Халықаралық маркетинг ортасы.
Шетелге тауарды өткізуді ұйымдастырудан бұрын фирмаға көп нәрсені ұғынып шешу қажет. Ол халықаралық маркетинг ортасын, оның ерекшеліктерін зерттеп білуімен байланысты. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін бұл ортада көптеген өзгерістер орын алды. Бұл өзгерістердің ең маңыздылары мыналар:
әлемдік экономиканың интернационализациялануы;
АҚШ-пен қатар басқа елдердің дүниежүзілік саудада салмақты орын алуы, соған байланысты АҚШ-тың бұрынғы басымды ролі кемігені және осыған байланысты түпкі мәселелерінің қалыптасуы;
әлем нарығындағы Японияның экономикалық қуатының күшеюі;
халықаралық қаржы жүйесінің қалыптасуы;
1973 жылдан кейін әлемдік табыстың көзі мұнай өндірушілеріне ауысуы;
ішкі нарықты шетел дік бәсекелестерден қорғау үшін қалыптасқан әртүрлі сауда кедергілерінің молаюы;
жаңа ірі нарықтардың (мысалы, Қытай, ТМД, араб елдері) қалыптасуы.
Шетелдердің басқа елдерден тауар мен қызметтерді қабылдауға дайындығы және олардың шетелдік фирмалар үшін тартымдылығы экономикалық, саяси-құқықтық, мәдени т.б. с.с. ортаға тәуелді болады.
Достарыңызбен бөлісу: |