1. Кіріспе. Практика мақсат-міндеттерімен, оқу практикасының базасымен танысу



Дата17.01.2020
өлшемі28.03 Kb.
1.Кіріспе.Практика мақсат-міндеттерімен , оқу практикасының базасымен танысу.
Бастауыш мұғалімдерін даярлау жүйесінің ең негізгі бір бөлігі – оқу практикасы. Оқу практикасы кезінде студенттердің бастауышта мамандығын игеруге жыл бойы лекцияларда, семинарларда алған білімдері тиянақталады.

Педагогикалық іс-тәжірибенің мақсаты:

1. Мұғалім мамандығына деген сүйіспеншілікке және тұрақты қызығушылыққа тәрбиелеу;

2. Өзін-өзі тұтас педагогикалық процестің субъектісі ретінде сезініп, үздіксіз кәсіби-тұлғасын дамытуға деген қажеттілігін қалыптастыру;

3. Теориялық білімін тереңдету және бекіту;

4. Мектептің тұтас педагогикалық процесінде пайдалана отырып әлеуметтік психологиялық-педагогикалық және арнайы білімдерін тереңдету;

5. Тұтас педагогикалық процесті құзырлылық әдіспен іске асыруға мүмкіндік беретін болашақ мұғалімнің кәсіби іскерлігін және дағдысын қалыптастыру;

6. Педагогикалық іс-әрекеттің, шығармашылық, зерттеушілік әдісін дамыту;

7. мұғалімнің тұлғалық-кәсіби сапасын қалыптастыру.



Педагогикалық іс-тәжірибенің міндеті:

- Теориялық сабақтарда алған жалпы педагогикалық шеберліктері мен дағдыларын одан әрі қарай дамыту және жетілдіру;

- Сабақтарда алған алғашқы білімдерін толықтыру;

- Мектеп ұжымымен, бастауыш кабинетімен және ондағы құрал-жабдықтармен таныстыру



2. 1-Қыркүйек мерекесін , алғашқы ата-аналар жиналысына қатысу , талдау.
Мақсаты:

Ата-ананың бала тәрбиесіндегі қарым-қатынасы (сенімділік білдіруі, қолдауы, үміт артуы) туралы түсініктер беру арқылы ата-аналардың білімін көтеруге көмектесу.


Міндеттері:
- Шағын дәріс арқылы ата-аналарға бала тәрбиесіне қатысты ақпараттар беру;
- Ситуациядан шығу арқылы бала тәрбиесінде кездесетін қиыншылықтардың алдын алу;
- Ата-аналардың баламен қарым-қатынасында,  баланың үмітіне балта шабатын сөздерден аулақ болуға кеңес беру.

Шағын дәріс “Бала тәрбиесінде ата-ана тарапынан қандай қасиеттер керек?”

Мақсаты:

Баланы бағалауға, сезінуге, түсіне білуге баулу. 

Ата-аналар тәрбиеде шыдамдылықты талап ететіндігін мойындайды. Алайда оған арнайы білім қажеттігін жұрттың бәрі біле бермейді. Бүгінгі жиналысымызда ата-ана мен бала арасындағы психологиялық қарым-қатынасы жайлы әңгімелеп, оны жаттығулар арқылы көрсетуге тырысамыз.

Бала әрдайым ата-ананың аялы алақанын қажетсініп тұрады. Қиындықтар туған сәтте ата-анасының тарапынан қолдау тауып, үлкен сенім артылған бала ісі оңға басады.

Әрине, әр ата-ана баласына деген сезімін түрліше жеткізеді. Қандай жағдай болмасын, баланың өзіне деген сенімін тудырып, қолдап отыру керек. Бала бір істен қателескен жағдайда оған шыдамдылық көрсету керек. Мұндай сәтте өзге отбасыларымен салыстыруға әуестенбеу керек. Рас, кейде өзге біреудің балалары бойындағы қабілеті айрықша сияқты көрінеді. Бірақ, ол басқа бала. Сондықтан әр баланың өзінің жеке басының ерекшелігін, ешкімге ұқсамайтын кейбір қасиеттерін сезіну керек. Кейде бала бір сәтсіздіктерге ұрынады. Ата-ана қатты уайымдап, баланың еш нәрсеге икемі жоқ, қабілетсіз деген асығыс қорытындыға келеді. Осыдан баланың өзіне деген сенімі күрт жойылады, қолын қусырып, кездескен қиыншылықтарды жоюға дәрменсіз болады. Мұндай жағдайда ата-ана баласының жай ғана талпынысының өзін қолдап түсіне білуі керек. Ең бастысы, бала біздің оны қалай бағалайтынымызды және одан не күтетінімізді сезінуі және түсінуі тиіс.

Жағдаяттар шешу:

1-жағдайда Баланың мектепке өкпесі зор. Ол шешесі тарапынан қолдау тапқысы келеді. Түсініп, жағдайын сұрар деп ойлайды.

2- жағдайда  Бала өзіне сенімсіз, ата-анасынан қолдау күтеді. Ата-аналар тарапынан «Сен мүлде дайындалмайсың, сондықтан еңбегіне қарай аласың! » немесе «Бүгін шаршап тұрмын» деген жауаптар болмағаны жақсы, бұндай жауаптардан немқұрайлықты, салғырттықты сезеді.

•      Кез келген шешімді қабылдауға асығыстық жасауға болмайды. Балаңыз сіздің оның ісіне немқұрайды қарамайтыңызды көретіндей, оны тыңдауға дайын екендігіңізді байқайтындай болсын.

•      Кейде бала бір сәтсіздіктерге ұрынады. Ата-ана қатты уайымдап, баланың еш нәрсеге икемі жоқ, қабілетсіз деген асығыс қорытындыға келеді. Сәйтеді де баланың өзіне деген сенімі күрт жойылады, қолын қусырып, кездескен қиыншылықтарды жоюға дәрменсіз болады.

Кінәлі сөздер

1. Сенен ешқандай жақсылық шықпайды, нөлсің.

2. Неге сен басқа балалардай емессің?

3. Неменеге ұсқынсыз болып кеткенсің, шашың дудыраған, үстің кір-кір.

4. Тағы осылай істесең, менен таяқ жейтін боласың.

5. Сенің кесіріңнен өмірі жолымыз болмады.

 Дұрыс жауаптары:

Ата-аналар осы сөздерді былай алмастыруына болады:

1. «Сенің де қолын өмірде бір нәрсеге жететініне сенгім келеді. Оқу озаты немесе оқу екпіндісі боласың» - деп, үміт артуы керек.

2. «Сенің де басқалардан өзгеше болуына құқын бар, сенің де қолыңнан келеді» - деп, сенім артуы керек.

3.«Үстіңді ретке келтір, шашыңды тара, киіміңді ауыстыр » - деп, баланың өзін жақсы сезінуіне көмектесу керек.

4. «Біз саған қиыншылықты жеңуге көмектесеміз, екіншілей жаман қылық жасама».

5. «Үлкендердің өмір жолында болып жатқан ыңғайсыз жағдайларға сен кінәлі емессің. Сенің болашағың алда, үлкен ғалым боласың, жақсы дәрігер, білімді ұстаз болуды арманда » және ата-анасын сыйлау керек екенін айтып отыру керек.

Міне, осындай біз көңіл аудара бермейтін қарапайым нәрсенің өзі немесе ойланбай айтылған ұрыс сөзі де баланың жанын ауыртуы мүмкін, өмір сүру ағынын өзгертуі де ғажап емес.

Сіз қандай ата-анасыз?



  1. Кез келген істі тастай салып баламен айналысасыз ба?

  2. Балаңыздың жасына қарамай, онымен ақылдаса аласыз ба?

  3. Балаңызбен қарым-қатынас барысында жасаған қателіктеріңізді мойындайсыз ба?

  4. Өзіңіздің қателігіңіз үшін кешірім сұрайсыз ба?

  5. Балаңыз жасаған ісі ашуландырған кезде өзіңізді ұстап, ашуды жеңе аласыз ба?

  6. Балаңыздың орнына өзіңізді қоя аласыз ба?

  7. Біт сәтте сізге мейірімді адам деп сенуге бола ма?

  8. Өзіңіздің балаңыздан өткен балалық шағыңыздан өткен ескерілетін жағдайды айтасыз ба?

  9. Балаңыздың жүрегін жарақаттайтын сөздерді, сөйлем тіркестерін атамауға тырысасыз ба?

  10. Балаңызға уәде беріп, жақсы мінез-құлқын ескере отырып, уәдеңізді орындайсыз ба?

  11. Балаға қалаған ісін жасауға, өзін ұстауға кедергі жасамай, бір күн еркіндік бересіз бе?

  12. Басқа бала сіздің балаңызға дөрекідік көрсетсе, себепсіз ренжітсе, көңіл аудармайсыз ба?

  13. Балаңыздың көз жасы, дөрекі еркелеуі уақытша екенін білесіз, соған қарсы тұра аласыз ба?

Жауабы:

Әрқашан жасаймын, келісемін – 3 балл.


Кейде ғана келісемін – 2 балл.
Келіспеймін – 1  балл.

Сауалнаманы бағалау:

0-16 балл.Бала тәрбиесі – сіз үшін үлкен проблема. Бала тұлғасын дұрыс қалыптастыру үшін педагог немесе психолог мамандардың көмегіне сүйеніңіз.

16-30 балл.Балаға қамқорлық жасау  - бірінші кезектегі маңызды іс.

Сіздің бойыңызда тәрбиешілік қабілет бар, бірақ тәжірибеде әрқашан бір қалыпты бағыттағы мақсатпен әрекет етесіз. Кейде қатал, кейде мүлдем жұмсақсыз. Сізге жауапкершілікпен ойлану керек.

30-39 балл. Бала сіздің өміріңіз үшін ең құнды болғаны. Сіз балаңызды тек түсініп қана қоймай, әрі ойын тануға сыйлы көзбен қарауға тырысасыз.



Қорытынды:

• Адам өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі  - баланың ата-анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында. Бұл – жас ұрпақтың мәдениеттілігін, әдептілігінің ғана емес, ең алдымен, адамшылығының белгісі.

• Бала – ата- ана өмірінің жалғасы. «Баламның табанына кірген шөңге менің маңдайыма кірсін,» деп әлпештеп өсірген перзенті  ауырып не басқа бір қатер төнгенде мойындарына бұршағын салып, «Өзімді алып, баламды аман қалдыр!» деп құдайға жалбарынған.

• Бала тәрбиесі – қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін күрделі процесс.



• Отбасы, ұшқан ұя – жылылықтың, жылулықтың мекені.  «Отбасы» атауының мәніне терең үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Сондықтан оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болуы үшін баламыздың жан дүниесіне үңілейік.

3. Алғашқы аптадағы мұғалім сабақтарына қатысу және талдау
Бала алғаш мектепке келгенде ең бірінші қарым -қатынасты мұғаліммен жасайды. Алғашқы күн балалар үшін ерекше. Бүлдіршіндер бейне бір үлкен өмірге аяқ басқандай жəне өздерін үлкен адамдарша көрсетуге тырысады. Бəрібір балалар балалықтың базарынан алыстай алмай, сол жаққа ауып тұратынын аңғарасың. Тəжірибе жинау барысында осы жолы Павлодар қаласындағы Новаямышева ауылы 1”А” сыныбына алынған жас буындардың мектептегі алғашқы күндерін жетекшіміз тоты Қайырбековна мен бірге қарсы алдық. Осылайша 4 курстағы бірінші практиканың есігін балалардың мектепке алғаш келуімен бірге аштым. Бүлдіршіндердің алғашқы мектепке келуі бұл бір қызық сəт. Өзімнің мектептегі алғашқы күнімді еске түсіре алмай əлекпін. Балалар да ертең осы мектептегі алғашқы күндерін есінде сақтар ма екен?! Сактауы мүмкін, өйткені оларды өзінің қанатының астына алған ұстазы Тоты Қайырбековна осал емес сияқты. Балаларды өзіне бірден қаратып, өзегінен өрбіп шыққан өнегелі сөздерін ұйып тыңдап қалған бүлдіршіндер тапсырманы бірден ұғып, орындап кеткені ұстаздың даналығын аңғартады. Осындай ұстаздардың асқақ арманы бүлдіршіндердің болашақта өз орындарын тауып, елге кішкене болсада еңбектерін сіңірсе деген үміт қой бəрімізде. Сол сенім ақталып жатса мұғалімнің бағы жанғаны. Баланың қандай жағдайда білімі жоғары, ақылды, жан- жақты, адамгершілігі мол сияқты құндылықтардың қалыптасуына ұшқан ұясы, балабақша, мектеп, қоршаған орта ғана дəлел бола алады. Тəжірибе барысында 1”А” сыныбының жетекшісі Тоты Қайырбековнаны жан -жақты қырынан байқадық. Сабақты өте мəнді, қызықты өткізуді, оның үстіне əр сабақ сайын балаларды жалықтырмай сергітіп отыруы жəне біздің тəрбие үстіне тəрбие қосуымызға қол үшін бергені ғой. Мен тəжірибе жинау кезінде көп нəрсені ұғындым.

4. Балалардың оқуға дайындығының диагностикасын өткізу.
  Кез келген бала мектепке алғаш келгенде «жақсы оқысам екен» деген ниетпен келеді. Бірақ мектепке келген дайындық деңгейінің әртүрлілігі кейбір балалардың оқуға деген мүмкіндігін төмендетеді. Баланың мектепке келуі және алғашқы кездегі мектепте оқуы оның өмір салтын және іс-әрекетін өзгертеді. Бұл кезең мектепке келген 6 және 7 жасарлар үшін бірдей қиын болады.Физиологтардың, психологтардың, педагогтардың байқауынша, 1-сынып оқушыларының көпшілігінде жаңа жағдайға бейімделу қиын өтеді. Мектепке келген бала физиологиялық және әлеуметтік жағынан жетілген, ойлау мен эмоционалды дамуы қажетті деңгейге жеткен болуы тиіс. Бұл жастағы бала ойлау операцияларын меңгеріп, заттар мен қоршаған орта құбылыстарын жалпылап, сараптай біліп, өз әрекетіне жоспар құрып, өзін бақылай алады. Оның сөйлеу арқылы қарым-қатынас дағдыларың, қолдың ұсақ моторикасының және көру-қозғалыс координацияларының дамуына да мән беріледі.

\Сондықтан  «баланың мектепке дайындығы» дегеніміз- бұл кешенді, көп жақты және бала өмірінің түгел сферасын қамтитын үрдіс.

   Мектепте оқуға психологиялық дайындық- оқыту үрдісі барысында құрбылармен, мұғаліммен қарым-қатынас жасап, оқу бағдарламасын меңгеру үшін психологиялық қажетті деңгей.

    Мектепке психологиялық дайындық проблемаларының теориясы Л.С.Выгодскийдің еңбектеріне негізделген.

    Л.И.Божович: «Мектепте нәтижелі оқуға ықпалын тигізетін- баланың психикалық даму параметрлері: оқудың танымдық және әлеуметтік мотивтері- баланың мотивациялық даму деңгейі; ырықты тәртіптің және интеллектуалды сфераның дамуы ». Мектеп балалық шақ пен ересек өмірлерін біріктіретін буын.Егер балаға мектепке дейінгі мекемелерге бару міндетті болмаса, мектепке бару -міндет, сонымен қатар бала құрбылармен, ересектермен қарым-қатынаста болады.

    Мектепке психологиялық дайындықты зерттеген психологтар, педагогтар бала тәртібінің ырықтылығына ерекше мән берген. Д.Б.Элькониннің есептеуінше, ырықты тәртіп ұжымдық- ролдік ойында туындайды, себебі бала осының арқасында дамудың жоғарғы деңгейіне жетеді.

    Д.Б.Эльконин мектепке дайындық проблемасын қарастырған кезде, оқу іс-әрекетінің қажетті негізгі шартын белгілеген:

- Балалардың өз әрекеттерін саналы түрде ережелерге бағындыру;

- Берілген талаптар жүйесіне бағдарлана алу;

- Айтушыны дұрыс тыңдай алу және ауызша формадағы тапсырмаларды

  орындай алу;

- Үлгіні көру арқылы қабылдап, тапсырманы өзі орындай алу.

    Сонымен қатар мектепке психологиялық дайындықта- сөйлеу дамуына көңіл бөлінеді. Сөйлеу интеллектімен тығыз байланысты және баланың жалпы дамуын, оның логикалық ойлау деңгейін бейнелейді. Бала сөздерде жеке дыбыстарды таба білу қажет, яғни оның фонематикалық естуі дамыған болу керек.

     Баланың мектепке дайындығы келесі көрсеткіштер бойынша анықталады: жоспарлау, бақылау, мотивация, интеллект дамуының деңгейі.



. 1     Жоспарлау - мақсатқа байланысты өз іс-әрекетін ұйымдастыра алуы:

  Төмен деңгей - баланың іс-әрекеті мақсатына сай емес.

  Орташа деңгей - мақсаттың мазмұнына қарай әрекеті толық сәйкестірілмеген.

  Жоғары деңгей- баланың іс-әрекеті мақсатына толығымен сай келеді.



2.     Бақылау- белгіленген мақсатпен өз әрекетінің нәтижесін салыстыра   алуы:

  Төмен деңгей - қойылған мақсатпен бала әрекетінің нәтижесі сай емес (бала

  бұны көрмейді)

  Орташа деңгей - қойылған мақсатпен өз әрекетінің нәтижесі толығымен

  сай келмейді ( бала толық емес сәйкестікті көмексіз көрмейді )

Жоғары деңгей- қойылған мақсатпен әрекеттің нәтижесі сәйкес.

. 3     Оқу мотивациясы - заттардың, қоршаған орта заңдылықтарының           

 жасырын қасиеттерін табуға ұмтылыс және оларды қолдану:

  Төмен деңгей - сезім мүшелерімен байланысты заттардың қаситтеріне ғана

 бағдарланады.

  Орташа деңгей - қоршаған ортаның кейбір жалпы қасиеттеріне бағдарланады.

  Жоғары деңгей- заттардың, қоршаған орта заңдылықтарының  жасырын қасиеттерін табуға ұмтылыс және білімдерін өз әрекетінде қолдануға құштарлық.



4.     Интеллект дамуының деңгейі

  Төмен деңгей -басқа адамды тыңдай алмауы, логикалық операцияларды  талдауға, салыстыруға, жалпылауға, абстракциялауға және ұғымдарды нақтылауға мүмкіншілігінің болмауы.

  Орташа деңгей - басқаларды тыңдай алмайды, қарапайым логикалық

операцияларды-ұғымдарды салыстыру, жалпылауды қатесіз орындайды, ал күрделі логикалық операцияларды- абстракция, нақтылау, анализ, синтезде қателер жібереді.

  Жоғары деңгей- басқа адамдарды тыңдайды және түсінеді, түгел логикалық операцияларды орындағанда кейбір қателер жіберуі  мүмкін, бірақ бұл қателерін ересектердің көмегімен жоя алады.

  Өте жоғары деңгей- басқа адамдарды тыңдайды және түсінеді, кез келген  логикалық операцияларды орындай алады.

Осы көрсеткіштерден келесі қорытынды шығаруға болады:

Бала мектепке дайын емес

Өз әрекеттерін жоспарлап, бақылай алмайды, оқу мотивациясы төмен (сезім мүшелерінің мәліметтеріне ғана жүгінеді), басқа адамдарды тыңдай алмайды және логикалық операцияларды орындай алмайды.   



Бала мектепке дайын

Өз әрекеттерін жоспарлап, бақылай алады (немесе осыған ұмтылады), заттардың жасырын қасиеттеріне, қоршаған ортаның заңдылықтарына жүгінеді және оларды өз әрекетінде қолдануға тырысады, басқа адамдарды тыңдап, логикалық операцияларды орындай алады.

 Баланың мектепке дайындығының деңгейін анықтау үшін карта мінездемесін қолданады, оның көрсеткіштері:

1. психологиялық және әлеуметтік дайындық

2. психологиялық-физиологиялық қызметтің дамуы

3. таным процестерінің дамуы

4. денсаулық жағдайы.

 Баланың мектепке дайындығының карта- мінездемесі:

 1. Мектепке психологиялық және әлеуметтік дайындығы (сәйкес келген деңгейді дөңгелетеді)

          а) Мектепте оқуға ұмтылыс

             1. бала мектепке барғысы келеді

             2. мектепке баруға әзірше ұмтылыс жоқ

             3. мектепке барғысы келмейді.

           ә) Оқу мотивациясы

 1. оқудың маңыздылығын және қажеттілігін түсінеді, оқуда өздік

мақсатын қойған

2.оқудың өздік мақсатын түсінбеген, оны оқудың сыртқы

                 жақтары ғана қызықтырады (құрбыларымен қарым-

                 қатынас, онда мектеп құралдарының болуы)

3. оқудың мақсаты жоқ, мектепте ештеңе қызықтырмайды.

           б) Қарым-қатынасқа түсе алуы, жағдайға байланысты өзін

               адекватты ұстауы

1. контактіге оңай түседі, жағдайды дұрыс қабылдайды, оның

                 мәнін түсінеді, өзін адекватты ұстайды

2. контакт пен қарым-қатынасқа түсуінде қиыншылықтар бар, жағдайды түсінуі және реакцияларды әрқашанд адекватты емес

3.контактіге нашар түседі, қарым-қатынасында және  жағдайды түсінуінде қиыншылықтар бар.

           в) Тәртібін ұйымдастыру

              1. тәртібі ұйымдастырылған

              2. тәртібі толық ұйымдастырылмаған

              3. тәртібі ұйымдастырылмаған.



2. Мектепте негізгі психофизиологиялық функциялардың дамуы

а) Фонематикалық есту қабілеті, артикуляциялық аппарат

           1.сөйлеудің фонематикалық құрылысында, дыбысында бұзылулар

              жоқ, сөйлеуі дұрыс, анық

           2. сөйлеудің фонематикалық құрылысында, дыбысталуында аздап

              бұзылулар бар (логопедтің тексерісі қажет)

           3.бала тілінде кемістік бар (логопедтің көмегі қажет).

       ә) Қолдың ұсақ бұлшықеттері

           1. қолы жақсы дамыған, бала қарындаш, қайшыны еркін меңгереді

           2.қолы жақсы дамымаған, қарындаш, қайшыны қысыммен ұстайды

           3.қолы нашар дамыған, қарындаш, қайшымен жұмыс істей

             алмайды.

       б) Кеңістіктегі бағдары, қозғалу координациясы, дене ептілігі             

          1. кеңістікте жақсы бағытталады, қозғалыстарын

             координациялайды, епті, қозғалғыш

          2.кеңістікте бағытталуының, қозғалыс координациясының, 

           ептіліктің дамуы толық емес

         3.кеңістікте нашар бағытталады, қозғалу координациясы нашар

           дамыған, епті емес, көп қозғалмайды.

        в) Көз-қол жүйесіндегі координация

          1. қарапайым графикалық бейнелерді (ою, фигура) дәптерге түсіре

             алады, қашықтықты жақсы қабылдайды

          2. графикалық бейнелерді, қашықтықты қабылдайды, бірақ дәптерге

             дұрыс түсіре алмайды

          3.графикалық бейнелерді дәптерге түсіргенде, қашықтықты

             қабылдағанда көптеген қателер жібереді.

3. Таным іс-әрекетінің дамуы

     а) Ой өрісі

        1. әлем туралы танымы кең және нақты, бала өзі тұратын мемлекеті,

          қаласы туралы, жануарлар мен өсімдіктер, жыл мезгілі туралы

          айтып береді

        2. қоршаған орта туралы танымы нақты, бірақ шектеулі

        3. қоршаған орта туралы білімі толық емес, жүйеленбеген.

      ә) Сөйлеудің дамуы

        1. сөйлеуі мәнді, мәнерлі, грамматикалық дұрыс құрастырылған              

        2. бала өз ойын айтқанда сөздер іздеп қиналады, сөйлеуінде 

            грамматикалық қателіктер бар және толық мәнерлі емес

        3. сөздерді одан тартып алу керек, жауаптары қарапайым, сөйлеуінде

           қателер көп кездеседі

      б) Таным белсенділігінің дамуы

        1.бала белсенді, тапсырмаларды қызығушылықпен орындайды            

        2. бала толығымен белсенді емес, тапсырмаларды орындағанда

           ынталандырып, қызықтырып отыру керек

        3. белсенділігі төмен, қызығушылығы жоқ

      в) Интеллектуалды икемділіктердің қалыптасуы (талдау, салыстыру,

          жалпылау, заңдылықтарды қалыптастыру)

         1.талдаудың мәнін, мазмұнын анықтайды, оны жалпылап,  

           салыстырады және байланыстарын табады

         2. талдауды, жалпылауды, салыстыруды және байланыстарды

            ересектердің көмегімен табады

         3.аталып өткен тапсырмаларды ересектердің көмегінсіз және үлгісіз 

            орындай алмайды

         4.аталып өткен тапсырмаларды орындай алмайды

       г) Іс-әрекеттің ырықтылығы

          1. іс-әрекеттің мақсатын белгілейді, оның жоспарын құрады,

          мақсатына жету үшін құралдар таңдайды, нәтижесін тексереді,

          жұмыстағы қиыншылықтарды төзе біледі және ісін соңына дейін

          жеткізеді

         2. іс-әрекеттің мақсатын белгілейді, оның жоспарын құрады,

          мақсатына жету үшін құралдар таңдайды, нәтижесін тексереді,

          бірақ іс-әрекетті орындап жатқан кезде көп алаңдайды,

          қиыншылықтарды психологиялық көмектің арқасында ғана төзеді

         3. іс-әрекеті ойластырылмаған, нәтижесін тексермейді,

          қиыншылықтар туындаса іс-әрекетті үзеді, ұйымдастырылған,

          ынталандыратын көмек аз нәтиже береді.

     д) Іс-әрекетті бақылау

         1. баланың қойған мақсаты мен жұмысының нәтижесі

                сәйкестендірілген, ол мақсаты мен нәтижесін салыстыра алады

          2. баланың қойған мақсаты мен жұмысының нәтижесі толық

             сәйкес емес, бірақ соны өзі көрмейді

        3.қойған мақсаты мен жұмысының нәтижесі бір емес және соны өзі

            көрмейді

   4. Денсаулық жағдайы

      1. мектепке дейінгі кезеңдегі баланың даму ерекшелігі, дамуға кедергі

        жасайтын жағдайларды нақты көрсету;

      2. мектепке дейіңгі кезеңдегі даму темпі (уақытында жүруі, сөйлеуі,

         т.б.)

      3. соматикалық денсаулық жағдайы (организм жүйесіндегі және

        функциялардың ауытқушылықтары, аурулары).

         Денсаулық тобы

 Қорытынды 

 Егер баланың 6 жастан мектепте оқуға психологиялық дайындығы болған кезде ғана оқытуға болатынын психологиялық зерттеулер көрсетеді. Кері жағдайда, 6 жастан оқыту оның психикалық дамуына зиян келтіреді. Сондықтан баланы мектепке берер алдында психологтың, мұғалімдердің кеңесін алған жөн. Себебі ата-анаға ұсыныстар мен кеңес берер бұрын психолог баланың мектепке психологиялық дайындығының деңгейін арнайы психодиагностикалық әдістер арқылы анықтайды.Аталып өткен психодиагностикалық әдістемелерді өткізудің мақсаты:

1) оқу-тәрбие үрдісінде баланың даралығын ескеру мақсатымен олардың психикалық ерекшеліктерін түсіну;

2) мектептік үлгермеушілік пен бейімделе алмауды алдын алу;

3) мектепке оқуға дайын емес балалармен дамыту жұмыстарын өткізу;

3) мектепте оқуға дайын емес балалардың оқуын бір жылға шегеру (жасы 5-те болса).



 Мектеп психологының мұғаліммен бірігіп жұмыс істеуі міндеті- әр баланың дамуы үшін жағымды жағдай жасау, бірінші күннен бастап оның психологиялық ерекшеліктерімен санасу.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет