5. Функциялары:
қорғаныш;
барьерлік;
серозды сұйықтық құрамын реттеу;
ағзалардың бір-бірімен жанасқан беттерінің жылжуына қолайлы жағдай жасау;
дәнекертінді жабыспалар пайда болуына кедергі болу.
6. Организмде орналасуы: Іш перде, плевра, перикардтың және бір ұатар ішкі ағзалардың сероздық қабықтарын астарлап орналасады.
4.Қан лимфа және қан түзілу препараты
1.Лимфа түйіні.
|
Лимфа түйіні
|
Бояуы:гемотоксилин-эозин
Жасушалық құрылымдарды ашық көк түспен бояйтын гематоксилиннің негізгі бояғыштарын және жасушаның эозинофильді құрылымдарын қызыл-қызғылт түспен бояйтын эозин болып табылады.
|
3.1)Лимфа түйінінің капсуласы
|
2)Трабекула(перделер)
|
3) Түйін қақпасы
|
4) Түйін қақпасындағы қан тамырлар
|
5) Кортикальды зат(қыртысты зат)
|
а.Реактивтіорталықтары бар лимфа фолликулалары|
б.Тығыз жұмсақ бөлігі (жұмсақ баулар)
|
6)Милықзат (боз зат)
|
в.Тығыз жұмсақ бөлігі (жұмсақ баулар)
|
г.Трабекулалар
|
7)Шеткі синус
|
8) Аралық синус
|
9) Пластиналық денелер,жүйке талшығы мен тамырларының байламы (Фатер-пачини)
|
4.Лимфа түйіндері - пішіні дөңгелек немесе сопақша келген, лимфоциттердің түзілу процесі (лимфоцитопоэз) жүретін шеткі қан түзу мүшесі.
Лимфа түйінінің құрылысы:
*сыртынан дәнекер ұлпалық қапшықпен қапталған. Ол коллаген талшықтарынан, аздаған эластин талшықтарынан және миоциттерден құралған.
*Дәнекер ұлпалық қапшықтан лимфа түйіндері ішіне тарала енетін дәнекер ұлпалық перделіктер бір-бірімен торлана жалғасып, лимфа түйіндерінің негізін (стромасын) құрайды. Олардың аралықтарында лимфа түйінінің негізгі қызметтерін атқаратын оның паренхимасы орналасады.
*Паренхиманың негізін ретикулалы ұлпа құрайды. Лимфа түйіндері сыртқы — қыртысты заттан, ішкі — бозғылт заттан және осы заттардың аралығындағы — қыртысмаңы (паракортикальды) аймақтан тұрады. Қыртысты затты лимфобласттардан, макрофагтардан, дендритті жасушалардан және лимфоциттерден түзілген лимфа түйіншелері және қапшық пен түйіншелер аралығындағы шеткі қойнау құрайды. Бозғылт затты перделіктер, орталық қойнаулар, лимфоидты ұлпадан құралған жұмсақ баулар түзеді. Қыртысмаңы аймағын перделіктер, аралық қойнаулар мен төменгі лимфа түйіншелері және жұмсақ баулар құрайды.
5.Қызметі:
Лимфа түйіндерінде фагоцитоз арқылы бөгде заттар жойылады, Т-және В- лимфоциттер, иммунды денелер түзіледі. Лимфа түйіндері организмдегі қорғаныс және қан түзу қызметтерін атқарады.
6. Орналасуы:
Лимфа тамырларының бойында орналасқан.
2.Лимфа түйіндерінде бояудың жинақталуы.
1.Лимфа түйініндебояудынжиналуы
|
Гематоксилин-эозин
|
3.1)Ми сымдары
|
2)Ми синусы
|
3)Макрофаг
|
|
|
Лимфа түйінінде бояудың жиналуы
|
Бояуы: гемотоксилин-эозин
|
3.1)Бояу құйылғаннан кейінгі тимфа түйінінің бірінші көрінісі
|
2) Милық тығыз бөлігі
|
3) Көк түске боялған макрофагтар
|
4)Лимфоциттер
|
5)Лимфоциттері жоқ бөлігі
|
4.Лимфа түйіндері - пішіні дөңгелек немесе сопақша келген, лимфоциттердің түзілу процесі (лимфоцитопоэз) жүретін шеткі қан түзу мүшесі.
Лимфа түйінінің құрылысы:
*сыртынан дәнекер ұлпалық қапшықпен қапталған. Ол коллаген талшықтарынан, аздаған эластин талшықтарынан және миоциттерден құралған.
*Дәнекер ұлпалық қапшықтан лимфа түйіндері ішіне тарала енетін дәнекер ұлпалық перделіктер бір-бірімен торлана жалғасып, лимфа түйіндерінің негізін (стромасын) құрайды. Олардың аралықтарында лимфа түйінінің негізгі қызметтерін атқаратын оның паренхимасы орналасады.
*Паренхиманың негізін ретикулалы ұлпа құрайды. Лимфа түйіндері сыртқы — қыртысты заттан, ішкі — бозғылт заттан және осы заттардың аралығындағы — қыртысмаңы (паракортикальды) аймақтан тұрады. Қыртысты затты лимфобласттардан, макрофагтардан, дендритті жасушалардан және лимфоциттерден түзілген лимфа түйіншелері және қапшық пен түйіншелер аралығындағы шеткі қойнау құрайды. Бозғылт затты перделіктер, орталық қойнаулар, лимфоидты ұлпадан құралған жұмсақ баулар түзеді. Қыртысмаңы аймағын перделіктер, аралық қойнаулар мен төменгі лимфа түйіншелері және жұмсақ баулар құрайды.
5.Қызметі:
Лимфа түйіндерінде фагоцитоз арқылы бөгде заттар жойылады, Т-және В- лимфоциттер, иммунды денелер түзіледі. Лимфа түйіндері организмдегі қорғаныс және қан түзу қызметтерін атқарады
6.Орналасуы:
Лимфа тамырларының бойында орналасқан.
3.Көкбауыр.
|
Көкбауыр
|
Бояуы: гемотоксилин-эозин
|
3.1)Сероздыжәнеталшықтымембраналар
|
2)Көкбауыр трабекулалары
|
3) Трабекулярлы артерия және вена
|
4)Қызыл пульпа
|
5)Көкбауырдың лимфалық фолликулалары
|
6)Реактивті фолликула центрі
|
7)Орталық фолликулалық артерия
|
4.Көкбауыр - құрсақкуысыныңжоғарыбөлігініңсолжағындағы 9-11 қабырғалардыңтұсындаорналасқансыңармүше. Көкбауырдақанжасушаларытүзіледіәріуақытшасақталады. Соныменбіргекөкбауырдатіршілігінжойған эритроциттер жиналады.
Құрылысы: Ол - үлпершектi ағза, бiрыңғай салалы бұлшық ет жасушалары бар тығыз дәнекер ұлпадан тұратын қабықшамен, сырты сiрнелi қабықпен жабылған. Бұл қабықшадан ағза iшiне бiр-бiрiмен жалғасқан перделiктер өтедi. Перделiктер араларындағы торлы ұлпадан тұратын бөлiктi-жұмсақ ұлпа (пульпа-pulpa) деп атайды. Ол ағзаның үлпершегi (паренхимасы) болып келедi. Әртүрлi қызмет атқаратын жұмсақ ұлпаны - ақ (alba) және қызыл (rubra) деп, екiге бөледi. Көкбауырдың ақ затының лимфоидты түйіндерінде анық көрінетін 4 түрлі аймағы болады: артерия маңы аймағы, көбею орталығы, мантийлі және шеткі немесе маргинальді аймақтар. Боялмаған препаратта ақ жұмсақ ұлпа көкбауырдың бойында бытырап орналасқан ақшыл-сұр домалақ, сопақша құрылым (түйiншек) ретiнде көрiнедi.
5.Қызметтері:
-Қан түзу – лимфоциттердің пайда болуы, оның ішінде антигенге тәуелді түрлері пайда болады;
-Қорғаныс – сүзгібарьерлік;
-Қанның депосы;
-Зат алмасу, көмірсулардың, темірдің холестерин мен билирубин белоктардың синтезіне қатысып, бауырда өтетін синтезге әсер етеді;
-Гемолитикалық қызмет – лизолециттиннің қатысуымен көкбауырда ескірген эритроциттер тіршілігін жойып, ыдырайды;
-Эндокринді қызметіне – эритропоэтинді синтездейді.
6.Орналасуы:
Құрсақ куысының жоғары бөлігінің сол жағындағы 9-11 қабырғалардың тұсында орналасқан сыңар мүше.
4. Қоянның қызыл сүйек кемігі.
|
Қоянның қызыл сүйек кемігі
|
Бояуы: эозин-азур
|
3.1)Синусоидалы қан капиллярындағы жетілген қан жасушалары
|
2)Мегакариоциттер
|
3)Дамып жатқан қан жасушалары
|
4.Сүйек кемігі - қаңқа сүйектерінің жілік бастарындағы, омыртқа денелеріндегі және жалпақ сүйектердегі сүйек кемігі тақташаларының аралықтарындағы ұяшықтарды толтырып тұрған қызыл түсті, қоймалжың шынышаға оңай жағылып, жағынды жасалатын қан түзуші мүше. Құрамында қанның бағаналы жасушалары, гемопоэтикалық эритроидты, гранулоциттер мен мегакариоциттер қатарлы және В-, Т-лимфоциттер ізашарлары орналасқан. Жалпы дене салмағының 5 % құрайды. Ретикулярлы жасушалар, остеогендік жасуша, адипоцит, энделиоциттер, макрофагтар, жасушааралық заттар, эритропоэз, гранулоциттер, мегакариобласттар мен мегакариоциттер тән.
Құрылысы:
*Оның негізін құрамында әр түрлі даму сатысындағы қан жасушалары мен тамырлары бар жіңішке талшықты ретикулалы ұлпа құрайды.
* Сүйек кемігі майында түзілетін барлық қан жасушаларының бастама ізашар жасушалары — көп мүмкіндікті діңгекті жасушалар. Олардан көп мүмкіндікті жартылай діңгекті жасушалар, бір мүмкіндікті бласттар жетіледі.
* Бласттардан эритроциттердің даму қатары (базофилді, полихромотофилді, ацидофилді эритробласт, нормобласт, эритроцит), лейкоциттердің даму қатары (гранулациттер,агранулациттер), мегакариоциттің даму қатары (қантабақшалары) дамиды.
5.Қызметі:
Қызыл сүйек кемігінде ҚДЖ-дан қан жасушаларының барлық типтері дамиды,яғни универсалды қан түзілуді қамтамасыз етеді.
6.Орналасуы:
Жалпақ және қысқа сүйектерде,ұзын түтікті сүйектерде орналасады.
5.Күшіктің қалқанша безі.
|
Күшіктің қалқанша безі
|
Бояуы: жоқ
|
3.1)Капсула
|
2)Майлы тін
|
3)Кортикальды зат
|
4)Милық зат
|
5)Гассаль денешігі-эпителиальды маржандар
|
6)Дәнекер тіні
|
7)Қан тамырлары
|
4.Қалқанша без - барлық омыртқалы жануарларда болатын ішкі секреция бездерінің ішіндегі ең ірісі. Бездің құрылыс қызметін атқаратын бірлігі – фолликулдары. Шар тәрізді, жұмыр, көлемі әр түрлі, іші қуыс қапшықтар. Олардың арасында эпителиоциттердің тобынан тұратын интерфолликулярлы бөліктер болады. Интерфолликулярлы аралшықтардағы тироциттер – парафолликулярлы жасушалар дейді. Тироциттер – пішіні мен көлемі без қызметіне байланысты өзгеріп отырады. Қалыпты жағдайда куб тәрізді, ядросы шар тәрізді, бөлген секреті коллоид түрінде, гомогенді.
Құрылысы:
*Ересек адамдарда оның салмағы шамамен 30-60 г, пішіні таға тәрізді, бірімен-бірі өзара байланысқан екі бөліктен тұрады.
*Қалқанша безде іші шырышты затқа толы қуыстар бар. Шырышты заттан тироксин гормоны бөлінеді, ал оның құрамында йод болады.
*50 жастан әрі қарай калқанша бездің салмағы мен мөлшері кішірейеді. Жаңа туған баланың қалқанша безінің салмағы 1-2 г.
5.Қызметі:
1) тироксин гормоны барлық зат алмасуға (нәруыз бен май) қатысады;
2) ағзаның өсуі мен дамуына әсер етеді;
3) жүйке жүйесі мен жүрек жұмысының қозуын арттырады. Қалқанша бездің қызметі бұзылғанда әртүрлі ауытқулар пайда болады. Қалқанша безден бөлінетін гормондар жетіспесе, адам микседема ауруына шалдығады.
6.Орналасуы:
Қалқанша без көмекейдің алдыңғы жағына орналаскан.
6.Қызыл сүйек кемігі жағындысы.
|
Қызыл сүйек кемігі жағындысы.
|
Бояуы: эозин-азур
|
3.1)Синусоидальды қан капиллярлары
|
2)Әртүрлі сатылардағы эритропоэз және лейкопоэз жасушалары
|
3) Мегакариоциттер
|
4) Сүйек жолақтары
|
4.Сүйек кемігі - қаңқа сүйектерінің жілік бастарындағы, омыртқа денелеріндегі және жалпақ сүйектердегі сүйек кемігі тақташаларының аралықтарындағы ұяшықтарды толтырып тұрған қызыл түсті, қоймалжың шынышаға оңай жағылып, жағынды жасалатын қан түзуші мүше. Құрамында қанның бағаналы жасушалары, гемопоэтикалық эритроидты, гранулоциттер мен мегакариоциттер қатарлы және В-, Т-лимфоциттер ізашарлары орналасқан. Жалпы дене салмағының 5 % құрайды. Ретикулярлы жасушалар, остеогендік жасуша, адипоцит, энделиоциттер, макрофагтар, жасушааралық заттар, эритропоэз, гранулоциттер, мегакариобласттар мен мегакариоциттер тән.
Құрылысы:
*Оның негізін құрамында әр түрлі даму сатысындағы қан жасушалары мен тамырлары бар жіңішке талшықты ретикулалы ұлпа құрайды.
* Сүйек кемігі майында түзілетін барлық қан жасушаларының бастама ізашар жасушалары — көп мүмкіндікті діңгекті жасушалар. Олардан көп мүмкіндікті жартылай діңгекті жасушалар, бір мүмкіндікті бласттар жетіледі.
* Бласттардан эритроциттердің даму қатары (базофилді, полихромотофилді, ацидофилді эритробласт, нормобласт, эритроцит), лейкоциттердің даму қатары (гранулациттер,агранулациттер), мегакариоциттің даму қатары (қантабақшалары) дамиды.
5.Қызметі:
Қызыл сүйек кемігінде ҚДЖ-дан қан жасушаларының барлық типтері дамиды,яғни универсалды қан түзілуді қамтамасыз етеді.
6.Орналасуы:
Жалпақ және қысқа сүйектерде,ұзын түтікті сүйектерде орналасады.
7.Таңдай бадамшасы.
|
Таңдай бадамшасы
|
Бояуы: гемотоксилин-эозин
|
3.1)Шырышты қабық
|
Б.Шырышты қабықтың меншікті
|
В.Таңдайлық бездер
|
2)Бадамшаның кіреберісі
|
3)Лимфалық фолликулалар
|
4)Инфильтрация эпителия крипт лимфоцитами
|
5)Лейкоциттерді эпителий бетіне шығару
|
4.Бадамшалар - мұрын, жұтқыншақ, ауыз қуысының аралықтарына орналасқан бездер.
Құрылысы:
Бадамша таңдай, тіл, жұтқыншақ, түтіктік бадамшалар болып ажыратылады.
*Таңдай бадамшасы – кілегейлі қабықтың қатпарларындағы меншікті пластинкада орналасқан лимфоидты түйіндер. Миндалиналардан таңдайды тереңдей 10-20 крипталар орналасады. Крипта эпителийі құрамында тіршілігін жойған лимфоциттер кездеседі. Жұп болады, көмейдің (ауыз қуысының жұтқыншаққа өтетін шекарасы) екі бүйірінде, ал тіл бадамшасы сыңар болады, тілдің түбірінде, шырышты қабық астында орналасады.
*Жұтқыншық бадамшасы - біреу, жұтқыншақтың жоғарғы және артқы қабырғаларының аралығында жатады, ал бір жұп түтіктік бадамшалар жұтқыншақтың мұрын бөлігінде және есту түтігінің жұтқыншаққа ашылатын тесігін қоршай орналасады.
5.Қызметі: Иммундық жүйеге жатады және миндалиналар антигенге тәуелді емес, Т-, В-лимфоциттердің дифференциялануына және тағамның микрофлорасының жай-күйін бақылайтын цензорлық қызметтерге қатысады. Сырттан келіп түскен микробтарды залалсыздандырып, қорғаныс, сүзгілік, барьерлік қызмет атқарады.
6.Орналасуы:мұрын,жұтқыншақ,ауыз қуысының аралықтарында орналасқан.
8.Адам қанының жағындысы.
|
Адам қанының жағындысы
|
Бояуы: Романовский-Гимзаәдісі
|
3.1)Эритроциттер
|
2)Лимфоциттер
|
3)Моноцит
|
4)Нейтрофильдігранулоциттер
|
5)Эозинофильді гранулоцит
|
6)Базофильді гранулоцит
|
7)Тромбоциттер
|
4.Қан – консистенциялық сұйық болғандықтан, қан тамырлар ішінде айналып, негізгі функцияларын атқаруға қабілетті ішкі орта тіндерінің ерекше түрі.Құрылысы:
*Қан — ағзадағы дәнекер ұлпасының бір түрі. Қан қан клеткаларынан және сұйық плазмадан тұрады. Қан клеткаларынаэритроциттер, лейкоциттер және тромбоциттер жатады. Қанның бұл клеткалары бүкіл қанның 40-45%-ын, ал плазма 55-60%-ын құрайды.Ересек адам қанының көлемі 5 – 5,5 л құрайды. Олардың 1 л циркуляциядан шығып, депода(қор, жинақ) – негізінен, талақта, бауырда және теріде сақталады, бұл гомеостазды сүймелдеуге қажет. Қанының 30% көлемінен айырылуы организмді өлімге ұшыратады.
5.Қызметі:
1)асқорыту – қан, ұлпалар мен мүшелерге қоректік заттарды, суды, минералды тұздарды және витаминдерді тасымалдайды;
2)бөліп шығару – қан бөліп шығару мүшелері арқылы ыдырау өнімдерін шығарады;
3)тыныс алу - өкпе мен ұлпалардың арасында газ алмасу процесін қамтамасыз етеді;
4)регуляторлық - әр түрлі мүшелердің гуморальдық реттелуін анықтайды, ағзада гормондар мен басқа заттарды жеткізеді, олар мүшелердің қызметіне әсер етеді (күшейтеді немесе бәсеңдетеді);
5)қорғаныш – қанның құрамында фагоцит қабілеті бар жасушалар болады және арнайы ақуыздар - антиденелер болады, олар улы ағзалардың көбеюіне кедергі жасайды да оларды бөліп шығарады;
6)терморегуляторлық – қан ағзаның тұрақты дене қызуын сақтайды;
7)трофикалық – қоректік заттарды жасушалар мен тіндерге тасымалдау;
8)гомеостаздық- организмнің ішкі ортасының қатынасты динамикалық тұрақтылығын сүйемелдеу.
6.Орналасуы:
Организмнің ішкі ортасы.
Достарыңызбен бөлісу: |