Сабақ № 21
Мерзiмі 08.02.16
Тақырып Мөлдір бұлақ – жасыл құрақ
Құндылық қиянат жасамау
Қасиеттер: мейірімділік, жанашырлық, адалдық
Мұғалiм Жаумбаева Айша Ерлановна
Сынып 6"А" Оқушылар саны 7
Сабақ мақсаты:
- оқушылардың адам және табиғат арасындағы үйлесімділік туралы түсініктерін дамыту.
Міндеті:
оқушылардың табиғаттың тұтастығы туралы ұғымдарын кеңейту;
оқушылардың табиғатты сақтау, аялау сезімдерін дамытуға ықпал ету;
табиғатқа деген сүйіспеншілікке, мейірімділікке, қамқорлыққа тәрбиелеу.
|
Ресурстар:үнтаспа,
суреттер,нақыл сөздер, бейнеролик, алма ағашы; плакат, түрлі-түсті қалам, Қазақстанның физикалық-географиялық картасы, интерактивті тақта
|
Сабақ барысы
1.Ұйымдастыру кезеңi. 2 мин.
Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуын тексеру.
Оқушыларды топқа бөлу.
I топ – «Жер»
II топ – «Су»
III топ – «Ауа»
Оқушылар «жер», «су», «ауа» деген топтарға геометриялық фигура арқылы бөлу, әрқайсысы өз топтарына барып отырады.
Т ережесін еске салу.
1.Тәртіп
2.Талап
3.Тыныштық
4.Тазалық
5.Татулық
2.Тыныштық сәтi. 3 мин.
«Орманға ойша серуен» жаттығуын баяу әуен тыңдай отырып жасау.
Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен желдің лебін және бетіңізді сәл-пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз. Гүлдердің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер, гүлдер мен ағаштардың иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы. Орманға ендей түсіңіз, қараңызшы, ағаштар биіктей әрі қалыңдай түсті. Жарық пен көлеңкенің ойынын қызықтаңыз, жапырақтардың сыбдырын тыңдаңыз. Біз өзімізді орманда бақытты әрі қауіпсіз сезінеміз. Алаңқайға шығып, осында бірнеше минут демалыңыз. Түбіне барып отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындаңыз да оны діңінен құшақтаңыз. Оның қуаттылығын сезініңіз, ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға тырысыңыз. Енді оның діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді жұмыңыз, терең тыныс алыңыз және қоршаған айналаның жым-жырт тыныштығына көңіл бөліңіз. (Осы жерде мұғалім 1-2 минут үзіліс жасауына болады).
Бізге қалайша жеңіл әрі тыныш және бақытты сезіну қандай. Табиғат неткен ғажап, оны қалайша сүйетінімізді бен қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке зиян тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінеміз. Сіздің өз ағашыңыз бар екенін және кез келген уақытта оған келе алатыныңызды есте ұстаңыз. Ал қазір мектепке қайтуға дайындалыңыз. Орныңыздан тұрып, айналаға тағы бір көз қырын салыңыз. Келген жолыңызбен кері қайтыңыз, жолыңыздағы жәндіктерді басып кетпеңіз. Міне, мектептің алдына да келдік. Айналаңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. Осы жым-жырттық, тыныштық, қанағат сезімін өзіңізде сақтаңыз. Көзіңізді ашып, күлімсіреңіз!
Сіздерге тыныштық сәті ұнады ма?
Қандай сезімде болдыңдар?
3.Үй тапсырмасын тексеру. 5 мин.
Үйге берілген А. Сейдімбектің «Бетпақдала» әңгімесі бойынша сұрақ қою арқылы ертегінің мазмұнын айту.
Сұрақтар:
Хан неліктен «Жер бетінде бір түп жусан қалмасын!» - деп жарлық береді?
Хан жарлығы мен ел-жұрттың әрекеті табиғатты қандай жағдайға душар етті?
Құнарлы жердің бетпақ далаға айналуының себебі неде?
Бетпақдаланы Қазақстанның физикалық-географиялық картасынан көрсет?
Бетпақдаланың географиялық орнына сипаттама бер?
|
Сабақ барысын талқылау:
|
4. Дәйексөз 2 мин.
«Таза болса, табиғат
Аман болар адамзат!»
Фариза Оңғарсынова
Дәйексөздегі «тазалық» пен «амандық» деген ұғымдардың мағынасы әлдеқайда тереңде жатқандығына оқушылардың назарын аудару. Дәйексөзді талдау үшін мынадай сұрақтар беріледі:
Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?
Табиғаттың қандай мәселелері қазіргі кезде барша адамзатты толғандырып отыр?
Дәйексөзді дәптерге жазып аламыз.
|
|
5.Әңгiмелеу (сұхбат). 3мин.
Табиғат – адам баласының құтты қонысы, жайлы мекені, ырыс-дәулеті, денсаулығының сенімді сақшысы. Сондықтан халық оны аялайды, қадір тұтады, күтіп-баптайды.
Адамның екі анасы бар: бірі – туған анасы, екіншісі–табиғат.
Табиғаттағы заңдылықтар мен құбылыстар үйлесімді келеді.
Ол өздігінен өрескел бұзылмайды, өзгеріске ұшырамайды. «Табиғат әзілді сүймейді, ол әділеттілікті қостайды». Орманы азайтылған жерлерде өсімдіктер шықпай қалады. Сулы, нулы жерлерді құлазыған аңыздықтар алмастырады.
Табиғат–ұстаз, тәжірибелі тәрбиеші. Адам мейірімділікті, сүйіспеншілікті, қайырымдылықты, әдемілікті табиғаттан үйренеді.
Жаңа ақпарат видео қарау (2 мин)
Талдау
«Таза болса, табиғат
Аман болар адамзат!» тақырыбында видеоролик көрсету. 5 мин
Сұрақ - жауап: 5 мин
Видеороликтен қандай әсер алдыңдар?
Табиғаттың адам өміріндегі маңызы қандай?
Табиғатқа өз қарым-қатынастарыңды қалай білдіресіңдер?
Табиғат тазалығын сақтауда адамның рөлі қандай?
Табиғатта жылай ма?
|
|
6.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. 10 мин.
I топ – «Жер» «Табиғатты аялайық!» тақырыбына сурет салу.
II топ – «Су» Табиғат аясында өзіңді-өзің ұстай білу ережесінің жобасын тізіңдер?
III топ – «Ауа» «Табиғат ластануда!» тақырыбы бойынша қаланың ластанған жерлерінен суреттер беріледі және слайдтан көрсетіледі. Осы суреттер арқылы табиғаттың ластануына жол бермеу жобасын жасап, жария етіңдер?
|
|
8. Үй тапсырмасы. 2 мин.
Табиғаттағы «Жасыл достарға» арнап достық тілек жазыңдар?
Табиғатқа байланысты айтылған тыйым сөздерді, мақал-мәтелдерді жазыңдар. Мағынасын ашып түсіндіріңдер?
|
|
9. Қорытындылау. 2 мин.
- Табиғатты аялау әрбір адамның абыройды да азаматтық парызы. Табиғатты сүйе білген адамның ары да, жаны да таза болады.
Бір-біріміздің қолдарымыздан ұстап, көңілді күйде, табиғатқа байланысты сөздерді, сөйлемдерді пайдалана отырып тілек айтайық.
1)Бұлақтай мөлдір таза бол!
2)Жұлдызың жарық болсын!
3)Айың оңыңнан тусын!
4)Көңілің көлдей шалқысын!
5)Гүлдей жайнай бер!
6)Таудай талап бер!
7)Қызғалдақтай құлпыра бер!
- Міне, қандай жақсы тілектер айтылды. Орындалуына тілектеспін. Өмірлерің ұзақ, талаптарың оң болсын!
10. Кері байланыс 2 мин.
Соңғы тыныштық сәтi. 1 мин.
- Балалар, енді бір сәт тынышталып, көзімізді жұмайықшы. (әуенмен) Бүгінгі сабақтан алған әсерлерің мен жақсы ойларыңды естеріңе түсіріп көріңдерші….. (сәл кідіріс жасаймын) оны өздеріңмен бірге қалу үшін жүректеріңе салып, сақтап қойғандарыңды елестетіп көріңдерші. (сәл кідіріс жасаймын). Елестетіп болсаңдар жайлап көздеріңді ашыңдар. Бүгін сендер өте көп жақсы істер жасадыңдар, сабақты жақсы оқыдыңдар, жақсы ойлар айттыңдар сол үшін сендерге рахмет айтамын!
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |