№1 Махамбеттің «Қара нарға»



бет2/11
Дата11.04.2022
өлшемі80,78 Kb.
#138838
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
51 эссе гуманитар бағыт
«Жаратылыстану» п нінен то санды жиынты ба алау спецификациясы, «Жаратылыстану» п нінен то санды жиынты ба алау спецификациясы, 508920, волейбол, document, «Инициатива Казахстана за безъядерный мир и безопасность в совре
...Іздегенім осы еді,
Өз-өзінен қағынып,
Қатаған сөзден жаңылды.
Қызып тұрған темірге
Өзі келіп қарылды,- деуі айтыстың тағдырын шешкен сөз болғандығын дәлелдеп жазыңыз.

«Ақындардың ақыны,


Айдын көлдей ақылы»,- деп Жамбыл айтқандай Сүйінбай Аронұлы қазақтың аса көрнекті ақын жырауы.
Қаршадайынан қолына домбыра алып, өлеңді серік еткен жырау Сүйінбай Аронұлы зорлық-зомбылыққа, әділетсіздікке ұшыраған қара халықтың жақшысы болды.Би мен бектің, атқа мінерлердің халыққа жасаған қиянаттарын алмастай өткір жырларымен естен кетпестей етіп бетіне басып, абыройын жер жастандырған.Ел бірлігін оның тәуелсіздігін, сол жолдағы ерлердің жанқиярлығын талмай жырлаған ақын.
ХІХ ғасырдың қазақ айтысыныі орталығы Жетісуға ауады.Осы уақытта айтыскер ақындардың арасында Сүйінбайдың айтыскерлік қабілеті ерекше орынға ие болады.Ұлыжазушы,ғұлама ғалым Мұхтар Әуезов оны «айтыс өнерінің алтын дінгегі» деп аса жоғары бағалады.
ХІХ ғасырдың орта шегінде қырғыз бен көрші қазақ үлкен аста бас қосады. Осы үлкен жиында қазақ пен қырғыздың игі жақсыларынан атақты ақындары Сүйінбай мен Қатағанды айтыстырады.Алдымен айтыста сөз бастаған Қатаған жыр нөсеріне төпелеп, Сүйінбайды әлсіретіп тастағандай әсер қалдырады.Қатаған Сүйінбайға «Құдай аңдап,қолыма өзің келіп түстің,менің қасымда сені ақын деп кім айтады?»-деп, айтыста өз байлығын, ру – тайпаларын мақтап,мадақтап кетеді. «Қазақ» деп ол қапелімде іргелес Жетісу елін ғана елестетіп қалған сияқты көрінеді.Бірақ тыңдаған Сүйінбай адуында сөздерін паш етеді:
Іздегенім осы еді,
Өз-өзінен қағынып,
Қатаған сөзден жаңылды
Қызып тұрған темірге
Өзі келіп қарылды,-
дейді көңілді серпілісімен.Осы бес жол өлеңде айтыстың тағдырын шешкен нәрсе анық та образды түрде айтылған Қатаған көптігі мен байлығын айтам деп,сөзбен керілген қақпанды басып, арандап қалады.Сөйтіп, аламан бәйгелі,дүбірлі айтыста айқын басымдылықпен Сүйінбай жеңеді.
Қорыта айтқанда, «Мақтаншақ бар ақылын мақтанумен тауысады»,-дегендей жетімнің көзінше ата-ана жайлы,кедейдің жанында байлық жайлы,науқастың қасында денсаулық жайлы сөз қозғама.
4 Қашаған Күржіманұлы «Есқали сұпыға айтқаны» өлеңіндегі байлықтар таласын өз көзқарасыңызбен дәлелдеп жазыңыз
Қашаған елінің мұңын мұңдап, жоғын жоқтаған, тойымсыз бай мен бидің, қанағатсыз болыстың іс-әрекеттерін сынға алып, бетпердесін ашқан ақын. Қашағанның ұлттық құндылықтары мен салт-дәстүрлерді дәріптейтін шығармалары бір биік болса, елде болған болыстар мен молдалардың орынсыз қылықтарын әшкере еткен өлеңдері ел арасында ұлы туындылар ретінде сақтап қалған. Сол жанрдағы өлеңдерінің бірі «Есқали сұпыға айтқаны» өлеңі қаншама жыл өтсе де өз құндылығын жоймаған. . «Есқали сұпыға айтқаны» өлеңінде қара халықты аяусыз қинаған байлар мен болыстар, надан, дінбұзар молдаларды өз жырына арқау еткен. Аталған кездесу былай болған: Қашаған ақын мен Құрманғазы күйші қыстың бір суық күнінде Каспий теңізінің маңындағы ауылға түседі. Қашағанның ақын екенін билеушілер оны әдейі Есқали сұпының үйіне әшкерелеу мақсатында қонуға жібереді. Үйге кіргізбей, есік алдындағы қарға жыққан сопы келінін ақын былай деп тоқтатады:
Ал, сенде ұят та жоқ, иба да жоқ,
Шамасы ұялтатын иман да жоқ,
Және де әдет те жоқ, ақыл да жоқ,
Өзің жаман болған соң жақын да жоқ.
Қонақты ренжітпей сыйла деген,
Үйреткен ата – енеінен нақыл да жоқ,-
деп қонақ қабылдамау ұятсыздық, әдепсіздік екенін айтып, қатты айыптайды. Ақын сөзін естіген Есқали сопы қонуға рұқсат бергенмен, жақтырмағанын білдіре, амандаспай намазға кіріседі. Онымен қоймай, домбыраның дыңылын ести салысымен Есқали сопы «шайтанның қу ағашы бұл үйге қайдан келді?»- деп жекіреді. Сопының надандығына ызаланған Қащаған:
Келе сала, сұпеке,
Домбырамды боқтадың.
Домбырамды боқтасаң,
Өзімды басқа соққаның.
Сұпылығың қай жақта,
Шын тентекке ұқсадың.
деп келе сала домбыраның ағаштан жасалғанын айта келе ағашының пайдаға асар тұстарын, оның ішінде діни саладағы қызметтерін тілге тиек етіп «Өзіңді халық сұпы дейді. Боқтағаның қай ағаш»,-деп Есқали сұпыға өз пікірін айтады
Қолымдағы қу ағаш,
Сайрап отыр бұл ағаш.
Қолымдағы ағашым -
Алып жүрген домбыра,
Тартқан сайын даңғыра.
Домбыра күнә деген сөз,
Тек бір айтқан дабыра,-
Деп ағашты дәріптеу арқылы домбыраны кие тұтатын ел ұғымын паш етеді. Есқали сұпының ән – күйді «Шайтанның ісі» дегеніне тойтарыс беріп, домбыра өнерін қорған шығады.
Ақынның «Есқали сүпыға айтқаны» өлеңі әдебиетіміздің бір биік шоқтығы болып табылады. Онда ақын ағашты мадақтай отырып, домбыраны қастерлейтін халық мінезін жанамалап айтуды шебер қолданған.
5 Мұрат Мөңкеұлының «Қыз» өлеңіндегі қыз сипаты мен сал-серілер өлеңдеріндегі қыз бейнесін салыстыра талдап жазыңыз
Қазақ қызы!Осы бір аяулы есім жаныңды тербеп,жан жараңды емдеп,шабытыңды оятып,қолыңды сермеп,сезім гүлдеп жүректегі алаулаған отты үрлеп жібереді.Қазақтың мұңы,зары,арманы,үміті,ардағы,аманаты,тарихы,өмірі – бәрі-бәрі қазақ қызының тұңғиық мұңды көздеріне тұрғандай көрінеді.Ұлт болып ұйысуда,жұрт болып жұмылуда,халық болып қайрат танытуда қазақ қызының атқарар рөлі,алар орны ерекше.
Міне,осы қазақ қызына арнап өлең шығармаған ақындар,сұлулығына тамсанып жырламаған жыршылар қазақта кемде-кем шығар!Соның ішінд М.Мөңкеұлы «Қыз» өлеңі өте ерекше.Бұл өлеңді оқи отырып,ойыма «Сұлушаш» поэмасы түседі.Екі шығарманың қандай ұқсастықтары мен айырмашылықтары бар?
Бір жағынан ұқсастықтарына тоқталсақ,М.Мөңкеұлы өлеңіндегі қыз сипаты ақ моншақтай әдемі,әдемілігі соншалықты,ақ жүзінің сәулесі жерге түссе,сары алтындай көрінеді.Ол- құрбыларының алды болған байдың қызы.Тісі – маржандай,сөзі – жағымды,сөйлесе тілінен бал тамады!Келген адам қасынан кеткісі келмейтін.Сол сияқты «Сұлушаш» бейнесінде әдемілігі соншалықты,қарақат көзі,қыр мұрынды,ұзын кірпік,тістері меруерттің тізген тасындай,дидары қоғалы көлдің құрағындай.
Екінші жағынан,айырмашықтарын да қарастыруға болады.М.Мөңкеұлының «Қыз» өлеңінде қазақ халқының салт-дәстүрінің бірі – қызды құтты орнына қондыру бейнеленген.Автордың айтпағы «қыз мұраты – кету» демекші,қыз өз ата – анасының дәулетіне еркелеп өскенімен,бір күні ол да ұясынан ұшып,өз орнын табады.
Ал Сұлушаш еркін ойлы,өз мүддесі үшін күресуге қабілетті өжет жандардың бірі өзі ғашық болған қосылуға ата – анасының батасын ала алмасада,ғашығына қосылатын еркін жан.
Қорытындылай келсек,бұл шығармалардағы қыз сипаты ұқсас болғанымен,тағдырлары өзгеше. Әр шығармадағы қыз жеке тұлға.Біріншідегі қыз сипаты тұрмыс құрарға дейінгі болып табылады.Қай шығарманы алсақ та, ертедегі қазақ қызының бейнесі шебер суреттелген деп ойлаймын.
7«...дәулетті өзімсініп, тиісті орындарына жаратпай, көбісін өзім ішіп-жеп, өзім тұтынсам, мал берген иесіне күнәлі болармын деп қорқамын» дегенЫ. Алтынсариннің «Атымтай Жомарт» әңгімесіндегі Атымтай сөзі қорқуға тұрарлық па?
Әңгіменың тақырыбына қарап «жомарт» - адамға тән қасиет Атымтай – адамный есімі деп ойлауымыз мүмкін. Алайда Атымтай Жомарт – түрлі халық фольклорында кездесіп , әрдайым жағымды образ ретінде сипатталатын кейіпкер. Ал жомарт сөзі парсы тілінен аударғанда «жуван» - жас, жігіт, «мард» - адам деген мағына береді екен. Әңгімеде автор Атымтайдың жомарттығын барынша көрсетуге тырысқан. Атымтай Жомарт қолы ашық, кең пейіл ғана емес, рухани дүниесі мен де жомарт екендігін жоғарыдағы сөздерінде байқауға болады.
Атымтай Жомарт әңгіме барысындағы қарапайымдылығамен корінеді.Мәтіндегі сөздерге назар аударайықшы, «Өзі есепсіз бай бола тұрып, күн сайын бір мезгіл үстіне ескі – құсқы киім киіп отын, шөп тасып жұмыс қылады екен», - дейді автор. Бүның өзі жомарт мінезбен өзін-өзі тәрбиелеу деп білеміз. Адам өзіне саналықпен есеп беріп отырмаса, өзін басқалардан жоғары санап, менмендің пайда болуы мүмкін екенін Атымтай Жомарт түсінеді.Ол сондықтан сол кеселге бой алдырып кетуден қорқады. Тәкаппарлық – тез жұғатын әдет.
«Бар бола тұрып мен жұмыс қылсам , мұның кемшілік емес екенін біліп, кейінгілері әбірет алсын деймін»,- деген сөздерге назар салсақ алдыға кінге деген қорқынышын көруге болады. Өзің жұмыс істемей, һзшелерге әмір берумен шектелсем, кейінгі ұрпағыма берем үміт қандай болмақ? Ендеше Атымтай Жомарттың қорқынышы орынды деп білемін. Адам шын мәнінде сол бақ-дәулетті сыйлар отырған құдайын ұмытса тәубаға келуде қалады.Адамның келбеті кен айырылары анық. Адамның жақсы нірсеге бой алдыруы мансапқор болуы бір өттік құбылыс екенін анық. Оны тіпті бірінші заманда анық байқауғада да болады .Атымтай Жомарттай бақ-дәулеті тасқан пенделер аз емес. Дегенмен солардығ бәрі «Атымтай Жомарт» па?! Солардың әрбірінде, тіпті адамның бәріңе деосы әңгіме кейіпкерінің «әдемі ат, асыл киім, асқан дәулетті әдет етсең, көңілге жел кіргізеді; сол желіккен көңілмен өзімнен терезесі төмен бейшалардан жиреніп, көз салмай, кем-кетікке жірдем беруді ұмытармын» деген қорқынышы болса артыө болмас еді деген ой келеді.
Қорыта келсе, әңгіме кейіпкерінің әр сөзі,әрі ісі оқырманға үлгі екендігін баса айтқым келеді. Үлгі бола қана қоймай адам тұлғасында қалуына ой салар тұрткі екені даусыз.

9 Абай Құнанбаевтың «Ескендір» поэмасында Аристотель сөзі арқылы берілген негізгі ойға қатысты сыни көзқарасыңызды дәлелдеңіз.


Аристотель – әлемнің алғашқы ұстазы. Парасаттылыңымен көпке танылған ол Хакім Абайдың «Ескендір» поэмасында ұлы патша ақылшысы болады.Әр ойды тұспалды,астарлы ойдың ашығын жеткізетін ұстақ сөзі әрқашан орынды
Ашкөз, бар әлемді өз қарамағына алғысыкелген озбыр патша сол бір шаһарға келгенде мысы басылып, беті қайтты. Себебі не деп ойлар едіңіз? Иә, өзінің тойымсыздығы.Өз һзінекөзделген қарудыі өзі ұстап тұрғанын ол сол күйі білмей кетуші еді. Тек әміршінің оң-солын танытқан оның ақылшысы Аристотелль ғана өз тұжырмымен жеткізбесе.. Бар ойпатты қанмен толтырған Ескендір Зұлқарнайынның көзі де қанға толы еді.Сол қанды көз көрмеген ұстаз анық көріп, анық шешімін айтты.
Өркөкірек Ескендір патша өзіне сыйлық алдым деп қуанғанында шыққан бас сүйеу оның өз қателігін айқын етті. Мәнін білмей дөл тұрғанда, Аристотель таразыны әкелдіруін сұратты. Бір басына сол бас сүйекті қойды.Екінші жағына бар алтынын,бар қару-жарағын қойса да, салмағы еш түспеген «өз сыйлығына» қатты ашуланған корольді өзіне келтірген Аристотель жалғыз қимылы,жалғыз ауыз сөзі еді. Бір уыс топырақты бас жатқан таразы бөлігіне қойғанда ғана ол салмағына келген-ді.
Мұның мәнін түсінбеген тойымсыз әскербасы өз ақылгөйінен бар мән-жайды сұрады.Шешімін Аристотель былай жеткізді:
Жеміт көз жер жүзіне тоймаса да,
Өлсе тояр,көзіне құм құйылғанда...
Сый сұрадың,бергені – бір қу сүйек,
Мұны көріп, алыңыщ сіз де ғибрат!
Осылайынан мақтаншақ патша өз қателігін түсінді.Бар абырой – дүние-мүлік,жиған-терген емес, адамгершілік пен қанағат,ұят пен сабыр екенін ұғынып кері шегінді.
Осы ойдың қорытындысысына келсек,жалған қу өмірде жалғыз жолдас – адамдық.Бақ пен дәулетін,ықпалың уақытша. Тойымсыздалып,байлық іздеп,өз жолының адаспағың! Әйтпесе, әркімнен – ақ басынан Ескендір кешкен жайт өтер...

10 Абай Құнанбаевтың «Ескендір» поэмасындағы кейіпкер Ескендір мен тарихи тұлға Ескендірді салыстыра талдап жазыңыз.


Сондаған ғасырлар бойы батыс пен шығыстың талай елінде Ескендірдің жорық жолын дәріптеген көптеген туындылар дүниеге келді.Фирдоуси «Шахнамасында»,Низами «Ескендірнама» атты дастанында,Жәми «Ескендірдің даналық кітабында» жазып,оның образын данышпан,ақылды,батыр деп ардақтап аөрсеткен,Александр Македонский туралы тағы да тарихи еңбектер де,фольклорлық туындылар да,әдеби шығармалар да аз емес.
Абай Құнанбаев жазған «Ескендір» поэмасындағы басты кейіпкер- Ескендір.Шығыс елдеріне Ескендір Зұлқарнайын деген атпен тараса,Еуропаға Александр Македонский деген атпен тараған,белгілі қолбасшы жайлы аңыздар негізіне,жырларға кейіпкер болған патша.Абай «Ескендір» поэмасының композициясын,сюжеттік әкелесін өзіне дейінгі жырлардың ешқайсысына ұқсатпай,Ескендір Зұлқарнайын образын озбыр,соғысқұмар,даңққұмар,дүниеқор,менмен,қатал,яғни жолында тұрған кез-келген тосқауылды қатыгездікпен жойған.Оған дәлел ретінде:
Көп елді күтінбеген қырды,жойды,
Ханды өлтіріп қаласын тартып алды.
Жазасыз жақын жердің бәрін шапты,
Дарияның суындай қандар ақты,- деген жолдарданкөре
аламыз.
Ескендір Зұлқарнайын туралы тағы да бір әлемге тараған туынды ал «қос мүйізді Ескендір».Бұл әңгімеде Ескендір қос мүйізді болып бейнеленгендіктен оны «Зұлқарнайын деп атап кеткен екен.Содан кейін,оған ерекше күш,айбын,тіпті ежелгі Египеттегі жануар басты құдайлар мен патшаларға тән қасиет танылады.Себебі шығыс халықтарынынң ерте заманғы түсінігі бойынша,адамға біткен мүйіздер екшелеп батылдықтың,аса бір ерекшеліктің белгісі екен.
Белгілі ғалым Е.Э Бертельстің дәлелдеуінше,Ескендір туралы алғашқы аңыздар мен әңгімелер оның өз сарбаздарының арасында туған.Ол әңгімелерді көпшілікке таратқан да – осы сарбаздары. Ал басқа деректерге сүйенсек оның бейнесінің бүгінге дейін жаңғырып,жаңарып жетуіне қолбасшының өзі көп күш салған.Ол әрбір жорыққа өзінің ерлігін хатқа түсіріп отырған жылнамашы-жазушыларды ертіп жүрген.Сондай жазушының бірі – Каллисфен.Александр батырлығы мен айбындылығын әсірелей сипаттайтын «Александр жайлы роман»жазып қалдырған.
Міне,жер жаһанға әйгілі Ескендір Зұлқарнайынның бүгінгі бізге жеткен бейнесі – батыр, білімді қолбасшы,әлемді аузына қаратқан ұлы патша екеніне көзіміз әкетіп отыр.Абай Құнанбаев «Ескендір» поэмасы арқылы қалың қазақ өзінің рухани тарихында Александр Македонский туралы қазақша түсінік,тұжырым қалыптастырды,өзгенің жеріне,байлығына көз тігудің әділетсіз екеніне тағы да көз жеткізді.Ресей отаршылығының қасіретін тартқан қазақ халқының азаткерлік санасын оятуға өадам жасады.

11 Шәкәрім Құдайбердиевтің «Жастарға» өлеңінде Абайды үлгі етудің себебін талдап жазыңыз.


Болашақ әркімді де толғандыратыны рас.Сол болашақтың тірегі кім?Әрине,жас қанатты жастар.Жас ұрпақ болашақтың тірегі,елінің сенімі отаның өркендетуші,күллі жұрттың ертеңі.Жаңа буындарға сенім артып өлең жазып,қалам сілтемеген ақындар кемде кем шығар.
Соның бірі Шәкәрім Құдайбердіұлының «Жастарға» өлеңі.
Бұл Абай саудагер ғой ақыл сатқан,
Әртүрлі асылы көп өтпей жатқан.
Тегілі білсең – аласың,бас береді,
Тұтасынан ешкім жоө мұны тапқан,-деп Ш.Құдайбердіұлы «Жастарға» өлеңінде Абайды жастарға үлгі еткісі келіп,Абай арқылы түзеткісі келді.Шәкәрімнің Шәкәрім болып қалыптасуына әсер еткен бірден бір тұлға,ағасы – Абай.Себебі,жастайынан жетімқалған Шәкәрім Абайдың қолында өсіп,болашақ ақынның балалық бесігі,ұшқан ұясы – Абай мектебі.Абайдың ықпалымен өлеі жазды,Абайды түсінуге тырысты.Кішкентай кезінен бастап.Абайдан үлгі алған Шәкәрім,Абайға қатты еліктеген екен.20-30 жастар щамасында жазған өлеңдерінде көпшілігі Абайға тікелей еліктеп шығарады.Сол сияқты,Абайды үлгі ету мақсатында «Жастарға» өлеңін шығарды.
Шәкәрім Құдайбердіұлы «Жастарға» өлеңінде жастарды жақсы жаққа түзетіп тәрбиелейді.Осындан неге Шәкәрім «Жастарға» өлеңінде жастарды Абай арқылы түхзеткісі келеді?Менің ойымша,Абайды үлгі етіп көрсеткен себебі,ол – өз ортасында білімді,әрі ойшыл ақын,әрі парасатты,әділ жан деп Абайды ғана таниды.Абай арқылы – жастарды адалдықты сүюге,арамдық,ұрлықтан қалуға,үлкеннің ақылын тыңдауға шақырады.
Осы «Жастарға» өлеңі арқылы жастарды жаман мінезден аулық болуға адами сезімді қастерлеуге,сүйіспеншілік пен ішкі рухани тазалықты сүюге үйретеді,Абайдың өзінің өсиеттерінің бірінде: «жақсылық пен жамандықты,әділдік пен пен қиянат туралы білгіңіз келсе,Абайды оқыңыз»-деген екен,осы өсиетпен толық түрде қосыламын.Себебі бойына қарап бой түзейтін,ісіне қарап ой түзейтін тұлғалардың бірі.
Қорыта келсек,бұл өлеңнің негізгі ойы жақсылықпен жамандықты,зұлымдықтаан адалдықты айыра білуге, бойына тек қана жақсы қасиеттерді жинақтауға,топтастыруға үйретеді
Қазірдің өзінде Қазақстан жастары үшің қазірдің өзінде де көптеген жағдайлар қарастырылған.Соның бірі «Болашақ» бағдарламасы.Жастарға үлкен үміт сыйлайтын,жас қанатты қанаттандыратын жоба.
14 Сал-серілердің жеке тағдырына әсер еткен әлеуметтік мәселелер ме, әлде ғашықтық па?
Әнші – ақындар поэзиясында – қазақ әдебиетіндегі ерекше дәстүр. Әнші ақындар поэзиясының ерекше дамыған кезі ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басы. Қазақстанның әр өлкесінен шыққан өнерпаздар халыққа өнер көрсете жүріп, әншілік-өнер мектептерін, орта дәстүрін орнықтырды. Әнші ақындар композиторлық дарынмен бірге тыңдаушысын арбап алатын сазы, құдіретті даусымен жұртшылыққа танылған.
Қазақ әнінің классик, биікке жетіп , формалық, әуендік жағынан байи түсуіне шексіз үлес қосқан әнші-ақындар. Олар көбіне пәк таза махаббатты, сұлу әйел сипатын, жастық шақ, жігіттік арман, ар намыс бостандығын жырлауғаден қойды. Ойымызды мәліметтермен дәлелдесек,оған Ақан сері, Біржан сал,Естай,Балуан-Шолақ,т.б. ақындардың шығармашылығын айтуға болады. Әйел заттың әдемі көрік-келбетін,жан-дүниесінің сұлулығын әсерлі жырлаған Ақан Серінің «Ақтоты», «Мақпал», «Перизат», «Ақсаусақ», «Жаман қыз», «Балқадиша» т.б. махаббат тақырыбына арнаған.Әнші ақындар шығармашылығының поэзиямызда өзгеше, орналы болып қалыптасуына қазақ даласындағы тарихи әлеуметтік жағдай ықпалын тигізді. ХІХ ғасырдағы сан қабатты өзгерістер, ежелгі салт-дәстүрдің, адам мен адам арасындағы қатынастардың басқаша өріс табуы әншілік поэзиямыздың қуаттана дамуына қолайлы жағдай тудырды. Жаяу Мұса,Сары Батақұлы,Қанапия, т.б. ақындар өлеңдерінде әлеуметтік теңсіздікті сынады.Мәселен, Жаяу Мұсаның «Ақсиса» - теңсіздікке, зорлықшыл,Қиянатшыл үстем топтардың іс-әрекетіне деген наразылық пен ыза-кектің уытты күшін көрсететін әлеуметтік мәні зор туынды.
Қорыта келе, біз бұл шығармада серінің тағдырын өзгерткен ғашықтық және әлеуметтік мәселе екенін байқаймыз. Сал – серілердің әр-қайсысы халықтың рухани тұрмысында өнерді насихаттап қана қойған жоқ. Әлеуметтік тұрғыда ой қозғап, қоғамдық мәселелер көтерді.Ұлт бірлігін, жерін сақтау,өнерді қастерлеу – ғасырдан ғасырға жеткен сал – серілер өнернамысының негізі болмақ.

15 Жаяу Мұсаның қиянатқа қарсы күрестің айбынды ұранына айналған «Ақ сиса» өлеңі – Шорман тұқымына бағытталған тоқтау сөз. Пікіріңізді дәйектерге сүйеніп, дәлелдеп жазыңыз.


Ұлттық әдебиет сарқылмас қазына. Халқымыздың асыл қазынасының бірі – әнші-ақындардан қалған поэзия және әндер тұтастығы.Қазақ музыка өнерінде аттары алтын әріппен жазылған біртуар тұлғалар: Біржан Сал,Ақан сері,Жаяу Мұса,Үкілі Ыбырай,Әсет. Солардың бірі – Мұса Байжанұлы. Оның «Ақ сиса» өлеңі бүкіл қазаққа мәлім.Тіпті қазақ даласында «қиянатқа қарсы күрестің ұраны» деп те аталды. «Бұл өлеі Шорман тұқымына бағытталған тоқтау сөз бе?» - деген сұрақ туындайды.
Мұса Байжанұлы Омбыда оқи жүріп,жазда ауыл аралайдыүОл өзінің ақын-тұқымын әңгімелеп,домбыра,сырнай,сскрипкасын кезек тартады.Ел назарын бірден Жаяу Мұсаға аудартады. Мұса көп ұзамай беделді «жақсы» атанады.Бұл сол ауылдың жуаны Шорман әулетіне ұнамайды.Жуандар ішінде пышақ айналмай қояды.Мұса Байжанұлы Шорман әулетімен болған шиеленістен соң «Ақ сиса» өлеңін шығарды.
«Он екі жыл айдадың тобыл жаққа,
Еш болмас,бастан бағын таяр щақта», -деп Мұса Байжанұлы айдауда он екі жыл болғандығын көркем дәлелдейді. Оның ерекшелігі – өлеңді бар қазаққа түсінікті қара сөзбен, тура мағынада жазады.
«Параны мұнан былай тоқтат,Мұса,
Нашардың жол терісіне өзің сыймай»,- деген өлең жолдарында басты ой жазылған. Біріншіден,мұнда сол уақыттағы әлеуметтік теңсіздік айқын бейнеленген.Мұстафадай бай феодалдар кедейлерге әлімжеттік жасайтыны жазылған.Екіншіден.өлең жолдары бұйрықты райда жызалғын. Сондықтан,қазақ халқының әлімжеттік пен қиянатқа қарсы бағытталған ұраны.
Тоқсан сөздің тобықтай түйіні.Жаяу Мұса өз заманының шындығын нақты жаза білген ақынсазгер.Оның «Ақ сиса» өлеңі Шорман әулетіне бағытталған тоқтау сөз.Қазақ музыка өнерінде аттарға алтын әріппен өшпейтін таңба қалдырған ақыл-сөздердің бірі болған.Тіпті қазақ даласында «қиянатқа қарсы кұрес ұраны» деп те атап кеткен.Осындай әнші ағамызға не жетсін,содан үлгі алып ардақ тұтуымыз керек.
16 Мұхит Мералыұлының «Зәуреш», «Айнамкөз», «Дүние-ау» өлеңдеріндегі ғашықтық сезімі қалай жеткізілген?
Мұхит Мералыұлы – 1841 жылы Батыс Қазақстан облысы,Қаратөбе ауданы,Ақбақай ауылында туып,1918 жылы дүние салған.Баһадүр Әбілқайыр ханның ұрпағы,Қаратай сұлтанның шөбересі.Сүйегі асыл ауқатты отбасынан шыққан.Халық композиторы әнші-ақын,күйші – домбырашы.Мұхит уақыт,қоғам,өмір туралы «дүние-ай», «Зәуреш» әндерін шығарды.
Мұхит Мералыұлының «Зәуреш» әні: аңызы мен ақиқатқа толы.Тарихында өзіндік суреткерлік болмысымен есімін таңбалаған сирек дарақтың бірі сол Мұхит еді.Шандоз ән шебері,халық психологиясының білгірі сол Мұхит дыбыстар жүйесін әр қырынан құбылта құрімен тыңдаушысын эстетикалық – эмоциялық көңіл-күйде қалдырып отырған.Мәтінде бейнеленген ойлау формаларының сөзі дік әсерін әуен арқылы арттырып,күшін өсіре түскен.Соның бірі-байтаққа жақсы таныс әйгілі «Зәуреш» еді.Өрнегі бөлек әндердің бірі.Бітімі өзгеше.
Зәуреш еліне дәріпті Медет есімді кісінің қызы екен дейді аңызға айналған дерек.Обадан опат болған отыз ұлдан соңғы жалғыз тұяқ.Әкесінің бар үміті,бар жұбанышы – Зәуреш,өмірінің шырағы болар деген.Тағдырдың тауқыметін көп көреді.Ажал тырнағына ілінеді.Саулы әнгендей боздап келіп,суық қабірді құшақтап айтқан Медеттің сондағы сөздерін Мқхит кейін өлеңге айналдырып,зор әнге қосқан, - дейді.Сөздері қамықтырарлық.
Ка,Зәуреш,сенің үшін елден келдім,
Баяғы өзің өскен жерден келдім.
Сен неге мен келгенде тебіренбейсің,
Иіскеп бір сүйейін деген едім?
Құланның жонда өрдім шоқырағын,
Қайынның жаста көрдім жапырағын.
Қарамай кетіп қалып жең сорға,
Бір уыс көп көрді ме топырағын.
Атақты сол Мұхиттың осы «Зәуреш» әніндегі Зәуреш Ырғызда ғұмыр кешкен екен.
«Айнамкөз» әні.Айтушылар Мұхит Қобда бойын аралап жұргенде біреудің үйіне түсіп,ән салып,ауыл адамдары жиналып,кеш бойы сауықтайды.Ертеңінде сол үйдің бойжеткен қызы Құралайдың шай құйып отырғандағы сыпайылығы,мінезі,ажары Мұхитқа қатты ұнап,сол ара-бір ән шығарады.Әншіге қыздың көзі ұнайды.Сондықтан ол: «Шырағым,мына бір әнді саған арнадым,нағыз айнамкөз екенсің,әннің аты да «Айнамкөз» болсын», - деген екен.
Мұхиттың әні халық арасында көп тараған, «Айнамкөзді» айтпайтын адам аз.Әсіресе,жай үйде болған мәжілістерде көпшіліктің қосылып айтатыны анық.Мұхиттың қай әні болмасын,басынан аяғына дейін лирика,ешбір қайғының ұшқыны жоқ,сүйгенін жақсы көргенін сағынған әуендер.Әннің кеудесі мен қайырмалары бір-бірімен жалғасып кетеді.Әндері байсалды,орнықты екпінде жүреді.Орындаушының шеберлігі де,өте жоғары болған екен.

Мұхиттың келе,біз Мұхит ақынның әндерінде адамның жан д.ниесін,ой-арманын,махаббат сезімін суреттеу,табиғатты тамашалау,адамның жеке басына сүйсіну сезімдері мол бейнеленгенін байқаймыз.Мұхит жүректі тебірентер сыршыл әндерімен бүкіл қазақ даласына танылған аса ірі тұлға,ғажайып дарынды талант иесі.



№17 Үкілі Ыбырай өлеңінің «Қалдырған» атауына себепкер болған ой.
Өмірдің әр кезеңі болмасын әлеуметтік құбылыстар өзінің дарынды өкілдерін жарыққа шығарып отырды.Сондай бір дарынды тұлғаныі бірегейі қазақ әдебиеті мен өнерінің тарихында өзінің ерекше шоғырлану өнерімен айқын із қалдырған әнші ақындардың бірі – Үкілі Ыбырай Сындыбайұлы. Қазақ топырағындағы тарихи экономикалықжәне әлеуметтік рухани өзгерістер патша тарапынан жүргізілген отарщылдық саясатшыл ақынның көңіл күйі мен өміріне әсер етпей қоймады. Көргені мен түйгені оны терең ойға қалдырды.Міне, осындай тартысқа толы тағдырды ол өзінің «қалдырған» атты терең пайымдауларда құрылған шығармасын жазып шығарды.
«Қалдырған әні» - ойы кіршіксіз сезімі сыршыл ақынның жүрегінен шыққан әдеби шығармасы кімде – кімнің талай – талай тауқыметті шақтарды бастан өткеріп, өмірдің өріне көтеріліп, елдің тағдырын түйінде кезеңіне аяқ басқан сәт болатын. Осы кезде әркімде өз өмірінің қиындықтарын бастан өткізіп жатты. Әннің «қалдырған» аталу себебі ол өзінің дәл қазіргі күйіне , болашағына, үкілі үмітпен, өткен өміріне күйіне отырып жазған. Ол болашақтаңы қазақ өмәрән ұрпаққа сеніммен қалдырған. Сол себепті ін осылай аталған Сыршыл ақын осы шағырмасында терең шолу жасайды. «Жасымда халқымды сұлі сөздің нәріне бөлеп,кәріңді таңқалдырған ақын едім, халқым да мені ерекше құрмет тұтып, маңдайымнан сипап қадірлейтін. Соның, нәтижесінде Сарыарқаңда сайраңдап ғұмыр кештім.Енді міне, алпысқа келген шағымда сұм дүние менен теріс айналуы, мені іздейтін жан қалмауы» деп өткен өміріне көз тастап күйінеді.Ыбырайдың шығармасындағы кейіпкер басында нәзік сезімде, сыңғыр күлкісі таза бұлақтай сылдырлаған болатын, ал шығарма соңында ешкімге керек еместей сезініп, тек Анаға деген сенімінің арттыра түзеді.
Жалпы,ақын өмірілік жолын бір өлеңге сидыра отырып, болашаққа үндеу тастап, «Қалдырған» өлеңін жазады. Бұл өлеңде ақын кіршіксіз көңілінің сыры жазылған ән-өлеңдерінің асыл шығармасы деуге лайық.
22 Әсет Найманбайұлының «Салиха-Сәмен» поэмасы мен ғашықтық жырлардағы жігіттердің сүйгені үшін күресін талдап жазыңыз.
Адамзаттың өткен ұзақ өміріне көз салсақ, оның өнері мен поэзиясында махабаттан,ғашықтықтан асқан өздігінің ұғымына,дініне,дәуіріне сәйкес әр түрлі түсінген сияқты.Мәселен,ертедегі ера, рим қолжазбаларында махаббат құдайлар кейпінде көрсетіліп,дүниенің бар кілті солардың қолында деп дәлелдедә.Соның нәтижесінде құдайдың өзі махаббат мағынасында ұсынылған.Ал түркі халықтарында махаббат ең ұлы күш. Оның көлемі өлшеусіз,шексіз.
Осы бір алапат сезім жайында халық арасында көптеген аңыз,әңгімелер,дастандар мен хикаяттар тараған.Атап айтсақ «Қалқаман -Мамыр», «Еңлік -Кебек», «Қозы көрпеш-Баян сұлу», «Қыз Жібек», «Қамар сұлу», т.б. шығармалар.Бұл еңбектер халықтың ертедегі жалпы әдет-ғұрпына,үйлену салтына байланысты туған.Онда көбінесе бір-біріне ғашық болған жұбайлар жайлы,олардың қуанышы мен арман-мұңы,қайғы-шері суреттеледі.Және де өткен заманда жастардың бас еркі болмағандығы,олардың арман – мүдделеріне жетуі,сүйгендеріне қосылуы жолында көптеген бөгеттердің кездескендері,ал бөгеттерді жеңе алмай ауыр,аса зор қасіретке ұшырағандары жырға қосылады.
Осындай лирикаға,сезімге толы жырлардың бірі Әсет Найманбайұлының «Салиха-Сәмен»поэмасы.Поэмадағы Сәлиха мен Сәмен де бас бостандығы үшін, махаббат жолын да құрбан болған жандар.Шығармада Алтай тауын мекендеген Моңғолдың,Ясуки деген ханның асқан сұлу қызы Салиха сипатталады.Қанның қолындағы батыры Сәмен мен Салиха көңіл қосады.
Қорытындай келсек,адамның көңілін жеңілдетер, жанын жібітер махабаттан артық күш жоқ!Оны ешкім жеңе алмады.Қызды сүйген жігіт қандай,азапқа да көнуге бар,ал баланы жақсы көрген ана баласы үшін жан қиюдан құдыретті етіп,дүниедегі ең ұлы күш – жаратылыстың өзі жаратқан.Сондықтанда,махаббатың алдында кім болса да әлсіз,амалсыз!

23 М.Дулатов «Бақытсыз Жамал» романындағы үстем тап өкілдерінің мақсатын қаншалықты сенімді суреттей алды?


«Бақытсыз Жамал» - қазақтың ұлтық әдебиетінде роман деген атпен басылып,проза үлгісінде жазылған.Бұл роман жазушының шығармашылың жолында ірі табыс қана емес,бүкіл қазақ әдебиетәндегі елеулі көркем туынды болды.Романның негізгі мәселесі сол замандағы Жамал сияқты қыздардың тағдырын,сонымен қатар өмірдің құбылыстарын қамту.
Туындыдағы үстем тап өкілдерін жазушы автор ретінде даттаушы деп білемін.Себебі,шығарма тақырыбының өзінде Жамалдың бақытсыз екені көрсетілген.Және де билік үшін қыз тағдырын аяқ-асты еті,оның ішкі сезімдерімен санаспау,бір-бірі үшін жаратылған екі жасты айыру оқиғаны шиеленестіре түседі.
Романның сюжетіне тоқталатын болсақ,ең алдымен Жамалдың бақытсыздығы әкесі Сәрсенбайдың билік үшін көмектеседі деген ішкі есеппен Байжанмен құда болуынан басталады.Содан кейін қыздың қмірінде әртүрлі оқиғалармен азапты кұндері бір-бірімен сабақтасып,махаббат жолындағы күресі суреттеледі.Қаншама тосқауылға төтеп беріп,қиын кезде қасында болған ғашығы Ғалидың дүние салуы.Жамалдың еңсесін түсіріп,жолытады.Ол жалғыз қалғандықтан,еріксіз Байжанның босағасын аттап,сол шаңырақта зорлық көреді.Ақыр аяғында өмірдің қиын да,ащы өтпелдерінен өткен бақытсыз қыз боранды түнде адасып,қайғылы махаббаттың уын ішіп өмірден өтеді.Міне,шығарма желісі бойынша жағымсыз кейіпкерлерді дасттау автордың басты қалам тартқан түпкі ойы деп есептеймін.
ХІХ-ХХ ғасырларда халқының қалы үшін ширығып,жан беріге даяр болған қамалгер Міржақып Длатовтың романында сол уақыттағы қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін,салт-дәстүрі мен мінез-құлқын,кемшіліктерін баяндайды.Қазақ халқының азаттығы мен отарлық езгіден құтылып,тәуелсіз ел болуды аңсады.Қазіргі заманмен салыстыратын болсақ,ақынның өмірлік мақсаты да,романдағы мақсаты да орындалды.

24 Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романындағы қазақ қызының өсу жолының ұлы намыс жолы екендігін дәлелдеп жазыңыз.


Қазақ халқы әрдайым салтына берік болған.Әдет – ғұрпы,тәрбиесі,салт-дәстүрі – барлығына аса назар қойып отырған.Бұл есепте қазақ ауының орын бөлек еді.Қыздарын алақандарына салып аялап өсірген.Өз бойын үкідей сақтаған аруларымыздың арқасында әлемге текті ұлт болып отырмыз.Дегенмен де бйырға кезеңдерде әйел теңсіздігі де болды.Халқымызға патша үкіметінен, оның ішінде кесапат орыстардың қыздарымызға тигізгеназағы аз емес.Бұған дәлел- оқиға желісі шын өмірден алынған Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романы.Оқырман назарына негіз ретінде ұсынылған – қазақ қызының тағдыры.Ақбілек – шығарманың басты тұлғасы,әкесі мен анасының алдында өскен қазақтың таңдаулы қызы .Ақылына көркі сай,тәрбиелі,сүйкімді.ағыз қазақ қызының символы дерсің.Елінен жат шығып көрмеген,он екәде бір гүлі ашылмаған осындай періште қыздың орыстардың қолына тап болуы трагедия басы еді.Әкесінің шаңырағын ортасына түсіріп, анасын азаптап өлтірген орыстардың жантүршігерлік ісі Ақбілектің есіне таңба болып басылды.Қара мұрт офицердің ойыншығына айналған қыздың бір намысы тапталып,жанына жазылмас жара салынды.Ақ офицерлек мен Ақбілекті тастап кетіп,қыздың қосты қоршаған қасқырлармен арпалысуы – оның басына салынған қайғының қою екенін көрсетеді.Ауылына келіп,Ақбілектің бар ерікті тілсіз көз жасына беруі – қыздың іштей күйінгені,зары мен мұңы «Кәпір» деп атайтын орыстардың қолынан келген қызды кім де болсын жақтыртпайды.Ар азабына әкесінің қызының қашқақтауы,сүйеу жігіттің бас тартуын келіп қосылып,Ақбілек мүлделі қайғыға түседі.Жүкті болған қыз ауылынан пана таппай,ағасына еріп қалаға кеткені-ендігі қыздың алдына жаңа мақсат қойып,бас көтергені деп білемін.Ол бойына қажымас қайрат,төзімділік пен сабырлылықты шақырып,алға ұмтылғаны – кез келгеннің қолынан келе бейрмейтіні.Балташты өмірлік жары деп тауып,Ақбілек үшін жарқын күндердің есігі ашылды. «Оқымаған әйел қор ғой,қапастағы құстай ғой»,-деп ойлаған Ақбілек білімге ұмтылып,азаматтық құқыққа ие болған алғышқы қазақ әйелінің бейнесі болды.
Сөз соңында айтарым,қаншама қиын қыстау кезеңді басынан өткерсе де мойымаған Ақбілектің ерлігі барша қазақ қыздарына үлгі болса екен деймін.Намыс,қайрат,жігері жүрегіне қонған Ақбілектің өсу жолы - ұлы намыс жолы екендігі хақ
26 М.Жұмабаевтың «Қойлыбайдың қобызы» дастаны аңызға, тарихи белгілі оқиғаларға құрылғандығын талдап жазыңыз.
Артына өшпес рухани мол мұра қалдырған қазақ поэзиясының шолпан жұлдыхдарының бірі, әрі бірегейі ол – Мағжан.Ақындық міндетті арына жүктеп,халыққа жеткізер ойдың ұшығын ашық та, айқын көре білген Мағжан өз бағытынан еш айныған емес.Құбылмалы өмір күйінен өз жолын таба білген ұлттың ақынына қуанышты көркейту,қайғыны жеңілдету ақындық мұраты болды.Ақын қазақ болашағына бұлдыраған сағым емес, орындалмас қияли арман ретінде қарамай,ұлтының ояна бастаған сана болмысына қарар,халық сенімі күшейтеді. Мағжан поэзиясының жастарға деген үміті – ояна бастаған ұлт санасынынң болашағы деп біледі.
Расында,Мағжан эпикалық жанрда да қарқынды еңбек еткен ақын. Оның қаламанан бірнеше поэмалар туған.Әр поэмасының тақырыптары мен көркемдік деңгейлері әркелкі болғанымен қазақ әдебиетінде өзіндік орны бар дүниелер.Соның бірі – «Қойлыбайдың қобызы» дастаны. Бұл поэма мистикалық аңыз әңгіме негізінде жазылған.Поэмадан халықтың бақсы-балгерлерге деген қарым қатынасын байқауға болады.Мағжан Жұмабаев бақсы-балгерлердің сол қоғамдағы рөлін көрсеткісі келген болуы мүмкін.Халық әрқашан мистикаға сеніп,осы бағытты түрлі аңыз әңгімелер таратып отырған.Бұл аңыздарға халық өздерінің арманын,мақсат-мұратын енгізіп,сол мұраны ұрпақтан-ұрпаққа таратып отырды.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні Мағжан- ұлы ақын.Қазақтың кемеңгер жазушысы М.Әуезов : «Абайдан кейін Мағжанды сүйемін... Мағжан культурасы зор ақын... Сыртқа кестенің келісімі мен күйшілігіне қарағанда бұл бар заманның шегінен асқандай...бүгінгі күннің бар жазушысының ішінен келешекте бой ұрып,артқы күнге аныққалуға жарайтын сөз-Мағжанның сөзі» деп,оның ақындығына да,әдебиет тарихындағы орнын да басып айтқан.

№28 І.Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасындағы «Бай-бай, Құлагерім!..» жоқтауындағы ақын мен тұлпар өмірі ажырамас тұтастық па?


Ілияс Жансүгіровтың «Құлагер» поэмасы – сюжетті поэма.Поэма сюжетін құрайтын оқиғалар асты бейнелеген тарауларда ат жарысын,Құлагердің мерт болуын,сонымен байланысты Ақынның қайғы – шерге көмілуін суреттеген тарауларда байланған . Өзге поэмаларға қарағанда,бұлпоэманың сюжеттік – композициялық бітімінде өзгешелікте бар екені рас.
Поэманың бас қаһарманы – Ақан сері Қорамсаұлы.Осы бас кейіпкер өмірін бейнелеген поэма жанрының шеңберінен аспай,осы жанрдың адам образын мүсіндеудегі көркемдік мүмкіншілік белгілі дәрежеде ұтымды пайдаланғанын көреміз.Ол ең алдымен оқырман қауымды Ақан Серімен біраз таныстырып өтеді.
Поэмадағы ақынның авторлық мәнездемесіне қарағанда:Ақан билік айтқан ел жуаны би емес, «ауыл торып,ел шулатқан ұры» емес, «мешіт салып,зекет алып,дүниенің нәжісін бойға жаққан» молда емес,тіпті байдың жалшысы да емес.Ақан енді кім?Бүған жауап ақынның Ақанға берген мына сипаттамасынан табылады:
«Жүйрік ат,сонар саят,қыз-қырқынмен,
Өмірді өткізген жан өз қырқынмен
Өмірдің ащы емес,тұщысында
Қызықтап жігіт ойын,қыз күлкіңмен
Саңлақ ед шыққан мыңнан,оған жұзден
Көп сұлу көзін сүзген күнді өткізген.
Қызықтың айдынына құлаш ұрып,
Армансыз қаздай қалқып,құдай жүзген...»
Міне,осылайша ақын Ақан серінің халық ішінен шыққан көрнекті өкілі ретінде көрсетті.
Поэмадағы Ақан сері образын сөз еткенде Құлагерді айту аса қажет.Ақынның Құлагерді суреттеуі бас кейіпкер бейнесін тұлғандырып тұр.Ақан сері Құлагер туралы,сол Құлагердің өкінішті қазасы жайлы шығарған әнінің хикаясын – қазақ поэмасындағы ерекше орын алады.Атқа байланысты поэма ертеден келек жатқан психологиясымен байланыстырады.
Қорыта келе,Ілияс Жансүгіров ауыз әдебиетін,жазба әдебиетін жалғастырып қана қойған жоқ,өзінше өрістетті.Ауыз әдебиетіндегі әсірелеу арқылы берілсе,Ілияс Құлагерді әлсіремейді де,кейіптеп суреттемейді әлеуметтік өмірдің өзекті мәселелерін өлеңіне арқау еткен,Ақан өнерімен де,ерлік өмірімен де кейінгі ұрпаққа,туған халқына үлгі болды. «Халық жадында Ақан мен Құлагер есімі егіз ұғым болып мәңгі қалмақ!»
№29
І.Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасындағы Сағынай асы мен М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы Бөжей асынан мысал ретінде дәлелдер ала отырып, ас беру дәстүрі туралы талдап жазыңыз.
Ас беру – өлім – жітімде жасалатын кәденің соңғысы,еске алу рәсімі,оны тіпті «жылан беру» деп те атайды «Сауын айтып ас берді»,- дейді,яғни төрт тарап жұртқа,астың өтілетіні туралы хабар беріледі.Хабар тиген жұрт ас болатын жерге жиыла бастайды.Қазақ ас беруді бір жағынан той деп есептеп,ат шаптырып,бійге береді.
«Аруақ риза болмай – тірі байымайды» дейтін қазақ дүниеден өткен туысқанының рухын риза етуді міндет санайды.Астан кейін ол үйде қаралы ту түсіріліп, азалы күй тоқтатылады.Жесір қалған әйел тек ерінің асын берген соң ғана қайта тұрмысқа шығуға ерікті.Ас беруге қайтыс болған адамның туыс,жекжат,дос – жарандары ат салысады.Осыған орай «Ас пен той ортақ» деген қағида қалыптасқан.Көзі тірісінде елге атағы жайылған,соңында қалған ағайын – туысы мол адамдардың асы ұлан – асыр той дірежесінде өткен.Бүған әр елден есімі белгілі ақсақалдар,батырлар,ақындар,палуандар,әнші,жыршылар,кқкпаршылар,мергендер арнайы шақырылып,жүйрік аттар келетін болған. «Алтын той тұяқ», «алтын жамбы» бастаған бәйгелерді тоғыз-тоғыздан туысқандары бөліп алған. Асқа келген қонақтар тек ішіп-жеу үшін ғана емес ел көріп,жер тану үшін,аста көрсетілетін түрлі халықтық өнерді тамашалап,өзіне бір рухани тәрбие алу үшін келеді.
Осындай астардың бірі – «Құлагер» поэмасындағы Сағынай асы.Үлкен болысты басқарған Паң Нұрмағамбеттің әкесі Сағынайдың асы.Сағынайдың асы 1886 жылы өтіпті.Ол асқа бес жұз ақ үй тігіліп,оған бес жүз бұхар кілем ілінді.Бес тонна шәй әкелініп,жаңа ыдыс-аяқтар Ташкент пен Қазан қалаларынан алынған. Он мың көрпе-жастық,қонақтарға сыйлауға бес жүз бұхар шапаны әкелініп, Сібірден бес жүз бағалы аң терісі алынған.Жиырма мың қой,жүз мың жылқы сойылған.Сағынайдың асына кеткен шығын атақты Тәж-Махал кесенесін салуға жұмсалған қарасымен бірдей болған
Осындай тағы бір астың бірі – «Абай жолы» роман-эпопеясындағы Бөжей асы бір тобықты емес,тіпті,бұл өңір,бұл атырапта талайдан болмаған ас делінеді.Молшылық,сый-сыяпат,барлығы да үлгі-өнеге берерлік болыпты.Ас өлік үшін ғана емес,әсіресе,тірлік үшін керек.Олар өлімді сылтау етіп,өздерінің абыройын,атағын,мақтаныш айдынын да асырады.Сондықтан асты кім болса сол жасамайды тек жуан бай-шонжарлар ғана жасаған.Тобықты ортасы бұдан былай осы жылдарда туған баласының жасын Бөжейдің асымен санайтын болды.Ас жылы туылған бала ғана емес,астан бірнеше жыл кейін туғанда да сол астың «ар жақ-бер жағы» деп,асқар белген бастағандай,межелейтін болған Бөжей осының атағы осыда.
Ас беру – асыл өнеге.Ендеше,халқымыздың намысынан жаратылып,дәуір жүгін арқалап өткен бабаларға тәу ету барша қазақ жұртының перзенттік парызы дер едім.

30




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет