Қосымша әдебиеттер: 1. Шестакова Е.В. Ринолалия и нарушения голоса : Курс лекций. - Актобе : ИЦ АРГУ им. К. Жубанова, 2015. - 142 с
2. Коржова Г.М. Основы логопедии с историей логопедии : Учебное пособие. - Алматы : КазНПУ им.
Абая, 2014. - 96 с
3. Өмірбекова Қ.Қ. Логопедиялық практиканы жүргізудің әдістемелік нұсқауы : Оқу-әдістемелік нұсқау.- Алматы : Абай ат. ҚазҰПУ, 2014. - 59 бет
Аннотация: дизартрия кезіндегі логопедиялық жұмыстардың мазмұны Кілт сөздер: классификация, иннервация,периферия Жоспар: 1. Дизартрия тіл кемшілігі туралы ұғым 2. Дизартрия кезіндегі балаларға берілетін клиникалық психологиялық мінездеме 3. Дизартрия кезінде жүргізілетін логопедиялық жұмыстың әдістемесі
Дәріс тезисі: Дизартрия – сөйлеу аппаратының иннервациясының кемшілігінен болатын сөйлеудің мағыналық жағының бұзылуы. Дизартрия кезіндегі жетекші кемшілік орталық нерв жүйесі және перифериялық сөйлеу аппаратының органикалық бұзылуынан болатын
дыбыстардың мағыналық жағының бұзылуы. Дизартрия грек тілінен алынған сөйлеудің бұзылуы деген мағынаны береді. Дизартрияны анықтауда авторлардың көпшілігі артикуляцияның, дыбыс шығарудың, дауыс тембрінің, ырғағының, интонацияның ерекшеліктеріне сүйенеді. Дизартрия кезіндегі сөйлеу тіліндегі кемшілік нерв жүйесінің зақымдану деңгейіне байланысты анықталады. Дизартрияның жеңіл түрінде сөйлеудің анықтығы жойылады, ал күрделі түрінде сөйлеу кезіндегі дыбыстардың айтылмауы, мәнерліліктің жоғалуы, сөйлеу темпінің жойылуы анықталады. Орталық нерв жүйесінің күрделі бұзылымдары кезінде сөйлеуге қатысатын қимылдық бұлшық еттердің салдануынан сөйлеудің мүмкіндігі жойылады. Сопақша ми дизартриясы(бульбарная) артқы мидың құрамына кіретін сопақша мидың қабыну немесе ісіну ауруларына шалдыққан кезде пайда болады.Сонымен сопақша миға орналасқан бас сүйек пен миға қатысты қимылдатушы тіл асты, тіл жұтқыншақ кейде үш жақты, кезбе нервтерінің маңызды бөліктері(ядролары) бұзылады.Сопақша ми дизартриясы жұтқыншақ,көмекейдің, тілдің жұмсақ таңдайының бұлшық еттерінің сал болып немесе әлсізденіп қалуымен сипатталады.Бұл сияқты ақаулығы бар баланың қою және сұйық тамақты жұтуы және шайнауы қиындайды.Сөйлеу тілінде ұяң дыбыстар айтылмайды.Жұмсақ таңдайдың әлсізденуінің салдарынан іштен шығатын ауаның ағыны мұрын жолы арқылы еркін өтеді де айтылатын барлық дыбыстар мұрыннан ыңылдап естілетін болады.Ми қыртысы асты дизартриясы бас ми қыртысының астындағы тораптардың зақымдануынан пайда болады.Ми қыртысы асты дизартриясы бұлшық еттер күш-қуатының ширығуының әсерінен және гиперкинезімен сипатталады. Гиперкинез дегеніміз баланың бақылауынсыз сөйлеу тілі мүшелеріндегі және мимикалық бұлшық еттерінің еріксіз күшпен қимылдауы. Бұндай қимылдар тыныш тұрған жағдайда байқалады,бірақ бұл әдеттер сөйлеген кезде күшейеді.Кейде еріксіз айқайлап дыбыстардың көмейді бұзып-жарып шығатыны байқалады.Балалар сөзді, сөйлемді жылдамдатып тез-тез сөйлейді немесе керісінше сөздерін бөліп-бөліп айтады,Ми қыртысы асты дизартриясының ерекшелігі сөйлеу тілінің шапшаңдығы , ырғағы. Сарыны жағынан ұйқастығының бұзылуымен сипатталады.Мишық дизартриясы. Қысқа қайырылатын келте сөздермен, кейде жеке дыбыстардың шаңқылдап қатты естілуімен сипатталады.Мишық дизартриясының таза түрі балаларда сирек кездеседі.Ми қыртысы дизартриясы басқаларынан ажыратып тану және бөліп алу өте қиын ақаулық. Ми қыртысы дизартриясында сөйлеу мүшелерінің дыбыстардың айтылу кезіндегі еркін қозғау бұзылады.Ми қыртысы дизартриясының дыбыстардың айтылуындағы көріністер бойынша қозғаушы алалияға ұқсастығы бар, себебі ең алдымен сөздің буындық-дыбыстық айтылуы бұзылады.Балалардың дыбыстарды жеке тұрғанда анық айтуға қабілеті бар, ал сөйлегенде сөздерінің құрамындағы сол дыбыстарды орындарын алмастырып шатастырып,әсіресе тіркесіп келген дауыссыз қатары бұзылып, жылдамдатып тез-тез сөйлегенде тұтықпаға ұқсап кекештеніп қалады.Балаларда ең жиі кездесетін ақаулықтардың түрлері жалған сопақша ми дизартриясы. Жалған сопақша ми дизартриясы баланың жас кезіндегі, босанып жатқан уақытта немесе құрсақтағы кезеңінде энцефалит,құрсақ зақымы, интоксикация тағы басқа ауруларға шалдығуларының салдарынан мидың органикалық зақымдануының нәтижесінде болады.Баланың бас ми қыртысынан тіл жұтқыншақ ядросына , кезбе және тіл асты нервтеріне баратын өткізгіш жолдарының зақымдануына байланысты жалған сопақша мидың сал болып қалуы немесе әлсіреуі пайда болады.Жалған сопақша мидың сал болып қалуының нәтижесінде баланың жалпы сөйлеу тілінің қозғаушы мүшелері бұзылады.Нәресте нашар емеді,шашалады,қақалады,нашар жұтады.Аузынан сілекей ағады,беттің бұлшық еттері бұзылады.
Дизартрияға шалдыққан балаларды оқытудың алдында сөйлеу тілі мүшелерінің қозғалуын, дыбыстарының айтылуын және жалпы сөйлеу тілін егжей-тегжейлі мұқият тексереді.Логопед оқушылардың сөйлеу мүшелерінің және ымдау бұлшық еттерінің
жансыздану дәрежесімен таныс болу керек, себебі сөйлеу тілі мүшелеріндегі тиісті дыбыстардың бұзылуы осымен анықталады.