№1 Махамбет жырларында Исатай бейнесін сомдаудағы ақынның тіл шеберліктерін мысалдар арқылы талдап жаз


№42 Табысты болу адамның бәсекелестік қабілетінің көрінісі



Pdf көрінісі
бет42/50
Дата07.02.2022
өлшемі0,71 Mb.
#85004
түріReferat
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   50
Байланысты:
50 esse gumanitar 2019

 
№42 Табысты болу адамның бәсекелестік қабілетінің көрінісі. 
Тіршілік бар жерде бәсекелестік бар екендігі анық. Жер бетіндегі кез келген тіршілік иесі бір 
бірімен бәсекелесе, бірін бірі шарт етіп, қарама қарсылықтың бірлігімен күн көріп келеді. 
Олай болса, күллі тіршіліктің ардақтысы саналатын адамдар арасында бәсекелестіктің 
орнауы мен дамуы басты табиғи әрі қажетті дүние деп білемін. Бір сәт ой жүгіртіңізші, егер 
адамдар саналы, ойлы болмаса, қоғам қалай дамиды? Ұлт пен ұлттың, ел мен елдің арасында 
бәсеке болмаса, адамзатқалай өркендейді? Сол себептен табысты болудың алғышарты 
бәсекелестік қабілеттің болуы.Сонда бәсекелестік қабілеттің бізге берер пайдасы қандай? 
Елбасының биылғы жолдауында қазіргі таңда жеке адам ғана емес, тұтас халық бәсекеге 
қабілеттілігін арттырса ғана табысқа жетуге мүмкіндік алатынына ерекше тоқталған. Бұдан 
адамның бәсекелесе алуы тек бір адамға ғана емес, айналаңдағы, жалпы қоғамға 
пайдасының орасан зор екендігін айтқым келеді. Яғни, бәсекелестік тек саған ғана емес, 
өзгелерге де табыс әкелетіні сөзсіз. Сөзімнің дәлеліндей қарапайым мысал алайық. Мысалға 
мектептегі өмірді алсақ. Сыныпт үлгерімі деңгейлес балалар бір бірімен неғұрлым бақталаса 
оқыса, олардың құлшынысы оянып, көрсеткіштері мен нәтижелері соғұрлым жоғары бола 
түсетіні анық. Сондықтан болар бір бірімен жарыса отырып, өзгеге де, өзіне де жеңіске 
жетудің жолын ашып бере алады. 
Менің ойымша, табысқа жету үшін, бәсекеге қабілетті болудың тағы бір тиімді жағы даму 
мен прогресс , алға ұмтылушылықтың байқалатындығында. Алдына нақты мақсат қойып, 
мен жетемін деген адамдарда бұл үрдіс жылдамырақ жүретіні сөзсіз. Ал өзін өзі таба алмай, 
ісін бір бағытқа реттей алмай жүрген адамды бір сәтте табысты болуға итермелейтін көштен 
қалып калмайын деген сияқты ой алға жетелейді, тас қамаудан шығуға септігін тигізеді. 
Демек, тағы да бәсекеде берілмей, дамуға жетелейтіні анық. 


www.BankReferatov.kZ https://vk.com/ubt_land 
Осыдан менің түйгенім, қазіргі 21 ғасырда бәсекеге қабілетті бола білу заман талабы 
болумен қатар адамның сана сезімі мен ақылы, білімі дамыған сайын жарысқа түсу 
құлшынысы күшейе түседі.
Қорытындылай келе, табысты болғың келе ме? Бәсекелестік қабілетіңді ұшта. «Заманың 
түлкі болса, тазы болып шап» деген халық даналығы осы заманға арналып айтқандай 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет