1. ЛАБИРИНТ
Орындалу уақыты: _______________
1. Мәтінді кемінде үш рет оқыңыз
Отаным
Қазақстан – көрікті, жері бай өлке. Тауымыз – биік, даламыз кең. Көрікті де, бай өлкенің иесі – қазақ халқының көңілі даласындай кең, тауындай биік. Кең пейілді қазақтың жерінде әртүрлі ұлттың өкілдері бірлік пен ынтымақта тұрып жатыр. Мен өзімнің отбасы – Отанымды, елімді сүйемін.
Бір минутта оқылған сөз саны ________________
1. Үлкен және кіші сандар
Орындау уақыты: _______________
2. Мәтінді кемінде үш рет оқыңыз
Менің Отаным
Әркімнің туып өскен жері Отан деп аталады.
Қазақстан менің туған жерім, атамекенім. Оның табиғаты алуан түрлі. Онда таулар мен өзендерді, далалар мен ормандарды кездестіресін.
Біздің елімізде әр түрлі ұлттың өкілдері тұрады. Олардың барлығы тату-тәтті өмір сүріп, еңбек етуде. Қазақ халқы қонақжай және ұлттық дәстүрге бай.
Елімнің келешек дамуына сенде өз үлесіңді қоса аласың. Ол үшін сабақты жақсы оқып, алған біліміңді өмірде қолдана білуін керек.
Бір минутта оқылған сөз саны _______________
1. Шульте 3 х 3 кестесі
1. Мәтінді кемінде үш рет оқыңыз
Батыр қоян.
Әдетте орқоянды қорқақ дейді. Бұл жолы ол қорқақтығын көрсетпеді. Бірде қояндар мекеніне жуандау келген улы жылан жақындап келді. Көжектер қорыққандарынан бүрісіп қалды. Осы кезде ана қоян жыланға қарсы шауып, тырнап, тістелей берді. Ол жыланды орнынан тырп еткізбеді.
Жылан сәл қозғалса болды, тарпа бас салады. Тырналап, тістелеп жүріп, ақырында жыланды өлтіріп тынды.
Сөйтіп, көжектерін аман сақтап қалды.
Бір минутта оқылған сөз саны ________________
1. Шульте 3 х 3 кестесі
2. Мәтінді кемінде үш рет оқыңыз
Ақсақ киік
Басқаларынан оқшау қала бастаған жаралы киік оқ тигеніне қарамастан, шоқақтап келеді. Құс сияқты қанаты болмаса да, жерден биік көтеріле алмаса да, жас киік әлі ширақ көрінеді. Бірақ киік пен шапқан аттар арасындағы қашықтық бірте-бірте қысқара түсті.
Кедей ауылдың сыртында ойнап жүрген топ бала бұл көрініске таңырқай қалыпты. Киіктер көзден таса болып, қуғыншылар әбден көрінбей кеткенше топ бала аттылар соңында қалған бозғылт шаңның сүреңіне қарады да тұрды. Әсіресе, топ ішіндегі жасы онға жаңа келген қыз бала әлгі көрініске зер сала қарады. Жас болғанымен оның жүрегінде әлде бір аяныштың ізі қалып қойғандай еді.
Бір минутта оқылған сөз саны ________________
1. Түрлі түсті сандар
2. Мәтінді кемінде үш рет оқыңыз
Балалық шақ
Менің отбасым – кәдімгі отбасыларының бірі. Әкем кедей отбасынан шыққан. Әкемнің орташа білімі болатын. Қолы шебер еді. Сондықтан ол ағаш ұстасы, шешем сауыншы болды. Өмір жақсарып, жұрт дәулетті тұрды. Біздің үйіміз ауылдың шетінде тұратын. Кішкентай бақшамызда алма, шие, алша, қарақат өсетін. Үй сыртындағы алаңда балалар асыр салып ойнайтын. Өзімнің үш жасар кезім әлі есімде. Апам мейрам күні мектепке ала барды. Мен орындыққа шығып тұрып, тақпақ айттым. Оқушылар мені мақтап қол шапалақтады. Содан кейін мен мектепке баруды арман еттім. Ағам мен әпкемдей сабақ оқығым келді. Достарыммен бірге мектептің терезесінен сығалап, оқушылардың жазу жазғанын қызыға қарап тұратынмын.
Бір минутта оқылған сөз саны ________________
1. Шульте 4 х 4 кестесі
2. Мәтінді кемінде үш рет оқыңыз
Аңға шыққанда
Алдымызда бір төбе бар еді. Арғы етегі – ағаш. Соның тұсына барғанда, қасқыр көзімнен ғайып болды. Бір кезде аспанда түйіліп айналған бүркітім төмен қарай сорғалай құлады. Қасқырдың аузына түсіп, жазым бола ма деп қорықтым. Атымды тебініп, шаба жөнелдім. Қалың күртіктің ішіне ат бара алмайды. Жалма-жан атты қаңтарып тастадым. Сыртқы күпімді шештім де, жеңіл киіммен күртікті өрлей, ағаштың ішіне жүгірдім. Мөлшерден қаталасқан жоқ екен. Бүркітім шақырған жерге ентігіп жүгіріп бардым. Оның бір аяғы құрықтай қайыңға қадалған да, бір аяғы қасқырдың төбесінде тұр. Қасқыр сіресіп тартып тұр. Аяғын қалай үзіп әкетпегенін білмеймін. Жүгіріп келген қалпыммен қасқырдың тірсегінен алдым да, қындағы пышағымен ішін осып жібердім
Бір минутта оқылған сөз саны ________________
1. Мәтінді кемінде үш рет оқыңыз
Тоғызқұмалақ
Спорттың түрі көп. Бірі – күшті болуға, екіншісі – жылдамдыққа, үшіншісі табандылыққа баулиды. Ал тағы бір түрі ойлауға үйретеді. Оларға шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ жатады.
Тоғызқұмалақ – қазақ халқының ұлттық ойыны. Бұл ойында сүйек тастарды ұяларға тоғыз-тоғыздан түсіп отыру керек. Тоғызқұмалақ –жылдам есептеуді, тез шешім қабылдауды қажет ететін күрделі ойын. Тоғызқұмалақ-та бір ойынды жарты күн немесе бір күн ойнайды.
Ұлы ақын Абай тоғызқұмалақ ойынының шебері болған. Абай тоғызқұмалаққа үлкен мән берген. Ол атақты ойыншыларды шақырып, жиырма-отыз күн бойына сайыс өткізіп отырған. Бұл туралы Мұхтар Әуезовтің ‘’Абай жолы’’ кітабында жақсы жазылған.
Қазір Қазақстанда тоғызқұмалақ ойынынан халықаралық жарыстар өткізіліп тұрады. Әбілда Ақшораев тоғызқұмалақтан алты рет республика чемпионы болған.
Бір минутта оқылған сөз саны ________________
Достарыңызбен бөлісу: |