1. Логопедияның обьектісі, пәні, әдістері және міндеттері



бет17/31
Дата24.02.2022
өлшемі103,35 Kb.
#133219
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   31
Байланысты:
дәріс (1) (1)

Қосымша әдебиеттер:
1. Шестакова Е.В. Ринолалия и нарушения голоса : Курс лекций. - Актобе : ИЦ АРГУ им. К. Жубанова, 2015. - 142 с
2. Коржова Г.М. Основы логопедии с историей логопедии : Учебное пособие. - Алматы : КазНПУ им.
Абая, 2014. - 96 с
3. Өмірбекова Қ.Қ. Логопедиялық практиканы жүргізудің әдістемелік нұсқауы : Оқу-әдістемелік нұсқау.- Алматы : Абай ат. ҚазҰПУ, 2014. - 59 бет


9. Тіл кемшіліктерінің клиникалық – педагогикалық жіктелімі.
9.1 Ринолалия, симптоматикасы, алдын алу әдістеріне шолу жасау.


Аннотация: сөйлеу тілінің бұзылымы ринолалияның алдын алу әдістері
Кілт сөздер: ашық ринолалия, жабық ринолалия,органика


Жоспар:
1. Ринолалияның симптоматикасы
2. Алдын алу әдістері

Дәріс тезисі: Ринолалия грек тілінен аударғанда сөйлеу аппаратының анатомиялық- физиологиялық кемшіліктерінен болатын дауыс тембрінің және сөйлеудің бұзылуы деген мағынаны береді. Ринолалия дислалиядан назализациялық (мұрынмен байланысты) бұзылымы жағынан ерекшеленеді. Ринолалия кезінде дыбыстардың арикуляциясы мен фонация өзгерістерге ұшырайды. Мұрын арқылы шығарылатын дыбыстардан басқа


сөйлеу кезіндегі дыбыстар қалыпты фонация кезінде мұрын қуысы мен ауыз қуысының арасынан шығарылады. Мұндай қуыстарды жұмсақ таңдайдың бұлшық еттерінің және жұтқыншақтың артқы жағы мен жанының қысқаруымен анықталатын таңдай- жұтыншақты қабысу болып жіктеледі. Жұмсақ таңдайдың біркелкі қозғалысы арқылы фонация кезінде жұмсақ таңдайдың артқы (жоғары) жағын жұмсақ таңдайдың алдыңғы жағымен байланысы орындалады. (жұтқыншақтың артқы қабырғасының (Пассаван валигі) жуандауы). Таңдай жұтқыншақтың қабысуындағы қызметінің бұзылуының ерекшеліктеріне байланысты ринолалия әртүрлі болады.Жабық ринолалия. Бітеу ринолалия сөйлеу тіліндегі дыбыстардың айтылуы кезінде мұрнынан жақсы естілудің физиологиясының төмендігін сипаттайды.Мұрын жолды м,н,ң,ц дыбыстарының дұрыс айтылатындығы үндерінің өте ашық естілетіндігі байқалады.Бұл дыбыстардың артикуляциясының барысында мұрын жұтқыншақ ашық қалады да ауа мұрын жолына кіріп кетеді.Егер мұрыннан шығатын үн жақсы естілмейтін болса онда бұл дыбыстар м,м- б,б; н,н-д,д,н,ң-ғ болып ауыздан айтылады.Ашық ринолалия Ауыз бен мұрын жолы аралығында қақпа жабық тұрған кезде дауыс дірілі ауыз жолы арқылы өтеді де сөйлеу мүшелеріндегі дыбыстар дұрыс айтылады.Егер ауыз бен мұрын жолының аралығындағы қақпа толық жабылмай бір шеті ашық қалса ауа дірілі мұрын жолына өтіп кетеді.Соның нәтижесінде ауыз бен мұрын жолының аралығындағы қақпа бұзылған жағдайда дауыстың үні жаңғырып естілетін болады.Бұндай жағдайда, әсіресе дауысты дыбыстарды айтқан кезде үннің әуезі өзгереді.Ашық ринолалияда дауысты дыбыстардың үн әуездерінің бұзылуымен қатар кейбір дауыссыз дыбыстардың да үн әуездері бұзылады екен, ысқырық ( свистящие) және ызың ( шипящие) дыбыстарды айтқан кезде қырылдап естіледі.
Ашық ринолалия органикалық және функционалдық болып бөлінуі мүмкін.Органикалық ашық ринолалия іштен туа біткен түрлеріне жұмсақ қатты таңдайдың жарылуы жатады.Сыртқы соққының залалынан пайда болатын органикалық ашық ринолалия түріне ауыз және мұрын қуыстарының зақымдануы және жұмсақ таңдайдың сыртқы соққының әсерінен сал болып қалуы жатады.Функционалды ашық ринолалияның шығу себептері әр түрлі болуы мүмкін. Бұған баланың сөйлеу мүшелеріндегі дыбыстардың айтылуы кезіндегі жұмсақ таңдайдың болбырап босаңсуы мысал болады.Функционалды ашық ринолалияның бір түрі тамақ, көмей бездерінің ұлғайып кеткен ісігін сылып тастағаннан кейін жұмсақ таңдайдың ұзақ мерзімге дейін қимылдай алмайтындығынан пайда болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет