қасиеттеріміз:

  1. Әдептілік

  2. Қонақжайлық

  3. Бауырмалдық

  4. Қайырымдылық

А) Әдептілік. Әдеп сақтау халықтық рәсімге, жөн—жоралғыға, тәртіпке құлдық етіп, амалсыз ьбағыну емес. Қайта сол заңдылықтрды құрметтеп, қастерлеу, дәлірек айтқанда, адамгершілік борышты сақтау болып табылады. «Әдептілік - әдемілік» дейді халық. Әдеп сақтаудың психологиялық астары терең. Әдептілік – ізеттік, кішіпейілділік, көпшілік деген сөз. Қазақ этносында атадан балаға мирас болып келе жатқан әдептілік дәстүрдің бірі – ат тергеу, кісіге қосымша ат қою. Ат тергеу – бұл кісіні итқастерлеп, оны өз айтылуында атамай, құрметпен атау, оны сыйлау, құрметтеу, қадір тұту. Мысалы, «Ақ бөпем», «Үкім», «Тәмпіш танауым». Қазақ әйелдері қайыны, қайын сіңілілеріне ат қоюға шебер.

ә) Қонақжайлылық. Қонақжайлылық, меймандостық --- ата салтымыздың ішіндегі ең бір мақтауға тұрарлық мәнді түрлерінің бірі. Қазақ меймандостығы ерекше, ата-бабаларымыз бұл жағынан алғанда да басқалардан көш ілгері тұрған. Қонақжайлылықтың ең үлкен белгісі ең дәмді тағамын, сусынын, қант-шайын қонақ келіп қала ма деп сақтықпен ұстаған. Халқымыздың қонақжайлық, меймандостық салтында дәм-тұзға ерекше мән берген. Сыйластық осы дәм таттырудан басталады. Қонақжайлылық, сыйластық салтын бұрынғы ата-бабаларымызша түсініп, соларша дәріптей білсек, нұр үстіне нұр болар еді.

Б) Бауырмалдық. Бауырмалдық халқымызың атам заманнан сүйегіне сіңген қасиеті. Ол Құран Кәрім қағидаларымен ұштасып жатыр. Осы қасиетті кітапта «ешбір адам баласы жат емес, барлық адамзат баласы – халыққа дос, бауыр»,- дейді. Олай болса, «ақпыз, қарамыз, сарымыз – ағайынға бәріміз»,- депхалықты нәсілге, руға, жүзге бөлмей кішкентай кезден жас ұрпақты бауырмалдыққа баулуымыз қажет.

В) Қайырымдылық. Адам өміріндегі ең игі істің бірі ғаріп кісілерге қамқорлық көрсету. Ұй ішінде үлкеннің кішіге қасмқорлығы, кішінің үлкенге көмегі, баланың ата-анаға, әке-шешенің бала-шағасына мейір-шапағаты, ер азаматтың елге қызмет көрсетуі қайырымдылықтың қайнар көзі.

2. Өткен тақырыптар мен үйге берілген тапсырмалар бойынша халқымыздың ұлттық ойындарының бірі болып саналатын «Көкпар сайысына» қатысушы екі ауылды – Абай және Мұқағали ауылының көңілі зерек, өнерлі жастарын ортаға шақырамыз.


Каталог: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2013 -> Мазмұны Кіріспе–––––––––––––––––––––––– 3-9
2013 -> Мазмұны Кіріспе Тарау -I. Кеңестік шығармашылық интеллигенциясы калыптасуының бастапқы кезеңІ
2013 -> Жанғабыл Қабақбаев, Қазақстан Республикасы журналистер Одағының
2013 -> Әл Фараби дүние жүзілік мәдениет пен білімнің Аристотельден кейінгі екінші ұстазы атанған. Ол данышпан философ, энциклопедист ғалым, әдебиетші ақын, математик. Әл Фараби 870 ж
2013 -> Өмірбаяны ІІ негізгі бөлім
2013 -> Ф 15-07 Қазақстан Республикасының білім ЖӘне ғылым министрлігі
2013 -> Кіріспе. Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмысының өзектілігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет