1. «Компьютер» дегеніміз: a сандық ақпаратты өз бетімен өңдеуге арналған құрылғы



Дата18.02.2023
өлшемі114,5 Kb.
#169247

Информатика
1-нұсқа

1. «Компьютер» дегеніміз:


A) Сандық ақпаратты өз бетімен өңдеуге арналған құрылғы.
B) Ақпаратты сақтауға арналған құрылғы.
C) Ақпараттық процесті зертейтін құрылғы.
D) Ақпараттық қор көздерін басқаруды жүзеге асыратын бағдарламалық жасақтамалар жиынтығы.
E) Ақпаратты іздеуге, жинауға, сақтауға, түрлендіруге және сандық пішімде пайдалануға арналған құрылғы.

2. ЭЕМ төртінші буынының негізгі элементтік базасы:


A) Жартылай өткізгіштер.
B) Электромеханикалық схемалар.
C) Электро-вакуумдық схемалар.
D) Үлкен интегралдық схема.
E) Транзисторлар.

3. Пернетақтада болдырмау әмірін растайтын пернені көрсетіңіз:


A) Esc.
B) Enter.
C) Insert.
D) Pause.
E) Home.

4. Компьютер іске қосылғанда мәліметтерді уақытша сақтайтын жад:


A) Ұзақ мерзімді жад.
B) Дисковод.
C) Тұрақты есте сақтау құрылғысы.
D) Иілгіш диск.
E) Жедел жад.

5. Сөздер арасына бос орын енгізетін пернені көрсетіңіз:


A) Backspase.
B) Caps Lock.
C) Shift.
D) Delete.
E) Space bar.

6. Жүйелік программаларға ... жатады.


A) Деректер базаларын басқару жүйелері.
B) Кестелік процессорлар.
C) Операциялық жүйелер.
D) Мәтіндік процессорлар.
E) Графикалық ақпараттарды өңдеу құралдары.

7. «Немесе» логикалық операциясы дегеніміз:


A) Дизъюнкция.
B) Терістеу.
C) Конъюнкция.
D) Инверсия.
E) Импликация.

8. «Емес» логикалық операциясы дегеніміз:


A) Инверсия.
B) Конверсия.
C) Конъюнкция.
D) Дизъюнкция.
E) Импликация.

9. «Файл» дегеніміз:


A) Термин.
B) Ережелер мен фактор жиынтығы.
C) Атауы бар, мағынасы мен түрі белгілі объект.
D) Жазба деп түсінілетін бір типті элементтер қорының жиынтығы.
E) Құрылған ақпарат түрі.

10. Жұмыс столын алмастыру буферіне көшіру үшін төмендегі пернені басады:


A) Ctrl>+C.
B) Page Up.
C) Shift+Del.
D) Print Screen.
E) Ctrl+V.

11. Жоларалық интервал түрлерін көрсетіңіз:


A) Бірлік, екілік, біржарымдық, минимум, көбейткіш, дәл.
B) Бірлік, екілік, үштік, минимум, көбейткіш, дәл.
C) Біржарымдық, екілік, минимум, көбейткіш, дәл.
D) Бірлік, екілік, біржарымдық, минимум, шегініс, көбейткіш.
E) Барлық жауаптар дұрыс.

12. Word мәтіндік процессорында кесте неден тұратынын көрсетіңіз:


A) Мәтіндері мен суреттері бар болатын жолдар мен бағандардан, ұяшықтардан.
B) Тек мәтіндері ғана бар болатын жолдар мен бағандарда.
C) Сандық мәліметтері ғана бар болатын ұяшық жолдарынан.
D) Суреттері бар болатын жолдар мен бағандардан, ұяшықтардан.
E) Жолдар, бағандар мен ұяшықтардан.

13. Word бағдарламасындағы тақырыптардың сызбалық мәтінін әзірлеу құралдарын іске қосу әмірін атап көрсетіңіз:


A) Кірістіру – Нысан – Image құжаты.
B) Кірістіру – Нысан – Мультимедиа клипі.
C) Кірістіру – Нысан – Дыбыс жазу.
D) Кірістіру – Сурет – WordArt нысаны.
E) Кірістіру – Нысан – Сурет.

14. Кез келген стандартты программаларды іске қосуды көрсетіңіз:


A) Іске қосу менюі, Стандартные.
B) Іске қосу менюі, Документы, Стандартные.
C) Іске қосу менюі, Все программы, Стандартные.
D) Іске қосу менюі – Барлық программалар.
E) Іске қосу, Стандартные.

15. Асты сызылған қаріпті қарайтылған қаріпке ауыстыру тізбегін көрсетіңіз:


A) Қажет мәтін үзіндісін бөліп алу және батырмасына басу.
B) Қажет мәтін үзіндісін бөліп алу және батырмасына басу.
C) Қажет мәтін үзіндісін бөліп алу және батырмасына басу.
D) Қажет мәтін үзіндісін бөліп алу және батырмасына басу.
E) Бөлу орнына меңзерді орналастырып, Enter пернесіне басу.

16. Нүктелер жиынтығы түрінде бейнеленетін бейнені түрлендіретін графика дегеніміз:


A) Фрактальдық.
B) Графикалық.
C) Векторлық.
D) Төртбұрышты.
E) Растрлық.

17. Paint графикалық редакторында бір уақытта екі түспен сурет салуға болатын түс:


A) Негізгі және фондық.
B) Негізгі және қосымша.
C) Фондық және экран түсі.
D) Арнайы және кездейсоқ.
E) Таңдаған түсің.


18. Excel бағдарламасындағы жұмыс парағы ұяшығының мекен жайы неден құралатынын көрсетіңіз:
A) Бет.
B) Баған атауынан.
C) Баған нөмірінен.
D) Жол нөмірінен.
E) Баған атауынан және жол нөмірінен.

19. Excel бағдарламасында деректерді сұрыптау дегеніміз:


A) Деректерді артуы немесе кемуі бойынша ретке келтіру.
B) Деректерді артуы бойынша ретке келтіру.
C) Деректерді кемуі бойынша ретке келтіру.
D) Деректерді сүзгіден өткізу.
E) Дұрыс жауабы жоқ.

20. Excel кестелік процессорында бағандар саны:


A) 255.
B) 65536.
C) 250.
D) 452.
E) 256.

21. Excel-де деректер қорын жазу нені білдіреді:


A) Деректер қорындағы кесте бағандары
B) Деректер қорындағы мәндердің ұқсастығы.
C) Кестедегі бірінші және соңғы бағандар.
D) Деректер қорындағы кесте жолдары.
E) Кестенің бірінші және соңғы жолы.


22. Excel кестелік процессорындағы СРЗНАЧ жетесінің міндетін көрсетіңіз:
A) Берілген ұяшықтар ауқымының орташа арифметикалық мәнін.
B) Ұяшықтарды бөлудің орташа мәнін.
C) Сандарды кемуі бойынша ретке келтіруді.
D) Ең қысқа мәтінді іздестіруді.
E) Ақпаратты сызбалық түрде ұсыну.
23. Деректер қорының негізгі элементі болып табылады:
A) Ұяшық.
B) Форма.
C) Кесте.
D) Жазу.
E) Алаң.

24. Негізгі және анықтамалық кесте байланысуын көрсетіңіз:


A) Нөмірленген алаң.
B) Кілт.
C) Программалық код.
D) Сипатталған алаң.
E) Деректерді анықтау.

25. Power Point бағдарламасының көрмесін қамтитын файлдың кеңейтімін көрсетіңіз:


A) .ppt.
B) .gif.
C) .jpg.
D) .pps.
E) .doc.

26. Слайдтардың бiрiнен-бiрiне өту кезiнде ауысудың түрлерiн көрсетіңіз:


A) Автоматты,
B) Тез, тігінен.
C) Қалыпты.
D) Тышқан батырмасын басу.
E) Жай, орта, тез.

27. Мультимедиа – динамикалық құралына:


A) Дыбысты және графиканы түрлендіру
B) Мәтіндерді түрлендіру.
C) Анимацияны.
D) Бейнелер мен деректерді.
E) Бейнеүзінділер.

28. «Диапазон» дегеніміз:


A) Дыбыс пен бейнені тасымалданатын дәстүрлі форматы.
B) Компьютердің жадылық аймағы.
C) Радиостанцияның тасымалдау әдісі.
D) Радиостанцияда тасымалданатын музыка тип.
E) Жіберу жылдамдығы.

29. Желінің ең қарапайым топологиясын көрсетіңіз:


A) Жұлдыз.
B) Асимметрия.
C) Шина.
D) Сақина.
E) Сопақ түріндегі.
30. Интернет желісіне қосылған компьютердің адресі:
A) IP-адрес
B) Web-сервер.
C) Домендік ат.
D) Желілік адрес.
E) Пошта адресі

31. Электронды пошта дегеніміз:


A) Пошта арқылы емес, электронды құрылғы арқылы жіберілетін кәдімгі хат.
B) Анимациялық объектілер, суреттер, дыбыстар жіберетін хат.
C) Интернет арқылы электронды информациямен алмасатын желілік қызмет.
D) Локалды желі арқылы информация алмасу.
E) Мәтіндік информацияны жіберу хаты.

32. Мұрағаттаушы бағдарламаларды көрсетіңіз:


A) WinZip, WinRar.
B) WordArt.
C) Word, PowerPoint.
D) Excel.
E) Internet Explorer.


33. Компьютерлік вирустардың өзіндік ерекшеліктерін көрсетіңіз:
A) Бағдарламалық коды көлемінің үлкендігі.
B) Пайдаланушы тарапынан қосу қажеттілігі.
C) Амалдық жүйенің кедергіге сезімталдық қабілеттілігін күшейтеді.
D) Компьютердің дұрыс жұмыс істеуіне кедергілер тудыру және өз бетімен іске қосылу қабілеттілігі.
E) Орындалатын командаларды бір жүйеге келтіреді.

34. Бағдарламамен қамтамасыз етуде антивирустық бағдарламаның типін көрсетіңіз:


A) Жүйелік.
B) Қолданбалы.
C) Құрал-жабдықтық.
D) Алгоритм.
E) Операциядық жүйе.

35. Бағдарламада end; және end. сөздерінің арасындағы айырмашылықтарды көрсетіңіз:


A) Күрделі циклде end; ішкі begin жабу, end. – сыртқы begin жабу.
B) Процедурасы мен функциясында end; ішкі begin жабу.
C) Дұрыс жауабы жоқ.
D) Айырмашылық жоқ.
E) Бұл end; ішкі begin жабу, end. – программаның соңын көрсетеді.

36. RUN командасы орындалғаннан кейінгі процесс :


A) Программаның орындалуы.
B) Программаның орындалуын уақытша тоқтату.
C) Программа тізімі шығарылады.
D) Экранды тазарту.
E) Қатесін көрсетеді.

37. 100 mod 10 өрнегінің мәні қандай типке жататынын көрсетіңіз:


A) Real
B) Integer.
C) Byte.
D) Boolean.
E) String.

38. Нақты типтің сипатталуы:


A) Real.
B) Array(1 . . n) of real.
C) Array(1 . . n) of integer.
D) Integer.
E) Char.

39. Отбасының генеаологиялық бұтағы деген:


A) Кестелік ақпараттық модель.
B) Иерархиялық ақпараттық модель.
C) Желілік ақпараттық модель.
D) Пәндік ақпараттық модель.
E) Дұрыс жауабы жоқ.

40. Формальдық моделге ... жатады:


A) Компьютердің техникалық сипаттамасы.
B) Компьютер фотографиясы.
C) Компьютердің логикалық кескіні.
D) Компьютер суреті.
E) Интерактивті тақта.

Информатика


2-нұсқа

1. «Бит» дегеніміз:


А) бір символдың жадыдағы орны.
В) екілік санның бір разряды.
С) 0-ден 256-ға дейінгі сандарды жазуға арналған ақпарат мөлшері.
D) екілік санның сегіз разряды.
Е) кодтау кестесі.

2. 28 ондық саны он алтылық санау жүйесінде жазылу түрі:


А) 1С16.
В) 11216.
С) 21116.
D) 2F16.
Е) A16.

3. Өңделген ақпаратты сақтау үшін қай жады қажет:


А) Ішкі.
В) Оперативті.
С) Тұрақты.
D) КЭШ.
Е) Сыртқы.

4. «Драйвер» дегеніміз:


А) компьютерді басқаратын құрылғы.
В) компьютердің сыртқы құрылғыларының жұмысын басқаратын бағдарлама.
С) принтерге қосымша құрылғы.
D) ақпараттарды басқаратын бағдарламалар кешені.
Е) дыбыстық құрылғыларды басқару.

5. Компьютерге ақпаратты енгізу құрылғысы:


А) пернетақта.
В) монитор.
С) принтер.
D) жүйелік блок.
Е) бейнекарта.

6. Модем құрылғысы:


А) компьютерге графикалық бейнелерді енгізуге арналған.
В) телефон желісі арқылы ақпаратты үлкен арақашықтарға тасымалдауға арналған.
С) компьютер басқаруымен графиктер, диаграммалар және суреттер салуға арналған.
D) баспаға суреттер, графиктер және мәтіндер шығаруға арналған.
Е) Процессор мен сыртқы құрылғыларды қосуға арналған.

7. Сөйлемді толықтырыңыз:


«Немесе» жалғаулығының көмегімен бірігу ... деп аталады
А) логикалық қосу
В) логикалық көбейту
С) логикалық терістеу
D) логикалық бөлу
Е) логикалық азайту

8. Егер х=1, у=1 болса х «және» у мәні:


А) 0.
В) 2.
С) 1.
D) 10.
Е) 11.

9. Windows амалдық жүйесінің ең маңызды ерекшелігі:


А) Командалық интерфейсті жүйе.
В) Тек бір ғана пайдаланушының жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.
С) Жоғары сенімділікті талап ететін міндеттерді шешеді.
D) Тұйық жұмыс ортасы, графикалық көптерезелі интерфейсті жүйе.
Е) Бір уақытта бірнеше пайдаланушының жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.

10. Windows жүйесіндегі файл атындағы символдар саны:


А) 0-ден 256-ға дейін.
В) 8.
С) 128-ден аспайды.
D) 1-ден 255–ке дейін.
Е) 16.

11. Ашық тұрған белсенді терезені жабу үшін басылатын пернелер комбинациясы:


А) Ctrl + F5.
В) Shift + F1.
С) Tab + F5.
D) Alt + F4.
Е) Alt + F9.

12. Windows-тің қалыпталған тобына жатпайтын бағдарлама:


А) Word Pad.
В) Paint..
С) Блокнот.
D) Power Point.
Е) Калькулятор

13. Word процессорында беттің параметрін орнатуға арналған командалар мен әрекеттер:


А) Беттің параметрі автоматты түрде қосылады, оны өзгерту мүмкін емес.
В) Кірістіру - Бет параметрлері.
С) Кірістіру - Бет параметрлері - Қажет параметрлерді орнату – OK.
D) Сервис - Бет параметрлері - Қажет параметрлерді орнату – OK.
Е) Файл - Бет параметрлері - Қажет параметрлерді орнату – OK.

14. WORD процессорында сақталған файлдың кеңейтілімі:


А) *.exe.
В) *.doc.
С) *.xls.
D) *.com.
Е) *.ppt.

15. WORD процессорында сөзді ерекшелеу үшін, сол сөзде ...


А) тышқанды сөздің оң жағынан екі рет шерту керек.
В) тышқанды бір рет шерту керек.
С) тышқанды үш рет шерту керек.
D) Аlt пернесін басулы күйде ұстап тышқанды шерту.
Е) Shift пернесін басулы күйде ұстап тышқанды шерту.

16. Сөйлемді толықтырыңыз:


Векторлық кескін ... тұрады.
А) пиксельден.
В) сызық, доға, шеңбер және тікбұрыш сияқты геометриялық объектілерден.
С) математикалық формулалардан.
D) жеке кескіндерден.
Е) қабаттардан.

17. Paint графикалық редакторында түстер палитрасын мынадай іс-әрекет көмегімен көрсетуге болады:


А) Файл – Түстер палитрасы.
В) Көрініс – Түстер палитрасы.
С) Түзету – Түстер палитрасы.
D) Анықтама – Түстер палитрасы.
Е) Сурет – Түстер палитрасы.

18. Сөйлемді толықтырыңыз:


Электрондық кесте бағандары ... белгіленеді.
А) қазақ алфавитінің әріптерімен.
В) сандармен.
С) A-дан Z-ке дейінгі латын әріптерімен.
D) A-дан Z-ке дейінгі әріптермен және AA-дан IV-ге дейінгі екі әріп комбинацияларымен.
Е) белгілі бір кодтармен.

19. Электрондық кестедегі ұяшықтың дұрыс адресін көрсетіңіз:


А) 56A.
В) F12F.
С) 6IV.
D) AZ15.
Е) A5:A8.

20. Электрондық кесте ұяшығына енгізілетін мәліметтерді көрсетіңіз:


А) сан, мәтін, формула, сурет.
В) сан, мәтін, формула.
С) сан, формула, дыбыс, сурет.
D) мәтін, формула, уақыт/дата.
Е) формула, функция.

21. А1:А12 блогындағы сандардың қосындысын табу үшін қолданылатын функцияны көрсетіңіз:


А) СУММ(al;a12).
В) =ПРОИЗВЕД(al:a12).
С) CРЕД(al:a12).
D) =СУММ(al:a12).
Е) MULT(al:a12).

22. Сөйлемді толықтырыңыз:


Excel үнсіз келісім бойынша санды ... туралайды
А) ортаға.
В) сол жақ шеті бойынша.
С) оң жақ шеті бойынша.
D) сол жақ шеті және оң жақ шеті бойынша.
Е) ені бойынша.

23. Excel –де сандардың арифметикалық ортасын табу функциясы:


А) =МОДА().
В) =СРГАРМ();
С) =СРЗНАЧ();
D) =СРГЕОМ();
Е) =СРЗНАЧА().

24. Excel –де автотолтыру арқылы енгізілетін тізім жасау үшін:


А) Формат – Тізім командасын орындап, қажетті тізім түрін таңдау.
В) Көрініс – Тізім командасын орындап, қажетті тізім түрін таңдау.
С) Сервис – Параметры – Тізім командасын орындап, қажетті тізімді енгізу керек.
D) Сервис – Тізім команадасын орындап, қажетті тізімді енгізу керек.
Е) Автоматты түрде өзі толтырылады.

25. Power Point презентациясында слайдтардың орналасу ретін мына режимде ауыстырған ыңғайлы:


А) Кәдімгі (жай) режимде.
В) Слайдтарды сұрыптау режимінде.
С) Слайдтарды көрсету режимінде.
D) Слайд режимінде.
Е) Слайдтардың ауысу режимінде.

26. Power Point презентациясында жаңа слайд қосу үшін:


А) Формат – Слайд құру командасын орындау.
В) Кірістіру – Слайд құру командасын орындау.
С) Көрініс – Слайд қосу командасын орындау.
D) Файл - Құру командасын орындау.
Е) Enter пернесі арқылы.

27. Дыбыстық файлдардың кеңейтілімі:


А) .doc, .txt, .rtf.
В) .com, .exe
С) .avi, .wmf, .mpeg
D) .wav, .mp3
Е) .bmp, .jpg

28. Мультимедиа құралдары дегеніміз:


А) компьютермен өңделетін өзара байланысты мәтіндік, графикалық, көру (визуалды) және дыбыстық мәліметтердің комбинациясын атайды.
В) мәтіндік бағдарламаларды атайды.
С) электрондық кестелермен жұмыс жасайтын бағдарламаларды атайды.
D) желілік бағдарламаларды атайды.
Е) сурет салу және оны өңдеуге арналған бағдарламаларды атайды.

29. Сөйлемді толықтырыңыз:


Жергілікті желіге қосылған компьютерге қатынау үшін … білу керек.
А) компьютердің атын.
В) ортақ қатынауды.
С) желілік қорды.
D) парольді.
Е) желінің атын.

30. Интернет ресурстарын қарап, көруге арналған бағдарламалардың ортақ атауы:


А) провайдерлер.
В) браузерлер.
С) драйверлер.
D) утилиттер.
Е) желілік бағдарламалар.

31. Желіге қосылған компьютерлердегі тұрақты адресті көрсетіңіз:


А) URL адресі.
В) ІP адресі.
С) DNS адресі.
D) SRL адресі.
Е) USENET.

32. Файлдық вирустардың сипаттамасы:


А) .com және .exe кеңейтулері бар файлдарды зақымдайды.
В) дискілердің жүктелу секторларын зақымдайды.
С) Компьютердің бастапқы жүктеу программаларын зақымдайды.
D) өздігінен көбейеді.
Е) компьютер драйверлерін зақымдайды.

33. Антивирустық детектор-бағдарламалардың қызметі:


А) зақымдалған файлдарды тауып, емдейді.
В) тек зақымдалған файлдарды табады.
С) зақымдалған файлдарды бірден жояды.
D) ешқандай операция орындамайды.
Е) антивирусты жаңартады.

34. Архивтелген файлдың алғашқысынан айырмашылығын көрсетіңіз:


А) Ол вирустардан қорғалған.
В) Ол рұқсатсыз қолданылудан сақталған.
С) Оған тез қол жеткізуге болады.
D) Ол аз орын алады.
Е) Оның атауы өзгереді.

35. Меншіктеу командасының жазылу үлгісі:


А) айнымалы= өрнек.
В) айнымалы := өрнек.
С) өрнек:= cан.
D) айнымалы= айнымалы.
Е) өрнек := өрнек.

36. Бүтін типті сандардың сипатталуы:


А) char, string.
В) byte, shortint, integer, word, longint.
С) integer, real.
D) boolean.
Е) real, single, double, extended, comp.

37. 198 санынан 8 цифрын бөліп (жекелеп) алу амалын көрсетіңіз:


А) 198 DIV 10.
В) 198 MOD 10.
С) 198 DIV 100.
D) 198 MOD 100.
Е) 198/10-10.

38. Trunc(x) функциясының қызметі:


А) нақты санды бүтін санға дөңгелектейді.
В) нақты санның бүтін бөлігін береді.
С) бүтін типке көшіреді.
D) х-тің алдындағы элементті табады.
Е) х-тен кейінгі элементті табады.

39. Жасанды интеллект жүйесінің ұғымы:


А) модель мен бағдарламалық құралдар көмегімен жасалатын шығармашылық міндеттерді шешуге мүмкіндік беретін ғылыми-зерттеу бағыты.
В) нақты объектіні ықшам әрі шағын түрде бейнелеп көрсету.
С) ноталар, химиялық формулалар.
D) схемалар, графиктер, кестелер.
Е) илюстрациялар, ауызша және жазбаша сипаттаулар.

40. Қолданылу аймағына қарай модельдердің топтарға жіктелуі:


А) таңбалық, вербальдік.
В) оқу моделі, тәжірибелік, ғылыми-техникалық, ойын, имитациялық.
С) статистикалық, динамикалық.
D) материалдық, ақпараттық.
Е) ауызша, математикалық.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет