34. Саясибиліктің субъектілері, легитимділігі. Саяси билік субъектілері – іс-әрекетті жасаушы, объекті өзгертуші жеке адам, әлеуметтік топ, тап, партия, мемлекетті айтады. Саяси билікті жүзеге асыру үшін арнайы ұйымдар мен ме- кемелер құрылып, субъект оларға өкілдік береді. Олар билікті қолданушы, қорғаушы, «иелік етуші» болып есептеледі. Басқа сөзбен айтқанда, субъект билікті «иелік етушілер» арқылы жүргізеді. Саяси биліктің легитимділігі – халықтың келісіміне негізделген әрі заңмен, ережелермен, дәстүрмен анықталған билік сапасы. Легитимдік дегеніміз – халықтың үстемдік етіп отырған саяси билікті қолдауы, оның заңдылығы мен шешімдерін растауы.
35. Әлемдік саясат, сыртқы саясат.Сыртқы саясат - халықаралық аренадағы мемлекеттер мен халықтар арасындағы өзара қарым-қатынасты реттеуші саясат. Сыртқы саяси мақсаттар ұлттық мүддеге негізделеді. Оларды жүзеге асыру арқылы мемлекет сыртқы саяси қызметті атқарады. Мемлекеттің сыртқы саясаты сыртқы және ішкі факторлар ықпалымен қалыптасады. Сыртқы саясатты жүзеге асыру түрлері: мемлекеттер арасындағы дипломатиялық қатынастарды орнату; мемлекеттің халықаралық ұйымдарда өз өкілеттілігін ашу немесе оларға мүше болу; мемлекеттің басқа мемлекет өкілдерімен әртүрлі деңгейлерде тұрақты немесе аракідік байланыстар орнатуы. Сыртқы саясатты жүзеге асырудағы ең басты құрал - екі жақты немесе көпжақты келісімдер мен келіссөздер. Әлемдік саясат (ғылыми зерттеулер саласы ретінде) - [ағылш. world politics] - XX ғасырдың соңғы ширегінде АҚШ-та пайда болған, ғылыми және білімдік пән; 350 жылдан астам үстемдік еткен Вестфальдық жүйенің орнына келген, жаһандану жағдайында қалып- тасқан әлемнің жаңа саяси жүйесін зерттейді. - Вестфаль жүйесі Еуропадағы отыз жылдық соғыс аяқталып, 1648 ж. Вестфаль бейбіт келісіміне қол қойылғаннан кейін құрылды. Ұлттық егемендік принципін негізгілердің бірі ретінде мойындап, Вестфаль бейбіт келісімі жаңа сая¬си қатынастарға жол ашты. Ол бойын- ша мемлекеттік егемендік ұғымы орны- ғып, кез келген мемлекет өз аумағында толық билікке жетті және сыртқы сая- сатын дербес анықтайтын болды. Бүл құқық басқа мемлекеттермен де мойындалады. Өзіне тән басқару тетіктері мен аппараты, саяси және құқықтық нормалары бар ішкі және мемлекетаралық қатынастар жүйесі қалыптаса бас- тады. Осы уақыттан бастап мемлекет әлемдік саяси жүйені құрайтын "молекула" күйіне түсті. Классикалық Вестфаль жүйесінде халықаралық қарым- қатынас мүшелері - қандай да бір міндеттерді шешуде коалицияға бірік- кен немесе өз беттерінше әрекет еткен тек мемлекет болды. Саяси қатынастарды талдаумен айналысатын ғылымдар да пайда болды: мемлекетті талдау деңгейінде - саясаттану; мемлекеттердің қарым-қатынасы деңгейінде - халықаралық қатынастарСыртқы саясаттың басты мақсаты барлық уақытта да мемлекет өзінің ішкі саясатының мақсаттары мен міндеттерін толыққанды жүзеге асыруы үшін қолайлы халықаралық жағдай жасауы болып табылады.Түптеп келгенде, сыртқы саясат пен ішкі саясат ортақ бір міндетті атқарады, яғни, мемлекеттегі қоғамдық қатынастар жүйесін сақтауды және нығайтуды қамтамасыз етеді.Кез келген мемлекеттің сыртқы саяси қызметі бәрінен бұрын осы қоғамдастықтың ұлттық мүдделерін оның басқа жекелеген мемлекеттермен қарым-қатынастары барысында қамтамасыз етуге бағытталады. Сыртқы саясат арқылы жүзеге асырылатын басты ұлттық мүдделер қатарына мемлекет егемендігі мен ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, қоғамның әрі оның барлық азаматтарының жан-жақты прогресі үшін сыртқы жағдайлар жасауды, халықтың өзге халықтармен және мемлекеттермен өзара тиімді экономикалық, саяси, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастығын жолға қоюды, т.б. жатқызуға болады.