1. Мемлекет және оның негізгі белгілері және атқаратаын қызметі


Орта ғасырдағы саяси идеялар (Августин, Аквинский, Әл-Фараби)



бет24/28
Дата19.12.2022
өлшемі60,67 Kb.
#163272
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
Байланысты:
саясат сессия

40. Орта ғасырдағы саяси идеялар (Августин, Аквинский, Әл-Фараби). Батыс Еуропада феодализм мың жылдан артыққа созылды. Бұл дәуірде рухани өмірде дін түгелдей үстемдік етті. Храистиан діні феодалдық қоғам көзқарасының өзегі, біртұтас христиан мәдениетінің негізі болды. Орта ғасырдағы христиан дініне көп еңбек сіңірген Аврелий Августин(354-430) еді. Ол хритиан фәлсафасының негізгі қағидаларын зерттеп, жетілдірді. Оның саяси көзқарастары «Құдай қаласы туралы» деген еңбегінде баяндалған.Августин барлық әлеуметтік, мемлекеттік және құқықтық мекемелер мен заңдарды адамның күнәсінің нәтижесі деп санады. Оның ойынша, құдай адамға еріктің еркіндігін береді, яғни ол өз бетімен немесе құдай жолымен өмір сүруге мүмкіндігі бар. Соған орай ол адамдарды құдай жолымен және адам жолымен өмір сүрушілер деп 2 түрге бөлді. Бұл топтарды рәміз ретінде 2 қала деп атайды. Біріншісін, болашақта құдай мен мәңгілік патшалық құратын, екіншісін,жын-шайтандармен бірге мәңгілік жапа шегіп, сазайын тартатын адамдардың қоғамы деп түсіндірді.
41. Қайта өрлеу және Ағарту дәуіріндегі саяси идеялардың дамуы. Ағарту дәуірі – 18-19 ғасырларда дамыған идеялық ағым. Оның өкілдері ізгілік, әділеттілік идеялары мен ғылыми таным-білім негіздерін тарату жолдары арқылы қоғам кемшіліктерін түзетуге, оның талғам-талаптарын, саясатын, тұрмысын өзгертуге күш салды. Ағартушылар қатарында;Вольтер, Руссо, Монтескье, Гердер, Лессиң, Шиллер, Гете, Десницкий, Козельский,т.б. болды. Олар өз уағыздарын, қоғамның барлық топтары мен жіктеріне, әсіресе, билік иелеріне бағыштады. Қоғамдағы кертартпа көріністердің бәрі адамдардың надандығынан, олардың өз табиғатын өзі түсінбеуінен деп білді. Ағартушылық шіркеулік идеология ықпалына, діни догматтарға, схоластикалық ой-ағымдарына қарсы болды. Ағартушылар қоғам дамуындағы сананың айқындаушы рөлі туралы түсініктерге ден қойды. Ағартушылық 18 ғасырдағы әлеуметтік көзқарастардың қалыптасуына едәуір ықпал етті. Шығыс елдерінде бұл ағым біршама өзіндік сипатта өркен жайды.
42. Саяси биліктің мәні, оны анықтаудағы түрлі әдістер (бихевиористік, телеологиялық, жүйелік, релятивистік). Саясаттың негізгі мәселесі билік болғандықтан, саясатта билік теориясы үлкен орын алады. Билік саясаттың саяси институттар мен барлық саяси әлемнің мінін түсініп-білуге көмектеседі. Шығыстың көрнекті ойшылы Ибн-Халдун (1332-1406) адамның басқа жан-жануарлардан ерекшелігі - ол билік үшін күреседі деген екен. Ағылшын философы, қоғам қайраткері Бертран Рассель (1872-1970) физикада басты ұғым энергия болса, қоғамдық ғылымдарда негізгі ұғым билік болып табылады деген. Американың әйгілі әлеуметтанушысы Талкотт Парсонс {1902 - 1979) экономпкалық жүйеде ақша қандай орын алса, саяси жүйеде билік те соншалықты орын алады деп тұжырымдаған. Билік туралы мынандай тұжырымдамалар бар: Телеологиялық, бихевиористік, инструменталистік, структуралистік, конфликтілік. Сонымен билік деп біреудің екіншілерге әмірін жүргізіп, олардың іс-әрекеті, қызметіне ықпал етуін айтады. Алғашқы қауымдық құрылыс кезеңінде билік қоғамдық сипатта болды. Мұнда қауым болып тайпаларды басқарды. Құл иеленушілік құрылыста құл иеленушілер және құлдар пайда болып, теңсіздік туды. Бір таптың екінші бір тапты бағындыру қажеттілігі туды. Осылай билік аппараты дүниеге келді, адамдарды еркінен тыс, ықтиярсыз еркіне көндірген мекемелер пайда болды. Теологиялық (діни) теория мемлекет пен құқықтың пайда болуын құдайдың құдіретімен байланыстырады. Әрбір ірі дінде кұдайдың әрекеті деген діни-құқықтық қағидалары бар. Қазіргі заманда да кейбір мемлекеттер осындай қағидааларға негізделіп құрылып, қызмет атқаруда. Бұл қағидаларға сүйене отырып дін теоретиктері мемлекет пен құқык құбылыстарын діни рәсімдерге байланыстыра түсіндіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет