1. Логопедияның обьектісі, пәні, әдістері және міндеттері



бет15/31
Дата24.02.2022
өлшемі103,35 Kb.
#133219
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   31
Байланысты:
дәріс (1) (1)

Қосымша әдебиеттер:
1. Шестакова Е.В. Ринолалия и нарушения голоса : Курс лекций. - Актобе : ИЦ АРГУ им. К. Жубанова, 2015. - 142 с
2. Коржова Г.М. Основы логопедии с историей логопедии : Учебное пособие. - Алматы : КазНПУ им.
Абая, 2014. - 96 с
3. Өмірбекова Қ.Қ. Логопедиялық практиканы жүргізудің әдістемелік нұсқауы : Оқу-әдістемелік нұсқау.- Алматы : Абай ат. ҚазҰПУ, 2014. - 59 бет


8. Дислалия, бұзылымның сипаттамасы, түзету тәсілдері


Аннотация: сөйлеу тілінің айтылуында бұзылған дислалия түсінігіне сипаттама
Кілт сөздер: функция,механика
Жоспар:
1. Механикалық және функционалдық дислалия
2. Мектеп жасына дейінгі дислалияны түзету
3. Дислалия кезіндегі жүргізілетін логопедиялық жұмыстың әдістемесі

Дәріс тезисі: Дислалия – грек тілінен аударғанда ішінара бұзылыс, яғни қалыпты естудегі және сөйлеу аппаратының сақталған иннервациясы кезіндегі сөйлеудің бұзылуы. Сөйлеудің мағыналық жағынан бұзылуы арасында фонемаларды алмастыру анықталады.Мұндай кемшіліктер сөйлеу дыбыстарын анық айтпау, дыбыстарды бір- бірімен алмастырып айту, дыбыстардың кейбіреуін тастап кету түрінде байқалады. Дислалия термині алғаш рет Европада Вильнюс универиситетінің профессоры И.Франктің енгізуімен анықталды. Ол 1827 жылы шығарылған монографиясында сөйлеу тілінің мағыналық жағынан бұзылымының этиологиясын толықтай зерттеді. Кейінірек, ХІХ ғасырдың 30-шы жылдарында швейцар дәрігері Р.Шультс дислалия терминін өз еңбектеріне енгізе отырып, дислалияны артикуляциялық органдардың анатомиялық бұзылымдарынан болатын сөйлеудің мағыналық жағының бұзылуы деп көрсетті. Куссмаульдің классификациясында, Гутцманның еңбектерінде осындай көзқарас анық байқалады.Этиологиялық себептеріне қарай дислалия механикалық (органикалық) және функционалдық болып екі түрге бөлінеді.Механикалық дислалия дегеніміз сөйлеу тілі аппаратының сыртқы органикалық, оның сүйегі мен бұлшық еттері құрылысы ақаулықтарының салдарынан сөйлеу тіліндегі дыбыстардың дұрыс айтылмауы.


Тіл астындағы сіңірдің қысқалығы механикалық дислалияның біршама жиі кездесетін себептеріне жатады.Бұл ақаулықта тілдің қалыпты деңгейден нашар қимылдауы себебінен өте қысқа тіл асты желбезегі оның жоғары көтерілуіне мүмкіндік бермейді. Одан басқа, тілдің ауызға зорға сиып тұратын өте үлкендігінен, жөнді бұрыла алмауынан да, дыбыс шығарудағы сөйлеу тілі мүшелерінің әрекеті бұзылады.Функционалды дислалия дегеніміз дыбыс шығару аппаратында ешқандай кемістік болмаса да, сөйлеу тілі дыбыстарының дұрыс айтылмауы.Басқа сөзбен айтқанда ешқандай органикалық негіз жоқ.Функционалды дислалияның көп тарауының бір себебі баланың сөйлеу тілін үйде дұрыс тәрбиелемеуден. Кейде ересектер, баланың былдырлаған сөзін қызық көріп, ұзақ уақытқа дейін оған өзі де
бейімделіп,шолжыңдасып сөйлесетін болады.Қорытындысында көп уақытқа дейін баланың сөйлеу тіліндегі дыбыстардың дұрыс айтылуының дамуы кешеуілдеп қалады.Баланың сөйлеу тіліндегі дыбыстардың бұзылуы түрліше болады, мысалы, кез келген бір дыбыс сөз ішінде айтылмай түсіп қалса, ал қайсы бірі оларды бұрмалап немесе басқа дыбыспен алмастырып айтуы мүмкін. Алмастырулардың мынадай түрлері болуы мүмкін:
1. Жасалу жолдары жағынан ұқсас, сөйлеу тілі мүшелеріндегі айтылуында айырмашылығы бар дыбыстар алмастырылады, мысалы тіл артық түзелмелі ( шұғыл) дыбыстарын тіл алды т,д шұғыл дыбыстарына алмастырады (Кәмила- Тәмила, гүл-дүл);
2. Сөйлеу мүшелеріндегі айтылуы ұқсас, жасалу жолдарының айырмашылығы бар дыбыстар алмастырылады, мысалы, тіл алды с дыбысы тіл алды т дыбысына алмастырылады. (сабын-табын)
3. Жасалу жолдары ұқсас, ал сөйлеу тілі мүшелерінің әрекеті бойынша айырмашылығы бар с дыбысына алмастырылады.Мысалы: Самат-Фамат
4. Сөйлеу тілі мүшелеріндегі айтылуы және жасалу жолдары ұқсас дыбыстар дауыстың қатысуымен шығатын дыбыстармен, мысалы ұяң дыбыстар қатаң дыбыстармен алмастырылады. ( болат-полат, қозы-қосы)
5. Жасалу жолдары ұқсас дыбыстар мен сөйлеу мүшелерінің белсенді әрекеттері бойынша шығатын дыбыстар жуан және жіңішке белгілерімен айқындалатын дыбыстармен, мысалы: жіңішке дыбыс жуан дыбыспен, жуан дыбыс жіңішке дыбыспен алмастырылады:(өрік-өрық)
6. Сөйлеу тілінде айтылуы бұзылған дыбыстардың мөлшері бойынша дислалия қарапайым және күрделі болып бөлінеді. Егер сөйлеу тілінің айтылуында бұзылған дыбыстардың саны төртке дейін болса, оны қарапайым, ал одан да көп болса күрделі дислалия дейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет