«1 мамыр бірлік күні» Музыкалық тақырыптық сабақ мақсаты



Дата01.02.2018
өлшемі89,39 Kb.
#37302
«1 мамыр бірлік күні»

Музыкалық тақырыптық сабақ

МАҚСАТЫ:
1мамыр қазақстан халқының бірлік күні туралы балалардың білімдерін кенейту. Балаларды ұлттық музыкалық аспаптарымен таныстыру. Достық, толеранттық қарым-қатынастарын қалыптастыру, эмоционалдық көңіл күйін көтеру.
МІНДЕТТЕРІ:

  • Бірлескен музыкалық және көркем іс-шараларды дамыту.




  • Бір – біріне қуаныш сыйлау, достық қарым – қатынасын тәрбиелеу.




  • Музыкалық аспаптарға деген сүйіспеншілігін ынталандыру.


Балалар музыкамен залға кіреді, жартышеңбер құрып тұрады.

1слайд

Муз жетекшісі: Сәлеметсіңдер ме балалар, құрметті әріптестер!! Бүгін біз 1 мамыр Қазақстан халқының бірлік, ынтымақ күнің атап өтеміз! Тірлігі жарасқан жұрттың түтіні түзү, бірлігі жарасқан елдің туы түзү деп елбасымыз бекер айтпаған. Біздің елімізде жүзден астан ұлт пен ұлыстын өкілдері бір шаңырақ астында бақытты тірлік кешіп отыр. Бүгінде Қазақстан бар халықтын алтын бесік аяулы Отанына айналған баянды мекен. Мереке құтты болсын, елімізге бейбітшілік, бірлік, бақыт тілеймін! Мерекені балалардың тақпақтарымен жалғастырайық.

Достық туралы тақпақтар

1.бала

Бірінші мамыр!
Достықтың ұлы мейрамы
Тоғысар сенде жандардың ізгі ойлары
Татулық пенен бірлікке ынтымақ, адамзат,
Өзіңді сәнмен қошемет етіп тойлайды
2.бала

Күте тұғын асыға әр күнін біз,
Арналатын ең тәтті ән жырымыз
Мерекелі мерейлі айдың басы
Құтты болсын Бірінші Мамырымыз!
3.бала

Қырғыз, қазақ, өзбектер,
Армян, тәжік, грузин,
Орыс пенен украин
Терезесі тең жатыр - дей келе әнге кезек берейік.

Ән «Достық», «Ағайынбыз бәрәміз»

Балалар орындықтарына барып отырады

2слайд

Музыка жетекшісі: 1995 жылдың наурызында Дүние жүзіне үлгі болып отырған, ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномені - Қазақстан халықтары ассамблеясы құрылды. Бұл ешбір елде болмаған ерекше, саяси маңызы зор құрылым. Қазақстан бүгінде ұлттар мен ұлыстар мекендеген достық пен туысқандықтың, ынтымақ пен ырыстың ордасына айналды. 2015 жыл Қазақстан халқының асамблея жылы деп жарияланды. Ассамблея жылы дегеніміз бұл ең алдымен бірліктің жылы, татулықтың жылы.

Қазақ жері достықтың гүлстаны 
Дархан өлкем мерейлі ырыс бағы
Күрестерде еңбекте,мерекеде
Мұнда сан ұлт қолдасып ту ұстады.

Келесі видеороликке назар аударайық!



2слайд видео

Музыка жетекшісі: Балалар мен сендерді ғажайып елдерге саяхаттауға шақырамын! Барғыларын келе ме? Ендеше паровозға отырайық ғажайып елдерді саяхаттап шығайық!

3слайд

Музыка жетекшісіі:Балалар біз сендермен Ресей федерациясына келдік! Кәне орнымызға отырайық саяхаттап көрейік! Балалар бізді біреу қарсалып тұр,кім екенің көрейік.

4слайд

Ортаға орыс ұлт өкілдері музыкамен шығады(екі бала костюм киіп ортаға шығады)

Ұл бала:

Көңілді мерекені қарсы алайық

Өзіміздің туған елімізде

Бәрінді бүгін құттықтаймыз

Бірінші мамырмен және көктеммен!

м: Балаларузыка жетекшісі бүгінгі мереке күніңнде қандай сыйлық бізге әкелдіңдер?

Қыз бала:

Бейбітшілік құсы, ақ көгершін.
Биік ұшып, самғасын.
Тілегімді жерге жайсын,
Қанаттары талмасын

Сендерге біз «құстардың үйшгі» деген ойын әкелдік.



Музыка жетекшісі: Балалар қарандаршы, бізге қонақтар тағы да өздерінің қлттық музыка аспаптарын алып келіпті. Кәне көрейік, мынау балалар балалайка деп аталады.Бұл аспап ағаштан жасалған, үш шегі бар, ал денесі үшбұрышты екен, ішекті аспаптарға жатады. Бүл аспапта шертіп ойнайды. Кәне дауысын естіп көрейік. Келесі аспап ложки деп аталады. Бұл аспап ағаштан жасалған, ол соқпалы аспап өйткені оны соғып ойнайды. Кәне тындап көрейік

Ал мынау аспап свирель деп аталады. Ол ағаштан жасалған оны үрлеп ойнайды, сондықтан бұл аспап үрмелі аспаптарға жатады. Кәне тындап көрейік.



Ал енді балалар мен сендерді осы аспаптарда балалар қалай ойнайтынын көруге шақырамын. Кәне видеороликке назар аударайық!
5слайд

Музыка жетекшісі: Балалар біге қонақтар «құстардың үйшігі» деген йын алып келді кәне ойнайық!

ойыны «Құстардың үйшігі»

Музыка жетекшісі:Рахмет сендерге қызықты ойын үшін! Сендермен дос болайық, бізбен бірге болындар, сіздерді би билеуге шақырамыз!

6 слайд

«Біз кішкентай жұлдыздармыз» биі

музыкасымен ортаға өзбек киімін киген екі бала шығады

7слайд

Музыка жетекшісі: Балалар саяхатты жалғастырайық, паровозға отырайық ғажайып елдерді аралап шығайық!

8слайд

Музыка жетекшісі: Балалар біз Узбекистан еліне келдік, кәне отырайық саяхаттап көрейік! Бізге тағыда қонақтар келіп тұр!Бұл бізге өзбек ұлт өкілдері келді.

Ұлбала:

Ынтымағы жарасқан берек күн,
Білдіреді болашақ ел ертеңін.
Татулық пен достығың арта берсін.
Құтты болсын бүгінгі мереке күн.

Қыз бала:

Бірінші бүгін мамырда,
Тойлады қала ауылда.
Айналады халықтар,
Дос, туысқан, бауырмал.

Біз сендерге «екі кісі пір шапанда» деген ойын алып келдік.

Музыка жетекшісі: Рахмет, балалар, қарандаршы бізге узбек ұлттық музыка аспаптарын алып кліпті. Кәне танысып көрейік. Дойра аспапбы- бұл соқпалы аспап, теріден жасалған және шеттеріне осындай металдан сақина қыстырылған. Кәне тындап көрейік. Рубаб – Бұл аспап ішекті аспаптарға жатады, денесі сопақша жене мойыны үзын, жіне 4-6 ішектері болады екен. Сонымен қатар аспаптын үзындығы 800- 1000мм жетеді. Кәне тындап көрейік.Карнай – үрмелі аспап, бұл аспап металдан жасалған, үзындығы 2 метрге жетеді.Бұл аспапта салтанатты мерекелі шараларда ойнайды.Кәне тындап көрейік

Музыка жетекшісі:Ал балалар бізге қонақтар ойын алып келді кәне ойнап көрейік!

9слайд

ойыны «Екі кісі бір шапанда»

Балалар екі командаға бөлінеді. 2-3 метр арақашықта бағдар тұр,оны айналып өту керек.Әр команда1шапаннан. Ойынын мәні мында,әрбір командадағы балалар екіден жүгіруі керек: бір шапанмен, екі жеңін да қолдарына киеді.

Музыка жетекшісі:Рахмет сендерге қызықты ойын үшін! Бізбен бірге болындар , мерекені бірге қарсы алайық! Сіздермен бірге ән айтайық!

10слайд

Ән «Отаныма көктем келді»

11слайд

Музыка жетекшісіі: Балалар саяхатты жалғастырайық паровозға отырайық ғажайып елдерді тамашалайық!балалар біз Грузия еліне келдік, кәне орындықтарға отырайық тамашалап көрейік.

12слайд

Музыкамен грузин киімін киген екі бала ортаға шығады

Қыз:

Достық бізге тым ыстық

Бірлік- байлық, ырыс – құт

Жарқырасын күніміз



Жаса, жаса тыныштық!

Жүргізүші: Балалар ал сендер қандай сыйлық бізге әкелдіңдер?

ҰлБала:

Бірінші бүгін мамырда,
Тойлады қала ауылда.
Айналады халықтар,
Дос, туысқан, бауырмал.

Біз сендерге «Кім мерген?

Музыка жетекшісі:Рахтем, балалар бізге қонақтар грузия ұлттық мызыка апсптароын алып келіді. Кәне танысып көрейік. Чибони – үрмелі аспаптарға жатады. Теріден жасалған қап және екә жағынды мүйіз бар, бір жағынан үрлейді, екәнші жағынай дауысы шығады.Кәне тындап көрейік. Пандури – ішекті аспаптарға жатады. Үш шегі бар екен,кәне тындап көрейік. Доли – бұл ең танымалы аспап, соқпалы аспаптарға жатады. Цилиндр секілді, және міне осындай құмыра секілді, басқа да пішде де болады, екі жақтан терімен оранған. Бұл аспапта саусақтармен , алақандарымен соғып ойнайды. Кәне тындап көрейік, және видеороликті тамашалайық!

13слайд

Музыка жетекшісі: балалар бізге қонақ кім мерген деген ойын әкелді кәне ойнайықшы!

Ойын «Кім мерген»

Музыка жетекшісі:Рахмет сендерге қызықты ойын үшін! Бізде сіздермен дос болайық, бізбен бірге болындар, саяхатты жалғастырайық!

14слайд

Музыка жетекшісіі: Балалар біз Қазақстан еліне оралып келдік, кәне көрейік кім бізге келді, не әкелді?

15 слайд

Қазақ музыкасымен қазақша киінген 2 бала ортаға шығады

Ұлбала:

Мамырдың бірі,
Көңілдің жыры.
Көгілдір аспан,
Бітпейтін нұры.

Музыка жетекшісі: Балалар ал сендер қандай сыйлық бізге әкелдіңдер?

қызбала

Мамырдың бірі
Достықтың жыры.

Ажырамас іргеміз.
Достық жырын біліңдер,
Еңбекті де сүйіңдер

Сендкрге біз « бәйге» ойының алып келдік.

Музыка жетекшісі: Рахмет балалар, қонақтар тағы қазақтын ұлттық музыка аспаптарын алып келді. Кәне танысайық. Домбыра – ішекті аспаптарға жатады. Ол ағашта жасалған, және екі шегі бар, бұл аспапта шертіп ойнайды. Кәне тындап көрейік Қобыз – бұл ішекті аспаптарға жатады және осындай таяқшасы бар бұл смычок деп аталады, бұл аспапта ысып ойнайды. Кәне тындап көрейік Асатайық – бұл сілкіп ойнайтын сапап, міне осындай тегі таяқшаға осындай сылдырмақтар мен теңгелер қыстырылған. Шанқобыз – бұл аспап үрмелі аспаптарға жатады, металдан, бұрынғы заманда ағаштан немесе сүйектен жасаған. Ерін арасына қыстырып үрлейді және мына ілгеккті саусақпен тартқанда музыка шығады.. Кәне тындайық және видеороликке назар аударайық

16слайд

«Ойын бәйге»

Музыка жетекшісі:Рахмет сендерге қызықты ойын үшін! Бізбен бірге болындар, сіздерді ойын ойнауға шақырамыз!

17слайд

«Бәйтерек» ойыны

Музыка жетекшісі: Міне біздің мерекеміз аяқталды. Біздің еліміз өте бай, бірақ ең басты байлығымыз- бұл біздің халқымыз, бейбітшілікте, бірлікте және ынтымақтастықта арқашанда өмір сүріп жүрейік. Балалар бүгінгі мереке өте жақсы өтті, сендер тамаша тақпақтар мен ән ойындар ойнадыңдар! Міне менің де сендерге сыйлықтарым бар! Балаларға кәмпиттерді таратып береді.

Балалардың баллығы шеңбңрмен жүріп бір айналып шығып кетеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет