Педагогикада оқытудың келесі формалары орынды деп саналады: - фронтальды (дәрістер, кино көру);
- топтық (семинарлар, мастер-кластар, білім беру ойындары, тренингтер, жұптық, шағын топтардағы жаттығулар);
- жеке (курстық жұмыс, бақылау жұмысы, ДК, жеке тапсырмалар).
Оқыту құралдары - осының бәрі білім беру сапасының өсуіне ықпал етеді. Оларға мыналар жатады: көрнекі құралдар (кестелер, графика, диаграммалар, суреттер); техникалық оқу құралдары (аудио және видео жабдықтар; мультимедиялық кешен, ИКТ); оқу құралдары. «ПСИХОЛОГИЯНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ» ПӘНІНІҢ МАҚСАТЫ - Психологияны оқытудың мақсаттары әртүрлі: психолог іс-әрекетінің әртүрлі салаларында психологияны оқыту сапасын жоғарылату, білім алушылардың алған психологиялық білімдерін түрлі жағдайларда қолдануға, оларды ғылыми негізде дәлелдеуге үйрету.
«Психологияны оқыту әдістемесі» пәнінің міндеттері: - Білім алушыларға психологияны оқытудың ерекшеліктері туралы білім беру.
- Педагогикалық процесті басқару дағдылары мен қабілеттерін қалыптастыру.
- Білім алушылардың педагогикалық, коммуникативтік қабілеттерін дамытуға ықпал ету.
- Оқу іс-әрекеті қажеттілігін және оны тиімді ұйымдастыра білу қабілетін дамыту.
- Білім алушыларға кәсіби өзін-өзі тәрбиелеу және өзін-өзі жетілдіру әдістерін меңгеруге көмектесу.
- Білім алушылардың таңдаған мамандығы аясында білімі мен тұлғалық дамуына ықпал ету.
Достарыңызбен бөлісу: |