www.BankReferatov.kZ https://vk.com/ubt_land
Қыран құстың қанатына мініп, көкте қалықтағандай, балалық шақта өмір белесінің бірі,
жоғарғы оқу орнына түсіп, студент атану әрбір талапкердің үлкен арманы.Студент деген
сөздің өзі «ізденуші» мағынасын беретінін ескерсек, қай мамандықта болсын ізденушінің
бос уақыты мен демалыс күндері сирек болғаны дұрыс. Мидың ең көп бөлшегі белсенді
қызмет атқаратын 17-22жас аралығы барлық ілім-білімді санаға ұмытылмастай сіңіріп,
тіпті жаңалық бекем белесжылдар болуы тиіс.
Дегенмен іздену мен ынтаны ғана негіз етпей, студенттік өміріңізді қызықты әрі
көңілді өткізу өз қолыңызда. Студенттік шақ тәтті әрі ең қызықты шақ. Сіз өзіңіз келген
жеріңіздегі таныс достардан бөлек, мұнда әр аймақтан келген жаңа достармен танысасыз.
Жаңа таныстық, жаңа өмірге жол ашу. Ең қызығы олардың сөйлеу мәнері мен өзін
ұстауы. Әдебі көңіліңізге көп өрнек қалдырары даусыз. Әрі өзгеше салт-дәстүр де елең
еткізер. Бірақ уақыт өте келе оған да бой үйретіп, қарым-қатынас қағидалары сізді де
өзгертеді. Бұл жамандыққа апаратын жол емес, жақсысын үйреніп, жаманынан жирену
сіздің қолда.
«Жастық шақ-ерлік жасар шақ» деп француз жазушысы Мари-Анри Бейль айтқандай,
бұл кезеңде адам өткір де өжет болады. Кейбір істің соңын ойламай қалатын көзсіз
батырлыққа да баратын кез бұл.
Қазіргі студенттер еңбекке ерте араласып кетеді. Тіпті жазғы демалысын мәдениетті
тынығудан гөрі қарбаласпен өткізіп жүргендер қаншама. Нарық заманында күнкөріс
қамымен кез-келген жұмысты жасауға дайын. Ауыр жұмыстарға жегіліп, лас,жағдайсыз
жерлерде жұмыс істеуге мәжбүр. Абайсызда от басып, бармақ шайнап қалғандары
қаншама. Аталған кемшіліктердің алдын алу мақсатында аудандағы «Жасыл ел»
бағдарламасының еңбексүйгіш жастарға тигізер пайдасы орасан. Себебі студент ақша
табумен қатар, өз ауылын көркейтіп, көгалдандыру жұмысына зор үлесі қосып жүр.
Жасақ мүшелерінің басым көпшілігі студенттер екен. Ал қалада не өзіне, не өзгеге
пайдасы жоқ жұмыс жасап, уақытын мақсатсыз өткізудің жас өмірге тигізер пайдасы
шамалы деп едім.
Көпке топырақ шашудан аулақпыз, демалысын сәтті пайдаланып тіл
үйрену курстарына қатысып немесе өз жанұясының шаруасына көмектесіп жатқандары
да баршылық.
Демек, бүгінгі жас ұрпақ, ел ертеңі – біздер. Біз - ертеңгі күні ел тағдырын ойлайтын
осы жалындаған жастармыз. Ең алдымен біз білім алып, "Болмасаң да ұқсап бақ, біл
ғалымды көрсеңіз", - деп қазақтың бас ақыны Абай айтқандай, еліміздің білім деңгейін
биік шыңға көтеріп, қазақты әлемге одан әрі мойындатсақ, бізден асқан бақытты
мемлекет, қазақ елінен асқан бақытты халық болмас.
Достарыңызбен бөлісу: