1.3.-тапсырма. Критериалды бағалау қағидаттары
Критериалды бағалау қағидаттарын қалай түсінесіз?
Кестені толтырыңыз
Критериалды бағалау қағидаттары
|
Сипаттама
|
Оқыту мен бағалаудың өзара байланысы
|
Бағалау оқу бағдарламасындағы мақсаттармен, күтілетін нәтижелермен тікелей байланысты оқытудың ажырамас бір бөлігі болып табылады
|
Шынайылық, анықтық және валидтілік
|
Бағалау дәл және
сенімді ақпаратты ұсынады. Қолданылатын критерийлердің,
құралдардың оқу мақсаттарына жетуге, күтілетін нәтижелерді
бағалайтынына сенімділік бар.
|
Ашықтық және нақтылық
|
Бағалау түсінікті, айқын
ақпараттарды ұсынады, сондай-ақ, барлық оқу үдерісіне
қатысушылардың қызығушылығын, жауапкершілігін арттырады.
|
Үздіксіздік
|
Бағалау білім алушылардың оқу жетістігінің
ілгерілеуін дер кезінде және жүйелі қадағалап отыруға мүмкіндік
беретін үздіксіз үдеріс болып табылады.
|
Дамытуға бағыттылық
|
Бағалау білім алушылардың,
мұғалімдердің, мектептің, білім беру саласының даму бағытын
анықтайды және ынталандырады.
|
Достарыңызбен бөлісу: |