4. Жылулық
Тақырып: Электрондық құралдар
Негізгі сұрақтар:Күшейткіштер мен генераторлар.Электрондық осциллограф.
Тақырып: Оптикалық құралдар
Негізгісұрақтар:Интерференциялық және спектрлік құралдар.Рефрактометрлер.Фотометриялық құралдардың параметрлері.
Дифракциялық тор деп параллель орналасқан ені бірдей саңылаулар жиынтығын айтамыз. Дифракциялық тор әдетте шыны пластинканың бетіне сызат жасау арқылы алынады. 1мм шыны пластинкаға 1200-ге дейін сызат салынады. Егер жарық өткізбейтін бөліктің енін b, ал өткізетін бөліктің енін a десек, онда d=a+b – тор периоды деп аталады. Тор периоды мен жарықтың толқын ұзындығының арасында мынадай байланыс бар: , мұндағы к=0, ±1, ±2...- спектр реті.
Дифракциялық тор күрделі жарықты спектрлерге жіктей алады. Сондықтан дифракциялық тор жарық құрамын зерттеу үшін пайдаланылатын құралдардың негізгі бөлігі болып саналады. Ол құралдарды торлы спектрлік құралдар немесе дифракциялық спектроскоп деп атайды.
Оптикалық өлшеулерде қолданылатын әртүрлі қабылдағыштар ерекше талғамды қажет етеді. Олардың әрқайсысы үшін әртүрлі толқын ұзындығының энергиясына деген сезімталдығының әртүрлі қисығы сәйкес келеді.
Жарықты өлшеу объективті энергетикалық өлшеулерге қарағанда субьективті. Олар үшін тек көрінетін жарық үшін қолданылатын жарық бірліктері енгізіледі.
Халықаралық бірліктер жүйесіндегі негізгі жарық бірлігі – кандела (кд). Ол жиілігі 540-1012 герц, энергетикалық күші болатын жарық күші.
Жарық ағыны Ф-тің (оптикалық сәулелену қуаты) бірлігі - Люмен (лм): 1Люмен деп жарық күші 1кд болатын нүктелік көздің 1ср денелік бұрыш ішінде шығаратын жарық ағынын айтады. (1лм=1кд-ср).
R жарық шығарғыштық деп — жарқырап тұрған ауданы S – болатын беттің қосынды ағынын айтады.
Жарық шығарғыштық өлшем бірлігі — люменнің метр квадратқа қатынасы (лм/м2).
Қандай да бір φ бағытындағы жарық шығарып тұрған беттің жарқырауы деп I жарық күшінің S ауданшасының таңдап алынған бағытқа перпендикуляр бағытқа проекциясының қатынасына тең шаманы айтады.
Жарқыраудың өлшем бірлігі— канделаның метр квадратқа қатынасы (кд/м2).
Жарықталыну Е — деп S ауданға түсіп тұрған Ф жарық ағынының осы ауданға қатынасын айтады.
Жарықталынудың өлшем бірлігі — люкс (лк): 1Люкс деп 1м2 – ауданға 1лм ағын түсіп тұрған жарықталынуды айтады. (1лк=1лм/м2)
Рефрактометр заттың сындыру көрсеткішін анықтайтын құрал. (Сұйық және мөлдір заттардың). Оның құрылыс принципі жарықтың толық ішкі шағылуына негізделген. Рефрактометр екі тік бұрыш үшбұрышты шыны призмалардың гипотенузалар жағының арасында сындыру көрсеткіші анықталатын ерітінді болады.Жоғарғы призманың төменгі жағы(АВ) буалдыр бет болады. Одан жарық еріндіге әртүрлі бұрыш жасай түседі.
Достарыңызбен бөлісу: |