Басқарушылық талдауды жүргізу қажеттілігі бірнеше факторлармен анықталады:
1) ол кәсіпорынның даму стратегиясын әзірлеу кезінде және жалпы тиімді менеджментті іске асыру үшін қажет, өйткені басқару циклының маңызды кезеңі болып табылады;
2) ол сыртқы инвестор тұрғысынан кәсіпорынның тартымдылығын бағалау, кәсіпорынның ұлттық және өзге рейтингтеріндегі ұстанымын айқындау үшін қажет;
3) басқарушылық талдау кәсіпорынның резервтері мен мүмкіндіктерін анықтауға, кәсіпорынның ішкі мүмкіндіктерін сыртқы орта жағдайларының өзгеруіне бейімдеу бағыттарын анықтауға мүмкіндік береді.
Кәсіпорынның ішкі талдауын жүргізу нәтижесінде бірқатар сәттерді анықтауға болады:
кәсіпорын өзін артығымен асыра бағалайды ма әлде кем (төмен) бағалайды ма немесе бағаламайды ма;
ол өзінің бәсекелестерін асыра бағалайды немесе кем (төмен) бағалайды ма немесе бағаламайды ма;
нарықтың қандай талаптарына ол тым үлкен немесе керісінше, аз мән береді.
Басқарушылық талдаудың мақсаты- басқару шешімдерін қабылдау, даму нұсқаларын таңдау, стратегиялық басымдықтарды анықтау үшін меншік иелеріне және (немесе) менеджерлерге (басқа да мүдделі тұлғаларға) ақпарат беру.
Басқарушылық талдау- бизнестің ағымдағы жағдайын, оның күшті және әлсіз жақтарын бағалауға, стратегиялық проблемаларды анықтауға бағытталған кәсіпорынның ішкі ресурстары мен сыртқы мүмкіндіктерін кешенді талдау.