Сондай-ақ сыни тұрғыдaн oйлaй бiлeтiн тұлғa дaярлaу бүгiнгi күннiң тaлaбы eкeнiн eскeріп, сыни тұрғыдaн oйлaуғa үйрeту aрқылы жaңa aлынғaн бiлiмдi өз бeтiмeн мaғынaсын aйқындaйтын жәнe ұштaйтын дәрeжeдe шeшiм қaбылдaй бiлeтiн тұлғaлaрды қaлыптaстыруды мақсат етіп қойдым.
Жоғарыда айтқан сөздерімнің дәлелі ретінде тәрбие саласы бойынша мектеп-гимназиямызда өтілген "Құқық бұзушылық және қылмыстың алдын алу шаралары" тақырыбындағы аудандық семинарды атап өтуіме болады деп ойлаймын. Мектеп мұғалімдерінің бағдарлама идеясын түсініп игергендігінің айғағы сол болар, өтілген сыныптан тыс жұмыстарға ата-ана мен оқушы бірге тартылды. Сондай-ақ сыныптан тыс іс-шаралар топтық жұмыс, диалогтік оқыту, сын тұрғысынан ойлауға үйрету, оқытуды басқару мен көшбасшылық, оқыту мен оқуда АКТ-ны қолдану, дарынды және талантты балаларды оқыту модульдерін қолдану арқылы өтілді. Бұрын сыныптан тыс жұмыстар бірсарынды, жаттанды тәсілмен, яғни әдеби-музыкалық монтаж түрінде өтілетін еді. Бұл семинарда өтілген іс-шараларда оқушылар мен ата-аналардың ой-пікірлері ортаға салынды, алдын ала сценарий бойынша дайындалмады. Тек ортаға мәселелер мен түрлі сұрақтар тасталып, талқыланды. Оқушылардың бойынан өзгеріс байқалды. Олар өз ойларын еркін айтып, дәлелдеуге тырысты. Оқушыларға өз ойын еркін айтқызған жағдайда олардың өз қолымен тәрбие мәселесін шешуге болатындығы айқындалды. Сондай-ақ ата-аналардың мұндай жұмыстарға тартылуының да мектептегі тәрбие мәселесін шешуге көп септігі болатындығы білінді. Аудандық семинар белгіленген күннен бастап сынып жетекшілер жоғарыдағы тақырып бойынша іс-шаралар өтілетінін оқушыларға ескертіп, өз бетімен ізденуге, сын тұрғысынан ойланып, іс-шараларды қалай өткізуге болатындығы жөнінде өз ойларын ортаға салып үлес қосуларына болатындығын, дәстүрлі әдістен бөлек қандай шаралар өткізуге болады дегендей оқушыларға шығармашылық еркіндік ұсынды. Сонда оқушыларымыз күнделікті мектеп өмірінде, оқушылар арасында орын алып жатқан келеңсіз оқиғаларды бейнекамераларға түсіріп, осы мәселелерді шешу жолдарын қарастыруды ұсынды. Сонымен бірге өз көзқарастарын ортаға салып, мәселенің көп болып қолға алғанда ғана шешілетіндігін білдірді. Қоғам, яғни ата-ана, мұғалім, оқушы болып біріккенде ғана түрлі мәселелерді шешуге болатындығын айқындауға тырысты. Оқушыларымыздың осы әрекеттерінен, егер өз ойларын еркін айтқыза білсек, өз бетімен іздендіре білсек, өздерін жұмыс жасата білсек келешекте өмірден өз орнын табатын, кез-келген жағдайдан жол тауып шыға білетін, қолжетімді мақсат қоя білетін нағыз көшбасшы құзіретті тұлға етіп тәрбиелей алатынымызға көзіміз жетті.
Ал, енді білім беру саласындағы өзгерістерге тоқталатын болсам, мектептегі білікті, шығармашыл, ізденімпаз ұстаздарымыз білім берудегі инновациялық әдістердің тиімділігіне күннен күнге көз жеткізіп келеді. Оның айғағы ұстаздарымыз күнделікті сабақтарын жеті қуатты педагогикалық құрал болып табылатын модульдерді кіріктіре және ықпалдастыра отырып өткізуге дағдыланды. Мұғалімдеріміз оқушылардың сабаққа қызығушылығы мен белсенділіктерін топтық жұмыс арқылы, ЖАДА арқылы сонымен қатар өз бетімен іздендіру, өз бетімен жұмыс жасату, шығармашылық еркіндік беру, сын тұрғысынан ойлауға үйрету сияқты әдістермен арттырып келеді. Әсіресе, топтық, жұптық жұмыстағы оқушылардың өздеріне жұмыс жасатудың тиімділігін баса айтуда. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау модулінің тиімділігін басты назарда ұстап отыр. Мектептегі өтіліп жатқан пән апталықтары мен мектепішілік семинарлардың барлығы дерлік осы жаңаша оқыту бағдарламасының әдістемесімен өтіліп жатыр. Сөзіме дәлел ретінде математика мұғалімінің сабағынан алған әсерімді жазайын және мұғалімнің өз сөзімен келтірейін. Мұғалім сабағында тек бағыт беруші, басқарушы, ұйымдастырушы, бақылаушы, яғни бір сөзбен айтқанда көшбасшы қызметін атқарды. Ол "Сағат дос" әдісін сабағында тиімді қолданды. Оқушыларына бір-бір сағат макетін беріп кім-кіммен сағат қаншада кездесетіндігін анықтауын сұрады. Дайындаған тапсырмаларына сәйкес сағат он екіде, үште, алтыда, тоғызда кім-кіммен кездесетіндігін анықтап алды. Мұнда оқушылар бір-бірінен сұрау арқылы өзара келісіп алды. Мысалы: Нұра мен Марат сағат он екіде кездеседі.Ал, Марал пен Серікбай сағат үште кездеседі деген сияқты. Әр сағатқа әр-түрлі тапсырмалар дайындалған және кім қай сағатта кіммен кездесетін болса сол оқушымен жұптасып тапсырма орындады. Сол сияқты тапсырмалардың орындалуын да өздері жұптасу арқылы тексерді және үш балдық жүйемен бағалап отырды. Бұл жерде мұғалім оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау модулін қолданды. Сабақта бос отырған, қамтылмаған, бағаланбаған, өздігінен жұмыс жасамаған оқушы болған жоқ. Ал, пән мұғалімі бұрынғы сабақтарында тек өзі сөйлеп, өзі түсіндіріп, өзі бағалайтындығын айта келіп, қазіргі кезде оқушыларға өзіндік жұмыс жасату арқылы оқушылардың басқа нәрсеге мойын бұрмай тек сабақты меңгеруге тырысатындығын, басқалардан қалмау үшін ізденетіндігін, достарынан бағаны дұрыс алу үшін көп ізденіп сабаққа деген қызығушылықтары артып келе жатқандығын айтты. Сондай-ақ оқушылардың бойында жауапкершілік, ынтымақтастық, бір-бірін құрметтеу қасиеттері қалыптасып келе жатқандығын баса айтты.
Курстан кейін де мектептегі іс-тәжірибе кезеңінде құрған шығармашылық тобым, яғни мектепішілік кәсіби қоғамдастық мүшелерімен жұмысымызды жалғастырдым. Сол жұмыстардың нәтижесі бүгінде үш
тәлімалушым деңгейлі бағдарлама тыңдаушылары болып отыр. Деңгейлі бағдарламаны меңгертуге сіңірген еңбегімнің еш кетпегенін, бірінші бетпе-бет кезеңінде көп мәліметтерді біліп, түсініп отырғандарын тілге тиек етуде.
Сөзімді қорытындылайтын болсам, Кембридж бағдарламасы - еліміздің жастарына жылдам өзгеріп жатқан қоғам мен әлемде өзіне сенімді әрі табысты болуға мүмкіндік беретін дағдылары мен түсініктерін дамытуға, өз алған білімдерін өмірде қолдана білуге, функционалдық сауаттылықтарын арттыруға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |