1-Лекция. Математиканы оқыту әдістемесінің, негізгі мәселелері мен мақсаттары


Лекциялық курстарды дайындаудың негізі



бет7/7
Дата09.08.2017
өлшемі1,31 Mb.
#23067
1   2   3   4   5   6   7

Лекциялық курстарды дайындаудың негізі Лекция – білім беру шеңберінің басты бөлігі. Оның мақсаты – білім алушылардың білім материалын игеру үшін бағыттаушы негіз қалыптастыру болып табылады. «Лекция» сөзі латын тілінде «lection» – оқу дегенді білдіреді. Лекция Ертедегі Грецияда пайда болып, ары қарай Ертедегі Римде және орта ғасырларды өзінің дамуын жалғастырды. М.В.Ломоносов оқытушылардың лекция кезіндегі жанды сөздерін қатты бағалаған. Ол «жүйелі түрде шешендіке үйрену керек» деп есептеген. Сондықтан ол лекторларға тек қана ережелер мен басқа авторларды оқуды ғана емес, сөйлемдерді сөйлеу мен құрастыруға жаттығу арқылы өздерінің «ақыл-ойын шыңдауға» кеңес беріп отырған. Михаил Васильевич Остроградский лекцияның ғылыми жағына да, әдістемелік жағына да үлкен мән беріп отырған. Оның лекциялары өткенді қайталаудан басталып, жаңа тақырып бойынша пікір таластырулар мен дәлелдеу әдістері келтіріліп, қорытындылар жасалатын, әрі қарай жергілікті оқымыстылардың өмірі мен қызметтеріне экскурстармен қызықтырылып аяқталатын болған. Т.Н.Грановскидің лекцияларының кереметтігі сонша, кітап пен оқулықты екінші орынға жылжытатын. Тимирязев, лекциялар ғылыми мәселелерді ынтамен, идеяларға қызығушылық тудырумен сәйкестендуруі керек деп есептеген. Замандастарының айтуынша, Менделеев лекцияларында «тыңдаушылардың көзінше ойдың дәндерінен, бұтақтанып, қатты гүлдей бастайтын және тыңдаушыларды алтын жемістерімен көміп тастайтын алып бұтақтар өсіп шығатын». Соңғы кезде, лекторлық шеберлік мәселесін белсенділендіретін, «студенттердің лекторды еркін таңдауының» тенденциясы орын алуда. Лекцияға қойылатын талаптар: - лекция мен сабақ берудің адамгершілік жағы, - ғылымилық және ақпараттық (заманауи ғылыми деңгей), - дәлелдер мен аргументтілік, -жарқын, - сенім тудыратын мысалдардың, факттардың, негіздердің, құжаттар мен ғылыми дәлелдердің, мазмұндау формасының эмоцианалдығы, - тыңдаушылардың ойларын белсенділендіру, - ойлау үшін сұрақтар қою, - әдістемелік қырлау (басты ойлар мен жағдайларды бөліп көрсету, - қорытындылардың астын сызу, - оларды әртүрлі формаларда қайталау, - түсінікті және тартымды тілмен мазмұндау, - қайта ендірілген терминдер мен атауларды түсіндіру, - мүмкіндігінше аудиовизуалдық дидактикалық материалдарды пайдалану т.б.) Лекцияның қүрылымы - лекцияның жаспары мен мақсатын айту және соған қатал сәйкес болу, - жоспарға емтихан билеттерін құруға ендірілетін, лекцияның негізгі байламдарын қосу, - бұрынғы лекцияның мазмұнын айта кету және оны жаңа материалмен байланыстыру, - оқылып жатқан пәндегі және басқа пәндер жүйесіндегі жаңа матриалдың орыны мен тағайындалуын көрсету, - тақырыпты ашуда индуктивтік әдістерді (ғылыми қорытындыларға әкелетін мысалдар мен факттар) қолдануға болады, - тақырыпты ашуда дедуктивтік әдістерді (соңында нақты мысалдарға қосымшалауға мүмкіндігін көрсетуге болатын жалпы жағдайларды түсіндіру) қолдануға болады, - әрбір сарапталып жатқан жағдайлар бойынша, оларды қайталау, дауыс екпінін қою арқылы бөліп көрсете отырып, қорытындылар жасап отыру, - лекция соңында тыңдалғандардың қорытындысын шығару. Дәстүрлік лекциялар ақпараттық деп аталып, бірнеше түрлерге бөлінеді: - кіріспе лекция, - жалпылау-кіріспе лекциялар, - жалпылау лекциясы, - проблемалық лекция, - екі адамның диалог лекциясы, - жоспарланған қателер лекциясы, - пресс-конференция лекциясы, - дискуссия-лекциясы, - аралас лекция, -интербелсенді лекция, т.б. Интербелсенді лекция үйренушінің қандай да бір тақырып немесе мәлімет бойынша бірлескен әрекеттер негізінде (топтық пікір алмасу, талқылау, пікірталас, ой қозғау, т.б.) студенттерде өзіндік пікір мен көзқарас қалыптастыруға бағытталады. Интербелсенді лекцияда негізгі қағида «беру», «үйрету» емеc - «ұсыну» болады. Ұсынылған мәлімет бойынша студенттер бірлескен белсенді әрекеттер арқылы өздігімен жаңа білім құрастырады. Интербелсенді лекция тақырыпты дамытуға, тереңдетуге бағытталады Дәстүрлі монолог түріндегі лекция «студенттердің қарастырылатын тақырып бойынша білімі мен деректері жоқ немесе жоқтың қасы» деген қағиданы ұстанады. Сол себепті де дәстүрлі лекция ақпараттың көп мөлшерін «беруге» мүдделі. Студенттер мұнда әдетте бәлсенді (пассив) әрекеттер атқарады: тыңдайды, көшіреді. Интербелсенді лекцияның негізгі ұстанымы келесідей болады: «Студенттер қарастырылатын тақырып бойынша сабаққа дайындалып келген, олардың белгілі бір білімдері бар болғандықтан, лекцияда сол білімдерді дамыту және тереңдету керек». Студенттер силлабуста берілген ақпарат бойынша бүгінгі лекция тақырыбы мен негізгі мәселелерінің қандай екендігін, оған қандай әдебиет көздері арқылы дайындалуға болатындығын, ол бойынша қандай тапсырмалар берілгендігін жақсы біледі. Сол себепті де олар лекцияға шама-шарқынша дайындалып келеді. Ал лекция олардың білгеніне негізделіп, сол білімдерін өрбітуді мақсат тұтады. Интербелсенді лекцияда материал басылған мәтін түрінде беріледі Дәстүрлі лекцияда оқытушы ақпараттың негізгі көзі болғандықтан студенттер көбіне-көп оның айтқанын көшірумен айналысады. Мұндай бәлсенді (пассив) әрекеттер студенттердің лекция материалын терең меңгеруге жол бермейді: студенттер көп жағдайда өздерінің үйренуін лекция мәліметтерін есте сақтау, қайталау мен жаттау әрекеттерімен ғана шектейді. Интербелсенді лекцияның мәтіні ауызша оқылмай, жазбаша үлестірмелі материал түрінде таратылып беріледі. Оқытушы лекцияны ауызша түрде студенттер тарапынан туындаған сұрақтарға жауап бергенде, лекция тақырыбын толықтырғанда ғана келтіруі мүмкін. Сол арқылы уақыт та үнемделіп, студенттер де оқу материалын өздік тұрғыдан игеру әрекеттеріне белсене араласады. Интербелсенді лекция диалог түрінде өтеді Қарым-қатынас келесі форматтарда өтуі мүмкін: оқытушы – студент/студенттер, студент – студент, студент – тақырып, студент – басқа пікір (зерттеуші, оқулық, т.б.). Интербелсенді лекцияда ой қозғау мен өмірден алынған нақты ситуацияларды талқылау және шешу тәсілдерін қолданған тиімді. Интербелсенді лекцияда материал тұтастай емес, бөлшектеліп беріледі Интербелсенді лекцияда бағалау жазба жұмыстары арқылы жүзеге асырылады Студенттердің сабақта қалайша жұмыс жасағандығын, оның материалды қандай деңгейде игергендігін білу мақсатында лекция аяғында жазба жұмыстарын (ауызша ой-толғаныс әрекеттерінен кейін) орындау керек. Интербелсенді лекция кері байланыспен аяқталады Кері байланыс дегеніміз сабақтың соңында студенттерге бірнеше сұрақ қойып, олардың ойларын, қандай сұрақтары мен мұқтаждары бар екендігін, бүгінгі сабақ туралы пікірлері қандай екендігін анықтау. Бұл жауаптар алдағы сабақтарды жоспарлауда қолданып, келесі сабақты студенттердің пікірлері негізінде құрастыруға бағыттайды. Акмеология және педагогикалық үрдіске акмеологиялық қатынас Акмеология (грек сөзі; акте – «шың», «төбе», «бір нәрсенің жоғары сатысы», «гүлденген» күші) – ғылыми білімнің жаңа облысы, ғылыми пәндердің кешені, мұның зерттеу нысаны – өзінің жұмысында, әртүрлі өмірлік салаларда өзіндік дамуының, өзіндік жетілуінің, өзіндік анықталуының динамикасындағы адам болып табылады. Акмеология пәні – адамның шығамашылық потенциалы, субъекттің (тұлғаның немесе тұлғалар бірігуінің) қызметінің жоғары шыңына ұмтылысындағы шығармашылық потенциалы ашылуының әр деңгейінің, өз мүмкіндіктерін іске асырудың заңдылықтары мен шарттары. Акмеологияның міндеттері – әртүрлі қызмет салаларында, соның ішінде өзі қалаған мамандықтарда немесе мамандықта, субъекттің өз мүмкіндіктерін тиімді іске асыруын қамтамасыз ететін, білімдермен және технологиялармен оны қаруландыру. Тұлға дамуның арнайы қасиеттері: - имманенттілік: даму дегеніміз тұлғаның табиғат берген мызғымас қасиеті; - биогенділік: тұлғаныі психикалық дамуы көп жағдайларда тұқым қуалайды; - социогенділік: әлеуметтік ортаның ықпалы; - психогендік адам – өзін-өзі реттейтін және өзін-өзі басқаратын жүйе; - даралық: тұлға – өзіндік дара сапасымен және өзіндік даму нұсқасымен ерекшеленетін, ерекше құбылыс болып табылады; - кезеңділік: тұлғаның дамуы циклдылықтың жалпы заңына бағынады; - сызықтық еместік: әр тұлға, уақыт кеңістігінде кездейсоқ тараған үдеу мен көтерілу қайшылығын сезіне отырып, өз темпімен дамиды; - жас мөлшері сандық және сапалық сипаттама мен психикалық даму мүмкіндіктерін анықтайды. Оқытудың ақпараттық технологиялары «Білім беру және информатика» атты II Халықаралық ЮНЕСКО конгресі (1996) білім берудің стратегиялық ресурсы – ақпараттық технологиялар болатынын жариялады. Компьютер, телекоммуникациялық және Ғаламтор құралдары ақпаратты игеру мен қабылдауды барынша өзгерте отырып, әртүрлі әрекеттердің интеграциясына жаңа мүмкіндіктер ашады да, осының нәтижесінде қоғам дамуының қазіргі кезеңіндегі оқытудың әлеуметтік мәнді және өзекті мақсаттарына қол жеткізуге жағдайлар жасайды. Оқытудың ақпараттық технологиялары (ОАТ) – оқыту қызметін іске асыру үшін пайдаланылатын электрондық құралдардың жиынтығы мен олардың функцияналдық қызметінің әдістері ретінде анықталады. Білім беруде қолданылатын бағдарламалық-техникалық құралдарының (БТҚ) классификациялық белгілері ретінде келесілерді бөліп көрсетуге болады: дидактикалық бағыт ұстау; бағдарламалық іске асыру; техникалық іске асыру; пәндік қолдану аймағы (область). Компьютердің көмегімен берілетін білімдер жасанды интеллект төңірегіндегі зерттеулерге байланысты, артикулденетін және артикулденбейтін болып бөлінді. Артикулденетін білім бөлігі – бұл жеңіл құрылымданатын, және білім алушыларға ақпаратттарды бөлшектеп (тектік, графикалық, видео т.б.) жіберуге болатын білімдер. Артикулденбейтін білім бөлігі – тәжірибеге, интуицияға ж.б. негізделген білім компоненттерін бейнелейді. Білімнің бұл бөлімі білім алушыға тікелей жіберуге келмейді, олар практикалық есептерді шығару барысындағы өзіндік таным әрекеттері арқылы «табылатын» білік, дағды, интуитивтік бейнелер және басқа адам тәжірибесінің бөлімдері. Осыларға сүйене оттырып, білім берудің бағдарламалық-аппараттық кешенінің классификциясын көрсетуге болады. Осы кешендердің негізіне салынған және артикулденетін білім бөлігін қолданылатын технологиялар декларативтік болып табылады. Оларға жататындар: компьютерлік оқулықтар; берілгендердің оқулық базасы; тесттік және бақылау бағдарламалары және сақтауға, жіберуге және білім алушылардың оқуға белгіленген ақпаратты дұрыс игергенін тексеруге мүмкіндік беретін компьютерлік құралдар. Бағдарламалық-аппараттық кешендерді жасауда пайдаланатын, артикулденбейтін білім бөлігін қолдайтын технологиялар процедуралық болып табылады. Бұл топтың компьютерлік ақпараттық технологияларында (КАТ) бөлшектелген ақпараттар болмайды және олар білімдерді бөлшектелген ақпараттар түрінде тексермейді. Олар әртүрлі моделдер негізінде жасалған. PAGE 1

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет