Компьютерлік графика түрлері
Компьютерлік графика бейнелеу тәсіліне байланысты үш түрге бөлінеді. Бұлар растрлық графика, векторлық графика және фрактальдық графика. Оларда бейнелердің монитор экранына шығу немесе қағазға баспадан басылу принциптері әртүрлі.
Растрлық әдіс – бейне боялған нүктелер жиынынан тұрады. Растрлық графиканы электрондық (мультимедиялық) және полиграфиялық баспа жұмыстарында қолданылады. Растрлық графика құралдарымен жасалынған иллюстрацияларды компьютерлік программалар көмегімен сирек құрады. Көбінесе суретшілердің салған суреттерін пайдаланылады. Соңғы жылдарда компьютерге Растрлық графиканы (5-сурет) енгізу үшін цифрлық фото және видеокамералар кеңінен қолдау тапты. Интернетте тек қана Растрлық графика қолданылады.
5-сурет.
Растрлық графика электронды (мультимедиалық) және полиграфиялық басылымдарды жасап шығару үшін де жиі қолдылады. Растрлық графикалық редакторлар көбінесе жаңа суреттерді салу үшін емес, дайын суреттерді өңдеу үшін қолданылады. Осы мақсатта көбінесе суретшілердің қолымен салынған дайын суреттер сканерленіп алады немесе фотосуреттер алынады. Соңғы кездері растрлық кескіндерді компьютерге енгізу үшін сандық фотокамералар мен видеокамералар кеңінен қолданылуда.
Достарыңызбен бөлісу: |