D) Балалары жоқ адам.
E) Балалары туған жерге кетіп қалған.
18 нұсқа
1. Үзіндіні керекті сөзбен толықтырыңыз.
Түйе сүйеді баласын «…» деп,
«Жаудыраған көзіңнен тоташым!» деп.
A) «қозым»
B) «құлыным»
C) «бұзауым»
D) «лағым»
E) «боташым»
2. Махамбет Өтемісұлының өлеңін табыңыз.
A) «Ереуіл атқа ер салмай».
B) «Айналайын, Ақ Жайық».
C) «Мен – қазақ».
D) «Шәкірт ойы».
E) «Ей, Абылай, Абылай».
3. «Қырық мысал», «Маса» жинақтарының авторын белгілеңіз.
A) Ш.Құдайбердіұлы.
B) А.Байтұрсынұлы.
C) Ж.Аймауытов.
D) М.Жұмабаев.
E) М.Дулатов.
4. Бейімбет Майлиннің қоғамдық маңызы үлкен әлеуметтік мәселелерді қозғайтын поэмасын белгілеңіз.
A) «Кемпірдің ертегісі».
B) «Көңіл айту».
C) «Байдың қызы».
D) «Жазғы қалып»
E) «Ауылда».
5. Поэзия!
Менімен егіз бе едің?
Сен мен сезесің бе?
неге іздедім?.. – деген үзінді Мұқағалидің қай өлеңінен алынғанын белгілеңіз.
A) «Қара өлең».
B) «Поэзия».
C) «Мен таулықпын».
D) «Барлығы да сендердікі».
E) «Фантазия».
6. Жаманға «Аяз би» деген атты кімнің қойғанын көрсетіңіз.
A) Анасы.
B) Әкесі.
C) Уәли бай.
D) Бес ханның елі.
E) Нағашысы.
7. ’’Ата жұрты бұқара,
Өз қолында болмаса
Қанша жақсы болса да,
Қайратты туған ер ғаріп...’’ Асан қайғының қай өлеңінен алынғанын белгілеңіз.
A) ’’Еділ бол да, Жайық бол’’.
B) ’’Қырында киік жайлаған’’.
C) ’’Көлде жүрген қоңыр қаз’’.
D) ’’Бұл заманда не ғаріп’’.
E) ’’Айналасын жер тұтқан’’.
8. Дулат Бабатайұлының туған жылын табыңыз.
A) 1802 ж.
B) 1892 ж.
C) 1835 ж.
D) 1874 ж.
E) 1904 ж.
9. С.Бегалиннің Ш.Уәлихановқа арналған туындысының атын табыңыз.
A) «Бала Шоқан».
B) «Қашқарға саяхат».
C) «Ш.Уәлиханов».
D) «Ариадна жібі».
E) «Аққан жұлдыз».
10. Ескендір патшаның өз жұрты аз көрініп, көршілерге көз алартуына төмендегі мінездемелердің қайсысы сәйкес келетінін көрсетіңіз.
A) Тойымсыз, дүниеқоңыз.
B) Мақтаншақ, даңғой.
C) Қара басының қамын ойлаушы.
D) Қанішер, жауыз.
E) Даңққұмар, озбыр.
11. С.Сейфуллиннің Қазан қаласындағы «Матбуғат Кәримия» баспасында басылған жинағын табыңыз.
A) «Асау тұлпар».
B) «Экспресс».
C) «Өткен күндер».
D) «Домбыра».
E) «Қызыл ат».
12. Пейзаж терминінің мағынасын анықтаңыз.
A) Оқиғаны баяндау.
B) Оқиға болған жерді көрсету.
C) Бір адамның портретін беру.
D) Табиғатты суреттеу.
E) Адамның сыртқы түрін сипаттау.
13. Қ.Бекхожиннің «Ақсақ Темір мен ақын» балладасында Ақсақ Темірдің бәрінен артық санайтын қаласының атын табыңыз.
A) Бағдат.
B) Самарқан.
C) Шираз.
D) Рим.
E) Мысыр.
14. Қ.Жұмаділовтің «Қаздар қайтып барады» әңгімесіндегі Байтас шалдың шекарадан өтіп, атамекендегі ескі қыстауға кіргенде не істегенін табыңыз.
A) Өткен өмірін ойлай бастады.
B) Бойтұмарын алып, сөгіп, ішіндегі бір уыс топырақты төкті.
C) Шекпенін төсеп, үстіне жантая кетті.
D) Су ішіп есін жинады.
E) Алаңсыз ұйқыға кетті.
15. Маман байдың ауылын кім шабатынын анықтаңыз. (’’Айман-Шолпан’’)
A) Қалмақтар.
B) Қырғыздар.
C) Арыстан.
D) Әлібек.
E) Көтібар.
16. «Айтыс – сөз барымтасы» - деп баға берген зерттеушіні табыңыз.
A) І.Жансүгіров.
B) М.Әуезов.
C) Б.Кенжебаев.
D) С.Мұқанов.
E) С.Сейфуллин.
17. Жиембет жырау қай ханның тұсында өмір сүргенін белгілеңіз.
A) Абылай хан.
B) Жәңгір хан.
C) Есім хан.
D) Тәуке хан.
E) Қасым хан.
18. Сол ерлікпен хан болдың,
Әлем асқан жан болдың...- деген өлең жолдары Үмбетейдің қай өлеңінен алынғанын белгілеңіз.
A) ’’Бөгембай өліміне’’.
B) ’’Бекболат биге’’.
C) ’’Бәкеге’’.
D) ’’Бөгембай өлімін Абылай ханға естірту’’.
E) ’’Бұқарға’’.
19. Ы.Алтынсариннің өмір сүрген уақытын белгілеңіз.
A) 1841-1890 ж.ж.
B) 1840-1880 ж.ж.
C) 1843-1891 ж.ж.
D) 1841-1889 ж.ж.
E) 1842-1890 ж.ж.
20. М.Жұмабаевтың оқиғасы мысықтар мен тышқандар арасындағы жанжал соғысты көрсетуге арналған шығармасын белгілеңіз.
A) «Бала мен құс».
B) «Орман патшасы».
C) «Тоқсанның тобы».
D) «Ертегі».
E) «Қойлыбайдың қобызы».
21. ’’Тыңдағы толқындар’’, ’’Аққан жұлдыз’’ романдарының авторы қай жазушы екенін табыңыз.
A) С.Ерубаев.
B) Ғ.Мұстафин.
C) С.Мұқанов.
D) М.Иманжанов.
E) Ғ.Сланов.
22. М.Әуезовтің ²Адамдық негізі - әйел² деген тұңғыш мақаласы қашан жазылғанын табыңыз.
A) 1916 ж.
B) 1915 ж.
C) 1917 ж.
D) 1918 ж.
E) 1919 ж.
23. Ғ.Мүсіреповтің «Этнографиялық әңгімесінің» жазылу ерекшелігін табыңыз.
A) Диалогпен жазылған.
B) Баяндау әдісімен.
C) Сюжетсіз әңгіме.
D) Суреттеу әдісімен.
E) Астарлы әзілмен жазылған.
24. 1916 ж. ұлт-азаттық көтерілістің шығу себебін табыңыз.
A) Мал-мүлікті қорғау үшін.
B) Жерді қорғау мақсатында.
C) Алым-салыққа қарсы.
D) Екі жақты қанауға қарсы.
E) Жігіттерді майданға қара жұмысқа алуға қарсы.
25. «Руна жазуы» деген ұғым қай халықтың сөзі екенін табыңыз.
A) Үнді елінің сөзі.
B) Түрік сөзі.
C) Ағылшын сөзі.
D) Орыс сөзі.
E) Скандинавия халықтарының сөзі.
26. ’’Мұхаббат-наме’’ дастаны қай кезең әдебиетіне жататынын анықтаңыз.
A) Оғыз дәуіріндегі әдебиет.
B) Алтын Орда дәуіріндегі әдебиет.
C) Түркі қағанаты дәуіріне.
D) Кеңес дәуіріндегі әдебиет.
E) Ислам дәуіріндегі әдебиет.
27. Қас итсің, қасыңа да адам жуымас,
Ел ұстап жұрт билейтін қылығың жоқ,
Хан емес, қас қатынсың мұндар қу бас, - деген үзіндінің авторын табыңыз.
A) Махамбеттікі.
B) Жиембеттікі.
C) Исатайдікі.
D) Ақтамбердінікі.
E) Шернияздікі.
28. "Зар заман" өкілдері кімдер екенін анықтаңыз.
A) Сәкен, Ілияс, Бейімбет.
B) Сұлтанмахмұт, Міржақып, Мағжан.
C) Ыбырай, Абай, Шоқан.
D) Қалижан, Ғафу, Мұқағали.
E) Шортанбай, Дулат, Мұрат.
29. «Адамнан адам озар немен артып,
Бұл сөзді ақылға сал, кірге тартып …» - деген тармақтардың авторын табыңыз.
A) А.Қорамсаұлы.
B) А.Құнанбаев.
C) Ш.Құдайбердиев.
D) Ш.Бөкеев.
E) Ғ.Қараш.
30. Аллегорияның мағынасын көрсетіңіз.
A) Өте кішірейтіп жеткізу.
B) Мысқыл, кекету.
C) Астарлы меңзеу.
D) Асырып айту.
E) Салыстыру.
19 нұсқа
1. Әдет - ғұрып жырының түрін анықтаңыз.
Аққу ұшып көлге кетті.
Сұңқар ұшып шөлге кетті.
Ол адасып кеткен жоқ
Әркім барар жөнге кетті.
A) Естірту.
B) Сыңсу.
C) Той бастар.
D) Беташар.
E) Жар - жар.
2. Махамбет Өтемісұлының туған жерін табыңыз.
A) Ақмола облысы
B) Қызылорда облысы
C) Атырау облысы
D) Батыс Қазақстан облысы
E) Алматы облысы
3. Абайдың өз әнімен тараған өлеңін белгілеңіз.
A) «Болыс болдым, мінеки».
B) «Интернатта оқып жүр».
C) «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін».
D) «Ғылым таппай мақтанба».
E) «Айттым сәлем қаламқас».
4. Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясы туралы «Тек қазақ әдебиеті ғана емес, бүкіл кеңес әдебиетінің аса үздік жетістіктерінің бірі» - деген пікірді айтқан адамды табыңыз.
A) Ғабит Мүсірепов.
B) Зейнолла Қабдолов.
C) Әлкей Марғұлан.
D) Қаныш Сәтбаев.
E) Қалтай Мұхаметжанов.
5. «Оянған өлке» романының авторын табыңыз.
A) Ә. Сәрсенбаев.
B) Ж. Аймауытов.
C) Ғ. Мүсірепов.
D) М. Жұмабаев.
E) С. Мұқанов.
6. Ертегідегі ’’Шалқұйрық’’ атты тұлпар қай кейіпкердің сенімді серігі ретінде суреттелгенін белгілеңіз.
A) Аламан мен Жоламан.
B) Ер Төстік.
C) Құламерген.
D) Дүмше молда.
E) Аяз би.
7. Қазақ ауыз әдебиетіндегі жаңа әйел, саналы қыз образын белгілеңіз.
A) Шолпан
B) Айман
C) Баян сұлу
D) Сұлушаш
E) Қамар сұлу
8. Дулат Бабатайұлының өлеңін табыңыз.
A) «Жетісу суреттері»
B) «Өлсе, өлер табиғат адам өлмес»
C) «Сөз жазып, өлең өлшемек»
D) «О, Ақтан жас, Ақтан жас...»
E) «Кәмшат қыз»
9. Ш.Құдайбердиевтің поэмасын көрсетіңіз.
A) “Адасқан өмір”.
B) “Медғат-Қасым”.
C) “Қалқаман-Мамыр”.
D) “Батыр Баян”.
E) “Масғұт”.
10. «Жұбату», «Жер қазғандар» шығармаларының авторын анықтаңыз.
A) С.Сейфуллин.
B) Б.Майлин.
C) С.Мұқанов.
D) І.Жансүгіров.
E) Ғ.Мүсірепов.
11. «Шұғаның белгісіндегі» сюжеттің шарықтау шегін анықтаңыз.
A) Шұғаның өмірмен қоштасуы.
B) Әбдірахманның Есімбек аулына алғаш келгені.
C) Есімбектің Әбдірахманды тұтқыннан босатуы.
D) Шұғаның Әбдірахманға ғашық болуы.
E) Әбдірахманның Шұғаны тұңғыш көруі.
12. «Шоқпыттың шаруасы» өлеңінің авторын табыңыз.
A) С.Сейфуллин.
B) І.Жансүгіров.
C) Б.Майлин.
D) Ж.Жабаев.
E) С.Мұқанов.
13. «Аллитерация» терминінің қай тілден алынғандығын табыңыз.
A) Латын.
B) Түркі.
C) Грек.
D) Француз.
E) Ағылшын.
14. «Шыңырау» повесінің авторын табыңыз.
A) Ә.Тәжібаев.
B) Ә.Кекілбаев.
C) Ш.Мұртаза.
D) Ә.Нүрпейісов.
E) І.Есенберлин.
15. Тасқа жазылған көне дастандарды табыңыз.
A) ’’Құдатғу біліг’’.
B) ”Күлтегін”, ’’Тоныкөк’’.
C) ’’Диуани лұғат ат-түрік’’.
D) Қорқыт ата.
E) ’’Мұхаббат-наме’’.
16. ’’Алпамыс батыр’’ жырында әкім болып жұртты жеп жүрген ’’азамат’’ кім екенін белгілеңіз.
A) Алпамыс.
B) Байбөрі.
C) Ұлтан құл.
D) Сарыбай.
E) Құлтай.
17. Бұқар жыраудың өмір сүрген жылдарын табыңыз.
A) 1668-1781 жж.
B) 1670-1730 жж.
C) 1706-1778 жж.
D) 1465-1560 жж.
E) 1675-1768 жж.
18. Сағынам, ауызға алсам Исатайды,
Ер тумас ел жағынан ондай жайлы, - деп жырлаған ақынды атаңыз.
A) Байтоқ.
B) Жанұзақ.
C) Шернияз.
D) Махамбет.
E) Шалкиіз.
19. Шортанбай Қанайұлының өлеңдеріндегі сарындарды белгілеңіз.
A) Кедейлерді күреске шақыру.
B) Орысша оқуға шақыру.
C) Оқу-білімге үндеу.
D) Қазақ даласына келген сауданы айыптау, елдің ақшаға құнығуын сынау.
E) Дінді сынау.
20. Ыбырай Алтынсариннің еңбегіне сай келетін жауапты анықтаңыз.
A) Шығыс үлгісінде дастандар жазған ақын.
B) Талантты драматург.
C) Бірнеше поэмалардың авторы.
D) Тарихи романдардың авторы.
E) Қазақ әдебиетіндегі тұңғыш аудармашы.
21. «Қазақ» газеті қай жылдан шыққандығын анықтаңыз.
A) 1930 ж.
B) 1913 ж.
C) 1920 ж.
D) 1918 ж.
E) 1916 ж.
22. Мағжан ақынның өлең жазбай, көпшілікке белгісіз боп қалған уақытын көрсетіңіз.
A) 1929-1938 ж.ж.
B) 1926-1938 ж.ж.
C) 1927-1938 ж.ж.
D) 1925-1938 ж.ж.
E) 1924-1938 ж.ж.
23. Ғ.Мұстафиннің тұңғыш кітабын табыңыз.
A) “Қарағанды”.
B) “Өмір не өлім”.
C) “Ер Шойын”.
D) “Шығанақ”.
E) “Қашқын”.
24. Қара жерге қар жауар,
Қарды көр де, етім көр! Бейнелеу тәсілінің қай түріне жататынын анықтаңыз.
A) Кейіптеу.
B) Метафора.
C) Ирония.
D) Метонимия.
E) Антитеза.
25. Сарай қаласынан шыққан Құтб ақын қай кезде өмір сүргенін белгілеңіз.
A) XІІ ғ.
B) XV ғ.
C) X ғ.
D) XІV ғ.
E) XІ ғ.
26. Есендікте малыңды бер де батыр жый,
Басыңа қыстау іс түссе.
Дұспанның қолы жете алмас! – деп Шалкиіз жырау қандай мәселені айтқандығын табыңыз.
A) Сөз өнері.
B) Ерлік, батырлық.
C) Табиғат.
D) Адамгершілік.
E) Бірлік-ынтымақ.
27. Жиембет жырау:
Мен өлсем құнсыз кетер деме сен,
Кешегі өзің ұрып өлтірген
Тілеуберді құлыңдай... деген өлең шумағын кімге айтқанын анықтаңыз.
A) Абылай ханға.
B) Жәңгір ханға.
C) Ахметке.
D) Есім ханға.
E) Жолымбетке.
28. ’’Жақсының өзі өлсе де, сөзі өлмейді,
Жаманнан үлгі болар сөз қалмайды’’. Кімнің сөзі екенін белгілеңіз.
A) Абай.
B) Ақан сері.
C) Жамбыл.
D) Мұсабек.
E) Мағжан.
29. Украин әдебиетінің өкілдерін белгілеңіз.
A) А.Ахматова, В.Распутин.
B) А.Беляев, И.Бунин.
C) М.Жәлел, С.Айни.
D) Г.Сковорода, О.Туманян.
E) П.Тычина, М.Бажан.
30. Зәресі жер түбіне кетіп, үрейленген кейіпкердің ала-шапқын көңіл-күйі шыншыл суреттелген шығарманы табыңыз.
A) «Жонарқа».
B) «Жанталас».
C) «Бір түннің оқиғасы».
D) «Ұстаз».
E) «Қаһарлы күндер».
20 нұсқа
1. «Eр Төстік» ертегісіндегі Төстіктің әкесінің жалмауызға беріп кететін затын атаңыз.
A) Шақпақ.
B) Садақ.
C) Қауырсын.
D) Егеу.
E) Пышақ.
2. Шоқан Уәлиханов кадет корпусын қай жылы, неше жасында бітіргенін табыңыз.
A) 1854 жылы, 19 жасында.
B) 1855 жылы, 20 жасында.
C) 1853 жылы, 18 жасында.
D) 1856 жылы, 21 жасында.
E) 1857 жылы, 22 жасында.
3. Н.Некрасовтың «Аяз ата» өлеңіне ұқсас Абайдың өлеңін белгілеңіз.
A) «Жаз».
B) «Қараша, желтоқсанмен сол бір-екі ай».
C) «Жазѓытұры».
D) «Күз».
E) «Қыс».
4. Шәкәрім Құдайбердіұлы қай жылы ақталды, табыңыз.
A) 1938 ж.
B) 1990 ж.
C) 1988 ж.
D) 1931 ж.
E) 1987 ж.
5. «Қуаныш», «Кедейдің кейістігі» өлеңдерінің авторын белгілеңіз.
A) Бейімбет Майлин.
B) Сәкен Сейфуллин.
C) Жамбыл Жабаев.
D) Ілияс Жансүгіров.
E) Ахмет Байтұрсынов.
6. ’’Оғыз Қаған’’жырындағы Оғыздың ақылшысы кім екенін белгілеңіз.
A) Қорқыт.
B) Білге.
C) Ұлық Түрік.
D) Тоныкөк.
E) Күлтегін.
7. Алдар Көсе қай жанрдың кейіпкері екендігін табыңыз.
A) Аңыз әңгіме
B) Әңгіме
C) Айтыс
D) Ертегі
E) Шешендік сөз
8. Қазтуғанның шешесінің атын табыңыз.
A) Белгісіз.
B) Бозтуған.
C) Жанбике.
D) Бибі.
E) Қанша.
9. Шалкиіз:
Бір жақсымен дос болсаң,
Азбас-тозбас мүлкі етер.
Бір жаманмен дос болсаң,
…Жімле ғаламға күлкі етер, - деп қандай мәселені қозғағандығын анықтаңыз.
A) Тыныштық.
B) Ел қорғау.
C) Ерлік, бірлік.
D) Достық, жолдастық.
E) Сақтық.
10. Жаманды байқап қарасаң,
Күндердің күні болғанда
Өз басына өзі жау, - деген өлең шумағында Махамбеттің айтқан мәселесін анықтаңыз.
A) Жастарға өнеге іс.
B) Жаманнан кесапат.
C) Батырға тән мінез.
D) Адамгершілік.
E) Жақсыдан шарапат.
11. А.Байтұрсыновтың «Әдебиет танытқыш» еңбегінде афоризм терминінің қалай аталғандығын табыңыз.
A) Шешен сөз.
B) Ақыл сөз.
C) Ділмар сөз.
D) Көсем сөз.
E) Нақыл сөз.
12. «Ассонанс» анықтамасына сәйкес қатарды белгілеңіз.
A) Бірыңғай дауысты дыбыстарды қайталау.
B) Заттың айрықша сипатын анықтау.
C) Бір затты басқа затпен салыстыра суреттеу.
D) Бірыңғай дауыссыз дыбыстарды қайталау.
E) Бүтіннің орнына бөлшекті қолдану.
13. Ш.Айтматовтың «Боранды бекет» романында Найман-Ананы атқан адамды атаңыз.
A) Жуан-жуандар.
B) Жолаушы.
C) Қайын сіңлісі.
D) Дөненбай.
E) Мәңгүрт.
14. «Сырдария» өлеңінің авторын табыңыз.
A) М.Шаханов.
B) Ә.Сәрсенбаев.
C) Т.Молдағалиев.
D) Ә.Тәжібаев.
E) Қ.Бекхожин.
15. Жылқы жылы жыл санауда нешінші ретте екенін көрсетіңіз.
A) Жетінші.
B) Үшінші.
C) Бірінші.
D) Тоғызыншы.
E) Он екінші.
16. Шернияз Жарылғасұлы өмір сүрген ғасырды табыңыз.
A) XVII ғ.
B) XIV ғ.
C) XVIII ғ.
D) XIX ғ.
E) XVI ғ.
17. Қаларсың бір күн, Сандықтас,
Құлан жортпас бел болып.
Кімнің өлеңінен алған үзінді екенін табыңыз.
A) Ж.Жабаев.
B) С.Торайғыров.
C) А.Құнанбаев.
D) Д.Бабатайұлы
E) С.Дөнетаев.
18. Шортанбай Қанайұлының туған жерін табыңыз.
A) Торғай облысы, Жангелдин ауданы.
B) Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы.
C) Көкшетау облысы, Айыртау ауданы.
D) Қостанай облысы, Құсмұрын бекеті.
E) Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан ауданы, Қаратау-Қарнақ жері.
19. Ы.Алтынсаринның шығармасын табыңыз.
A) ’’Жәмила қыз’’.
B) ’’Күз ’’.
C) ’’Туған еліме’’.
D) ’’Асыл шөп’’.
E) ’’Анау-мынау’’.
20. С.Көбеевтің адам бойындағы ұнамсыз мінезді көрсететін шығармасын көрсетіңіз.
A) ’’Қоян мен көлбақа’’.
B) ’’Сауысқан мен қарға’’.
C) ’’Екі соқа’’.
D) ’’Туған еліме’’.
E) ’’Жетімнің өлеңі’’.
21. С.Сейфуллиннің туған жеріндегі өзендерді табыңыз.
A) Ертіс.
B) Жайық, Еділ.
C) Нұра, Есіл.
D) Іле, Шу.
E) Сырдария, Әмудария.
22. 1941 жылы Жамбылға қай шығармалары үшін мемлекеттік сыйлық берілгенін анықтаңыз.
A) ’’Алынбас қамал’’.
B) ’’Өтеген батыр’’, ’’Сұраншы батыр’’.
C) ’’Айтыстары үшін’’.
D) ’’Ворошилов туралы поэма’’.
E) ’’Өлеңдері үшін’’.
23. Ғ.Мүсіреповтің Рязанов, Ушаков деген кейіпкерлері қай шығармасынан екенін табыңыз.
A) «Қазақ солдаты».
B) «Амангелді».
C) «Оянған өлке».
D) «Ұлпан».
E) «Тулаған толқындар».
24. Диалог дегеніміздің не екенін табыңыз.
A) Сөздерді қарама-қарсы мағынада, кекесін мағынасында қолдану.
B) Әдеби шығарманың оқиғасын желілі түрде көркемдеп әңгімелеу.
C) Табиғат көркін суреттеу.
D) Кейіпкердің мінезін, дүниеге көзқарасын суреттеу.
E) Шығарма кейіпкерлерінің өзара кезектесе сөйлесуі.
25. Көне дәуірдегі тіл білімінің басты салалары бойынша теориялық тұрғыдан құнды түйіндер жасаған ғылыми еңбекті белгілеңіз.
A) «Қисса-сул әнбия».
B) «Диуани лұғат ат-түрк».
C) «Диуани хикмат».
D) «Құтты білік».
E) «Хибатул-хақайық».
26. Ай астына аспанға
Құрды бақан қақтырып,
Алтын теңге аттырып,
Теңгені атып түсірген ... – батыр қай сұлуды алады, табыңыз.
A) Назымды сұлу сол алар
B) Гүлбаршынды сұлу сол алар
C) Баянды сұлу сол алар
D) Ақжүністі сұлу сол алар
E) Құртқаны сұлу сол алар
27. Мына өлең жолдары Үмбетейдің қай өлеңінен алынғанын белгілеңіз.
’’Уа, Алатаудай Ақшадан,
Асып тудың, Бөгембай’’
A) ’’Бөгембай өліміне’’.
B) ’’Жауқашарға’’.
C) ’’Бәкеге’’.
D) ’’Бөгембай өлімін Абылай ханға естірту’’.
E) ’’Бекболат биге’’.
28. С.Мұқанов туындысын табыңыз.
A) “Теміртас”.
B) “Барымта”.
C) “Көкшетау”.
D) “Жолдастар”.
E) “Майдан”.
29. «Қараш-Қараш оқиғасы» қай жанрға жататынын көрсетіңіз.
A) Пьеса.
B) Роман.
C) Поэма.
D) Әңгіме.
E) Повесть.
30. І.Есенберлиннің алғашқы тарихи романын есіңізге түсіріңіз.
A) “Алтын құс”.
B) “Алмас қылыш”.
C) “Көшпенділер”.
D) “Алтын орда”.
E) “Қаһар”.
21 нұсқа
1. Махамбет ақынның әкесінің атын табыңыз.
A) Зұлқарнайын.
B) Жәңгір.
C) Бекмағамбет.
D) Өтеміс.
E) Исатай.
2. Ы. Алтынсариннің отырықшылыққа, егіншілікке үгіттеген әңгімесін табыңыз.
A) «Қыпшақ Сейітқұл».
B) «Талаптың пайдасы».
C) «Бай баласы мен кедей баласы»
D) «Әке мен бала»
E) «Атымтай Жомарт».
3. Абай өмір сүрген ғасырды белгілеңіз.
A) XIX ғ. аяғы мен ХХ ғ.басы.
B) XVIII-XIX ғ.
C) ХХ ғ.
D) XVI-XVII ғ.
E) XV-XVII ғ.
4. «Өтеген батыр» дастанының авторын табыңыз.
A) Б.Майлин.
B) І.Жансүгіров.
C) Ж.Жабаев.
D) М.Жұмабаев.
E) С.Сейфуллин.
5. С. Мұқанов жұмысшы факультетін (рабфак) қай қалада бітіргенін табыңыз.
A) Алматы.
B) Орск.
C) Шымкент.
D) Қызылорда.
E) Орынбор.
6. Жүсіп Баласағұн қай ғасырда өмір сүргенін белгілеңіз.
A) XІ ғ.
B) ІX ғ.
C) XІІ ғ.
D) X ғ.
E) VІІІ ғ.
7. ’’Аяз би’’ ертегісінің кейіпкерін табыңыз.
A) Ерназар.
B) Кендебай.
C) Бапы.
D) Шойынқұлақ.
E) Жаман.
8. «Ақ жүрген азбас» мақаланың тақырыбын белгілеңіз.
A) Төрт түлік мал, кәсіп, егіншілік туралы
B) Адамгершілік, жақсы- жаман мінез туралы
C) Үнемшілдік жайында
D) Оқу, білім, өнер туралы
E) Отан, туған жер, халық туралы
9. Таза мінсіз асыл тас,
’’Су түбінде жатады.
Таза мінсіз асыл сөз,
Ой түбінде жатады’’
Үзінді кімдікі екенін белгілеңіз.
A) Ақтамберді.
B) Доспамбет.
C) Асан қайғы.
D) Қазтуған.
E) Шалкиіз.
10. Міржақып Дулатов Түркістан республикасының «Ақ жол» газетіне қай жылдары қызметте болғанын белгілеңіз.
A) 1920 ж.
B) 1927 ж.
C) 1925 ж.
D) 1926 ж.
E) 1930 ж.
11. С.Сейфуллиннің «Жемістер» хикаясының оқиғасы қанша жылды қамтығандығын көрсетіңіз.
A) 20 жыл.
B) 10 жыл.
C) 15 жыл.
D) 5 жыл.
E) 25 жыл.
12. Сюжеттің анықтамасын белгілеңіз.
A) Адамның сырт бітімін суреттеу.
B) Бір адамның ұзақ сөзі.
C) Оқиғалар арасындағы байланыс.
D) Оқиға не оқиғалар жиынтығы.
E) Оқиғаның мезгілін, орнын көрсету.
13. Найман-Ана аңызындағы (Ш.Айтматов) оқиға қай жерде өтетінін табыңыз.
A) Таразда.
B) Сарыөзекте.
C) Ош оймағында.
D) Шекер ауылында.
E) Ыстықкөлде.
14. «Көшпенділер» атты тарихи трилогияның екінші бөлімі қалай аталатындығын табыңыз.
A) «Алмас қылыш».
B) «Жанталас».
C) «Ғашықтар».
D) «Қаһар».
E) «Қатерлі өткел».
15. ’’Алдар Көсе’’ аңызында майдың орнына қандай зат салынатынын анықтаңыз.
A) Сүйек.
B) Тезек.
C) Тулақ.
D) Ет.
E) Құрт.
16. Қазақ халқының ауыз әдебиетін зерттеген қай батыр жазушы екенін белгілеңіз.
A) Рахымжан Қошқарбаев.
B) Мәлік Ғабдуллин.
C) Талғат Бигелдинов.
D) Қасым Қайсенов.
E) Бауыржан Момышұлы.
17. «Балаларыма өсиет» өлеңінің авторын табыңыз.
A) Шалкиіз.
B) Шернияз.
C) Жиембет.
D) Қазтуған.
E) Ақтамберді.
18. Бұқар жыраудың шығармасын табыңыз.
A) “Қамыстың басы майда, түбі сайда”
B) “Мұнар күн”
C) “Күмбір, күмбір кісінетіп”
D) “Асқар, асқар, асқар тау”
E) “Жиырма деген жасыңыз”
19. Баймағамбет сұлтанмен қақтығысқан ақынды табыңыз.
A) Мұрат.
B) Алмажан.
C) Бекболат.
D) Шәңгерей.
E) Шернияз.
20. ’’Жас жүрек’’ (1917 ж.) кімнің өлеңі екенін белгілеңіз.
A) М.Әуезов.
B) С.Көбеев.
Достарыңызбен бөлісу: |