1. 20 ж. науқаста өткір ауру сезімі. Бұл жөнінде науқасты хирург кабинетіне жеткізген оның туыстары хабар берді. Науқастың өзі қатты кекештенеді, тұлға ерекшелікеріне сәйкес тұйық.
Тапсырма: Осындай науқаспен әңгімені қалай құруға, өзіңе сенімін арттыруға болады.
2. Науқас 9ж., тісіндегі қатты ауру сезіміне шағымданады. Осы кезде дәрігерді, кабинетті және инструменттерді көргенде қатты қорқыныш сезінеді. Ауыз қуысын көру үшін аузын ашудан бас тартады.
Тапсырма: Осындай жастағы науқаспен әңгімелесуіңіздің тактикасы қандай?
3. ЖОО екі жыл бұрын аяқтаған дәрігер қабылдауына жиі жоғары артериалдық қысым ұстамаларына байланысты проблемалармен зейнеткер әйел келді. Әңгімелесу кезінде бас ауыруына және жоғары қысымға шағымдарын айтып отырып, пациент немере баласымен күрделі қарым-қатынас жөніндегі әңгімеге ауысып кетті, мұны өзінің түсінігі бойынша немересінің үйге кеш келіп, үйге қонбайтынымен байланыстырады және т.б.
Тапсырма: Қандай факторлар коммуникативті үрдістің тиімділігіне оң немесе теріс әсерін тигізуі мүмкін?
4. Сізге тіс ауруына шағымданған науқас келді. Сіз ауру сезімі осыған дейін депульпация және тісті пломбалауды жүргізген Сіздің әріптесіңіздің дұрыс емес әрекетінің нәтижесі деген шешімге келдіңіз.
Тапсырма: Науқасқа психологиялық көмек көрсету үшін сіздің әрекетіңіз?