3. Аралас бұзылысы бар баланың классификациялары
1. А.В.Ярмоленко ұсынған топтастыру.
2. Г.И.Бертынь ұсынған әтиологиялық классификациясы.
3. Соқыркереңдердің АҚШ елінде қолданатын топтастыруы.
ХХ ғ соқыркереңмылқаулардың арасында жоғары білім алғандардың бірі Елена Келлер (АҚШ) философ доктор атағын алды, кеңес психологы және әдебиетшісі О.И. Скороходова, педагог-психолог А.В. Суворов болды.
Соқыркереңмылқаулардың - термині қазіргі кезде ескерілмейді, оның орнына соқырсаңырау термині қолданылады.
Г.П. Бертынь соқырсаңыраулардың келесі жіктемесін бөліп көрсетті.
І. Есту және көру бұзылыстарын қамтитын тұқымқуалаушылықпен байланысты.
2.Көрудің экзогендік бұзылыстарымен байланысты естімеушіліктін тұқымқуалаушылық бұзылыстары.
З.Естудің экзогендік бұзылыстарымен байланысты көрмеушіліктін тұқымқуалаушылық бұзылыстары.
4.Тұқымқуалаушылыққа тәуелсіз соқыр және кереңдік кемістіктен болатын соқырсаңыраулық.
5.Экзогендік бұзылыстарға ұшыраған есту мен көру. б.Этиологиялық себептері анықталмаған бұзылыстар.
Соқырсаңырау балалардың топтастырылу белгілері бойынша төмендегідей болады.
1. сенсорлық
2. тілдік
3. әлеуметтік психологиялық даму деңгейі бойынша.
Сенсорлық белгілері бойынша
Есту және көру деңгейі және оның белгілерін ескеру.
• Тотальды соқырсаңырау, мүлдем естімеушілік пен көрмеушіліктің байқалуы.
• Практикалық соқырсаңыраулар аздаған ест ме көру функциясының болуы.
• Нашар көретін кереңдік.
• Нашар еститін соқырлық.
• Нашаркөретін нашареститіндер.
Тілдік
Соқыркереңдердің арасында тез бейімделетін және қарым-қатынасқа түсетін жоқ, сондықтан қосымша белгі - тілге келіп туады.
Мылқаулық. Соқыркереңмылқауларда ешқандай да сөйлеу тілі болмайды. Ақыл есі кем соқырсаңырау болған балалар оқытылмайтын және үлкендерге көнбейді.
Ауызекі сөйлеу. Еркін және сауатты ауызша тілді меңгерген, ауызша сөйлеу
міндетті емес. Дыбыс шығарудың бұзылуы саналмайды.
• Дұрыс анық сөйлеу.
• Анық емес, бірақ түсінікті сөйлеу.
• Міңгірлеп сөйлеу, тек жақын адамдары ғана түсінетіндей.
• Мүлдем міңгірлеп сөйлеу, ешкім түсінбейтіндей.
Жесттік. Сөйлеуде өзара бір-бірімен жесттік тілде сөйлеседі, ауызекі сөйлеуді білседе. Көретін-еститіндермен қарым-қатынасқа түскенде грамматика, сөйлеудің басқа түрлеріменде қиындықтар туады. Жесттік тіл мен ауызекі сөйлеу арақатынасына тәуелді болады:
• Жесттік тілді жақсы біле отырып, соқырсаңыраулар дыбыс шығару тілін қолданбай, ешжерде оқытылмайды және сауаттылық бастамасын білмейді.
• Жест-ауызша сөйлеуді біле түр, бірақ оны еститін-көретіндерде ауқын-ауқын қолдану.
• Ауызша-жесттік. Еркін және сауатты ауызша сөйлей алады, бірақ жесттік сөйлейтіндермен жестік тілде сөйлейді. Ауызша сөйлейтін топқа өткенде болуы мүмкін.
Соқырсаңырауларды қоршаған ортамен қарым-қатынасының үйлесуіндегі сезімталдық түрі.
1. түйсіну (сезіну және қимыл сезімі).
2. түйсіну-көзбен жолу (сезіну, жарықты сезіну, жақсы көру).
3. көзбен шолу-түйсіну (қалған затты көру және қолмен сезу).
4. көзбен шолу (адаммен және әлеммен байланыс кезінде қалдықтық көзбен шолудың басымдылығы).
5. көзбен шолу-естіп қабылдау (қалдық пен көру және естудің нашарлауы).
6. түйсіну- естіп қабылдау (сезіну және қалдықтық есту).
Психологиялық және әлеуметтік тұлғалық даму деңгейі бойынша
Бұл классификация соқырсаңырауларды бейімдеу және дұрыс оқыту мен әлеуметтік оңалту үшін осы жіктелу құрылған.
1. Туылғаннан немесе сәби кезінен соқырсаңыраулық. Бастапқыда соқырсаңыраулар ретінде арнайы мекемеде немесе отбасында оқытылды.
2. Алдымен кереңдер көру қабілетін ерте жоғалтқандар. Бастапқыда саңырау ретінде оқытылып, кейін бірінші пунктегідей.
3. Алдымен саңырау көру қабілетін кейін жоғалтқандар (кеш естімей қалғандар). Сурдомектептегі жестті меңгерушілер. Көру қабілетінен айрылғаннан кейін түйсінуге бейімделіп сезімдік байланысқа қайта өзгертуді қажет етеді.
4. Алдымен соқыр, ауызша сөйлегенге дейін айырылғандар.
5. Алдымен соқыр, сөйлегеннен кейін есту қабілетінен айрылғандар. Біріншіден тифломектепте оқытылады, одан кейін қайта бейімделеді.
6. Алғашқыда естіп-көргендер кейін көру және есту қабілетінен айрылғандар. Соқырсаңыраулар ретінде алдыңғы есту-көру тәжірибесін қолданып оқытылады.
7. Нашар еститіндер.
8. Нашар көретіндер.
Соқырсаңыраулардың ел бойынша жіктелуі
Соқырсаңыраулардың АҚШ-та жіктелуі.
1. Туылғаннан және ерте балалық шақта соқырсаңыраулық.
2. Алғашқыда көріп-естігендер, кейіннен естімей және көрмей қалғандар.
3. Кеш көрмей қалған саңыраулар.
4. Кеш естімей қалған соқырлық.
Ресейлік ғалымдардың соқырсаңыраумылқауларды типпен жіктеуі. Туылғаннан немесе ерте соқырсаңырау болған балалар. Басты мәселе - әлеуметтік тәрбие және оқыту. Туылғаннан немесе ерте балалық шақта жалпы немесе практикалық соқырсаңыраулық. Психиканың дамуы арнайы мекемелерде жағдайын жасаумен болуы мүмкін. Ең негізгі байланыс - сезім. Баладан заттарды сезінуді талап ету керек. Соколянский және Мещеряковтың айтуы бойынша соқырсаңырау балаларда шамамен іздеу рефлексі жоқ. Қоршаған ортамен ешқандайда байланыс жоқ. Баланың тамаққа, ұйқыға табиғи қажеттілігі адами қабілеттіліктің методикасы. Балаға қажетті заттарды, құралдарды өз ісіне пайдалануда қанағаттандыруды үйрету.
1 этап - баланың өз-өзіне қызмет етуді талап ету.
2 этап - баланың тәуелсіз адамдық қабілеттілікпен қамтамасыз ету (байланыс құралдары арқылы). Соколянский мен Мещеряков соқырсаңырау балаларды тәрбиелеудің басты шартын заттарды қолдану кезіндегі белсенділікті дамыту, сондай-ақ байланыс құралдарын дамыту деп есептейді. Бұл сатыда заттық функция байланыс функциясынан бөлінеді. Ең қарапайым жест қимылды меңгеру әрекеті, осындай жестер арқылы соқырсаңырау байланыс құрлдарын және заттардың функцияларын түсінеді.
3 этап - жестің дактильмен алмасып отырады. Сөздің мағынасын бекіту үшін жақсы білетін жест беріліп, дактльдік сөзбен бекітіледі. Осыдан кейін жест алынып тасталынады. Соқырсаңырау дактилді сөздің құрамын түсінген кезде басқа шрифтармен танысу жүзеге асырылады (Брайл, алақан). Қарапайым сауаттылық. Дыбыс қойыла бастайды және дыбыс брайлдік әріпке сәйкес келетін дактильдік белгіге теңестіріледі. Соқырсаңырау қарапайым қимылдарды, шартты білдіретін дактильдік белгілерге брайлдік белгілерге айналдырады. Затты бейнелеуге байланысты ойлау қабілетін дамытатын сөздік тілді меңгеру қажет. Біріншіден сезіну арқылы екіншіден көріп еститін адамдармен байланыс орнату.
Балалық және жасөспірімдік соқырсаңыраулық.
Басты мәселе - көру және есту қабілетінен айрылғандарға дейінгі меңгергенін әрі қарай дамытуды жалғастыру. Толық оқшаулануда психикалық бұзылуы және деградация болады. Психиканың орасан зор өзгерісі - сенсорлы қабілетінің және өмірінің толық қайта құрылуы. Соқырсаңыраулық неғұрлым кеш басталса соғұрлым оған дейінгі меңгергені мықтылау болады.
Балалық және жасөспірімдік соқырсаңыраулықтың айырмашылығы. Балалық.
1. Ағзадағы сенсорлық өзгерістер жеңіл өтеді.
2. Сөздік байланысты қалпына келтіру азда болса мүмкін. Жасөспірімдік.
1. Сезінудегі сенсорлық жүйенің қайта құрылуы күрделі.
2. Эмоциялық-ерік сферасында айтарлықтай өзгерістердің болуы.
3. Сөздік байланыс айтарлықтай төмен, кейде мүлде жойылады.
Соқырсаңырау жасөспірім ұзақ уақытқа дейін өзін ойдың болмыстан алшақтылығынан өзін көріп-еститіндей етіп есептейді, осыдан күйзеліске ұшырайды. Жасөспірімдерге сезіну жағдайына өту қиын. Бұл жағдайда сезімдік бейнелерді оятып күйзеліс жағдайынан шығару керек. Мектеп жасына дейінгілерге жеңілдеу. Екі жағдайда да сөздік тілдік байланысты қалпына келтіруге болады.
Туғаннан саңырау және содан кейін көру қабілетінен айрылған балалар.
Коррекциялық жұмыс жүргізу қиын, себебі саңыраулар оқшауланған өздерді сияқты жест арқылы байланысатындармен ғана тілдеседі. Көру қабілетінен айрылу бұларды екі жақты оқшауландырады. Тілдесу және байланыс орнату мәселесі пайда болады. Адам үлкейген сайын қиындай түседі. Соқырлардың белсенділігін қалпына келтіруге болады.
Қиындықтар.
• Еститін және көретіндермен байланыстың мүмкін еместігі;
• Әлеммен тез байланыс орнату мүмкіндігінің болмауы;
• Соқырсаңыраулардың көріп-еститіндерге қарағанда алатын міліметтері шектеулі;
• Дағдарыстық жағдай психикалық дамудың бұзылуына алып келеді.
Дефектология мен арнайы педагогика саласындғы ғылыми -практикалык жетістіктер күрделі кемістіктері бар балаларға арналған көптеген арнайы әдістемелер құрастыруға мүмкіндік береді. Бірақ осы әдістер барлық арнайы мекемелерде толық, нәтижелі қолданылады деп есептеу әлі ертерек. Өйткені, күрделі кемістіктері бар балалардың көпшілігі арнайы мамандардың бақылауына мезгілімен алынбайды, арнайы мекемелерге қабылданбайды, сондықтан, олар қажет көмекті толық көлемде іла алмайды. Осы мәселені шешу үшін соңғы жылдары көптеген арнайы мекемелер, әртүрлі ұйымдарда, конфессиялардың қарамағында ашыла бастады. Осы топтағы балаларды толық зерттеп, олардың кемістіктерінің іүрін және дәрежесін айқындайтын кеңестік орталықтарда да соңғы жылдары жұмыс көлемі сапалы және нәтижелі іске асырылуда. Сондықтан, күрделі кемістіктері бар балаларға көрсетілетін медициналық - педагогикалық және психологиялық қолдау шаралары да жуық арада қажет мөлшерде қолданылады деген сенім туындайды.
Күрделі кемістікті оқыту және тәрбиелеу теориялық жағынан алсақта, практикалық жағынан алсақта қиын, күрделі процесс. Аномальды балаларды оқыту және тәрбиелеу үшін оның диагнозы кемістігінің құрылымын білуміз қажет. Сонымен қатар күрелі кемістіктің түрлері толық анықталмады. Бүл кемістіктің түрі жылдар өткен сайын әлі де күрделене түсуде.
Қазіргі кезде күрделі кемістікті балалар келесі топтары белгілі:
- Ақылы кем саңырау немесе нашар еститіндер;
- Ақылы кем нашар көретін немесе соқыр (ішінара көретіндер);
- Көрмейтін, естімейтін, сөйлемейтіндер ( соқыр- мылқау, керең), нашар көретін саңыраулар.
Дефектологияның тәжірибесінде басқа да көп мүшелерінде кемістігі бар балалар кездеседі, ақылы кем көрмейтін, естімейтіндер, тірек- қимыл мүшелерінде көру органдары зақымданғандар.
Қазіргі таңда есітмейтін-көрмейтін- сөйлемейтін адамдар жайында зерттеулер әліде жүргізіліп келеді. Көптеген ғалымдар бұл күрделі кемістік жайында өз зерттеулерін негізге ала отырып топтастырған. Соның ішінде (Б.В. Конигсмарк, Р.Д. Горлин, 1980; и др.) ғалымдардың зерттеулері ерекше орын алады. Олар клинико-генекологиялық, психо-педагогикалық зерттеулерге сүйене отырып Ушер, Маршалл, Альпорт синдромдарына ерекше тоқталған.
Қазіргі таңда ғалымдар көрмейтін-саңырау-сөйлемейтін балалардың этиологиялық классификациясын жасады. Олар:
1. Көру және есту қабілетінен айырлатын тұқым қуалайтын синдромдар.
2. Тұқым қуалайтын естімеушіліктің экзогенді көру қабілетінен
айырылғандармен үйлесімділігі
3. Тұқым қуалайтын көру қабілетінен айырылғандардың, экзогенді есту қабілетінен айырлғандармен үйлесімділігі
4. Белгісіз тұқым қуалайтын көру және есту қабілетінен айырылғандар
5. Экзогенді есту және көру қабілетінен айырылғандар
Бұл топқа бөлінген синдромдарды ашып көрсететін болсақ.
1. Көру және есту қабілетінен айырылатын тұқым қуалайтын синдромдар.(Б.В.Конигсмарк, Р.Д.Горлин 1980т.б әдебиеттерден алынған). Бұл топқа ғалымдар өз зерттеулерін қорыта келе Ушер, Маршалл, Альпорт синдромдарын жатқызады.
Ушер синдромы. Ушер синдромы - үдеуші. Естімеушіліктің көзлің пигментімен қатар бұзылуын 1858 жылы Ф. Граиф (Ғ.Огаеіе) баяндаған. 1914 жылы С.Ушер (8.1Ізһег) генетикалық бақылау жүргізіп синдромды анықтады. Ол нәресте кезіндегі естімеушіліктен басталады, кейін бала 10 жасқа жеткенде біртіндеп соқырлық басталады. Бүл синдромның ең ауыр жері - бала сәбилік кезінде көре алады, кейін бұл қабілетінен айырлады. Алайда туа естімей-көрмей қалған баламен салыстырғанда бұл синдромы бар бала, біраз уақыт айналадағы ақпаратты ала алады. Бұл өмірінің алғашқы жылдарында белсенді өткізуіне көмектеседі.
Балалар психологиясын зерттеу барысында бала үшін алғашқы жылдары көзбен айналаны танып білу өте маңызды екенін анықтаған. Алайда көздің көру қабілетінен айрылуы бала үшінде, ата-ана үшінде ауыр болып табылады. Бұл кезде стрестік жағдайға балада, ата-анада көп түседі.
Қазіргі таңда Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы адамның жан-жақты дамуына және психофизиологиялық ауруларға және оның емдеу жолдарына көп көңіл бөлуде.
Ғылымы зерттеу орталығының докторы Томос Фридманның басшылығымен ғалымдар естімейтін және басқа сезім мүшелерінің бұзылуын зерттей отырып ғылыми жаңалық ашты. Олар ерте көрінбейтін гендік мутацияның ауытқуын тапты. Оны К245Х деп атады. Бүрын Ушер синдромы Ашкеназилік еврейлерге тән деп қарастырған. Енді зертеушілер Ушер синдромы барлық адамда кездесе алатынын байқаған. Ғалымдардың зерттеуі бойынша Ушер синдромының I, II, III деп аталатын түрі бар. Ушер I синдромы өте ауыр түрде өтеді. Бүл түрімен ауыратын балалар туа естімейтін болады, кейін 10 жасқа толғанда көз көру қабілетінен айырылады. Көз торындағы пигменттік дистрофияның бүзылуынан болады. Доктор Фридманның Кешегз НеаШі- қа берген сұқбатында өзінің әріптестерімен бірге Ушерсиндромына алып келетін 7 геннің бесеуін салыстырғанын айтады. Молекулалық биологтар мен генетиктердің бүл ашқан жаналығы Ушер I синдромының алдын-ала айқындауына көмектеседі деп үміттенеді. Бүл синдром алғашқы сәбилік кезден бастап байқалады, сондықтан реабилитация бала дүниеге келген кезден бастап жүргізлуі керек және бұл жұмыс баланың соңғы күніне дейін жалғасуы қажет. Себебі 10 жасында ең қажет екі органнан айырлу, сенсорлық тапшылыққа алып келеді. Бүл екі органның бүзылуын жан-жақты қарай отырып адамды оқытуға, өзіне қызмет жасауға және оған қажетті медициналық көмек көсетуге болады. Алайда естімейтіндер қолданылатын аппаратты басқада қалпына келтіруші аппараттарды қолдана алмаймыз. Ушер I синдромынмен ауыратын адамның қүлақ қабыршағына имплантацияланған аппаратты қолданады. Ол дауысты әлсіз түрде қалпына келтіреді. Егер біз имплантацияланған аппаратты күлақ қабыршағына көз көру қабілетінен айырылғанға дейін орнатсақ, оның нәтижесі көру қабілеті айрылғаннан кейін қойылған аппараттпен салыстырғанда әлде қайда жоғары болады -дейді доктор Фридман.
Фридман мен оның әріптестері 12 отбасынан шыққан бір-бірімен ешқандай туыстық қатынасы жоқ 18 ауру адамның ДНК-сын К245Х гендік мутациямен салыстырған. Генетикалық тестің нәтижесі Нью-Иоркте және Израйлде өмір сүріп жатқан Ашкеназилік еврейлердің отбасында көптеп кездесетіні белгілі болған. Ғалымдар зерттеуін қортындылай келе: егер ашкенизлік еврейдің отбасында дүниеге келген баланың естуінде ауытқу болса, онда оның ДНК-сында Ушер синдромы барма, жоқпа анықтау керек, кейін көзін толық тексеру керек.
Ушер синдромы түқым қуалайды. Ушер синдромымен ауыратын адамдардың басым көпшілігі іштей естімей туылады. Бүл синдромдағы көздің бүзылуының алғашқы белгілері: түнде не кешкеі мезгілде біртіндеп көздің көруі нашарлайды. Бүл балалық кезде байқалады, кейін біртіндеп көздің көруі нашарлайды. Ушер синдромы жылдар бойы жалғасады. Кейбір адамдарда тепе-теңдікте бүзылады.
Ушер синдромы рецесивті түрде кездеседі. Егер тасмалдаушы гені бар адамдар үйленсе олардың балаларында бүл ген доминатты болып келеді де, синдром жарыққа шығады. Алайда оның ата-анасы бүл синдроммен ауырмайды. Ал егер тасымалдаушы гені бар адам сау адам мен үйленген болса, онда олардың балалары бүл синдроммен ауырмайды, бірақ гендерінде Ушер синдромын тасмалдайтын ген сақталады. Статстикалық бақылауға сүйенсек 100 адамның біреуі бұл генді тасымалдайы.
Ушер синдромымен ауыратын адаммен кездескен кезде ол адамнан метр алшақ тұрыныз. Ол адаммен сөйлескіңіз келсе оның қасындағы адамның көмегін пайдаланыңыз. Ол адаммен сөйлескен кезде бетіңізді жарықта ұстаңыз. Ол адамнан қандай көмек керек екенін сүраудан үялмаңыз.
Альпорт синдромы. 1927 жылы А. Альпорт алғаш рет ұрпақтан -ұрпаққа берілген 16 адамның нейросенсорлық естімеушілік ауырғанын толық ашып зерттеді.
Альпорт синромын басқаша тұқым қуалайтын нефриттік естімеушілік депте атайды.
Диагностикалық белгілері: гематурия, протенурия және естудің төмендеуі.
Клиникалық белгілері: Альпорт синдромының ең басты белгісі гематурия (100%), протейнурия (70-80%), бактериурия. Сонымен қатар бүйректің бұзылуы қоса жүреді. Бұл синдроммен ауырған адамдардың 50% екі жақты естімеушілікпен аурады. Бұл алғашқы жылдардақ байқалады. Көбіне ер балаларда кездеседі. Альпорт синдромымен ауырған адамдардың көпшілігінде көздің лентиконус, сферофакия және катаракта аурулары көптеп кездеседі. Алайда тұқыл қуалайтын көз ауруларының ішінде 1% ған кездеседі. Бүл отбасында аутосома-доминантты гені бар адамдарда беріледі. Нейросенсорлық естімеушілік алғашқы 10 жылда байқалады да соңында толық естімеушілікке алып келеді. Альпорт синдромы олигофрения отбасында да кездесе береді. Бұл жайында Ъ. Сһосіогоүузкі (1979) зерттеулеріндебаяндалған. Бұған дейін ешқандай зерттеушілер бұл синдроммен ауыратын адамның интеллектісін зерттемеген екен.
Қазіргі таңда отандық және шет елдік ғалымдардың зерттеуі бойынша Альпорт синдромымен 200-ден астам адамдар ауырады екен.
Популяциялық жиілігі: анықталмаған.
Ер адамдар мен әйел адамдарыныда бұл синдроммен ауыру тең дәрежеде. Ж1: М1
Түқымқуалаушылығы- аутосома -доминантты. X- тіркескен рецессивті, аутосомды рецессивті.
Дифференциальдық диагнозы: тұқымқуалайтын нефропатия, естімеушілік, огематурия, нефроз және нефронофтиз
Маршалл синдромы. Маршалл синдромы. Маршаллдың зерттеуі бойынша 7 адамның төрт ұрпағында мұрын дефектісімен, туа пайда болған немесе жас кезінде пайда болған катаракта, миопия және нейросенсорлық естімеушілікпен ауырған адамдарды зерттей отырып осы синдромды тапқан. Кейін Маршалдың қүрметіне Маршалл синдромы деп атаған.
Маршалл синдромымен ауырған адамның әдетте мұрны кішкентай, кеңсіріктің ауытқуымен алға шыуымен сипатталады. Сонымен қатар қол - аяқтың қысқарумен, көздің миопиямен ауырумен, сонымен бірге катарактаның кездесуімен ерекшеленеді. Ақыл-есі кем болды.
Қазіргі таңдағы зерттеулер қорытындысы бойынша бұл аурудың 100 түрлі белгісі анықталған. Зерттеулер қорытындысы бойынша бұл синдромның таралуы тұқым қуалаушылық салдарынан болады. Ғалымдар Маршалл синдромымен ауырған 8 адамды бақылады. Олардың көбінің екі еселенген кемістік бары байқалған. Ол адамдарда туа пайда болған көзінде және естуінде кемістік болған. Көбінің ақыл- есі кем балған.
Маршалл синдромын аутосомды-доминатты ген тасымалдайды. Алайда отбасында барлығы сау синдром тасымалдайтын гені жоқ адамдарда да бұл синдроммен ауырған жағдай тіркелген. Бұл жаңа доминатты мутацияның пайда болғанын көрсетеді
2. Тұқым қуалайтын естімеушіліктің экзогенді көру қабілетінен айырылғандармен үйлесімділігі.
Клинико-генеалогиялық және педагогика-психологиялық зерттеулердің қорытындысы бойынша естімейтін және көрмейтін кемістігі бар адамдарды бақылап, бұл топқа келесі синдромдарды жатқызды. Олар:
1. Гипофизарлық ергежейліктің нейросенсорлық естімеушілік синдромы
2. Джервелла синдромы.
3. Нейросенсорлық естімеушілік және диабет синдромы (Ольстрема
синдромы)
4. Пендреда синдромы
5. Леопард синдромы
6. Синдром генерализаванного шиповидного гиеркератоза
7. Норри синдромы
8. Кератоконус синдромы т.б
Көздің көрмеуі бұл синдромдардың барлығында дерлік кездескенімен пайда болу себебі әр түрлі болған. Бұндай қорытындыға анамнестикалық және клинико-генеалогиялық зерттеу барысында келген.
Баланың нәресте кезінде не дүниге келген уақытта сепсис, менингоәнцефалит, екіжақты пневмномиямен ауыруының салдары көру қабілетінен айыруы мүмкін. Көру және есту қабілетінен айырлыған баланың интеллектісі зақымданган болса бұл педагогикалық процеске қиын болады.
3. Тұқым қуалайтын көру қабілетінен айырылғандардың, әкзогенді есту қабілетінен айрылғандармен үйлесімділігі
Бүл топқа жататын балалардың көру қабілетінің бүзылуы әкзогенді есту қабілетінің бүзылуымен қатар жүреді. Есту қабілетінің айырлуының басты себебі сепсис, менингоәнцефалит және екі жақты естімеушіліктің дұрыс емдемеуінің салдарынан, антибиотиктерді көп пайдалануынан болады. Бүл топқа 3 синдромды жатқызды.
1. Марфана синдромы ( нейросенсорлық естімеушілік)
2. Бера ауруы (түқым қуалайтын атрофия)
3. Сьегрен-Ларсена синдромы
Бұл топтагы балаларга диагностика жасау қиын болып табылады.
4. Белгісіз түқым қуалайтын көру және есту қабілетінен айырылғандар
Бұл топқа кездейсоқ екі кемістіктің қатар келуін жатқызады. Бірақ бұл кемістіктердің пайда болу себебі әртүрлі болып табылады және бір-біріне ешқандай жақындығы жоқ. Көптеген зерттеулер тұқым қуалайтын катарактаның кемістікке әкеліп соғатынын көрсетеді. Катарактаны тасымалдайтын ген доминатты түрде кездеседі. Кейбір зерттеулерде катаракта мен қан аралас адамдардың некелесу салдарынан пайда болған балаларда кездеседі екен. Белгісіз тұқым қуалайтын күрделі кемістіктің кездесуі катарактаның доминатты түрде тұқым қуалауынан және нейросенсорлық есту қабілетінің төмендеуінен болады.
5.Экзогенді есту және көру қабілетінен айырылғандар
Бұл топқа жататын балалардың есту және көру қабілетінен айырлуы түрлі экзогенді фактордың әсерінен болады. Бүл факторлардың ішіндегі алдыңғы орында - қызамық түр. Ғ.Ғгазег I. ]\Гога(1978) зерттеуі бойынша бұл ауру туа пайда болатын естімеушіліктің 56%, туа пайда болатын катарактаның 40% на себепші болады екен. Қызамықпен әйел жүктіліктің алғашқы кезінде ауырса бүл өмірге келген баланы Гергг үштағанына әкеліп соқтырады. Сонымен қатар туа пайда болған естімеушіліке, ерте пайда болатын катарактаға, туа пайда болған жүрек ауруына, азқазанның ауруына әкеліп соқтырады. Қызамықтың себебінен пайда болған кеміс балалардың бет-әлпеті бір-біріне үқсаа болады. Бас сүйектері домалақ микроцефальдық формада көрінеді, гипотония, жыныс мүшесінің дамымау, әпикант, мүрны кішкентай қысқа болады.
Отандық және шетелдік ғалымдардың әдебиеттерінде екіқабат кезінде қызамықпен ауыруы күрелі кемістіктерге әкеліп соғатыны жайында баяндалған. Токсоплазма, ауыр түрдегі гепатит, сифилис, эпидемиялық пароит, грипппен т.б аурулармен екі қабат кезінде ауырса олардың инфекциялары жатырдағы балаға жетсе онда ол бала көрмейтін-естімейтін-сөйлемейтін болып күрделі кемістікпен дүниеге келеді. Сонымен қатар анасының қан тобы, резус-конфлик, анасының жүрек аурумен ауыруы да күрделі кемістікке әкеледі.
Зерттеулер нәтижесінде этиологиялық күрделі кемістіктің пайда болуы түқым қуалаудан екендігі белгілі болды.
4. Аралас бұзылысы бар баланың психофизикалық даму кезеңі
1. Қарым-қатынасқа дейінгі кезең;
2. Заттар,әрекеттер арқылы қарым-қатынас орындау кезеңі
3. Шынайы жесттер қалыптасу кезеңі.
Байланысқа түсуге дейінгі кезең. Байланысқа түсуге дейінгі кезең балалардың қоршаған орта және адамдармен саналы түрде байланысқа түсуінің болмауымен сипатталады. Өткен кезеңдерде саңырау-мылқау-соқырды «инертті салмақтар», «қозғалмалы өсімдіктер», «тірі кесектер», «ашулы аңдар» деп марапаттаған теңеулер дәл осы кезеңмен байланысты. Мінез - құлқы бойынша олар шын мәнінде адамның балаларына ұқсамайды. Соқыр-мылқау-саңырау бала оған берілген түсініксіз сезімдерді түсінбейді, ол өзінің ішкі ағзасынан келетін түйсіктерді және сырттан келетін түйсіктерді ажырата алмайды. Оның өзіндік «Мені», әдеттегі балалар сияқты ортадан әлі бөлініп шықпаған, бөліну қаншалықты қозғалыспен байланысты болғанымен. Бала тек қозғалу, жүру кезінде ғана өзін-өзі басқара алады, өзі туралы түсінік қалыптастыра бастайды. Дәл осы қозғалумен, тек жүрумен, қолдарымен жұмыс істеуімен психофизиологиялық механизмдер жүйесінің қалыптасуы байланысты. Бірақ соқыр-мылқау-саңырау балалар көп жағдайда бөтен біреудің көмегінсіз өз бетінше қозғалыс белсенділігін, мақсатты іс-әрекеттерге ұмтылысын, қарым-қатынасқа ұмтылысын көрсете алмайды.
Барлық заттар, тіпті солар арқылы олардың ең қажетті мұқтаждары қанағаттандырылатын заттар да, мұндай балаларға түсініксіз, олар оларды ең маңызды қажеттіліктерін қанағаттандырумен байланыстыра алмайды. Егер соқыр-мылқау-саңырау баланың қолына тамақтандырар алдында қасық беретін болсаңыз, ол тіпті оны тәрелкеге апаруға әрекет жасауға ұмтылмайды да, керісінше, саусақтарын еріксіз ашып қасықты жіберіп қалады. Оған заттардың функционалды мәні белгісіз. Қарама-қарсылық жиі байкалады: соқыр-мылқау-саңыраулар тамақ ішуге жиі қарсыласады. Бұл ата-ананың үйде немесе балалар бақшасында тәрбиешілердің баланы асықтырып немесе қинап тамақтандыруынан, яғни тамақ ішкісі келмей түрған енжар баланың аузына тамақты құйып немесе итеріп, күш көрсету әрекеттеріне жүгінулерінен.
Соқыр-мылқау-саңырау бала, өзінің айналасында адамдар бар екенін, қарнын тойдыру үшін тамақ ішу керектігін білмейді. Әлем ол үшін бос және ешқандай зат жоқ, заттардың функционалды мәнін еліктеу бойынша өз бетінше меңгеру жолы ол үшін кесілген. Кейде соқыр-мылқау-саңырау балалар өз төсегінде отырып, маятник тәрізді жалықтыратын қозғалыстар жасайды- ағзада жиналып қалған биологиялық қуатты шығаруға осылай жол табады, қозғалыс рефлексі жүзеге асырылады.
Байланысқа түсуге дейінгі кезең, оқыту факторлары жоқ жанұяларда ұзаққа созылу мүмкін, себебі оның жақындары балаға тек қызмет көрсетуді, оның биологиялық қажеттіліктерін қанағаттандыруды ғана өз міндеті деп біледі, яғни баланы мүмкін болатын 30 жарақат алудан, құлаудан сақтап жүру, олардың жиһаздардан жарақат алып қалмауын қадағалап жүреді, ата-аналар кейде мұндай балаларды бұрышта немесе кереуетін қоршап, қамауда үстайды (жарақат алып қалмас үшін). Мұнысымен ересектер баланы қозғалысынан, бұлшық еттерін жаттықтыруынан айырады, бағдарлау қызметін дамытуына ортадан бөлініп шығу мүмкіндігіне кедергі келтіреді, яғни онсыз да баяу, оның дене жағынан және психикалық дамуын тежейді.
Бұл баланың ішкі жай күйін көрсетудегі негізгі ролі табиғи қажеттілігін қанағаттандырудан болатын қысымның өсуімен байланысты эмоционалды фактор (аффектті), естен тану дертінің қозуына тиісті. Бала ағзасының бұл биологиялық, бейсаналы сигналдары жанындағыларға оның кезек күттірмейтін тамаққа, шөлге, суықтан қорғануға, қозғалысқа бөліну реакцияларына деген қажеттіліктерін хабарлайды. А.В.Ярмоленко, мәлімет жинаған 50 соқыр-мылқау-саңырау балалардың ішінен 15 адамның оқытқанға дейін дәл осындай жағдайда болғанын растайды. Мысал ретінде зерттеуші соқыр-мылқау-саңырау Ронгхильд Каатаны алады. 14 жасқа дейін қыз механикалық тұрғыда, өзінің кіші інілерімен сіңілерінің бесігін тербетті. Күні бойы ол айналасындағыларға қызықпай, уақытын созылыңқы ыңқылға бере отырып, бір орында отыра алды. Онымен байланысқа түскісі келгендерді тістеді, жабайы аңға ұқсап тырнады, тепті, емдеу курсын алғаннан кейін және әрі қарай оқығаннан кейін оның жеткен жетістігі, орташа соқыр-мылқау-саңырау балаға қарағанда жақсы болды. Егер соқыр-мылқау-саңырау баланы уақытылы арнайы оқуға бермегенде, іс одан да қиын болар еді. И.А.Соколянский интеллекті сақталған, адамдық психикасы қалыптаспаған 24 жасар соқыр-мылқау-саңырауды сипаттады. Ол тіпті жүреде алмады, үнемі өз төсегінің үстінде отырады. Уақыт өте келе ол басын төмен қаратып, қолына тұрды, ол сонымен ағзасының қозғалысқа деген қажеттілігін қанағаттандырды.
Достарыңызбен бөлісу: |