Бағаның атқаратын қызметтері.
Бағаға әсер ететін факторлар.
Бағаны жасау мақсатын анықтау.
Шығындарды бағалау.
Баға белгілеу, таңдау. Түпкі бағаны белгіле және баға белгілеу тәсілдері тақырыптарын СӨЖ-на беру.
1. Бағаның атқаратын қызметтері.
Маркетинг кешенін құрайтын бір тәсіл бола тұра баға өте маңызды қызметтер атқарады. Соның нәтижесінде коммерциялық фирма әрекетінің түпкі нәтижесі көбінесе бағаға байланысты. Дұрыс таңдалынып алынған баға стратегиясы тауардың бәсекелестік қабілетіне және кәсіпорынның өндіру-өткізу жұмысына ұзақ мерзім әсерін тигізеді.
Бағаның атқаратын қызметтері оның ішкі мәнін сипаттайды. Бағаның атқаратын бес қызметі белгілі:
Есеп жүргізу қызметі белгілі қажеттілікті тауардың қанағаттандыруы қоғамға қанша шығынды керек ететінін көрсетеді. Тауарды өндіру үшін қанша еңбек, шикізат, материалдар, басқа да өндірі құрал-жабдықтары жұмсалғанын баға арқылы анықталады.
Ынталандыру қызметінің мәні әртүрлі тауарларды өндіруге және тұтынуға бағаның тигізетін әсерімен анықталады.
Бөлу қызметін баға тауардың құнынан төмен, немесе жоғары ауытқуы арқылы орындайды. Бұнда баға арқылы ұлттық табыс экономика салалары арасында, мемлекет аймақтары арасында қорлану және тұтыну қорлары арасында, тұрғындардың әртүрлі әлеуметтік топтары арасында бөлінеді және қайта бөлінеді.
Сұраныс пен ұсынысты тепе-теңдік қызметінде тұтыну және өндіру, ұсыныс пен сұраныс аралығындағы арақатынасына баға күшті ықпал тигізеді.
Өндірісті ұтымды орналастыру қызметінде баға механизмі арқылы экономиканың салалар арасындағы капиталдың құйылуы жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |