1 латын тілініњ шыѓу тегі



бет1/22
Дата06.02.2022
өлшемі1,14 Mb.
#37448
түріОқулық
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті




К.С.Ислям


ЛАТЫН ТІЛІНІҢ ШЫҒУ ТАРИХЫ
Мемлекеттік тілде оқитын студенттерге арналған оқулық

Павлодар


УДК 811.124(075.8)


ББК 81.2Латин-923
И87

С.Торайғыров атындағы ПМУ Ғылыми кеңесі ұсынады


Рецензенттері:
О.Қ. Жармакин - филология ғылымдарының кандидаты, ПМУ профессоры
А.Қ. Кайрбаева - педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, шетел тілдер филологиясы кафедрасының меңгерушісі, ПМУ
И87 Ислям К.С.
Латын тілінің шығу тарихы: оқулық. – Павлодар, 2007. –

80 б.

Оқулықта Ежелгі Рим тарихы сипатталады. Оқулық гуманитарлық факультеттерде оқитын студенттерге ұсынылады. Тарих, тіл үйірмелерінде қолдануға болады.


УДК 811.124(075.8)


ББК 81.2Латин-923

© Ислям К.С., 2007


© С.Торайғыров атындағы Павлодар
мемлекеттік университеті, 2007
Алғы сөз

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі, дәстүрлі европалық біліммен қатар, Қазақстан мәдениеті мен менталитетін ескере отырып дамуда. Университеттік білім жүйесі студенттердің өз тілінен басқа латын және грек тілдерін тереңдетіп оқытуды жетілдіріп, пайдаланып отыр. Себебі орта ғасырлардағы еуропа ғылымының негізі осы тілдер болды және осы тілдер арқылы дамыды. Философия, әлеуметтану, саясаттану, құқықтану, сонымен қатар медицина, биология, химия, пәндері, Ертедегі Рим және Грек ғылымдарына негізделген және терминдеріне, түсініктемелеріне, анықтамаларына сүйенеді.


Осы оқу құралы оқырманды әлеуметтік-мәдени мұраларымен, Ежелгі Римнің мәдениетімен, тұрмысымен, салт-дәстүрімен, өнерімен таныстырады.
Оқулықта жалпы тақрып, латын тілінің шығу тарихы бойынша, материалдар жинақталып топтастырылған, көптеген тарихи деректер берілген. Барлық мәтіндер бағалы және пайдалы мағлұматтар береді.
Негізінен рим халқының әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі, тұрмысы бойынша жинақталған материалдар мемелекеттік тілде оқитын, гуманитарлық факультеттердің студентері үшін немесе тарих, тіл үйірмелеріне қатысатын оқырмандар үшін пайдалы. Бұл деректер оқырманның жан-жақты білімін тереңдетіп, тілге деген қызығушылығын оятады. Адам қаншалықты көп тіл білсе, соншалықты ой-өрісі, рухани байлығы арта түспек.
«Халықтың кемеліне келіп өркендеуі үшін, ең алдымен азаттық пен білім керек». Қазақстанға тәуелсіздік алғаныннан кейін іргесі берік, рухы биік, озық өркениетті мемлекетке айналуына ат салысатын білікті, білімді, жан-жақты дамыған, бірнеше тіл білетін мамандар қажет.
Оқулықтың мақсаты болашақ маманның мәдениеттік, филологиялық қабілетін дамытуға мүмкіндік бере отырып, жанжақты маман дайындау. Дайындық маманның лингвистикалык, коммуникативтік, лингводүниетанымдық кәсіби-бейімделу құзырының құрылуын қарастырады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет