1. Мәдениет түсінігінің қалыптасу тарихы: мәдениеттің мәнін және қызметін анықтау ыңғайларының көптүрлілігі


Мәдениетті аксиологиялық, өркениеттік, құрылымдық, антропологиялық



бет2/40
Дата29.10.2022
өлшемі167,63 Kb.
#155564
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40
Байланысты:
1. М дениет т сінігіні алыптасу тарихы м дениетті м нін ж не

2. Мәдениетті аксиологиялық, өркениеттік, құрылымдық, антропологиялық,
экономикалық түсіндіру. Мәдениет белгілер мен мәндер әлемі ретінде.
Аксиология әртүрлі өркениеттердің жетістіктерін, мәдени құндылықтардың қалыптасуын, нақтылы даму тектерін және бағдарларын айқындайтын білімдердің нақтылы-тарихи жүйесі ретінде көрініс тапты. Бұл әсіресе тарихи мәдениеттануда анық байқалды. Мәдениет — адамдық қарым-қатынастарды реттеудің маңызды тұлғалық әлеуметтік тетігі, ал құндылық — норма, үлгі, мұраттармен қатар осындай реттеу жүйесінің шешуші элементі екендігі белгілі. Сол себепті Аксиология әлеуметтік-мәдени талдаудың маңызды құралына жатады.
Мәдени антропологияның негізін – әлем халықтарының мәдениеті мен тұрмыс-тіршілігін зерттейтін этнография және мәдениеттерді салыстырмалы зерттеу ғылымы – этнология ғылымдары құрайды. Этнография халықтың тұрмысы мен мәдениет ерекшеліктерін, олардың шығу тегін, таралу жолдарын және мәдени тарихи қарым-қатынастарын да зерттейді.
Мәдени саясат тұжырымдамасы Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің озық тәжірибесі ескеріле отырып әзірленді, атап айтқанда, жұмыспен қамту және кірістер деңгейінің көрсеткіштері бойынша мәдениет және өнер саласын күшейтуге бағытталған.
Өркениет категориясы мәдени типтерді зерттеуде немесе мәдени-тарихи типологияны жасауда кеңінен қолданылады. Сондай-ақ Өркениет типтерін шығыс және батыс деп бөліп, “ғаламдық Өркениет” және “техногендік Өркениет” ұғымдары да қолданылады. Мәдениеттанушылар Өркениетті “мәдениет” ұғымымен салыстыра қарастырады.
3. Мәдениетті ақпараттық-семиотикалық түсіну
Мǝдениетті зерттеуде адамның ақпаратты өндіру, айырбастау жǝне сақтау барлық іс ǝрекеті белгілі бір тұтастыққа ие деген бастапқы алғышарт болып табылады. Жеке алынған таңбалық белгілер жүйелері имманентті ұйымдастырылған құрылымнан тұрады деп топшыланса да бірбіріне сүйене отырып, яғни бірлікте ғана жұмыс істейді. Ешбір таңбалық белгі жүйесі оңашаланған қызметпен қамтамасыз ететін механизмге ие емес. Бұдан шығатыны, семиотикалық айналымдағы дербес ғылымдар сериясын құруға мүмкіндік беретін тұрғымен бірге, басқа да мүмкін, ол көзқарас бойынша оның бǝрі семиотикалық мǝдениеттің жеке аспектілерін қарастыратын, таңбалық белгілер жүйесінің қызметтік сǝйкестігі жөніндегі ғылым. Осы тұрғыдан қарағанда мǝдениет тілінің иерархиялық түзілуі жөніндегі сұрақ, олардың ішіндегі салаларды бөлу, бұл салалардың бірбірімен айқасуы немесе шектесуі жөніндегі жағдаяттар ерекше мǝнге ие. 1.1. Семиотикалық тұрпатнамалық сипаттағы зерттеулерде мǝдениет түсінігі бастапқы ретінде қабылданады. Бұл жерде мǝдениеттің өзіне өз тұрғысынан қарайтын көзқарасы мен оны бейнелейтін ғылыми метажүйесінің көзқарасынан қарауды айыра білу керек. Бірінші ұстанымнан қарағанда, мǝдениет шектелген аймақ түрінде көрінеді, оған одан тысқары жатқан адамзат тарихының, тǝжірибесінің немесе ісǝрекетінің құбылыстары қарамақарсы тұрады. Сонымен, мǝдениет түсінігі оны «мǝдениет емеске» қарамақарсы қоюмен ажырағысыз байланыста. Оның қандай ұстаныммен іске асуы (нағыз дін — жалған дінге, ағартушылықтың — надандыққа, белгілі бір этникалық топқа кіру — оған кірмеу жǝне т.с.с. антитезі), — берілген мǝдениеттің тұрпатына жатады. Алайда тұйық орта аясына кіргізілгендік пен одан бөлек болу сияқты қарама- қарсылықтар мǝдениет түсінігін оның «ішкі» көзқарас жағынан ұғынуының ерекше мǝнділігін құрайды. Осы жағдайда қарама қарсылықты абсолюттендіру сипаты жүреді: мǝдениет өзінің «сыртқы» контрагентін қажет етпейді жǝне имманентті түсінуге келмейтін секілді. 1.1.1. Бұл көзқараспен қарағанда мǝдениетті адамзат қоғамындағы ұйымдастыру (ақпаратты) саласы ретінде анықтау жǝне оған ұйымдаспағандықты (энтропияны) қарама қарсы қою суреттеліп отырған зерзаттың ішінен берілген көптеген анықтамалардың бірі екені көрінеді; бұл XX ғасырдағы ғылым (бұл жерде — ақпарат теориясы) тек қана метажүйе емес, сонымен бірге суреттеліп отырған «қазіргі мǝдениет» зерзатына кіреді. 1.1.2. «Мǝдениет — табиғат» («істелген — істелмеген») оппозициясы жеке, тарихи шарттанған «енгізілген — енгізілмеген» антитезін көрсетеді. XX ғасыр басында орыс мǝдениетінде қалыптасқан (А.Блок) «мǝдениет — өркениет» антитезі мǝдениетті ұйымдастырылған, бірақ адаммен емес, «музыка жанымен» жǝне сондықтан да «бастапқы» құрылыс ретінде қарастырады. Істелгендік белгісі «мǝдениет — өркениет» антиподына тіркеледі. 1.2. Сыртқы көзқарас жағынан қарағанда мǝдениет пен мǝдениет емес — бірбірінен туындайтын, бірбірін қажет ететін салалар. Мǝдениеттің механизмі — сыртқы ортаны ішкі ортаға: бейұйымды — ұйымға, ақылсыздарды — ағартушыға, күнǝлілерді — күнǝсізге, энтропияны — ақпаратқа ауыстыратын құрылғы. Мǝдениет тек қана ішкі жǝне сыртқы орта аяларының қарамақайшылығымен ғана өмір сүрмейді, сонымен қатар ол бір саладан екіншісіне өтеді, ол тек қана сыртқы «ретсіздікпен» ғана күреспейді, оны қажет етеді, тек қана оны жойып қоймайды сонымен қатар оны жасап отырады. Мǝдениеттің өркениетпен (жǝне «ретсіздікпен») байланысы мǝдениет өз антиподының пайдасына қарай «істен шыққан», кейіннен қалыпқа айналып жǝне беймǝдениетте іске асатын элементтерді бөгделейді. Сонымен мǝдениеттің өзінде этропияның ұлғаюы мықты ұйымдастырудың арқасында жүзеге асады. 1.2.1. Осыған байланысты былай деуге болады, мǝдениеттің ǝр тұрпатына ретсіздіктің бір сǝйкес түрі бар


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет