1. Маркетингтің шығуы және жалпы сипаттамасы. Маркетингтің принціп түрлері мен қызмет түрлері



бет32/40
Дата17.12.2021
өлшемі491 Kb.
#102195
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   40
Байланысты:
лекции-Маркетинг-каз

4. Тұтынушы кооператив. Бұл осы кооперативке қатысушының салынған қаржы көмегімен ұйымдастырылған бөлшек сауда дүкен қызметі негізінде дивидент түрінде пайда алып отыру
11 Тақырып. Маркетингтегі коммуникация жүйесі.

1. Жарнама.

2. Жарнаманың атқаратын қызметтері.

3. Арнайы сату әдісі.

4. Коммуникация стратегиясы.
1. Жарнама дегеніміз белгілі тапсырыс берген демеушінің атынан тауарды тартымды көрсетуге және оны сатып алушыға қарай жылжытуға бағытталған ақылы әрекеттер. «Жарнама» - латын тілінен аударғанда «айқайлау» ұғымын сипаттайды. Жарнама ерекшеліктері:

  • Қоғамдық сипаттама алады:

  • Үгіттеуге қаражат қабілеттілігі бар сатушы жарнама арқылы өзінің хабарландыруын бірнеше қайталай алады:

  • Мәнерлік-түс, дыбыс, шрифт арқылы тауарды тартымды көрсетуге болады;

  • Иесіз жарнама монолог ретінде ғана жасалады;


2. Нарықтағы жарнама бернесі:

  • Экономикалық бернесі – сұранысты қалыптастыру, өтімді ынталандыру, тұтынушыларға тауарды алғызуды тездету арқылы «сату-алу» үдерісін тездетеді;

  • Ақпараттық бернесі- тұтынушыларды өндірушілер туралы және олардың тауарлары туралы ақпарат ағымдарымен қамтамасыз етеді;

  • Коммуникациялық бернесі – маркетинг зерттеулері кезінде қолданатын сауалдама, тұтынушылар пікірлерін жинау, тауар өтімін талдау арқылы жарнама нарықпен және тұтынушымен қайтара байланысын қамтамасыз етеді;

  • Бақылау бернесі – нарықтағы өнімдердің жылжуын бақылауға мүмкіндік береді;

  • Түзетім бернесі - өткізу саясатын және жарнама қызметін ұғымды жағына өзгертуге мүмкіндік жасайды;

  • Сұранысты басқару бернесі – нақты тұтынушылар топтарына көзделген әсер тигізу жолдарын табуға мүмкінді кашады;


3. Арнайы сату әдісі сатушы мен сатып алушы арасында тікелей қарым-қатынас орнатады. Арнайы сату әдісінің ерекшеліктеріне мыналар жатады:

  • Сатушы мен сатып алушы тауарға байланысты өзара қарым-қатынасы туралы арнайы кездесу өткізеді;

  • Қарым-қатынас содан кейін тұрақты қалыптасуы мүмкін;

  • Кездесу нәтижесі өз әсерін беріп, тауар сатылуы мүмкін;

Арнайы сату стратегиясының екі түрі бар:

    1. Стандартты сату стратегиясы барлық әлеуетті тұтынушыларға алдын-ала әзірленген жалпы сату тәсәлі ретінде сипатталады.

    2. Икемді сату стратегиясы әрбір сатып алушы қажетінің ерекшелігіне байланысты жеке сату тәсілі ретінде жасалады;


4. Коммуникация стратегиясын белгілеу бірнеше сатыдан тұрады:

1. Мақсат пен алдағы мәселелерді анықтау.

2. стратегия таңдау.

3. коммуникация кешенінің құрылымын анықтау.

4. қаражат бюджетін белгілеу.

5. қорытындысын таңдау.

Коммуникация стратегиясының жалпы мақсаты сұранысты ынталандыру, яғни сұранысты көбейту немес оны бір деңгейде сақтау болады.

Коммуникацияның жалғыз ғана бір элементі өте сирек қоладанылады. Әдетте фирма элементтерді үлесімді және тиімді біріктіру жолданы іздейді. Ол үшін коммуникация элементтерінің жетістіктері мен кемшіліктері зерттеліп анықталады.

Коммуникация стратегиясының нәтижесін талдап, фирма оның жетістігі мен кеткен олқылықтарын біліп отыруы қажет. Егер де нәтижелері дұрыс талданьасы фирма коммуникация стратегиясының мақсатына жете алмайды. Ол нәтижелерді дұрыс талдау арқасында тұтынушылардың сұранысын білумен қатар оның дұрыс қалыптасуына және өтімді ынталандыру шараларының әсерлілігін біліп, оларды жетілдіруге мәліметтер алуға мүмкіндік береді. Сондықтан фирма қолға түскен ақпаратты жедел есепке алып, тез арада коммуникацмя жүйесіне өзгерістер енгізіп отыруы қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет