1. Күрделі кемістіктері бар балаларды оқыту, тәрбиелеу мәселелері, міндеттері


Мектеп жасына дейінгі көру және есту жүйесі бұзылған балалармен коррекциялық жұмыстар



бет3/5
Дата09.04.2020
өлшемі109,47 Kb.
#62031
1   2   3   4   5
Байланысты:
Курдели кемиситик


5. Мектеп жасына дейінгі көру және есту жүйесі бұзылған балалармен коррекциялық жұмыстар

 

1.      Соқыркереңдерді өз-өзіне қызмет етуге үйрету



2.      Заттардың,әрекеттердің бейнелерін қалыптастыру.

3.      Соқыркереңдердің уақытты және кеңістікті бағдарлауын қалыптастыру

4.      Жесттік және дактильдік сөйлеуін қалыптастыру

 

Соқырсаңыраулық әдетте туа біткен немесе ерте балалық шақта көру және естуді жоғалтуды, сонымен байланысты сөйлей алмауды анықтайды. Бұл анықтама дұрыс, бірақ педагогикалық көзқарас тұрғысынан жеткіліксіз. Педагогикалық тұрғыдағы соқырсаңыраулықтың анықтамасы естімейтін-көрмейтіндерге арналған мектепте кімдерді оқуға жатқызуға болады деген мәселені қамтуы керек.



«Оқытушы -оқушы» жүйесі шеңберінде соқырмылқау естімейтін балалардың оқытушымен жеке дара қатынасы, оның өз-өзіне қызмет ету әрекеті және түлғалық қасиеті қалыптаса бастайды. Сондықтан да алғашқы кездері тәрбиеге коммунистік бағыт шегінде назар аударылды. Соқырмылқау естімейтін балалардың тәрбиесі қалыпты дамыған балаларға қарағанда өзіндік тәрбиені толықтай қалыптастырып, оны ары қарай дамыта алмайды. Осыған байланысты тәрбие беру кезінде оқытушы қатаңдық танытпауы және де қателік жібермеуі керек. Баланың жағдайын түзету үшін арнайы түзету әрекеттері жасалуы тиіс. Осы ойды И.А.Соколянский қолдаған болатын.

Соқырмылқау естімейтін мектепке дейінгі балалардың тәрбиесінде қатаңдық пен басымдық танытуға болмайды. Тәрбие берудің ең негізгі әдісі - соқырмылқау естімейтін балаларға түсінікті болып табылатын ойын әрекеттері мен іскерлік қарым-қатынас арқылы, өмірінде қолданыс тапқан іс-әрекеттері немесе оның тәжірибесіне таныс болып келетін жағдайлар арқылы ықпал ету болып табылады.

Тәрбиенің алғашқы сатысында баланың сезімдік ерекшеліктері, оның жақындарына деген сүйіспеншілігі, қарым- қатынас арқылы дамуға деген мүмкіндігі көрініс береді. Соқырмылқау естімейтін балалардың бойында қалыптасып келе жатқан өрескел мінезіне (ашуланшақтық, қырсықтық, эгоизм, қызғаншақтық, жануарларға қатыгездік таныту) төзімділік таныту да маңызды рөл атқарады.

Соқырмылқау  естімейтін  мектеп  жасына дейінгі  балалардың тәрбиесінің мүмкіндіктері  топтық  қызмет  көрсету, ортақ қажеттілікті өтеу барысында кеңейе түседі. Осы құбылыстардың барлығы бұл балалардағы топтық сезімді, қатынасқа түскен адамдарға көмектесу сынды, сонымен қатар еңбек барысындағы жауапкершілікті түсіне алу тәрізді іс-әрекеттерге итермелейді. Мектеп жасына дейінгі балалар ортасында олар мейірімділік қасиеттерін өзінің бойына сіңіре бастайды. Бұл қасиет өсіп келе жатқан бала үшін оны танып, дамыту өте маңызды. Содан соң тәрбиенің бұл бағыттарын ескере отырып, одан ары қарай дамыту қажет. Баланы тек тәрбиелеу объектісі ғана емес, сонымен қоса тәрбиеленуші субъект ретінде тану да оның өз-өзін тәрбиелеу, дамыта алушылық қасиетін жоғарылата түспек. Дегенімен, балалардың топтық қамтамасыз ету шаралары кейде баланың тәрбиесіне әсер ете алмауы мүмкін. Себебі, баланың тілдік қызметі дамымаған болып келеді.  Осы орайда баланы тәрбиелеу тікелей тәрбиешінің өзінің жеке тәжірибесіне және баланың тәрбиеленіп жатқан жағдайына байланысты болып келеді.

Соқырмылқау естімейтін мектеп жасына дейінгі балалардың тәрбиесінде үлкен рөлді ойындар, әсіресе сюжеттік-рөлдік ойындар алады. Бұл ойындар мекеме ішіндегі соқырмылқау естімейтін балалардың тұлғасының қалыптасуында, оның эмоционалдық және психикалық қалыптасуы кезінде маңызды болып келеді. Мектептік кезеңде ойын арқылы қалыптаспаған жеткіншек, жасөспірімдік кезінде өзімен жасты балалармен қарым-қатынасқа түсуді қаламайды. Кейінгі уақытта оның тәрбиесінде қиындықтар туындайды және қиын ортада әлеуметтенуі де соғұрлым қиындай түседі.

Ойын арқылы дамып келе жатқан соқырмылқау естімейтін балаларда әділеттіліктің, қарыз бен   достары    алдындағы жауапкершіліктің қалыптасуы көрініс береді. Соқырмылқау естімейтін балалардың қарым-қатынасында топпен үш аяқты велосипед тебу тәрізді ойындарының өзі баланың келешекте бұл жағдайды тәжірибе арқылы танығандығын көрсетеді. Балалардың осылай ойнауы кезінде кезекпен ойнау тәрізді ұғымның өзі балаларға әділеттіліктің алғашқы нысаны болмақ. Осылайша велосипед тебуші бала бірнеше рет айналып шыққаннан соң оныкелесі алаға береді. Бала өзінің тарапынан велосипедтің тазалығы ескеріп, оны кезекте түрған балаға ғана беруі тиіс. Осылайша ойнау арқылы бала өзге достарының да қажеттіліктерін ескеруі тиіс.

Рөлдік ойынның тәрбиедегі келесі бір маңыздылыгы, бүрынғыны қайта жаңғыртуға өзіндік әсер беріне байланысты. Осы ретте тәрбиеші баланың қабылдаған рөлінің қалай тәрбиелейтіндігін ескере отыруы керек. Ойын - қиындық жағдайларына, тәрбиелік қарама-қайшылықтарға байланысты болып келеді. Бұл жағдайлар баланың қиын өмірінде эртүрлі оқиғаларына байланысты қабылдаған рөлдердің мағынасын қанық меңгеруге үйретеді.

Мектеп жасына дейінгі соқырмылқау естімейтін балалардың тәрбиесінде 3 негізгі аспект айқын байқалады:



Біріншісі - жақын тәрибешінің жекелік қасиегтерінің балаға әсері. Кейде бұл тәрбиеліктің негізгі ұғымы болып та табылады. Осылайша балада қамқоршылықтан жауапкершілікке дейінгі сапалық ерекшеліктері жатады( оған кейде жанды болып көрінетін баланы қоршаған заттары, табиғат объектілері, жан-жануарлар және де баланың үнімі қасынан табылатын тәрбиешісі де енеді.

Екіншісі - үнемі жағымды эсер беретін қарым-қатынасқа түсетін достарының болуы, сонымен қатар оң нәтиже беретін қарым-қатынастарға түсуі.

Үшіншісі - үнемі ортамен және топпен қатынаста болу тәрбиенің негізі нышандары болып табылатын мейірімділік, қомқорлық,ерлік таныту және т.б. жүйелер және де   күндізгі жұмыстарды әңгімелеу.

Тәрбие келесі қатынастармен тікелей байланысты: басымдылық танытушылық-достарына, оқытушыларына, жануарларға, өсімдіктерге қамқорлық танытуды қалыптастырушы; танымпаздылық іс-әрекеттің байланысын түсіне алушылық; еңбектік-тәрбиешінің басқаруымен іс-әрекеттің тиімді нәтижесін сезіну мен    топтағы эмоционалдық қатынастың қалыптасуы түсіну.

 Қоғамдық пайдалы еңбектің тәрбиелік маңызы. Тәрбиеленушілерге нақты тапсырма беру барысында олардың медициналық көрсеткіштеріне көңіл бөліп отыру қажет: жұмыс көлемін алдын ала нұсқау, тәрбиеленушілерге өз бетімен алдагы жұмысты атқарудың жоспарын құруға, еңбек барысында өз күшін жұмсауды дұрыс бағыттауға ықпал етеді. Ауланы тазарту барысында әрбір топқа арнай участок беріліп, оның тазалығына жауапкершілік жүктеледі. Участоктың тазалық жағдайына қарай әрбір мезгілде тәрбиеленушілер жұмысты қалай ұйымдастыру керек екендігін өзара бірлесіп шешіп, қандай құрал - саймандар қажет екендігін талқылайды. Мысалы түнде қар жауды делік - осы жағдай өз бетімен әрекет етуге ықпал жасауы керек. Ескертусіз, алдын ала айтусыз, көндірусіз, ұқып көрсетусіз олар өз бетімен қажет құрал - саймандарды алып, жұмыс атқаруы қажет.Соқырмылқау естімейтін оқушылардың еңбекке деген қатысы қоғамдық пайдалы еңбекпен тікелей байланысты болуы шарт. Еңбекке баулу қоғамға тегін пайда келтіру деген мағына береді.

Қоғамға пайдалы еңбек ету өзара көмекпен сайыс арқылы жүзеге асырылады. Мысалы ауланы тазарту барысында алғашқы болып жұмысты атқарған тәрбиеленушілерге сыйлық беріледі, сонымен қатар олар өздерінен кіші тәрбиеленушілермен қалып кеткен балаларға көмектесе алады. Алғашқы болып жұмысты аяқтаған топтар мен жеке оқушылар, мадақталады, қабырға газеттеріне шығарылып мадақталады. Тәжірибеде көрсеткендей пайдалы қоғамдық еңбек балалардың мақсатты жұмыс істеуіне ықпал етеді. Оқушыларды қоғамдық пайдалы еңбекке баулудың ең маңызды тұсы - жұмыстың рационалдық тәсілдерін оқыту. Әрбір соқырмылқау естімейтін бала басынан бастап мамандандырылған еңбекке дағдылану қажет. Оқушы еңбегін зиянды әрекетке немесе дұрыс емес пайдалануға жол беруге тиым салынады.

Оқушы еңбек етуге дағдыланып, қиыншылықтарды жеңуге үйренеді. Күнделікті еңбек етудің негізінде балалар жай қимыл арқылы еңбек эстетикасын қалыптастырып, нәтижелі жұмыс істеуге дағдыланады. Әсіресе тотальды соқырмылқау естімейтін балаларға ерекше көңіл аударған дұрыс, оларды жұмысқа тарту барысында педагогтармен бірлесе отырып керекті жұмыс мөлшерін бөлу керек. Тотальды соқырмылқау естімейтін балалардың күрекпен жұмыс істеуі олардың құрал - сайманды сезу арқылы жүзеге асырылады. Ол керекті жерді сипалап, күрекпен қажетті жүкті алып байқап көреді. Әсіресе оларға төртбұрышты күрекпен жұмыс істеу өте ауыр. Осы күрекпен жұмыс істегенде олар қажетті нәрсені жанжағына емес, тіке алдыға қарай лақтырады. Ол құм болса артқа қайта шашылып қазған жеріне қайта толып қалады. Бұл кезде тәрбиешінің көмегі мен нұсқауы аса қажет.

Соқырмылқау естімейтін балаларды еңбекке баулудың арнайы түрлеріне еңбек ету барысында үйретіп оқытады. Мысалы, тотальды соқырмылқау естімейтін балаларды гүлдерді түзу кесуге, өз жейдесінің түймесін түзу қадауға үйретуе болады.

Еңбек - күш жұмсау болғандықтан, жеке тұрып тәрбиелей алмайды. Ең алдыңғы жағдайда бұлшық етті шынықтырады. Тәрбиелеу - еңбек ұйымдастыру, оның мақсаты, еңбек процесіндегідей адамдардың өзара қарым -қатысы кезінде жүзеге асырылады. Кей кездетәрбиеге кері әсерін тигізетіні жасырын емес. Мысалы, ағаш күрекпен оқушыға мұзды жаруға, оны лақтыруға болмайды. Әрбір еңбек жақын жэне алыс мақсатты болуы шарт. Соқырмылқау естімейтін балаларды еңбекке баулудың негізгі мақсаты - олардың қоғамдық көзқарасын қалыптастырып, еңбекке деген сұйіспеншілігін арттыру. Бірақ әрбір нақты еңбекке баулу жақын мақсатты бола алады. Мысалы, ауланы қардан тазарту - көліктің жүріп, тұруына, жүргіншілердің қозғалысына, мектеп ауласының фундаментін ағын судан тазартуға, құрал -саймандарды сақтауға бағытталған. Әрбір оқушы еңбек етудің мақсатын түсінуі керек. Ол қалай болса солай қарды оңды - солды лақтырмау керек, яғни қоғамға пайдалы еңбек етіп жатқанын ұғынуы шарт. Ауланы қалай тазарту қажет? Азанда және кешке көп қар жауды. Сабақтан соң қарды тазалауға шығарамыз. Ауланы тазарту не үшін қажет? Балалар үй ауласымен адамдар жұмысқа барады, шеберханада жұмыс істейді, сарайдағы жануарларын қоректендіреді. Егер ауланы қардан тазартпасақ, айналадағы адамдарға қиындық туады, ал соқыр адамдар жолдан таяды. Қардан адамдардың аяғы су болып, ал балалар аяқ-киімнен су өткендіктен ауырып қалуы мүмкін. Сол себепті біз күрегімізді алып ауланы алдымен тар жолдарды, мектеп ауласын, асхана, сарай, шеберханаға баратын жолдарды тазартамыз. Осы жолдар арқылы адамдардың жүруін қолайлы жағдай жасаймыз. Ал көзі көрмейтін балалар шеберхана мен сарайға оңай жол тауып бара алады. Сонан соң дарбазаның алдын, асханаға баратын жолдарды тазалаймыз. Сүт әкелетін машина ерте келеді. Машина келем дегенше жолды тазалап үлгеру керек. Өйткені машина қарға тұрып қалуы мүмкін. Егер ол көп уақыт қардан өте алмай тұрып қалса, оқушылар түстікке сүт іше алмай қалады.

Сонан соң ауланың барлық ашық жерін тазалап, қарды ортаға үйеміз. Қарды тазалаған соң, адамдар мен көліктер мектеп ауласынан кедергісіз жүріп өте алады. Осы уақыт аралығында аулаға басқа балалар шығады. Олар қолдарына қолғап киіп, шаңғымен үйілген қарларды бақшаға  тасиды.  Бақшаға  қар  қажет.  Қар  қаншалықты  көп  болса, топырақ соншалықты ылғалды, құнарлы болады. Ылғалды жерде тұқым жақсы жетіледі. Бұл жұмыстарды атқару барысында балалардың мінез-құлқына, ақауларына, физикалық қабілеттеріне және медициналық көрсеткіштеріне мән беріліп отырады. Қатты соқырмылқау естімейтін балалар жұптаса отырып, грейдерлік күрекпен қарларды бордюрге топтастырады. Орта күшті соқырмылқау естімейтін балаларға ауланың ортаңғы түсын тазалау қиын болғандықтан, қарды бордюрге қарай лақтырып тазалайды. Мектеп жасына дейінгі балалар мен соқырмылқау естімейтін оқушылар еңкеюге жэне тез іс әрекет жасауға болмайтын болғандықтан ауладағы қарды шанамен бақшаға тасиды.

Еңбек - тәрбие құралы ретінде балалардың қоғамдық өмірге көзқарасын қалыптастыру үшін қажет. Оқушыларды қоғамдық пайдалы еңбекке баули отырып, тәрбиеші үлгі ретінде балалармен қоян -қолтық жұмыс жасап, өзара көмек көрсетіп отырады. Нашар еститін балалар қасындағы жолдастары мен ұжым жұмысына тез көңіл бөліп отырады. Бұл соқырмылқау естімейтін балалардың еңбек ету қабілеті төмен деген жаңсақ пікір екендігін дәлелдейді.

Тотальды соқырмылқау естімейтін балалар Витя К. Мен Толя Ч. екеуі балалар алаңшасына құм тасиды. Олар күрекпен үлкен жәшіктегі құмды балалар алаңшасына тасиды. Толя жұмысты тоқтатқан кезде, сол мезетте Витя да жұмысты тоқтатады. Сонан соң ол Толяның жұмыс істеуінің себептерін, түсінді, көмекші болды. Витя Толяның жұмыс істеуді тоқтатқанын қалай білді? Құмды тиеу барысында Витя аяғын қабырғаға қарай қойып, Толяның күрегінің сілкінісін қадағалап отырған. Сонымен бірге, жәшікке қойылған аяғы қай бағытта тұрғанынан хабар берген. Жалпы ұжымдық еңбек барысында тотальды соқырмылқау   естімейтін   тәрбиеленуші   жанындағы   жолдасының   іс әрекетін бақылау үшін керекті жерге баратынын бақылауға болады. Мұнда тұрған ешқандай қателік жоқ.

Бос уақытын пайдалы өткізу – көзі нашар көретін тәрбиеленушінің бос уақытын ақыл – ойдың жетілуіне бағыттаудың негізгі талабы. Оқушы бос уақытын үнемді өткізу керек. Босқа отырмау, керек емес әңгімелер айтуға болмайды. Әрбір әрекет мақсатты болуы шарт. Сол арқылы соқырмылқау естімейтін балаларды дағдыландыру қажет. Бұл тұста да тәрбиешінің өзі үлгі болуы керек. Тәрбиеленушілер тәрбиешілердің өзара босқа әңгімелескенін, босқа уақыт өткізіп жүргенін байқамау керек. Өкінішке орай кейбір тәрбиешілер соқырмылқау естімейтін және соқыр балалар ешнәрсе көрмейді деп ойлап, осындай кемшіліктерге жол береді. Бұл қателік. А.С. Макаренько: "балалардың алдында босқа уақытын өткізіп, балаға қызығушылық танытпағаннан сорақысы жоқ" - деп атап өткен.

Ұжымдық тәрбие беру қоғамдық пайдалы еңбекпен ғана шектеліп қалмау керек. Соқырмылқау естімейтін оқушылар да қоғамға пайдалы еңбек етіп, макалатура, металл өткізуге, түрлі сенбіліктерге қатысып, өз үлестерін қоса алады. Оқушылардың қоғамдық пайдалы еңбегі, олардың отан алдындағы парызын өтеуге ықпал етеді.

Өмірде түрлі жағдай болады. Өмірде көрмейтін, естімейтін, сөйлеу қабілетінен айырылған жандар бар. Бұндай жандардың ішіндегі ең ауыр күрделі кемістік - көрмейтін-естімейтін-сөйлемейтін адамның жүру қабілетінен айырылуы. Бұл жандар өздерін ешкімге керексіз сезінеді. Сондықтан бұндай жандарды қоғамнан өздерін тыс сезінбеу үшін олардың қимыл-қозғалысын дамыту керек.

Сөйлемейтін-көрмейтін-естімейтін баланы дене тәрбиесіне тәрбиелеу- ол баланың    гармондық  дамуын  негізге  ала    отырып  жүргізіледі. Бұл тифлосурдо-педагогиканың басты проблемасы болып табылады.

Көрмейтін-естімейтін-сөйлемейтін баланың қимыл-қозғалыстары жалпы мектепте оқитын балалармен салыстырғанда 4,7 төмен. Бұның себебі кемістікке байланысты яғни кемістік балалардың қимыл қозғалысын дамытуға арналған ойындарды жүргізуге біршама кедергі келтіреді.

Көрмейтін-естімейтін-сөйлемейтін баланың қимыл-қозғалыс жасалуына ынталандырмаса, оның оқуға деген қызығушылығы жоғары болмайды. В.А.Сухомлинский бұл жайында: «Көп жылдық зерттеу көрсеткендей бұндай балалардың ойлауы баяу- бұл көп жағдайда көңіл-күйдің нашар болуы, өзін-өзі сезінбеу. Сонымен қатар баланың еңбекке деген зейіні жоғалады». Бұндай жағдайдан шығудың жолы баланың ұзақ уақыт таза ауада дем алуы. Дем алу мен еңбек етуді қатар жүруі баланың осындай жағдайдан шығара аламыз.

Көру қабілетімен естімеушіліктің қатар келуі мектепте дене тәрбиесімен айналысуына кедергі келтіреді. Олар футбол, волейбол, баскетбол, хоккей тағы басқа ойындармен ойнай алмайды. Алайда көп жағдайда ойындарды жүргізу балалардың бұлшық еттерін дамытуға, тепе-теңдігін сақтауға үйретеді. Бұлшық етті дамытуға арналған ойындарды үйрету ұзақ уақытты алғанымен бұл екінші дефектінің пайда болуынан сақтайды.

Күрделі кемістігі бар балаларды дене тәрбиесі оқыту мектепке дейінгі кезеңде басталады. Бұл баланың айналаны сезінуіне, қимыл-қозғалысын дамытуға үйретеді. Баланың үйдегі, сыныптағы, сабақ кезінде, мектепте қалай жүруі керектігін үйретеді. Өзі-өзіне қызмет жасауды үйретеді.

Ал мектепке дайын топтарда көрмейтін-естімейтін-сөйлемейтін балалар күделікті таң ертеңгі жаттығулар жасайды. Сонымен қатар сабақ кезіндегі сергіту уақыттарында өздерін керемет сезінеді. Бастауыш мектепте дене тәрбиесі сабағы жиі өтіледі және емдік гимастика элементтері жүргізіледі. Дене тәрбиесі сабағында орындалатын жаттығулар анық көрсетілуі керек. Ал балалар жүргізіліп жатқан жаттығудын барлығын бірдей жасай алуы керек. Ол үшін есту қабілеті төмен баланың қасына көрмейтін баланы қатар қояды бұл балалардың денелері арқылы бір-бірін сезе отырып жаттығу жасауына мүмкіндік береді.

Дене тәрбиесі - бұл баланың тек бұлшық еттерін дамыту ғана емес сонымен қатар көптеген кемістіктерге коррекциялық жұмыс болып табылады. Әрбір мұғалім, әрбір тәрбиеші әр баланың медициналық нұсқаулығын білу керек. Баланың диагнозын негізге ала отырып дене тәрбиесін жүргізу керек.

Күнделікті жүргізілетін дене тәрбиесі арнайы бағдарламада көрсетіледі. Бұл баланың медициналық нұсқаулығын, диагнозын негізге ала отырып жасалынады.

Көрмейтін-естімейтін-сөйлемейтін балаларға жүргізілетін спорттық ойындардың түрлері: жүзу, қысқа қашықтыққа жүгіру, роликте сырғанау, есу, арқан тарту, велосипедте тебу т.б. Қысқы спорт түрінің ішінде алғашқысы шаңғы тебу одан кейін шанада сырғанауды жатқызамыз. Көрмейтін-естімейтін-сөйлемейтін балалар шаңғыны өте жақсы тебеді және олар 10-15 км қашықтықты бағындыра алады. Шаңғы тепкенде бір-ақ талап қойылады ол- шаңғы тебетін жол терең және айқын білініп тұру керек. Күрделі кемістігі бар балалар шаңғы тебуден жарысқада түседі. Таудан төмен қылдырағанда бала бойындағы қорқынышты жеңе білуге үйретеді және бұндай әдістемелер өте көп болып табылады.

Балалардың қимыл-қозғалысын дамытуға деген ынтасын көтеру үшін әр ай сайын спорттық ойындардан жарыс өткізіледі. Бұл күні туристік жорық ретінде өткізіледі. Палатка тігіліп, отта тамақ пісіріледі. Орманды жерде жүргізіледі.

Қосарланған велосипедті көрмейтін-естімейтін-сөйлемейтін балаларға

үйрету маңызды спорт түрінің бірі болып табылады. Бұл екі велосипедтің қосылуы арқылы жасалынады. Оның біреуіне көру қабілеті әлсіз естімейтін-сөйлемейтін бала отырса екіншісіне мүлдем көрмейтін-естімейітін -сөйлемейтін бала отырады.

Ал велосипедті көру қабілеті әлсіз естімейтін-сөйлемейтін бала басқарады, ал мүлдем көрмейітін-естімейтін-сөйлемейтін бала велосипедтің жүруіне көп көңіл бөледі. Сонымен қатар қайықта жүзуде де осылай бөлініп жұмыс жүргізеді. Ал туристік жорықтарда көру қабілеті әлсіз естімейтін-сөйлемейтін бала отын әзірлейді, су тасиды, тамақ пісіреді, ал мүлдем көрмейтін-естімейтін-сөйлемейтін бала палатка тігеді, картошка ашиды, отын жағады.



Көрмейтін-естімейтін-сөйлемейтін балалардың ойындары. Көрмейтін-естімейтін-сөйлемейтін баланы әлеуметтендіру алғашқы сабақ өтуден -ақ басталады. Себебі осы кезде өзіндік психикалық сұрыптау басталады яғни балада «тәрбиеші мен тәрбиеленуші» ұғымы қалыптасады. Осы кезде бала адамдармен қатынасқа түсіп әлеуметтену процесі басталады. Ал ешқандай адаммен қарым-қатынас жасамаған бала ортаға бейімделе алмайды. Осы уақытта баламен жүргізілетін алғашқы ойын басталады. Алайда бала кемістігіне байланысты тәрбиешінің көрсеткен ойындарын қайталай алмайды сондықтан әр баланы ойын ойнауға үйретеді. Тәрбиеші әр бір ойынға өзі де қосыла ойнайды. Ойын жүргізу кезінде балаларды топқа бөліп жарыстырады немесе басқа топпен жарысады. Ойын түрлеріне үйрету өз-өзіне қызмет етуден басталады. Дене тәрбиесіне үйрету -еңбек тәрбиесімен эстетикалық тәрбиені байланыстыра жүргізіледі. Алғашқы мектепке келген сәтте дене тәрбиесіне үйрету басталады яғни дактильді үйретумен қатар жүргізіледі. Көрмейтін-естімейтін-сөйлемейтін балалардың ұнататын және қызығып ойнайтын ойындары «қызы мен мамасы», «Мектеп», «шаштараз», «дәрігер», «монша» және «автобуста» ойындары болып табылады. Көрмейтін-естімейтін-сөйлемейтін балаларды сюжеттік-рольдік ойындарға үйрету маңызды болып табылады. Ол баланың айналаны тануына адам баласының көптеген іспен айналыса алатынын түсінуге және ондай адамдар мен қарым-қатынасқа түсуге үйретеді.

 

6. Мектеп жасындағы соқыркереңдермен коррекциялық дамыту жұмысты өткізу бағыттары

 

1.    Жесттік және дактильдік сөйлеуін дамыту



2.    Ауызша сөйлеуін қалыптастыру

3.    Еңбекке баулу жұмыстары

4.    Соқыркереңдердің психомоторикасын дамыту

5.    Ойлау процестерін дамыту

6.    Адамгершіліктік және әстетикалық тәрбие беру

 

Көрмейтін-естімейтін-сөйлемейтін балалардың бойында моралды-этикалық тәрбиені қалыптастыруда оларға жеке жұмыстар жүргізулі керек. Тәрбие беру процесі кезінде жалпы мектептегідей келеңсіз жағдай болмайды. Мысалыға алғанда отбасы, мектеп, көшедегі жағдайлар. Күрделі кемістігі бар (көрмейтін-естімейтін-сөйлемейтін) балаларға моралды-этикалық тәрбиені алғашқы кезде бір ғана мұғалімнен ала бастайды. Содан кейін өзімен бірге мекемеде жататын балалардан, тәрбиешілерден алады. Арнайы мекемеде тәрбиеленіп жатқан күрделі кемістігі бар (көрмейтін-естімейтін-сөйлемейтін) балаларға моралды-этикалық тәрбие өте қажет. Себебі бала айналамен қарым-қатынас жасауы қиын, қоршаған орта туралы түсінігі кедей болып табылады. Сондықтан көрмейтін-естімейтін-сөйлемейтін балалар арнайы жан-жақты жүргізілетін тәрбие жұмыстарына мүқтаж.



Күрделі кемістігі бар балаларға өзін қоршаған ортадағы адамдардың мінез-құлқы туралы, олардың іс-әрекеттері туралы ақпарат алу өте қажет. Олар сол алынған ақпарат арқылы өз-өздерін тәрбиелейді. Көптеген педагогикалық жұмыстар балалардың жағымсыз мінез-құлқын тәрбиелеуге бағытталады. Себебі көрмейтін-естімейітін-сөйлемейтін балалар қалыпты балалармен салыстырғанда өз іс-әрекетін бақылап одан қорытынды жасауы қиын болып табылады. Сондықтан да көрмейтін-естімейтін-сөйлемейтін балаларға арнайы тәрбие беру процесі ерте беріледі. Яғни мектепке дейінгі кезеңде-ақ бұл процес жүргізіледі. Көрмейтін-естімейтін-сөйлемейтін балалар көптеген іс-әрекетті тек сырт жағынан қабылдайды, олардың ішіне енбейді яғни өзі жасап жатқан іс-әрекетке жауап бере алмайды. Сонымен қатар олар көптеген жағымсыз және жағымды мінездің көрініс беруі не себепті екенін сезе алмайды. Өзімен қарым-қатынас жасап тұрған адамның қандай сезімді тұрғанын сезе алмайды, тек ол адамнан келген ақпарат үздік-создық жетіп отырады. Ал өзінің қандай көңіл-күйде тұрғанын көрсете алмайды, не айта алмайды. Бұған кедергі оның ойлау қабілетінің тежелгендігін болып табылады.

Күрделі кемістігі бар балалардың психологиясы көп зардап жегеді. Оларға айнала қоршаған орта туралы бір түсінік бергенде оны көрсете алмаймыз, не даусын естірте алмайсыз. Сондықтан көрмейтін-естімейтін-сөйлемейтін балалардың ол ақпаратты алу, өзіне қабылдау барысында көптеген психологиялық жағымсыз әсерлерге тап болды. Арнайы педагогикалық бақылау арқылы көрмейтін-естімейтін-сөйлемейтін балалардың өзге адамдармен қарым-қатынасын көре аламыз. Осындай жүргізілген бір зерттеу нәтижесінде балалардың түрлі қылықтар көрсеткенін, олардың бойында бір нәрсені білу үшін пайда болған түрткіні, алынған ақпаратты саралап оларға анализ жүргізе алғанын, өзі қарым-қатынасқа түсіп тұрған адамнан көптеген ақпарат алуға тырысқанын байқауға болады.

Балаларға тәрбие беру кезінде ең бірінші мұғалімдердің арасындағы ұжымдық ынтымақтастық ерекше орын алады. Оның ішінде мұғалімдердің аянбай еңбек етуі, олардың қоршаған ортамен және өздеріне жасаған қызметтерін айтуға болады. Арнайы жүргізелетін ұжымдық жұмыстың болуы балалардың бойындағы моралды-этикалық қасиеттердің қалыптасуына жол ашады. Бұл тәрбие беру кезіңде бала бойында жағымсыз мінез-құлықтың пайда болуына жол бермейді. Мұғалімдердің арасында еңбек жағдайында жағымды ортаны қалыптастыру бала үшін ыңғайлы және керек болып табылады. Себебі мұғалім әр бір балаға өз еркімен еңбек етуге, өзінің жасап жатқан ісін ұнатуға не жақсы көруге, өзінің жауапкершілігін сезінуге, қандай да бір жұмыс жасағанда көңіл-күйдің көтеріңкі жүруіне, бала бойында горманиялық жағдай туғызуға үйретеді.

Күрделі кемістігі бар балалармен тәрбие процесін жүргізгенде тек қана жағымды эмоция көрініс бермейді. Онда жағымсыз эмоциялық жағдайлар жиі көрініс беріп отырады. Мысалға қатты дауыспен айқайлайды, айналадағы адамдар қорқатындай қимылдар жасайды, жағдайға байланысты көңіл-күйі ауысып отырады, қоғамдағы адамдарға жат қылықтар жасайды. Өкінішке орай күрелі кемістігі бар балалардың жағымсыз қылықтары қарапайым қалыпты адамдардың арасына енгенде бірдеп көрінеді. Ерсі қылықтармен жұрт назарын өзіне аударады. Мысалы бір арнайы мекемеде тәрбиелеген баланы жұмысқа алады ол бала бүрын мекеме ауласынан басқа жерге шығып көрмеген енді қала көшелерінде жүретін болыпты. Ол көшеде шалбарын ағытып көйлектерін шешіп ерсі қылықтар көрсеткен. Ол бұрын бұндай көріністі әдетте мекеме ауласында жасап әдеттенген енді сол әдетті ол қала көшесінде де еріксіз орындайтын болған. Сондықтан мұғалім балаға тәрбие бере отырып оған коррекциялық жұмыстарды да қатар жүргізеді.

Көптеген көрмейтін-естімейтін-сөйлемейітін балалар өздерінен үлкен сонымен қатар тәрибешісі не болмаса мұғалімдермен ожар қарым-қатынас жасайды. Мысалға бала үлкен адамның өзін бөліп өз қалауын орындату үшін оның қолын жұлқып тартып не болмаса йығына асылып ол адамның мазасын алатын болады. Алайда мұғалім мен оқушы тәрбиешімен тәрбиеленуші арасында бұндай қарым- қатынастың болуы жақсы болып табылады. Себебі балада осындай кездері сөйлеу тілінің дамуына жол ашылады екен. Алғашында жестті үйреніп кейін ауызша үйреніп жатқан баланың әлгінгідей ситуацияда болуы ондағы сөйлеу белсенділігін арттырады.

Көрмейтін-естімейтін-сөйлемейтін балалардың көңіл-күйін мимика арқылы анықтау қиын болып табылады. Сондықтан көптеген адамдарды осындай кемістігі бар адамдардың барлығы «қатал» «суық» деп ойлайды. Бұндай ойы бар адамдармен күрделі кемістігі бар адамдардың қарым-қатынасқа түсуі қиын. Сондықтан И.А.Соколянский   баланы   оқытып   тәрбиелегенде   оның   мінез-құлқын   өзге   адам қабылдауға болатындай етіп тәрбиелеуге көп көңіл бөлді. Ол балаларға адамның түрлі эмоциялық күйін анықтап үйрету үшін арнайы жасалынған маскаларды пайдаланған. Ол маскаларда түрлі эмоцияның бейнесі берілген.

Көрмейтін-естімейтін-сөйлемейтін бала кішкентай кезінде қарым-қатынас жасайтын ортасы аз болса онда ол өмірде әлсіз, қорғансыз болады екен. Көрмейтін-естімейтін-сөйлемейтін балалар балалық шақ кезіндегі кейбір көріністерді есінде жақсы сақтайды.

Көрмейтін-естімейтін-сөйлемейтін жеткіншек кезеңдегі балалар үшін олардың тәрбиесіне айналадағы адамдардың әсері маңызды болып табылады. Ондай адамдардың қатарына мектеп тәрбиешісі, мекеме басшысы өзгеде қызметкерлерді жатқызуға болады. Сонымен қатар арнайы мекемеге келген практиканттардың да әсері бар. Себебі Москвадағы көрмейтін-естімейтін-сөйлемейтін балалар оқитын мекемедагі қабырға газетіне бір тәрбиеші мынадай мақала жазған.

«Бүгін,яғни 13 сәуір күні біздің мекемеге Москвадағы медициналық институтта оқитын студенттер келді. Олар 4 жігіт 5қыз балалар еді. Олар біздің мекемені қыстан кейінгі тазарту жұмыстарына көмектесу үшін келген болатын. Оладың барлығы өз бойларындағы күш жігерлерін жұмсай отырып аянбай еңбек етті. Қыздар еден жуып, балалар ойнайтын алаңқайды тазартты, ал ұлдар болса мекеме сыртын қоршап тұрған бақшаны жөндеп, ауланы тазартты. Бұндай студенттер бізге жылда келіп көмектесіп тұрады. Бұлар біздің көш басшы жетекшіміз. Студенттер мүнда ақысыз жұмыс істейді. Себебі олар нағыз комсомольдар. Біз студенттердің еңбегін бағалап, олардан үлгі алумыз керек. Біз тәрбиелеп жатқан балалар осындай студенттер секілді еңбекқор болуы керек. Ал студенттер балаларға қоғамға пайдалы жұмыс жүргізуге үйрету керек.» бұл мақаланы мысалға ала отырып біз балаларға өзге адамдардың әсерін білеміз.

Күрделі кемсітігі бар балалардың мінез-құлқын тәрбиелегенде оның айналаға бейімделуін басты назарға алумыз керек. Оның сөйлеуіне, ақыл-ойының дамуына, өзінің жасаған іс-әрекетіне жауап беруіне, оның достарының жасаған іс-әрекетіне қарап тәрбиелеу керек. Егер тәрбиеленуші өзінің жасаған жағымсыз іс-әректін қайта қайталайтын болса, оны жазалау керек. Ондай жазалауды өз тобының ішінде, не болмаса мектептегі бүкіл оқушының көзінше, не қабырға газетіне оның суретін қою арқылы жүзеге асыруға болады. Бұндай жазалау тек бір ғана адамның көз қарасы арқылы жүзеге аспайды, ұжым мүшелерінің көз қарасымен жазалау түрі қолданылады. Бұндай жазалау көрмейтін-естімейтін-сөйлемейтін балаларға қатты әсер етеді. Оның жасаған ісі ұжым үшін ұят болып табылғанын сезсе, ол өзін сол ұжымда белгілі бір орны бар екендіні сезеді. Сол арқылы өзін тәрбиеледі. Осындай жазалау арқылы ол өзіне күш жинайды. Сонымен қатар күрделі кемістігі бар балаларға өзіне сын көзбен қарауға тәрбиелейді. Бұл оның шыдамды болуына, өзін-өзі дамытуына көп септігін тигізеді. Балаға қандай да бір қате жасалған ісі үшін жаза бергенде ол баланың физиологиялық және психологиялық жағынан әсерін байқап барып берілуі керек.

Ал оқудағы жақсы үлгерімі үшін, жақсы тәрбиесі үшін балаларға мақтау қағаздарын беруге болады. Ол қағаздар Брайл шрифтімен жазылады. Сонымен қатар мектепте арнайы қабырғаға жақсы оқитын балалардың суретін іліп қоюға болады. Ол суреттер бүдірлі болып салынады, яғни бала қолымен суретті сипау арқылы ол өзінің суретін таниды және өзге достарында тани алады. Бүндай суреттер көрмейтін-естімейтін-сөйлемейтін бала үшін керемет қуаныш болып табылады.

Көрмейтін-естімейтін-сөйлемейтін балаларға тәрбие процесін жүргізгенде оларға өздері секілді күрделі көптеген кемістіктері бар адамдардың үлкен жетістікке жеткені жайында үнемі айтып отыру керек. Олардың өз кемістіктеріне қарамай үлкен жетістікке жеткені қиыншылықты жеңе білгені оларға үлгі болуы керек. Ондай адамдарға Е.Келлер, О.И.Скороходова,  Н.Островский және т.б өмірі жайында әңгімелеуге болады.

Көрмейтін-естімейтін-сөйлемейтін балаларға саяси, экономикалық, рухани тәрбиеде беріліп отыруы керек. Олар өздерін қоғам шет санамау керек, өздерін сол мемелекеттің толық қанды азаматы ретінде, мемлекет тарапынан көрсетілетін әлеуметтік көмек жайында, өздерінің құқықтары жайында білуі керек. Көрмейтін-естімейтін-сөйлемейтін балаларға тәрбие беру белгілі бір уақытта тоқтап қалмайды. Тәрбие өмір бойы жүргізіледі және үздіксіз беріледі.

Тәрбие беру қандай да бір мекеме үшін маңызды.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет