КІРІСПЕ
Диплом жұмысының жалпы сипаттамасы мен өзектілігі.
Мемлекет басшысы Н.Ə. Назарбаев заң үстемдік ететін құқықтық мемлекет пен азаматтық еліміздің басты мақcаттарның бірі екендігін жиі айтып келеді. Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабында адам,адамның өмірі,құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің жоғары құқықтары ретінде көрсетілген [1].
Сонымен қатар,құқықтық мемлекет ретінде қалыптасуына бағдар беретін стратегиялық құжаттардың бірі болып табылатын Қазақстан Республикасының 2010-2020 жылдарға дейінгі құқықтық саясат тұжырымдамасында: «Азаматтар өз конституциялық құқықтарының орындалуын талап етуі үшін ұсынылған жаңалықтарды халық арасында насихаттау қажет», - деп көрсетілген [2]. Демек, еліміздегі əрбір азамат өз құқықтары мен бостандықтарын қорғау бей-жай қарамауы,мемлекеттік институттар бұл бағытта тиісінше құқық қорғау шараларын жүргізуі тиіс. Өкінішке орай, бүгінгі қоғамда адам құқықтары мен бостандықтарының бұзылу мəселесі өзекті күйінде қалып отыр.Адам құқықтары бұзұлуының ең қауіптілерінің бірі-адам саудасы.
XX ғасырдың басынан бастап осы күнге дейін адамды саудаға салу күнен күнге дамып жатқан қылмыс түрі болып табылады. «Адамды саудаға салу» ұғымы бұдан да кеңірек мағынадан қарастырған жөн. Бұл қылмыстың жәбірленуші ретінде жасына қарамастан кез-келген тұлға бола алады. Ер адамдарды әйелдерге қарағанда өндіріс, ауыл шаруашылығы салаларында жиі құрылысқа салу, ал балаларды қайыршылыққа салу салаларында пайдаланады. Адамның жынысына және жасына қарамай олардың ішкі мүшелерін трансплантацияға пайдалану мақсатында адам ұрлау салдары қазіргі таңда өте көбейіп кетті.
ҚР заңына сүйенсек адамды оның құқықтары мен бостандықтарын қорғау басты мәселе ретінде көрсетілген. Азаматтардың бостандықтарын, ар-намысын қорғау әр түрлі тәсілдермен жүзеге асырылады. Соның ішінде, жеке адамның бостандығына қол сұғатын әрекеттерге қарсы күрес жүргізуде қылмыстық заңның маңызы зор. Атап айтсақ, адам саудасы ― бұл алдап-арбау, азғырып көндіру, күш қолдану, ұрлау, не басқа да түрдегі мәжбүрлеу арқылы адамдарды пайдалану мақсаттарда алып кету, сату.
Адам саудасы ― адам құқығын бұзу болып табылады. Өйткені, адам саудасы – мемлекеттік басты құндылығы болып табылатын адам өміріне, оның құқықтары мен бостандықтарына қауіп төндіріп қана қоймай, халықаралық қауымдастыққа қарсы жасалған терроризм, есірткі саудасы және қару-жарақ контрабандасымен бірге тұратын қылмыстардың бірі болып табылады деп, осы ұсыныста аталып өтілген құқық бұзушылықтың мазмұнына тоқталып өтті.
Сонымен қатар, көптеген елдерде адам саудасымен күресті басты мәселеге қойғандары анық.
Адамды саудаға салу әлем бойынша өте кең ауқымды қылмыс болып табылады және ол қылмыстың өте жылдам дамитын түріне жатқызылады.
Адамды саудаға салу саласындағы қылмыстық әрекеттердің нысанынан кейбір түрлерін атап кетуге болады. Мысалы қарапайым конкурстан бастау алып, адамды ұрлау, қыздарды фотосуреттері бойынша таңдау, тапсырыс беруші таңдағаннан соң сол қызды соларға сату, осыған дейін адам саудасына сатылған қыз-келіншектер өз туған жерлеріне келіп өзі сияқты басқа қыздарды осындай сауда -саттыққа түсіріп жатқандары да кем де кем емес.
Көптеген агенттіктер мен фирмалар 18 бен 30 жас аралығындағы қыздар мен әйелдерді шетелдік жақсы фирмаларға жұмысқа тұрғызамыз деп уәде беріп, жұмыспен қамту мақсатында барлығын ресми түрде рәсімдеп, шет елдерге жөнелтіп жатады. Кейін олардың із-түссіз қайда жоқ болып кеткенін, неліктен хабарсыз кеткенін ешкім білмей қалады. Яғни қөптеген қаракөздеріміз осылайша алаяқтардың құрбаны болуда [3].
Бір өкініштісі, бүгінде адам саудасының құрбанына айналған адамдардың көбісі өз құқықтарын толық білмей жатады. Олардың қоғамнан алыстап кеткені сонша – кейбіреулері құқық қорғау органдарына хабарласқаннан бұрын қаланың қай жерінде тұрып жатқандығын да білмейді.
Қазақ қоғамы қалыптасып, өз өмір сүруін бастағалы бері, қаншама сан қилы зорлық зомбылықты көрді десем артық айтқаным болмас. Сонау көз жүгіртер атам қазақ заманының бір күні «жау шаптысыз» өтті ме екен? Әрине тарих толқыны мұндай зобалаңдардың сан қилысын бастан кешірді.
Мұнан қалды өз ішіндегі әр түрлі жікшілдік, бай-кедей бөлінісі, оқта-текте орын алып отырған ұрлық-қарлық, барымта алу және қарымта қайыру, жер дауы, жесір дауы сияқты ірілі-ұсақты қылмыстар да қоғамдағы саяси ахуалға өз ықпалын тигізіп отырды. Уақыт аралығында, бұл қылмыстар өзгеше рең ала бастады және түр сипаты мүлдем басқаша болып шыға келді.
Бірақ, қылмыс қай кезде де қылмыс және ол әрқашанда бір мүдде мен екінші мүдденің тоғысар тұсы, ал құқық тілімен айтқанда бір тараптан құқыққа қайшы әрекет жасау мен зардап келтіру болса, екінші тарап сол әрекеттің құрбаны болады, яғни өзі қандай да бір шекте моральдық, материалдық және өзге де зиян шегеді. Тақырып өзегі болып отырған заңсыз көші-қон мен адам сату проблемасы тек біздің мемлекетіміз үшін емес, дүниежүзілік қауымдастық үшін де өзекті болып отыр.
Осының нәтижесінде, ұйымдасқан қылмыстық топтармен бірге, жеке тұлғалардың да “адамдар саудасымен” немесе алдау арқылы шекарадан тыс жерлерде еңбекке орналастыру, пайдалану, соның ішінде, нәпсіқұмарлық тұрғыда қызмет көрсетумен айналысу әрекеттері кеңінен тарауда.
Сондай-ақ, кейіннен нәпсіқұмарлық мақсатта пайдалану үшін әйелдер мен балаларды шетелге сату бірте-бірте есірткі мен қарудың заңсыз саудасы тәрізді ұйымдасқан қылмыс түрлерімен теңесіп қалғанын да байқамай қалған секілдіміз.
Осыдан келіп, нәпсіқұмарлық мақсаттағы адамдарды сату жезөкшелікпен және үйдегі құлдық, каталог бойынша қалыңдық ұрлау, секс-туризм, интернеттегі порносауда сияқты пайдаланудың жасырын нысандарымен тығыз байланысты әлеуметтік және құқықтық проблемаға айналды.
Достарыңызбен бөлісу: |