1. Мәдениет түсінігінің қалыптасу тарихы: мәдениеттің мәнін және қызметін анықтау ыңғайларының көптүрлілігі


Түркі және қазақ мәдениеті архетипін. дегі ирандық компоненттер



бет14/40
Дата29.10.2022
өлшемі167,63 Kb.
#155564
түріСабақ
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   40
Байланысты:
1. М дениет т сінігіні алыптасу тарихы м дениетті м нін ж не

19. Түркі және қазақ мәдениеті архетипін. дегі ирандық компоненттер.
Түркі мәдениеті - ежелгі заманнан өмір сүріп келе жаткан түркі тайпалары негізінде қалыптасқан мəдениеттің жалпы атауы.
Түркілердің алғашқы ата қонысы Шығыс Тянь-Шань мен өңірі болған. "Халықтардың ұлы қоныс аударуының" нәтижесінде қазіргі Қазақстан, Орта жəне Алдыңғы Азия, Шығыс Еуропа]] территорияларына кең таралып орналасқан түркілер қазіргі түркі тілдес халықтардың барлықтарының субстраты болып табылады. "Түркі" деген термин тұңғыш рет 542 жылы аталады. "Түркі" этонимі алғашқы кезде белгілі бір ақсүйектерден шыққанын білдірген Қазақ мәдениеті – Түркі өркениетінің жалғасы, ең тұнық халі. Қазақстан Республикасының тәуелсіз ел ретінде халықаралық аренада өз орнын алуы – бұл мәдениеттің мәңгіге сақталатындығының кепілдігі.
Қазақ мәдениетіне кіріспес бұрын «мәдениет» пен «өркениет» сөздеріне қысқаша түсініктеме бере кетейік. Мәдениет – әрбір халықтың тұрмыс-салтымен, дәстүрімен тікелей байланысты ұғым. Бір әрекеттің дәстүрге сосын мәдениетке айналуы үшін оның міндетті түрде қайталанып тұруы керек. Бір халықтың дәстүрі бір адамның әдет-дағдысы секілдіАрхетип» ұғымын ғылымға енгізген — К.Г. Юнг. Оның пікірі бойынша, мәдени тұлғаның рухани-шығармашыл қазынасын қауымдық тылсым құрастырады. Қазақ мәдениетінің архетипіне көптеген зерттеушілердің пікірі бойынша орта ғасырларда қалыптасқан еуразиялық мәдени кеңістікті қамтыған түріктік халықтар мен тайпалардың негізінен көшпенді мәдениеті жатады. Архетиптік уақыт жазусыз мәдениеттен алғашқы жазу-сызу мәдениетінің қалыптасуымен байланысты болған. Оның табиғи кванттары жадылық бітімнен код-текстерге көбірек негізделген.
20.Үнді және Орталық Азия мәдениеті сұхбатыЕжелгі дүниедегі ән мен жырға өте бай ел Үндістан.Бізге өте ерте кездердегі үнділіктердің өмірі мен тұрмыс салтынан хабар беретін бірнеше жыр дастан келіп жетті: "Махабхарата", "Раяана". Бұл екі жырларда да жақсылық пен жамандық арасындағы күрес сипатталып, ақырында әділеттілік жеңіп шығады. Бұл жас ұрпаққа мәнді тәрбие береді,.Орта ғасырлық Шығыста VІІІ-ІХ ғасырларда Батыс Еуропаның мәдениеттік даму деңгейі төмен дәрежеде қалып қойған кезде араб тілді философия, араб мәдениеті кең өркен жайды. Ол ислам дінінің пайда болуымен де байланысты болды.
Феодализм дәуірінде ортағасырлық өркениеттің бір ошағы болған Орта Азияда әл-Хорезми (ІХ ғ.), әл-Фараби (870-950 ж. шамасы), әл-Бируни (973-1037 ж. шамасы), Ибн Сина (Авиценна, 980-1037 ж. шамасы), Омар Хайям (1040-1123) сияқты өз заманының ғұлама ғалымдары, ірі философ, ойшылдары өмір сүрді.
ІХ-Х ғ. Орта Азия халықтары араб халифатының үстемдігінен құтылып, жергілікті феодалдық мемлекеттер пайда болды. Осы кезде мұнда жаратылыстану ғылымдары айтарлықтай күшті дамыды.
Хорезмдік математик, астроном әрі географ әл-Хорезми үнді, грек және араб жерлерінде математиканы дамыта отырып, ғылымның жаңа саласы – алгебраны бірінші болып жасады. Оның «Астрономиялық таблицалар», «Күн сағаты жайлы трактаттар», «Жердің келбеті», т.б. шығармалары латын тіліне аударылып, Шығыс пен Батыс математикасы мен астрономиясының қалыптасып, дамуында үлкен рөл атқарды.
Қазақ жерінен, оның ішінде Отырар қаласынан шыққан атақты математик, әрі философ Әбу Насыр Мұхаммед ибн Тархан ибн Узлаг әл-Фараби ат-Түрки – Аристотельден кейінгі «Екінші ұстаз» атанған данышпан ойшылдың толық есімі осындай. Ол Сырдарияның Арысқа құятын тұсындағы көне Отырар қаласында (арабша Фараб) әскербасы әмір қызметшісінің отбасында дүниеге келді. Ортағасырлық көптеген ойшылдар сияқты ол да дүниенің бастапқы жаратушысы құдай деп білді. Әл-Фарабидің пікірінше, материалдық дүние алты табиғи денеден немесе элементтерден (қарапайым элементтерден, минералдардан, өсімдіктерден, жануарлардан, адамдардан және әлемдік денелерден) тұрады. Әл-Фараби өз заманында мәлім болған ғылым салдарын әрі қарай дамытып, 160 шамасында трактат жазған. Негізгі шығармалары: «Математикалық трактаттары», «Философиялық трактаттары», «Логикалық трактаттары», «Этикалық трактаттары» және т.б.
Жалпы алғанда, әл-Фараби – Шығыс мәдениетінің алып тұлғасы, ол дүниежүзілік өркениетте өзінің қадірлі орнын алады. Оның рухани мұрасы өзінің ұлы ізбасарлары Ибн-Синаға, Бируниге, Жүсіп Баласағұнға және т.б. суалмайтын қайнар болды.
Әл-Бируни ғылымның түрлі салаларынан көптеген еңбектер, оның ішінде «Ертедегі халықтар хронологиясын», «Үнді суреттемесін», т.б. жазды. Философиялық көзқарасы бойынша ол да идеалист болды, дегенмен өзінің жаратылыстану шығармаларында әл-Фараби сияқты кең құлашты ғалым бірқатар материалистік пікірлер айтты.
Феодалдық Орта Азияның аса көрнекті ғалымы әрі философы, бұқаралық Ибн Сина (Авиценна) есімі кең тараған ұлы энциклопедист ғалымдардың бірі. Ол айналыспаған ғылым саласы кемде-кем. Алайда, оның данышпан ой-өрісі әсіресе екі салада – медицина мен философияда айрықша көрінді. Негізгі еңбегі: «Дәрігерлік ғылымның қағидалары», «Айығу кітабы». Ол философияны үшке бөледі: физикаға (табиғат жайлы ілім), логикаға (табиғат пен адамды танып білу жайлы ілім) және метафизикаға (тұтас болмысты танып білу жайлы ілім).
Көрнекті математик, астроном, ақын әрі ойшыл Омар Хайям мұсылмандық теологияның діни қағидаларын аямай сынға алып, жан өлмейді және ол дүниеде мәңгі өмір сүреді деген түсініктерді теріске шығарды.
Қорыта келгенде, Орта Азияның орта ғасырлардағы ойшылдары мен ғалымдарының философиялық және жаратылыстанулық-ғылыми көзқарастары Шығыс пен Батыс философиясының ілгері дамуына зор әсерін тигізді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет