1. Маркетингтің шығуы және жалпы сипаттамасы. Маркетингтің принціп түрлері мен қызмет түрлері



бет29/40
Дата17.12.2021
өлшемі491 Kb.
#102195
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   40
Байланысты:
лекции-Маркетинг-каз
тарих 5, тарих, Тазабек Марал, лекции-Маркетинг-каз, тарих, 26137409bbf9b4d2bf1f, 2020 referat 6842314
10 Тақырып. Маркетинг жүйесіндегі тауарды тарату саясаты.
1. Тауарды өткізу.

2. Маркетингтің тауар деңгейі.
1. Маркетинг концепциясын қолдана отырып, әр өнім өндіруші мекеме тауарды тарату және жылжыту барысында өз мәселелерін маркетингтік стратегия қолдана отырып шешуге тырысады. Көптеген өидірушілер өз тауарларын тұтынушыларға делдалдар арқылы ұсынады. Делдалдар өткізу каналын кұрайды. Өткізу каналы дегеніміз - өндірушілерден тұтынушыларға дейінгі тұтынушылардың жылжуын қамтамасыз ететін және тауарға деген меншік құқығын өз мойнына алып тұтынушыларға өткізетін элементтер. Өткізу каналдарының элементтері келесідей функцияларды жүзеге асырады.

1. Зерттеу жұмыстар яғни айырбас қажетті және жоспарлау барысында қолданатын ақпаратты жинақтау.

2. Өткізуді ынталандыру, яғни тауарды өткізу барысында тұтынушыларға тиімді материялдық немесе басқалай ұсыныстар ұсыну.

3. Тұтынушымен қарым-қатынаста болу, яғни тұтынушымен тікелей айырбасқа түсу.

4. Тауар қозғалысын қамтамассыз ету тасымалдау және қоймада сақтау.

5. Тәуекелділікке өз мойнына алу, яғни тауар қозғалысын қамтамассыз ету барлығы бүкіл тәуекелділікті өз мойнына алу.

Өткізу каналдарының құрылымы.

Қазіргі уақытта өткізу каналын деңгейлеріне байланысты бірнеше түрге бөлуге болады. Өткізу каналының деңгейі дегеніміз - бұл өткізу функциясын жүзеге асыратын делдалдар көлемі. Бұл делдалдар 2 топқа бөліп көрсетуге болады.



1. Тікелей тауар қозғалысы каналы. Бұл канал тек өндіруші мен тұтынушыдан тұрады. Бұл жерде тікелей өткізудің 3 әдісін атап көрсетуте болады:

1 - деңгейлі канал- өндіруші - тұтынушы

2 - деңгейлі канал- өндіруші – бөлшек сауда делдал - тұтынушы

3 - деңгейлі канал- өндіруші – көтерме сауда делдал – бөлшек сауда делдал- тұтынушы



2. Жанама канал тауар қозғалысы. Бұл канал өз өнімін сататын өндірушіден өндіруші өнімін сататын делдалдардан және тұтынушыдан тұрады. Тауар қозғалысы және тауар қозғалысының жүйесі. Тауар қозғалысы дегеніміз - тауардың өндірушіден тұтынушыға жеткенге дейінгі аралық және кезеңдегі іс-қимылдар жиынтығы. Тауар қозғалысы барысында қоймада орналастыру, сақтау, буып-түю, саралау, бүлінгендерін алмастыру, тиеу, тасымалдау, жеткізу т.б тәрізді тұтынушының сатып алуына пайдалануына жеңілдік беретін бірқатар жұмыстар атқарылады. Мұндай операцияның үлесіне тауар қозғалысы шығындарының 80% астамы жатады. Тауар қозғалыс еңбегі көп шығыны мол процесс. Сонымен қатар оның тауар қарым-қатынасындағы маңызы зор. Тауар өрісінің өткізу процесінің аяқтаушы кезеңі немесе соңғы сатысы ретіндегі тауар қозғалысын жетілдіріп отыру және оны жоғарғы дәрежеде ұйымдасудың арасында тұтынушыға ойдағыдай қызмет көрсету, тауарды бастапқы сапасы мен қасиеті сақталған қалпында қажетті көлемде және қажетті ассортиментте қолдану ортасына дер кезінде жеткізу. Тұтынушылар мұқтаждығын қанағаттандыру және жаңа сұранысты дүниеге келтіру жаңа ойларды жүзеге асыру. Тауар қозғалысы көп факторлы әрекеттер жиынтығы. Бұл жүйеге қатысушының бірінің болмауына ғана байланысты клиенттер үшін толық сервис жасау дер кезінде жүзіге аспай қалуы мүмкін. Оның негізгі себептері:

1) Әртүрлі (күтпеген) жағдайлар дайын тұру үшін тауар материялдарының жеткілікті қорын ұстау қажеттілігі. Бұл капитал айналымын бәсеңдетіп, қойма шығынын өсіріп, тауар бағасын көтереді. Сондықтан тауар қоры қайтарым жағынан өзін-өзі ақтауы керек, яғни ауқымды қордың өзінде айналым тарапынан тиісті пайда келтіріп тұруы қажет.

2) Сирек қолданылатын тауардың талап етілген кезде болмай қалуы немесе ондай тауардың арнайы ұстау мақсатының анықталмауы.

3) Белгілі бір тауарға кажеттіліктің көлемі жағынан шығын болғандықтан ондай тауарды арнайы тапсырыспен өндірудің икемсіздігі және оны сатуға диллердің ынтасының жоқтығы.

4) Тауар сатушының айналым капиталын қорға жұмсап, жаратып қоюынан немесе, тауар алушының төмен қажеттілігінің нашарлығына байланысты тауар сату.

5) Бәсекелестік қыспағы салдарынан тауар сату тежеуі пайда болуы, яғни алдын-ала алынған тауардың өткізілмей қалуы нәтижесінде сатушы қаржысының айналымды қайталануға жеткіліксіз болуы.

Қоғамның даму барысында өнеркәсіп және ағымдағы өнімдердің бағалары біртіндеп жоғарылауда, мұны өнеркәсіп тауардың өзіндік құны мен тауар, ал ағымдағы тауарын өндіру мен тасымалдауды қоса есептегенде жұмсалатын шығындарға байланысты пайда болатын объективті заңдылық деп түсіндіруіміз қажет.

Халықтың әлеуметтік экономикалық материялдық жағдайының нашарлауын бүтіндей тауар бағасына байланысты өзгерістерден көруге болмайды. Ол қажетті тауардың аз мөлшерде өндірілуімен және жан басына шаққанда кірістің қажеттілік деңгейден әлдеқайда төмендігінен туындайды. Ал тауар молшылығын жағдайында жалақы көтерілген сайын ұлттық табыста ұлғая түседі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет