14. Тақырып. Халықаралық маркетинг.
Халықаралық маркетинг мәні.
Халықаралық маркетинг ортасы.
Сыртқы нарыққа шығу тәсілдері.
Халықаралық маркетинг мәні. Халықаралық маркетинг -*маркетингтің жоғары мектебі* болып саналады. Себебі экспорт барлық уақытта сауда ісін ұйымдастырудың жоғары деңгейңмен сипатталады, ал сыртқы нарықта әрекеттенетін кәсіпорындар маркетинг жетістіктерін қолдану қажеттілігін сезеді.
*Халықаралық маркетинг* ұғымын *экспорт* ұғымынан айырған жөн. Дәстүрлі экспортта отандық кәсіпкер өзінің өнімдерін басқа мемлекет фирмаларына, яғни импортерлерге жеткізумен ғана айналысады. Жабдықтаушылардың өніммен ие болғаны, тұтынушылардың қажеті қаншалықты қанағаттанғаны экспортшыны қызықтырмайды. Ал халықаралық маркетингке келер болсақ, мұнда тұтынушыға тауарды жеткізу жолындағы халықаралық нарықтың әр сатысын белсенді, жоспарлы және жүйелі игеру, оны өңдеу іс-әрекеті қамтылады.
Фирманың халықаралық маркетингпен айналысуына түрткі болатын екі фактор бар. Біріншіден, ішкі нарықтың даму деңгсйі. Осыдан шетел нарықтарына шығу, қаржыны тиімді басқа жаққа құю қажеті қалыптасады. Екіншіден, фирма тауарлары басқа елдерде сатылу мүмкіндіктерінің өсуі. Шетел нарығына шығу мүмкіндіктері қалыптасқан жағдайда қосымша шығындарға және басқа да қиыншылықтарға қарамастан ішкі нарықтан қол үзбей-ақ, фирма өзіне тартымды сыртқы нарықтарды игеруі мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |