43. Өнерді үйрен де, жирен... Қазіргі таңда қандай өнерді үйренбек керек? Шешен сөйлеудің өнер екені – даусыз шындық! Ол жан-жақты білімді қажет етеді.
Айтылатын сөздің құрылымдық сипаты, логикасы, ойды жеткізетін шеберлік, көркемдегіш
құралдар мен тәсілдерді орынды қолдана білу – өнер. Оны маған арналмаған өнер екен деп
жанап өтетін болсақ, онда біз өмірге қажет ең басты дүниеден құр қалар едік. Егер мұны
арнайы қабілеті бар адамдар игере алады деп ойласақ, онда үлкен қателікке жол бергеніміз.
Адам өмірде үлкен жетістіктерге қол жеткізгісі келсе, шешендік өнерді меңгеруі керек.
Шешендік өнердің қажеттілігін түсіндіру үшін оның жан-жақты сипатын, маңызын әр
қырынан қарастырып көрейік. Мәселен, сіз қандай да бір маңызды істі жоспарладыңыз
дейік. Егер ол сіздің жеке басыңызға ғана керек дүние болса, онда ойластырған соң үндемей
іске кірісуіңізге болар еді. Ал бұл сіз жүрген ортаға болмаса қоғам мүшелеріне қатысы бар іс
болса, онда сіз шешім қабылдау алдында, жұмыстың нәтижелі болуына көз жеткізу үшін
көпшілік назарына ұсынғанды, жоспарыңызбен таныстырғанды орынды санайсыз ғой. Олай
болса, ойыңызды барынша нақты, түсінікті, айқын жеткізу мақсаты туындайды. Міне, осы
кезде айтатын ойыңызды өрнектейтін сөзді таңдау, ойыңызбен бөлісу «теп-тегіс, жұмыр
келсін айналасы» деген Абай атамыздың талабы бой көтереді. Яғни әр сөйлем уақытпен
өлшенген, шекті, мағыналы да мазмұнды, көтерілген өзекті ойдың сипатын ашатын
шеберлікпен берілуі керек. Бір сөзбен айтқанда, шешендік шеберлік қажет!
Ойды жеткізу шеберлігі нені қамтиды? Ол:
айтылатын ойды нақты жеткізу, адамдардың қабылдау ерекшелігін ескеру;
сөзді талғаммен қолдану;
айтылған ойдың түсінікті де нанымды болуы;
сенімді қолдауға қол жеткізуді ойластыру;
уақытты ұтымды пайдалану.
Бұл ойлану, жоспарлау, оқу, іздену, талдау, салыстыру, жинақтау, қиыннан қиыстыру
білімін қажет етеді. Адам көпірме көп сөзден гөрі болашағы зор бағалы сөз айтуды көздейді.
Бұл – заманауи іскерлік талабы. Іскер адам нәтижеге қол жеткізудің шешендік өнермен
шектесетінін жақсы аңғарады. Демек, шешендік өнер – өмірдің қай кезеңінде де сұраныста
болатын өнер. Бұл өнерді меңгерген жан өмірден еш ұтылмайды.
Шешендік өнер – даналық білімі, басқару ілімі. Ол – парасат пен зияткерлік шыңы. Ойды
жинақтап айта білетін адамнан кеңес сұрайтын ел де көп болады. Көргені мен түйгені көп
жан – көшбасшы. Ол көпті бастап, қараңғыға сәуле түсіретін қасиетке ие бола алады.
Саққұлақ шешеннің тілімен айтсақ «адаспайтын ақыл иесі». Қандай адам осындай білімді
меңгеру артық іс деп ойлайды?
www.BankReferatov.kZ https://vk.com/ubt_land
Жер-жаһанның демі тоғысқан жаңа ғасырда шешендік өнерді меңгеру – заманауи
қажеттілік!