№1 Махамбет жырларында Исатай бейнесін сомдаудағы ақынның тіл шеберліктерін мысалдар арқылы талдап жаз


 «Ұлылықтың бастауы – Ұлы далам!» Пікіріңізді дәйектерге сүйеніп, дәлелдеп



Pdf көрінісі
бет48/50
Дата07.02.2022
өлшемі0,71 Mb.
#85004
түріReferat
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50
Байланысты:
50 esse gumanitar 2019

48. «Ұлылықтың бастауы – Ұлы далам!» Пікіріңізді дәйектерге сүйеніп, дәлелдеп 
жазыңыз. 
Дала...Естір құлаққа жағымды естілетін қасиетті сөз. Құдіреттілігі әуелі 
табиғатында.Кеудеңді керіп, құшырлана жұтар таза ауасы , сылдырап аққан мөлдір суы , 
ерке самал желі , асқар тау, жасыл желегі , жүгірген аң, ұшқан құсы бәрі- бәрі Жер-
Ананың сайын далаға берген сыйы. Және де «ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен» 
ұлтарақтай жер үшін қасық қаны қалғанша аянбаған жаужүректі батырлардың ; нәзік 
қылығымен, өрілген бұрымымен тіршіліктің тазалығымен, бар мейірімін ұрпақ 
тәрбиесіне бөліп, ер -азаматын сыйлай білер, қаракөз қыздардың , ибалы келіндердің, ақ 
жаулықты аналардың ; әрбір сөзі «қазақ» деп басталып, «қазақ» болып аяқталатын 
ақындардың, шешендердің, жазушы,жыраулардың; қабылдаған шешімі ,ұтқыр ойы ел 
игілігіне , ұстанған бағыты «Алаштың» көркеюіне арналған билер мен хандардың кіндік 
қаны тамған жер- Ұлы даласы, атамекені . Сонау Алтайдан Атырауға дейін созылып 
жатқан ұлы даланың тарихына көз жүгіртсек, көрген қиыншылығы ұзын -сонар 
сандармен жылдармен тізбектеле келіп, әр ғасыр, әр жыл, әр ай, тіпті әр күн « ұлтымыз» 


www.BankReferatov.kZ https://vk.com/ubt_land 
үшін күреспен өткен екен. Жыладық, бірақ, жығылмадық. .Оңайлықпен бас 
имедік,имейміз де. Тәуелсіздіктің ақ таңы атқалы бері даламның өзі, мекендейтін жұрты- 
тек жақсылықтарымен ғана төрткүл дүниеге танылуда.Мәдениетіміз , экономикамыз, 
әдебиетіміз, дәстүріміз, тарихымыз, күннен - күне артылмаса кеміп жатқан жоқ. Және 
оған үлес қоушы – туған жердің топырағына аунап, ауасын құшырлана жұтып байтақ 
елдің қадірін білер азаматтар , аяулы аналар , жалындаған жастар. «Елім» деп еміренер , 
«жұртым» деп жаға жыртар патриоттар көбейсін!Сонда ғана ұлылықтың бастауы ұлы 
дала төсінде береке, бірлік, ынтымақ, бейбітшілік орнайды және де лайым солай солай 
болғай! 
Әрбір тасың бір тарих ашылмаған,
Салт-дәстүрі сақталған ғасырлардан.
Өркендей бер, жас ұрпақтың мекені,
Біздерге деп, қалдырған асыл бабам! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет