1. Компьютерлік графикаға кіріспе Компьютерлік графиканың анықтамасы және негізгі міндеттері. Компьютерлік графиканың даму тарихы


Интерактивті компьютерлік графика



бет2/6
Дата08.02.2022
өлшемі134,87 Kb.
#118796
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
1 лекция

Интерактивті компьютерлік графика – бұл бейнелерді компьютер көмегімен дайындау және оны көрсету, сонымен қатар компьютерде жұмыс істеушінің графикалық бейнелерді көрсету барысының кез келген сатысында өзгертуіне мүмкіндігі болуын, яғни графикамен жұмыс істеу компьютердің адаммен сұхбат тәртібі ретінде болуын айтады. Интерактивтік графика компьютерлік графиканың маңызды бөлігінің бірі. Тарихта ең бірінші интерактивтік жүйелерге 60-шы жылдары пайда болған автоматтандырылған жобалау жҮйелері (АЖЖ) жатады. Олар компьютердің дамуы және программалық жабдықталуы кезеңдерінде ерекше орын алады. АЖЖ сияқты жүйелер машина құру және электроника салалары сияқты көптеген аумақтарда қолданылады. Ең бірінші АЖЖ ұшақтарды, жеңіл машиналарды, жобалау үшін, микроэлектрондық интегральдық сызбаларды құратын жүйелерді, архитектуралық жүйелерді жобалау үшін құрылды. Бұндай жүйелер бірінші кезде үлкен компьютерлерде жұмыс жасады. Қазіргі кезде дербес компьютерлердің графикалық мүмкіндіктерінің өсуіне байланысты АЖЖ жалпылама арзан компьютерлердің бәрінде қолданылып жүр. Бүгінгі таңда тағы бір жиі тараған жүйелердің бірі геоинформациялық жүйелер (ГИЖ). Бұл
көпшілікке қолдануға арналған интерактивтік компьютерлік графиканың бір түрі. Олар көптеген ғылымдардың алгоритмдері мен ақпараттық технологияларының жиыны. Бұл жүйелер деректер қоймалары технологияларының соңғы жетістіктерін қолданады, оларда математика, физика, геодезия, топология, картография, навигация және әрине, компьютерлік графика ғылымдарының көптеген әдістері мен алгоритмдері бар. Қазіргі кезде ГИЖ құрастырушылары кеңістіктегі объектілер мен жер аумақтарының бейнелерін шындыққа жақындатуды жоғарылату мақсатында жұмыс жасағандықтарының нәтижелері көрініп отыр.
Компьютерлік графикамен жұмыс істеу – дербес компьютерді қолданудың ең жиі тараған бағытының бірі, бұл жұмыспен тек қана мамандар (суретші-дизайнер, суретші-график, суретші-монументалист) ғана айналыспайды, компьютермен жұмыс істейтін кез келген адамдар да өндірісте өз күштерімен компьютерлік графика құралдарын пайдаланып газеттер мен журналдарға жарнамалық хабарламаларды, немесе жарнамалық буклеттерді өздері жасай алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет