1. Мемлекет және оның негізгі белгілері және атқаратаын қызметі


Саяси ойлардың қалыптасу және даму тарихы



бет18/28
Дата19.12.2022
өлшемі60,67 Kb.
#163272
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   28
Байланысты:
саясат сессия
положение о республ.конференции по сестр.профессии, мәліметтер 3, unemployment
28. Саяси ойлардың қалыптасу және даму тарихы. Саясаттану функциялары.Саяси ғылымның даму кезеңдері - саясатты саналы түсінудің алғашқы тарихи түрі - көне дәуірдегі діни-аңыздық түсіндірулер. Ал б.э.д. ӀӀ-Ӏ мыңжылдықтарда саяси көзқарастар тиімді бола бастады, сөйтіп, алғашқы саяси түсініктер мен ұғымдар, кейінірек саяси түжырымдар пайда болады. Бүл үрдіс бірінше кезекте Конфуция, Платон, Аристотель еңбектерімен байланысты. Келесі кезең орта ғасырдағы саяси биліктің теологиялық теориясымен байланысты. Әлеуметтік-саяси ой діни қайраткерлер күшімен дамытылды, тіптен шіркеу мемлекет пен саясатта басым рөл атқарды. М.Августин, Ф.Аквинский еңбектерімен танымал. Қайта өрлеу мен ағартушылық дәуірінде саяси теория діни құрсаудан азат етіліп, гуманистік бағытта дами бастайды. Бүл дәуірде адамның құқықтары мен бостандықтары, заң мен мемлекет, қоғамдық өмірді демократияландыру үшін зерттеудің орталық мәселелері болды. Н.Макиавелли, Т.Мор, Ж.Боден, Т.Гоббс, Г.Гроций, Дж.Локк еңбектерімен танымал.
29. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғырту». «Рухани жаңғыру» бағдарламасы Елбасының 2017 жылы 12 сәуірде жарық көрген осы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының негізінде жасалған. Онда ұлтымыздың жаңа тарихи даму кезеңінің негізгі мақсаттары көрсетілген, атап айтқанда: рухани және мәдени құндылықтарымызды сақтау және ұлғайту, әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына ену. Осы мақсаттарға жету жолына бағытталған жобалар бағдарламада толық көрсетілген. Қазақ тілінің латын әліпбиіне біртіндеп, кезең-кезеңмен көшуі туралы жобасы тіліміздің дамуына жаңа импульс беріп, оны әлемдік кеңістікке шығаруға, сөйтіп халықты тілімізді толық меңгеруге ынталандыруға арналған. Ал 2025 жылдан бастап латын әліпбиіне толық көшетін боламыз: осы уақыттан бастап барлық жазбаша дүниелер – БАҚ беттеріндегі жарияланымдардан бастап, кеңселік іс қағаздарын толтыруға дейін тек қана латын тілінде жүргізілетін болады. Оған дейін ақырын үйреніп, кириллицадан латынға біртіндеп өтетін боламыз.
30. Ежелгі дүниедегі (антикалық дәуір ) саяси ой- пікірлер. Ежелгі дүниедегі саяси ой-пікірлердің қайнар көздерің, қалыптасу ерекшеліктерін анықтау. Саяси ой-пікірлердің қалыптасуындағы діннің, аңыз, әпсаналардың алатын орның белгілеу. Ежелгі дүниедегі саяси ой-пікірлердің тарихы, қайнар көздері. Көне Шығыс елдері: Мысырдан, Вавилоннан, Үндіден, Қытайдын, Парсыдан және Батыс елдері: Грекия мен Римнен бастау алуы. Саяси ой-пікірлердің қалыптасуындағы діннің, аңыз, әпсаналардың алатын орны. Көне жазба ескерткіштері: мысырлық «Ипусердің сөзі», вавилондық Хаммурапи патшаның заңдары, парсылық «Авеста», үнділік «Веды», «Артхашастра» оқулары, қытайлық Конфуцийдің ілімі, гректік «Илиада», «Одиессия» поэмалары – ежелгі саяси идеялар мен ой-пікірлердің деректің негіздері. Грекиядағы мемлекет-полистердің қала-мемлекеттердің шығуы. Саяси ой-пікірлердің дәуірлерге бөлінуі: Гомер, Гесиод және «Жеті данышпан», Демокрит, софистер, Сократ, Платон, Арситотель мен эллинизм дәуірінің шығармалары. Эпикур этикасы. Стоицизм ағымының қалыптасуындағы Зенонның рөлі. Полибийдің «40 томдық тарихындағы» мемлекеттің патшалық, тирандық, аристократиялық, олигархиялық, демократиялық, охлократиялық түрлерге ажыратылуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет